Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 21:55, реферат
Текстік редакторлар – күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар.
Интерфейс - программалық жабдық пен.жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
1. Мәтіндік редакторға шолу.
2. Символды форматтау түрлері.
3. Мәтіндік ақпаратарды өндеу құралдары.
4. Мәтіндік құжаттарды өндеу.
5. Пайдаланушы итерфрейсі
6. Word pad мәтіндік редакторы.
7. Пайдаланған әдебиеттер.
Жоспар.
MS Word мәтіндік редакторы
MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кес келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді.
Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады.
Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
Сонымен, жоғардағы
режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері
белгілі бір пернелік командалармен орындалады.
Оған қосымша, сол режимді қарама – қарсы
күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан
қажетті индикаторға тышқан курсорын
жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын
білген дұрыс. Цифорлық таңбалары бар
көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін
ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау
мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу белдеулері
Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ
қосымша функциялар атқарады.
Ms Word – мәтіндік
құжаттарды дайындауға, түзетуге
және қағазға басып шығаруға
арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы.
Ол – мәтіндік және графиктік мәліметтерді
өңдеу барысында жүзден аса операцияларды
орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының
бірі.
Мәтіндік информацияны енгізу, теру және
өзгерту үшін мәтінді өңдеудің арнайы
жүйесі қолданылады (оларды әдетте мәтіндік
редакторлар деп атайды).
Мәтінді ЭЕМ – де өңдеудің артықшылығы
– информацияны өзгерту, көбейту және
көшірп жазудың жеңілдігі. Үлкен мәтінге
өзгерістер енгізгенде оның негізгі бөлімі
өзгеріссіз қалады да өзгерістер мәтіннің
өзгерілетін шағын бөлігіне ғанга енгізіледі.
Егер мәтіннің үзіндісі ЭЕМ – нің зердесіне
енгізілген болса, онда оны қайтадан енгізбей
– ақ, басқа мәтіндерге көшіріп жазуға
болады. Мәтін енгізілгеннен кейін, қанша
уақыт өтсе де кез келген уақытта оның
жаңа көшірмесінің қажетінше бірнеше
данасын басып шығаруға болады.
ЭЕМ мәтінге қолданатын амалдарды автоматтандыруға
мүмкіндік береді, мысалы, бүкіл мәтіндегі
бір сөзді басқа сөзбен ауыстыруға, мәтіннің
қажет үзіндісін немесе белгілі бір суретке
сілтемелердің барлығын оңай табуға мүмкіндік
береді.
Мысалы, мәтінге қосымша бір – екі сөз
қосып жазу керек болсын, онда бүкіл мәтін
қалқып кетеді, бұрын бір жолдан екінші
жолға тасымалданып жазылған сөздер енді
жолдың ортасында болуы мүмкін, ал жол
ортасындағы сөз – жолдың шетіне ауысуы
мүмкін. Жаңа сөздер қосылғаннан кейін
«тегіс» мәтін алу үшін сөздердің жаңадан
орналасу жағдайын есептеп, олардың жолдары
бойынша орналастыру қажет. Осындай шығармашылық
емес, техникалық жұмысты қазіргі заманғы
мәтіндік өңдеу жүйелері ешқандай қиындықсыз
орындай алады.
ЭЕМ – де мәтінмен жұмыс істегендей тағы
бір жақсы мүмкіндік – ол өзгерістерді
кері қайтару, яғни мәтіннің алдыңғы күйлерін
қалпына келтіру, өзгерістерді кері қайтарудың
көмегімен қателесіп өшірілген жолдарды,
абзацтарды және тарауларды қалпына келтіруге,
мәтіннің өткен вариантына кері оралуыа
болады.
СИМВОЛДАРДЫ ФОРМАТТАУ
Символдарды форматтауға шрифт параметрлерін,
символдар аралығындағы бос орындарды
және оларды жолға байланысты жоғары не
төмен жылжыту мүмкіндіктерін маңызды
деген элементтерді айқындап алып, олардың
параметрлерін өзгертуге және кейбір
символдарды жоғары, не төменгі индекс
ретінде кішірейтілген жазба әріптерімен
бейнелеуді тағайындауға мүмкіндік береді.
Бұлардан өзге арнайы шрифтер, олар құжатты
көркейтіп, безендіреді.
Қаріптер (Шрифтер)
Қаріп ұғымына:
- қаріптің типі;
- қаріптің мөлшері;
- сызылымы (начертание);
- түсі;
- арнайы эффектілері жатады.
Әр түрлі мақсаттарға арналған алуан түрлі
қаріптер бар. Қаріптің символ мөлшері
пункт өлшемі арқылы беріледі, негізгі
мәтін үшін әдетте 9,10 – пункт тақырыптар
олардан үлкенірек өлшеммен, ал ескертулер
мен сілтемелерді көрсетуде – 8-пункт
тағайындалады.
Қаріптердің негізгі параметрлерін тағайындау
Форматтау процесі негізінен символдардың
қажетті параметрлерін тағайындаудан
тұрады.
Қаріптің негізгі параметрлерін (типі,
өлшемі, сызылымы) Формат командасының
менюі «Форматтау» саймандар тақтасындағы
пернелік командалар мен контекстік меню
жүйелерінің көмегімен тағайындауға болады.
«Қаріп» сұқбаттасу терезесін пайдалану
Қаріптермен жұмыс істеуге арналған саймандардың
толық жиынтығын «Қаріп» сұқбат терезесі
ұсынады. Бұл терезе кез келген қаріп типін
таңдауға Ms Word жүйесінде талап етілетін
барлық параметрлерді тағайындауға мүмкіндік
береді.
Жұмыс процесінде пернелік командалардың,
контекстік менюдің және саймандар тақтасының
саймандардың түрі көмегімен қаріптердің
параметрлерін өзгертуге және толықтыруға
болады.
«Қаріп» сұқбат терезесін ашу үшін мына
әрекеттердің бірін орындау керек:
- формат – Қаріп командасын таңдау керек;
- құжаттың жұмыс аумағында тышқанның оң
жағын басып, сонда экранда пайда болған
контекстік менюден «Қаріп» командасын
таңдау керек.
«Қаріп» және «Интервал». Қаріп – компьютерде
орнатылған шрифтер тізімі.
Шрифтердің сызылымы келесі операциялардан
тұрады:
- кәдімгі негізгі мәтін символдары үшін
пайдалану;
- курсив сөздерді, тақырыптарды айқындау
үшін пайдалану;
- жартылай қарайтылған (полужирный) сөздерді,
тақырыптарды айқындау үшін пайдалану;
- мөлшер (размер) - әріптердің мүмкіндік
мөлшерлерінің тізімі (8 – 72 пунктер аралығында);
Астын сызу мыналардан тұрады:
- жоқ мәтіннің асты сызылмай бейнеленбейді;
- кәдімгі мәтіннің астын тұтас сызықпен
сызу;
- тек сөздер, тек сөздердің асты сызылып,
сөз арасындағы бос орындар сызылмайды;
- сөздердің астын қоссызықпен сызу;
- түс (цвет) мәтінді бояйтын мүмкін түстер
(авто, қара, қызыл, сары) тізімі бар.
Эффектілердің құрамы:
- сызылған (зачеркнутый) – мәтін үстінен
тұтас түзу сызықпен сызу (түзету кезінде
пайдаланылады);
- жоғары индекс мәтін базалық сызықтың
деңгейінен төмен түсіріледі;
- жасырын (скрытый) мәтін баспаға берілген
кезде көрінбейді;
- кішірейтілген жазба әріптер (малые прописные)
мәтін мөлшері жол әріптеріндей жазба
әріптерімен бейнеленеді;
- алдын – ала келісім бойынша (по умолчанию)
– бұл сайманың түрін басу «Қаріп» терезесінде
тағайындалған парамертрлер бұдан былай
осы нұсқамен дайындалатын барлық құжаттарға
келісім бойынша пайдаланылады.
Өңделіп жатқан мәтіннің кейбір фрагменттерінің
қаріптерінің парамертрлерін тағайындауға
болады. Ол үшін сол керекті фрагментті
ерекшелеп, «Қаріп» терезесі көмегімен
оның керекті парамертрлерін тағайындауға
болады.
Мұнда тек ерекшеленген фрагменттің ғана
қаріп парамертрлері өзгереді, ал қалған
мәтін өзгеріссіз қалады.
Қаріптер сұқбат терезесі арқылы оның
парамертрлерін өзгерту үшін:
1. Қаріп форматы өзгерілетін мәтін фрагментін
ерекшелеу керек;
2. Формат – Қаріп командаларын таңдау
қажет;
3. Терезенің ішкі «Қаріптер» парағы арқылы
қаріп типін, мөлшерін және сызылымын
таңдап алу керек.
Жұмыс барысында қайта – қайта «Қаріп»
сұқбат терезесін ашудың қажеті жоқ. Мақсатты
орындау үшін пернелерді немесе «Форматтау»
саймандар тақтасындағы саймандар түрін
пайдалану қажет.
Мәтіннің астын сызу
Word редакторы мәтінінің астын сызу тәсілдерінің
төтр түрін ұсынады: тек сөздердің астын
сызу, дара сызықпен, қоссызықпен және
пунктир (бөлінген) сызықпен астын сызу.
Мәтіннің астын сызу «Қаріп» сұқбат терезесінде
жүргізіледі. Ол үшін асты сызылатын мәтін
фрагментін ерекшелеп, осыдан кейін «Астын
сызу» өріс жолының сайманының түрін таңдап
алу қажет.
Абзацты форматтау
Word редакторындағы абзац дегеніміз, мәтіннің
абзац символдарымен шектелген бөлігі.
Абзацты жеке форматтауға болады.
Форматтау процесінде мынандай ұғымдарды
пайдаланылады:
Шегініс (Отступ) - мәтінінің сол жақ шетінен
абзацтың алғашқы жолының басына дейінгі
аралық, жәй мәтін жолындағы азат жол.
Абзацтың бірінші жолы шегініп оң жаққа
ығысумен қатар, нөмірленген тізім элементтерін
көңіл аударарлық ету үшін немесе библиографиялық
әдебиеттер тізімін көрсет кезінде нөмірлер
жолдың сол жақ өріс шетінен де асып жазыла
береді. Бұл әрекет Формат – Абзац арқылы
орындалады.
Мәтіннің мақсатына байлансты пайдаланудың
төрт түрі болады:
- сол жақ шетке қарай туралау – жәй құжат
мәтіндерін тергенде қолданылады;
- оң жақ шетке қарай туралау – колонтитулдарда,
яғни бөлім тақырыптарын бетердің жоғарғы
жағына тұрақты күйде жазу кезінде;
- жол ортасына қарай туралау – тақырыптар
жазғанда;
- екі жақ шеттін де туралау – іс қағаздарын,
баспахана материалдарын даярлауға пайдаланылады.
Табуляция - әрбір абзац алдында тұрақты
азат жол дайындау үшін және мәтінді бірнеше
бағана түрінде кестелеп жазғанда, сол
бағаналарға жылдам өту үшін қолданылады.
Жол арасындағы интервал – жолдардың
ара қашықтығын тағайындайды.
Абзацты форматтау тәсілдері
Жаңа құжат дайындағанда үлгі (шаблон)
парамертрлері (хаттар, есеп беру құжаттары)
пайдаланылады. Олар жаңа форматтау парамертрлерін
енгізгінше сақталады. Егер «Кәдімгі»
(Обычный) үлгіні пайдаланып құжат даярланса,
онда кәдімгі стиль пайдаланылады. Бұл
стиль бойынша абзац сол жақ шетке қарай
тураланады.
Абзацты мәтін енгізілген соң немесе оған
дейін де форматтай беруге болады. Мәтінді
форматтау үшін оны ерекшелеу керек. Тек
бір абзацты форматтау үшін, оның алдында
курсорды сол абзац ішіне орналастырса
болады.
Word редакторы абзацты форматтаудың мынандай
тәсілдерін ұсынады:
- Формат – Абзац командасы – сұқбат терезесінің
абзацты форматтаудың қажетті парамертрлерін
тағайындайды;
- Контекстік менюдегі Абзац командасы
(тышқанның оң жағын басқанда) алдыңғы
пунктегі команда әрекетін қайталайды;
- «Форматтау» саймандар тақтасындағы
- әр парамертрді тағайындауға сәйкес
саймандардың түрін басу арқылы орындалады.
Бір әреке арқылы, бір ғана параметрді
тағайындауға болады. Егер форматтаудың
бір элементін өзгерту керек болса, бұл
тәсіл басқа тәсілдерге қарағанда жылдам
жүзеге асырылады;
- Көлденең белдеу (сызғыш) – шегініс пен
табуляция позицияларын тағайындауға
пайдаланылады;
- Пернелік командалар – «Форматтау» саймандар
тақтасындағы саймандардың түрі секілді
формат парамертрлерінің бірін жылдам
өзгерте алады.
Формат менюінің контекстік менюінің
Абзац командасы
Форматтаудың бірнеше парамертрлерін
тағайындау үшін «Абзац» сұқбат терезесін
пайдаланған жөн. Бұл терезені ашу формат
менюінен немесе контекстік менюден Формат
– Абзац командасын таңдау керек. Мысалы,
осы команданың «Шегіністер мен интервалдар»
деп аталатын парағы форматтың төмендегідей
абзац парамертрлерін тағайындауға мүмкіндік
береді:
- абзацтың бірінші жолының шегінісін;
- жолдардың арасындағы интервалды;
- абзац алдындағы және соңындағы аралықты;
- мәтінді сол жағы, оң жағы, ортасы немесе
ені бойынша туралауға;
- табуляция парамертрлерін тағайындайды.
Осы әрекеттер «Табуляция» сұқбат терезесінде
жүзеге асырылады. Бұл терезені Формат
– Табуляция командасын таңдау немесе
«Абзац» терезесінен «Табуляция» сайманның
түріне басу арқылы ашуға болады.
«Форматау» - саймандар тақтасының құралдары
«Форматтау» саймандар тақтасы абзац
форматының нақты парамертрін жылдам
өзгертуге мүмкіндік береді. Ол үшін керекті
абзацты ерекшелеп алып, саймандар тақтасындағы
керекті сайманның түріне тышқанмен басу
керек.
Саймандар тақтасындағы алғашқы үш элемент
- Стиль, Қаріп және Қаріп мөлшері. Өрістердің
оң жақтағы бағыттауышын саймандар түріне
басқанда үш түрлі тізім шығады, олардың
ішінен шрифт типтері мен оның мөлшерін
таңдап алуға болады. Жартылай қарайтылған,
курсив және асты сызылған атты саймандар
түрі арқылы жиі пайдаланылатын сызылымдарды
тағайындауға болады. Символдарды тағайындауға
жататын соңғы элемент – түс, ашылатын
тізімінің көмегімен ерекшеленген мәтін
фрагменттерінің фонын тағайындауға болады.
Форматтау кезінде мәтін фрагментін ерекшелеп,
тиісті саймандар түрін басу арқылы керекті
парамертрлерді тағайындауға болады.
Бұл жағдайда, тек ерекшеленген фрагменттің
ғана шрифт параметрі өзгереді, ал қалғандары
өзгеріссіз қалады. Осы тәсілмен мәтін
абзацтарын ерекшелеп, саймандардың орналасқан
элементтері арқылы олардың сол жақ шеттерін
немесе екі шеттерін де туралап, тақырыптарды
ортаға жылжытып қоюға болады.
Абзацтарды туралау
Жолдың екі шетін бірден туралау жиі кездесетін
форматтау түрі болып саналады. Жолдағы
сөздердің арасындағы қашықтықтар бірдей
болып орналасып, мәтін әрбір ыңғайлы
күйіде бейнеленеді.
Формат – Абзац – Туралау (Выравнивание)
командасын арқылы туралау бүкіл мәтінге
қатысты деп есептеледі. Меню командасы
көмегімен туралау режимін тағайындау
үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- шеттер туралануға тиіс бір немесе бірнеше
абзацты ерекшелеу, егер тек бір абзацты
туралау қажет болса, курсор сол абзацта
тұрса жеткілікті;
- Формат – Абзац командасын таңдап «Абзац»
сұқбат терезесін ашу керек;
- Туралау өрісіне басып, экранда туралау
түрлерінің тізімін ашу керек;
- Туралау түрлерінің керектісін таңдап,
ОК- басу керек.
Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
Компьютерде пайдаланушының жұмысы көбнесе әртүрлі мәтіндік ақпараттарды өңдеумен байланысты. Мәтіндік ақпараттарды еңдеудің негізгі ұғымдары, міндеттері, әдістері мен құралдарына қысқаша шолу жүргізейік. Мәтіндік құжаттарды өңдеудің келесі негізгі қадамдарын атауға болады:
- мәтінді енгізу;
- редакциялау (соның ішінде пішімдеу түрлері);
- құжатты сақтау;
- жариялау;
- құрылған құжатты іздеу және ашу;
- аудару.
Мәтінді енгізу. Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу арқылы енгізуге болады.
Редакциялау - терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін орнату арқылы қажетті түрге келтеру.
Құжатты сақтау – мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге – ASCII, RTF, DOC, HTMLпішімдері жатады.
ASCII (American Standard Code for Information Interchange) - ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім (әрбір әріпке бір байт сәйкес).
RTF (Rich Text Format) - әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі. Ең негізгі ерекшелігі - оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің барлық элементтерін (шрифт өлшемі мен параметрлері, абзац параметрлері, т.с.с.) беруді қамтамасыз етеді.
DOC - бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word 2000 және MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді емес).
HTML (Hypertext Markup Languange) - Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін docсияқты ішкі пішімге жатады.
Мәтіндік құжатты жариялау. Құжатты құрып және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туады. Құжатты көрсету типтеріне байланысты жариялаудың үш түрі бар, олар:
құжатты басу (қағазда немесе таспада қатты көшірме жасау);-
электрондық жариялау- (электрондық поштаарқылы, тасуышта );
- Web-құжаттар арқылы (Интернетте жариялау).
Құрылған құжатты іздеу және ашу. Құрылған құжатпен жұмысты қайта іске қосу үшін оны тауып және ашу керек. Бұл операциялар оның Web-бет түрінде жарияланғаны немесе сәйкес файлдық жүйеде сақталғанына байланысты олардың нақты іздеу және ашу мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
Мәтіндік құжаттарды өңдеуде кездесетін негізгі ұғымдар:
- символ (таңба, әріп, цифра, т.с.с.). Әрбір символ шрифтімен, өлшемімен, кескін стилімен, түсімен анықталады;
- абзац - аяқталған ойды білдіретін текст фрагменті, компьютер үшінEnter түймешесінің екі басуы арасында орналасқан мәтін бөлігі.
- колонтитул - документтің әрбір бетінде қайталанатын элемент (жоғарғы немесе төменгі колонтитул).
Мәтіндік ақпаратты өңдейтін бағдарламалық құралдар. Мәтіндік құжаттардың күрделілігіне байланысты, олардың сапалық орындалу дәрежесіне байланысты текстік редакторлар, текстік процессорлар, үстелдік баспа жүйелерін анықтауға болады.
Текстік редакторлар – күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар.
Текстік процессорлар – кез келген күрделі мәтіндік құжаттар дайындаудың барлық күрделі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар (MS Word, TeX, LaTeX, т.б. ).
Баспалық жүйелер – мәтіндік және иллюстративтік мәліметтерді компьютерлік теру, басып шығару, термелеу қызметтеріне арналған аппараттық және программалық жабдықтардың кешені.
MS
Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен
жұмыс істеу мүмкіншіліктері.
- мәтіндерді интерактивті режімде теру;
- мәтінді редактрлеу (түзетулер жасау, символдарды пішімдеу, абзацтарды пішімдеу, беттерді пішімдеу, құжатты пішімдеу, ендірілетін объектілерді пішімдеу);
- көп терезелілік режімді қолданып бірнеше мәтіндік құжатпен бір уақытта жұмыс істеу;
- мәтіндерді импортау (экспорттау мүмкіндіктері, басқа қолданбалы жабдықтармен қарым-қатынас жасау);
- арнайы таңбалармен жұмыс істеу (математикалық белгілер, формулалар редактрлері, индекстер, т.с.с.);
- грамматикалық тексеру жүргізу, жолдарды автоматты тасымалдау;
- ендірілетін объектілермен жұмыс істеу (графиктер, кестелер, кескіндер, суреттер, фигуралар, WordART колеккциялары, т.с.с.)
- электрондық
поштамен жұмыс істеу;
Программалық
жасақ - информациялық технологиялардың
елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген
аппаратура жәй элементгер жиыны болады
да, ол ешнәрсе істей алмайды.
ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді,
олар:
1) жүйелі программалық жасақ;
2) қолданбалы (кәделі) программалық жасақ.
Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық
жабдықтар жұмысын басқарып, жүмыс істеп
отырған адамды қолданбалы программалармен
байланыстырады.
Жүйелі программалық жасақты бірнеше
топқа жіктеуге болады:
1) операциялық жүйелер;
2) утилиттер;
3) сервистік программалар.
Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға
арналған және қолданбалы программалармен
байланысы бар нақты программа. Дербес
компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық
жүйелерге
МЗ (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады,
Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық
жүйелердің барлығы да тек бір адамдық
болып табылады. Расында да екі адамның
бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін
елестету қиын ғой .
WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер
болып саналады. Көп мақсаттылық — бір
компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше
есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше
әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы,
Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап
та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды
әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол
қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның
жылдамдығынан өте жоғары болып келеді.
Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер
дискілікМЗ DОS операциялық жүйесі мен
көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық
жүйесін пайдаланады.
Операциялық жүкелер көптеген функцияларды
орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды
жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады,
компьютер құрылғыларының өзара байланыста
жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар
жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді.
Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш
не қатты дискіден алғашқы жүктелетін
кещенді программа болып табылады. Белгілі
бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар
тобы утилиттер болып табылады. Оларға
мысал ретінде антивирустік (вирустерге
қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу
(кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс
істеу қабілетін (диагностика) тексеретін
программаларды (тест ирограммалары) айтуға
болады.
Сервистік программалар — әрбір адамның
операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін
программалар тобы.
Қолданбалы программалар арқылы біздер
өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар
"қосымшалар" (приложения) деп те
аталады. Қолданбалы программалар сан
алуан, оларға қарапайым программадан
бастап күрделі есептерді шығара алатътн
қуатгы мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік
продессор, графикалық редактор, баспаханалық
жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған
жоне жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін
де жатқызуға болады.
Қолданбалы (кәделі) программалық жасақ
- белгілі бір мамандық салалсында нақты
есептер шығара алатын программадар жиыны.
Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын
және әмбебап болып екіге бөлінеді.
Белгілі бір мақсатга пайдаланылатын
программалық жасақ әр адамның нақты есептерін
шыгаруга арналган, сондықтан оны пайдалану
аймаіы да шектеулі. Мүндай программаларды
жұмыс иесі өзі жасайды немесе оньң талабы
бойынша маман программалаушылар жасап
береді.
Дербес компьютерлердің кең тарауьша
басты себеп болған олардың алдын ала
дайындалған әмбебап программалық жасақтарың
кең таралуы еді, бүл программалар тек
бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі
бір мамандық саласында есеп жұмыстарын
түгел автоматтандыруды немесе информацияның
белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти
алатын болды.
Әртүрлі информацияларды өндеуге мүмкіндік
беретін әмбебап программалык; жасақтың
негізгі түрлері мыналар:
- мәтін редакторлары;
- графикалық редакторлар;
- электрондык, кестелер;
- оқыту жоне ойнау программалары; информациялық
жүйелер және т.б.
Мәтіндік информацияларды даярлау мен
өңдеуге арналған программалар мәтін
редакторы деп аталады. Өмірде кез келген
ЭЕМ-де жүмыс істейтін адамдар әртүрлі
есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау,
мақала және басқа жазбалар жазу сияқты
мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді
осы мақсатгарға пайдаланса, басқа машинкасына
қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні
талас тудырмаса керек.
Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді
түзетуге, қателерін уақьттында табуға,
абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға,
мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап,
қажет болғанда бірден тауып алуга, бірнеше
алфавитті (латьш, орыс, қазақ) қатар пайдалануға,
құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп
басып шығаруға мүмкіндік береді.
Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б.
шығаруда кең пайда-ланылады. Компьютердің
машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы
бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды
дайындау шапшандайды, оларды безендіру
жолдары женілдейді. Өте жоғары сапалы
басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен
жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің
одан да күшті мүмкіндіктері бар (осы оқулық
та компъютерлік баспа жүйесінде дайындалды).
Кең тараған мәтін редакторларына WordPerfekt,
Mikrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б. жатады.
Графиктік редакторлар графиктік информацияны
дайындау мен өңдеуге арналған программа
болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін
есептеу нөтижелерін график түрінде шығаруда
өте ыңгайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар
бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар,
суреттер және т.б. түрлерде бере алады.
Графикалық редакторлар мәліметтердің
есептелу нәтижесін график бейнесінде
көрсетуде де және өз қалауымызша түрлі
сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктерді
әртүрлі қылыи, мысалы, түзу немесе кисық
сызық түрінде, дөңгелек диаграммалар
мен гисто-граммалар бейнесінде алуга
болады, оларга автоматты түрде масштаб
енгізуге, керек болса координата остеріне
сандар мен атауларды жазып қоюга да болады.
Күрделі графикалық бейнелер түрғызу
кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды
пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі
түстерге бояуга да болады. Электрондық
кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар
(ұялар) болады, оігар пернелермен информацияны
енгізу арқылы немесе формулалар орнегін
есептеу нэтижесі бойынша компьютермен
жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік
мәліметтерді түзету, оларды дискілерде
жазып сақтау, түрлендіру, қагазга басып
алу сияқты коптеген орекеттср өте жылдам
орындалады.
Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі
қызғылықты, кез келгенжан әуестенетінтопқажатады.
Дербес компьютерлердің кеңінен тарауъша
да себепші болған ойын программалары
еді. Компьютерлік ойындар - демалудың
жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен
шектен аса өуестенудің зиян екенін есте
сақтау жөн.
Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын
ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде
тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан,
математикадан, физикадан т.б. пәндерден
сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы
екені талас тудырмайды. Компыотерлер
сабақ оқуда электрондық оқулық жөне тренажерлер
түрінде, лабораториялық аспаіт әрі информациялық
анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады.
Институттарға қабылдау емтихандарын
өткізу кезінде компьютерлер "қазы"
рөлін де әділ атқара алатын құрал екені
белгілі.
Іс программалары қызметте керекті әртүрлі
иыформацияларды дайыңцау, сақтау және
өңцеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар
іс қағаздарын жүргізуді компьютерлендіру
кезінде де құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін
жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты
әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады.
Информацияның кептеген түрлерін сақтау,
іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық
жүйелер қолданылады. Бұларга мәліметтер
базасы, кітапханадағы информация іздеу
жүйелері, театрлардағы, әуе жолындағы
және темір жолдагы билет сату мен оларды
тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері
мен информациялық коммуникациялар негізіндегі
осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту
қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының
ірге тасын қалайды.
Болашақта перспективасы бар информациялық
құралдарға білімдер базасы мен эксперттік
жүйелерді жатқызуға болады. Олардың көмегімен
кейбір мамандық салаларында эксперттер
тәртібін модельдеу арқылы медициналық
тақырыптардан консультациялар мен әртүрлі
қызмет салаларынан анықтамалар беру,
онертапқыштарга, технологгар мен конструкторларга
көмек беру істерін жүзеге асыруга болады.
Әмбебап программалық жасақтың дамуының
арқасында күрделі біріктірілген жүйелер
(интегралданған) жасальгаып жатыр. Олар
бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір
форматгы пайдалана отырып мәтін редакторын,
электрондық кестелерді, графикалық редакгорды,
мәліметгер базасын басқаружүйесін, калъкуляторды
және тағы басқаларды біріктіріп, бір
интерфейс арқылы осылардың барлығын
да пайдалану мүмкіндігін береді. Әмбебап
программалык, жасақ дербес компьютерлермен
жабдыкталган өртүрлі мамандьгқ иелерінің
жүмыс орыңцарът автоматгандыруды іске
асырады. Мұдай жүйелерге, мысалы, конструкторлық
жобалауды, электрондық тақшалар жасап
дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік
жүмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға
болады. Қоғамъшызды дербес компьютерлермен,
ЭЕМ желілерімен және информациялық қорлармен
толық қамтамасыз ету бүрынгы "қағаздағы"
мәлімеггерді қолдану жүмыстарын толықтыра
отырып, информация алу, тарату, пайдалану
жүмыстарын ұйымдастыруды жаңа белеске
көтерді. Мүны өзі қоғамымызды информацияландыру
процестерін дамытудың негізі болады
деп толығынан айта аламыз.
Қолданбалы програмалар арасындағы ерекше
топқа "қосымша" программаларды даярлаудың
аспаптық қүралдары (инструментальные
средства) жатады.
Программалау жүйелері шыққанға дейін
өр адам өзі қолданатын программа мәтінін
программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге
арнаулы мәтін редакторы арқылы енгізіп,
сонан соң тағы бір арнайы ирограмма -
компилятор (транслятор) көмегімен өз
мэтінін машина тіліне аударатын. Ен соңында
үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның
арқасында бөлек модульдерден орындалатын
программалық файл алынатын.
Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар
теледидар, тоңазытқыш, шаңсоргыш тәрізді
ондірістік онімдер санатына кіреді. Бүл
программаларды жасау мен тарату — өндірісті
жүргізу зандылықтарымен бірдей деңгейде
болады деген сөз.
Бүл күндері тегін берілетін, шартты түрде
(жартылай) тегін және сатылатын ІІрограммалар
бар. Программаларды сатып алу және тараіу
шарттары сол программамен бірге берілетін
оның сатушысы не авторы дайындаган қүжаттарда
жазылады. Біреудің программасын пайдалану
үшін осыңдай мәселелерге көңіл бөліп
отыру қажет екенін естен шығармаған жөн.
Рүхсатсыз көшіріп алынған программаларды
пайдаланудан сақ болыңыздар! Оның арты
келеңсіз жағдайларга дұшар еткізуі мүмкін.
Текстік редакторлар – күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар.
Интерфейс - программалық
жабдық пен.жұмыс істейтін адам арасындағы
сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер
жиыны.
Пайдаланған әдебиеттер: