Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2010 в 21:30, реферат
Сандро Боттичелли италияның атақты суретшісі (1445ж 1 наурыз да дүниеге келіп, 1510ж 17 мамырда дүниеден өтеді). Ол Флоренцияның ірі храмдарында ж\е Ватиканда жұмыс жасаған. Мариано ди Ванни Филипепи отбасында дүниеге келген. Боттичеллидің жемісті картиналары мен творчествасы 1474 жылдарга сәйкес келеді. Ол көптеген картиналарын Медичидің тапсырысы бойынша орындады. Сонымен қатар Джулиано Медичи мен Лоренцо Великолепныйдың жеке портреттерін де салған. 1470 – 80жж аралығындағы көптеген картиналары портрет жанрында болды. Мысалы «Медальі бар адам», «Бозбала» т.б. Ал өмірінің соңғы жылдары кескіндемеге арналды. Көрнекті шығармалар қатарына «Көктем», «Венераның тууы», «Венера және Марс», «Клевета», «Мадонна және періште сәби» т.б.
Сандро Баттичелли
(1445-1510жж)
Ұлы кескіндемеші Сандро
Боттичеллидің өмірі туралы
аз білеміз, оның Медичи сарайына
жақындығы ж\е ғаламат
Лоренцо төңірегі оған ықпал
еткені ешбір күмән келтірмейді.
Бірақ ло кейіннен Савонароланы
шын жүрегімен құрметтеген,
тіпті оның өз картиналарын
отқа жағуға алып барғаны
жөнінде де мағлұматтар
бар. Сандро Боттичеллидің
кескіндемесінен асқан
Сандро Боттичелли италияның атақты суретшісі (1445ж 1 наурыз да дүниеге келіп, 1510ж 17 мамырда дүниеден өтеді). Ол Флоренцияның ірі храмдарында ж\е Ватиканда жұмыс жасаған. Мариано ди Ванни Филипепи отбасында дүниеге келген. Боттичеллидің жемісті картиналары мен творчествасы 1474 жылдарга сәйкес келеді. Ол көптеген картиналарын Медичидің тапсырысы бойынша орындады. Сонымен қатар Джулиано Медичи мен Лоренцо Великолепныйдың жеке портреттерін де салған. 1470 – 80жж аралығындағы көптеген картиналары портрет жанрында болды. Мысалы «Медальі бар адам», «Бозбала» т.б. Ал өмірінің соңғы жылдары кескіндемеге арналды. Көрнекті шығармалар қатарына «Көктем», «Венераның тууы», «Венера және Марс», «Клевета», «Мадонна және періште сәби» т.б.
Сандро Боттичеллидің атақты да дүниежүзіне әйгілі картиналарының бірі – «Көктем» («Весна»). Оның таңғажайып әдемілігін жеткізе суреттеу мүмкін емес. Бұл картина 1477 – 78жж Уффица, Флоренция қалаларының галереяларында қойылған. Ол ХІV Лоренцо ди Перфранческоның құрметіне арналып салынған. Ал XV ғасырда Флоренция сарайында қойылады. Картина өте анық, фигуралары бірқалыпты. Картинаны үлкен төрт бөлікке бөліп қарастыруға болады. Атап айтсақ, орталық бөлікте тұрған Венера – махаббат құдайы. Оның көздерінде әлде бір жасқаншақ мұң табы бұлдырайды. Осынау ұялшақ қыз – Венераға назар аударсақ оның майысқан жас денесі, желмен соншама әдемі желбіреген алтын түсті сары шаштары, қолдары мен сәл сыртқа салыңқырап тұрған аяқтары бір жағына қарай қисайыңқыраған басы сондай жарасымды шыққан. Тіпті, айналасындағы басқа фигуралар онымен жақсы үйлесім тапқан. Венераның оң жақ бөлігінен біз тал шыбықтай майысқан әсем қыз Флора бейнесін көреміз. Бір нүктеге қадалған көздерінен мұңның табы байқаларма дерсіз. Алтын түсті шаштарына таққан гүлдермен көмкерілген тәжі мен үстіне киген гүл аралас көйлегі айналадағы табиғат сұлулығымен үйлесім тұр. Мысалы жердегі әсем гүлдерді, ағаштардағы жайқалған жапырақтарды Флораның көйлегіндегі әсем бейнеленген гүл суреттерімен салыстыруға болады. Ал оның жанында көктем желі Хлористен алқына қашқан Зефир бейнесі салынған. Зефирді әйелдікке алмақшы болған Хлористің суық жүзін байқаймыз. Хлористің түсі дәл алынған. Өйткені көк түс суықтықтың, салқынқандылықтың мәнін үстейді.Ол Зефирді күштеп өзіне көндіргісі келетін сияқты. Бір қызығы діл осы Хлорис турған бөлік оның түріне сәйкес күңгірттеу бейнеленген. Енді Венераның сол жағындағы тағы бір үлкен бөлік көктем мезгілінің әсем де сазды үніне бұрала билеген үш сұлу бикештер бейнесі. Олар Грациялар. Атап айтсақ, Пиза, Неапаль және Генуя. Оларды өз жебесімен атып ғашықтық сезімгебөлейтін Амур мен бикештердің көйлектерінің түсі ұқсас. Ақ ұлпа қардай аппақ.Сонымен қатар ақ түс нәзіктікті, тазалықты білдіріп тұр. Ал картинаның шеткі бөлігінде осы бақтың қорғаушысы қызыл кимге оранған Меркурий бейнесі ерекше мән үстеп тұр. Оның беліне асынған қылышы оның осы бақтың қорғаушысы екенін айқындайды. Ол бір қолымен таянып жақалып тұрған талдан жеміс алып тұр яки ағаштарға тигелі тұрған зиянкестерден қорғап тұр. АЖәне айта кететін бір жайт оның киген киімі қайсарлық пен батырлықты айқындап тұр. Себебі қызыл түс батырлық пен өжеттіліктің мәнін береді. Жалпы картинада салынған табиғат көріністері мен кейіпкерлері үйлесіп тұр. Бұл картина Боттичелли творчествасынан ойып тұрып орын алатын үлкен туынды.
Қорыта келе, мұндағы композициялардың
барлығы да көне дәуірлік
көріністерге толы. Суретші әрбір
картинасында мұң мен қайғы
– қасіретке толы адамдар
өмірін суреттеген. Сондықтан
да бұл стиль мен картина
ырғақтылығы және әдемілігі
тек Боттичеллиге тән.Тіпті
атақты суретші Леонардо
да Винчидің өзі Боттичеллиді
құрметтеп «біздің
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Т.Жүргенов
атындағы Қазақ
Ұлттық өнер академиясы
Сандро Боттичелли
«Көктем» картинасы
Алматы 2010ж