WEB презентация

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 15:39, практическая работа

Краткое описание

Дәрістің тақырыбы:Кіріспе.
Дәрістің мақсаты: WEB-технологияларының негізгі түсініктерін білу
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Пәннің зерттейтін объектісі және құрылымы.
Ақпаратты өңдейтін және беретін WEB-технологиялар туралы түсінік.
WEB-технологиялары дамуының тарихи мәліметі.
WEB-қосымшаларының типтеріне шолу.
Кілттік сөздер: World Wide Web,парақ, хаттама, сервер.

Файлы: 1 файл

ВЕВ 15 презентация.ppt

— 5.08 Мб (Скачать)

 

Электрондық пошта хабарламасын дайындау. Электрондық поштаны пайдалану үшін хабарлама (хат) дайындау керек. Ол үшін аспаптар тақтасындағы Хабарлама жасау (Создать сообщение) батырмасын шерту керек. Сонан кейін Хабарлама жасау (Создать сообщение) терезесі ашылады, оның терезесі екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлікте қызметтік мәлімет жазылады да, төменгіде – хат мәтіні жазылады. Тақырып (Тема) өрісіне хат мазмұнының қысқаша сипаты (не туралы) жазылады. Кімге (Кому) өрісіне негізгі хат алушының адресі көрсетіледі де, Көшірме (Копия) өрісіне — оның көшірмесін алатындардың адрестері жазылады. Егер көшірме туралы басқалар білмеуі тиіс болса, Жасырын (Скрытая) өрісіне де адрес жазылады (егер ондай өріс жоқ болса, Вид - Все заголовки командасын беру керек).

Мәлімет даярлау және  түзету кезінде пошталық сервермен  байланыс қажет емес, Байланыс  тек хат жөнелту (алу) кездерінде  ғана керек. Outlook Express программасы арқылы мәлімет алу мен оны жөнелту бір сәтте жүргізіле береді. Мәлімет алу/жөнелту әрекеттері хабарлама даярлау терезесіндегі Жөнелту (Отправить) батырмасын шерткенде немесе Outlook Express программасының негізгі терезесіндегі Жеткізу (Доставить) батырмасын шерткенде орындалады.

 

 

Электрондық пошта мәліметтері Outlook Express программасының ішкі бумаларында орналасады. Келіп түскен мәліметтер Входящие бумасында сақталады, осы буманы Папки тақтасындағы оның белгі-шесін шерту арқылы ашқанда, оң жақ шетте келіп түскен хабарламалардың тізімін көруге болады. Егер кез келген ха-барламаны шертсек, оның мәтіні тізімнің төменгі жағындағы аймақта көрініп тұрады. Хабарламаны екі шерту келген мәліметті терезені толық алып тұратындай етіп көрсетеді.

Outlook Express программасының  терезесі

Келген хатқа жауап  дайындау.  Желі мәліметтерінің  көбісі диалог режимінде жұмыс  істеуге бағыттал-ған. Электрондық  пошта қызметі де хатқа жауап  беруді  керек етеді. Outlook Express программасында  жауап жазуды жеңілдету мүмкіндік-тері  бар. Ол үшін келіп түскен мәліметті  жеке терезеде ашып, аспаптар  тақтасындағы батырмалар-ды пайдалануға  болады.

 

• Жауап беру (Ответить) батырмасы хатқа жауап беру үшін қажет. Мұнда терезедегі Кімге (Кому) және Тақырып (Тема) өрістері автоматты түрде бірден толтырылады да, төмендегі аймаққа жауап жазылады.

• Барлығына жауап беру (Ответить всем) батырмасы  хат иесіне және осындай хат алған басқаларға жауап жазу үшін қажет. Мұнда да Кімге (Кому) және Тақырып (Тема) өрістері автоматты түрде бірден толтырылады.

• Жөнелту (Переслать) батырмасы келіп түскен хатты тағы басқа біреуге жіберуді ұйымдасты-рады. Мұнда тек Тақырып (Тема) өрісі автоматты түрде толтырылады, ал оның адресін қосымша көрсету керек.

Outlook Express программасының Жауап дайындау терезесі

Телеконференция мәліметтерін  оқу.

Телеконференция мәліметтерін  оқу  механизмі электрондық поштаны  пайдалану кезіндегі сыяқты. Жаңалықтар  сервері үшін есепке алу жазбасын  даярлағаннан кейін Папки тақтасында сол таңдап алынған серверге сәйкес белгіше пайда болады. Осы белгішені шерткеннен кейін автоматты түрде Подписка на группу новостей диалог терезесі ашылады, ал программа сол сервердегі телеконференциялар тізімін алады. Керекті телеконференцияны таңдап алып, Подписаться батырмасын шерту керек. Осылай жазылған телеконференциялар Папки тақтасында көрініп тұрады, олармен танысу үшін  Подписка на группу новостей диалог терезесін ашу қажет емес.

 

Телеконференциялар мәліметтерімен танысу электрондық пошта қызметі сыяқты жүзеге асырылады. Олардың мәліметтерін жеке терезеде қарау кезінде Топқа жауап беруге (Ответить в группу) - телеконференцияға пікір білдіруге, Авторға жауап беруге (Ответить автору) – бір авторға электрондық пошта арқылы пікір білдіруге немесе ол мәліметті электрондық пошта арқылы басқа біреуге Жөнелтуге (Переслать) болады.

Дәріс 4

 

Дәріс  тақырыбы: WEB-технологияларының қолдану орталары. Интернетке ақпарат жіберу. TCP/IP протоколдарының стэгі.

Дәріс  мақсаты: Интернетке  ақпарат  жіберу жолдарымен  және  ақпарат  жіберу  сенімділігімен танысу.

Кілттік сөздер: протокол, прокси-сервер,стэк, домен.

Қарастырылатын сұрақтар:

Интернетке ақпарат жіберу.

TCP/IP протоколының стэгі. 

IP-бағдарының үрдісі. 

Интернетте ақпарат алмасу сенімділігі.

Интернеттегі мекендеу.

Домендік аттар жүйесі. DNS-сервер.

Прокси-сервер.

 

Прокси-сервер клиент-компьютерлер мен серверлер арасында дәнекер болып қызмет атқаратын сервер. Пайдаланушыға ақпараттарды беруден бұрын оның бұл ақпаратқа рұқсаты бар немесе жоқ екенін тексереді.

 

Қатынау сервері 

 

Жұмыс станциясы

 

 

 

Интернет

 

Сымсыз байланыс

тізбегі

 

Ұялы байланыс операторы

 

 

Интернетке GPRS каналы бойынша  шығу жолдары

Қатынау сервері 

 

 

Интернет

 

Wi-Fi адаптер

(құрамдас н/е 

сыртқы)

 

Қатынау  аумағы

 

Wi-Fi  қатынау нүктесі

 

 

Сымсыз байланыс

тізбегі

 

 

Жұмыс 

станциясы

 

 

Интернетке Wi-Fi каналы арқылы  шығу

Мәліметтерді жөнелту  және қабылдау

 

 

Электрондық пошта мен телеконференцияларды пайдалану кезінде бір программаны қолдануға тырысады, өйткені бұл екеуінде де мәлімет қабылданады және жөнелтіледі. Сондықтан бұл екеуінде көбінесе бір программа қолданылады. Мысал ретінде Outlook Express программасын айтса болады, ол осы екеуінде де ұқсас жұмыстар атқарып, кеңінен қолданылып келеді.

 

Outlook Express программасын қолдану

Электрондық пошта мен телеконференция мәліметтері пошталық сервер және жаңалықтар серверінде жинақталып тұрады.

Microsoft Outlook Express (Пуск - Программы -Outlook Express) программасы осылармен жұмыс істеуге арналған. Бұл программа Internet Explorer-ден Сервис - Почта и новости командасы арқылы іске қосылады.

 

 

Мәліметтер сервер арқылы  қабылданып, жөнелтілетін болғандықтан  программада сервер жайлы ақпарат  болуы тиіс. Осындай ақпарат есепке алу жазбасында (учетная запись) сақталады.

TCP/ІР хаттамасының стектері

 

 

TCP/ІР-Итернетте қолданылатын әр  түрлі деңгейдегі желілік хатттамалардың  жиынының, стек жинақталған аты.

TCP/ІР ерекшелігі:

программаның және ақпараттың  жабдықтардан тәуелсіз өңделетін  ашық стандартты хаттамалар;

өткізудің физикалық ортасынан  тәуелсіз;

пайдаланушылар қызметін таратуға  арналған жоғары деңгейлі стандартты  хаттамалар.

TCP/ІР хаттамасының стектері  4 деңгейге бөлінеді: қолданбалы,  транспорттық, желі аралық, физикалық  және каналдық.

Мәліметтер пакетпен жіберіледі. Пакеттердің басы және соңы  болады, оған қызметші ақпараттар  жазылады. Өте жоғары деңгейдегі  мәліметтер кіші деңгейдегі пакеттерге  қосылады.

TCP/ІР стегі белгілі бір хаттамаларды  ғана қолдануды көрсетпейді, ол  қолжетімді деңгейде мәліметтерді  өткізу ортасы мен физикалық  ортасын көрсетеді. Өткізу ортасында  қолжетімді деңгейде ІР модульді  интерфейс болуы шарт, ол ІР  – пакеттерді өткізуді қамтамасыз  етеді. 

 

Дәріс-5

 

 

Дәріс  тақырыбы: WEB-технологияларының негіздері.

Дәріс  мақсаты: Мәліметтер  тасымалдау ісі  және  олардың  түрлерімен танысу.

Кілттік сөздер: деңгейлер, шлюз, хостар.

Қарастырылатын сұрақтар:

 

 OSI моделі

OSI моделінің қолданбалы деңгейінің  протоколдары.

Жеті деңгейлі ISO/OSI моделі 

Қайталаушы 

Көпірлер 

Маршрутизаторлар 

Коммутаторлар 

Шлюздар, хосттар, түйіндер 

 

 Мәліметтерді тасымалдау ісін стандарттау жұмысы Халықаралық стандарттар институтының (ISO - International Standards Organization) техникалық ұсыныстарына байланысты жүргізіліп, желі параметрлерін сәйкестендіру ісі OSI (ашық жүйелердің әрекеттесу моделі – Model of Open System Interconnections) деп аталған модель негізінде жасалып шықты. Осы ISO/OSI моделіне сәйкес мәлімет алмасу схемасы 7 деңгейге бөлініп қарастырылады:

1-физикалық, 2-каналдық, 3-желілік,  4-транспорттық, 5-сеанстық, 6-мәліметтерді  ұсыну деңгейі, 7-қолданбалы деңгей.  Бұл деңгейлердің  жоғарғысы  қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі–физикалық  деңгей болып саналады.

Қолданбалы – тұтынушының есептеу жүйесімен әрекеттесуін атқаратын ең жоғарғы деңгей. Физикалық – құрылғылар арасында сигналдар алмасуын қамтамасыз ететін ең төменгі деңгей.

ISO/OSI моделінде әр түрлі құрылықтардағы компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгейі арқылы мәлімет тасымалданады

OSI моделі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданбалы деңгейде тұтынушы өз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын дайындайды.

Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.

Сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады.

Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы форматқа  (пакеттерге) түрлендіріледі.

Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану маршруты анықталып, пакеттер адреспен толықтырылады. Енді олар бір-бірінен тәуелсіз күйде жеке-жеке жеткізіле береді.

Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға  түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.

Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау  соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компьютерінде осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқылы биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жолымен атқарылады.

Әрбір деңгей жоғарғы деңгейдегі  модель арқылы анықталған өз  қызметтерін (функцияларын)  атқарып,  мәліметті келесі деңгейге беріп  отырады. Осылай компьютерлер әрекеттесуінің  әрбір деңгейінің өзіне ғана  тән хаттамасы, яғни мәлімет алмасу  ережесі болады.

Хаттама – бір деңгей аймағындағы жүйелер арасында мәлімет алмасу әрекеттерін анықтау ережелері.

 

Интерфейс – төменгі деңгейдің жоғарғы деңгейге бере алатын функциялар жиыны.

 

Хаттамалар стегі (тізімі) – бұл жүйелерді байланыстыруды ұйымдастыруға қажетті әр түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны.

Сонымен хаттама деп тасымалданатын мәліметтің форматтары мен олармен орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын ережелер жиынын айтады. Ол байланыстың атқарылу тәсілдерін және арналардағы кедергілерді азайту жолдарын анықтап, екі компьютердің арасында мәліметті мүлтіксіз тасымалдау ісін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Желідегі стандарт ұғымы да осы бекітілген хаттамадан немесе солардың жиынынан тұрады.

Қолданбалы деңгейде пайдаланушыларға өңделген ақпаратты беру қажет. Бұл жүйелік және пайдаланушының программалық қамтамасыз етуі арқылы жүзеге асырылады.

 

Қайталама (повторитель) – өзі келген сигналды күшейтуші немесе регенарациялайтын құрылғы. Қайталама пакетті бір сегментпен қабылдап, оны қалған барлығына береді. Бұл жағдайда қайталама өзіне жалғанған сегменттерді ажыратпайды. Әр уақытта барлық қайталама арқылы байланысқан сегменттерде тек екі станцияның арасындағы мәлімет алмасу қамтамасыз етіледі.

 

Коммутатор немесе көпір – бұл да қайталама сияқты бірнеше сегментті біріктіретін құрылғы. Қайталамадан айырмашылығы көпір өзіне жалғанған сегменттерді   ажыратады,   екінші   сыңары   үшін   мәлімет   алмасудың   бірнеше    үрдісін қаматамсыз етеді.

 

Маршрутизатор  – мәлімет алмасудың бір хаттамасы бойынша бірдей және әр түрлі  типтегі желілерді біріктіруші құрылғы. Маршрутизатор тапсырылған адресті талдайды және мәліметтерді тура таңдалынған маршрут бойынша бағыттайды..

 

Шлюз – мәлімет алмасудың әр түрлі хаттамаларын қолданатын, әр түрлі желі объектілері арасындағы мәлімет алмасуды ұйымдастыратын құрылғы.

 

6-дәріс

Дәрістің тақырыбы: Гипермәтін және WEB-парақтар.

Дәріс  мақсаты: HTTP-протоколы бойынша сұраулар мен жауаптардың атаулары туралы мағлұмат алу.

Кілттік сөздер: пошта, сервер,пошталы сервер.

Тақырып бойынша қарастырылатын  сұрақтар:

Гипермәтін және WEB-парақтар. 

HTTP-сервер және клиент. HTTP-протоколы  бойынша сұраулар мен жауаптардың  атаулары. 

Электрондық пошта, SMTP және POP3 протоколдары, пошталы сервер және клиент.

Гипермәтін – ASCII символдарынан  тұрады. Қашықтық пен қосылған  сілтемелерді орындау үшін сөз-белгілер  қолданылады. Гипермәтін негізі  – НТМL элементтері. Мұндай элементке  аты, атрибуты, мәтін және гипермәтін  енеді.

Информация о работе WEB презентация