Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 20:50, курсовая работа
Өткен ғасырдың 70-жылдарында Philips және Sony компаниялары сандық дыбыс жазумен шынымен айналыса бастады. Олар, оптикалық жазушы техникаға және ақпарат санауға негізделген және винилды грампластикалардың орнын басатын сақтаушылардың жаңа түрін жасауға кірісті. Нәтижесінде, 1982 жылы бізге үйреншікті CD Digital Audio (CD-DA) компакт дискілері пайда болды. Осыдан екі жыл өткен соң, компьютерлік CD-ROM шықты.
Курстық жұмыстың мақсаты: осы уақытқа дейін белгілі болған оптикалық дискілермен таныстыру.Және бұл тақырып CD-R, DVD-R дискілерінің кең тарауымен,яғни оларға деген сұраныстың,қызығушылықтың болуымен өзекті.
Кіріспе..........................................................................................................
CD-ROM ,CD-R және CD-RW лазерлік тасымалдаушылары................
CD-ROM лазерлік тасымалдаушысы........................................................
CD-R дискілері............................................................................................
CD-RW қайта жазу дискілер.....................................................................
DVD стандарттары....................................................................................
DVD-ROM, DVD-R, DVD-RW және т.б дискілер......................................
HD DVD әлде Blu-Ray – форматтар сайысы.........................................
Қорытынды.................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................
Қосымша (А)...............................................................................................
Қосымша (В)...............................................................................................
Ең алғашқы DVD-R қолдайтын жетек 1997 жылы қазанда Pioneer фирмасымен шығарылған және бағасы 17. 000 доллар болған еді. DVD-R дың 1. 0, 1. 9, 2. 0 версиялары болды.
DVD-RW
Жазылатын DVD-R дискілері шыққан соң, қайт жазылатын DVD-R дискілерінің шығуы мәлім болды. Солай DVD-RW пайда болды. Алғашында DVD-R/W немесе DVD-ER аттарымен белгілі. Бұл форматты жасаушылар тағы да Pioneer болды. Жұмысының негізі толқын ұзындығы 650 нанометр болатын лазер.
DVD-RW дистердің физикалық сипаттамалары – 80 немесе 120 миллиметрлік диск, қалыңдығы 1,2 мм. Тек біржақты болады. Ақпарат сыйымдылығы 4,7 Гбайт. Жасап шығарушылардың мәлімдеуінше дисктер ақпаратты 1000 рет өшіріп қайта жазуға мүмкіндік береді.
1. 0 және 1.1 версиялары бар. 1. 0 версиясы ең алғаш пайда болған нұсқа. Ақаулары жеткілікті болды. Тек Жапонияда сатылды. Кейін шыққан 1. 1 нұсқасы ақпаратты көшіруден сақтауға мүмкіндік берді
DVD-RW дискілерін жасауда дискілердің жетектерге және DVD- плейерлерге сәйкестігі басты мәселе болды. Бірақ бұл DVD-R дискілердігідей бола алмады. Себебі CD-RW дискілеріндегідей, шағылысу қасиеті қайта жазу дискілерінде жай жазылатын дискілерге қарағанда аз.
Ең алғашқы DVD-RW агрегаты 1999 жылы желтоқсан айында Pioneer фирмасымен Жапонияда таныстырылды, бағасы 2500 болды.
DVD-RAM
DVD стандарттарын шығарумен тек Pioneer ғана айналысқан жоқ. Оның DVD форумы бойынша серіктестері тежелген жоқ. Matsushita яғни Panasonic DVD-RAM атты стандарт ойлап тапты. Бұл формат өзіне тек дәстүрлі оптикалық дискілердегі қасиеттерді жинаған жоқ. DVD-RAM-да қолданатын кейбір шешімдер магнито-оптикадан келген. DVD-RAM жұмыс принципі, бұл phase-change технологиясы, мұнда лазер диск бетін қыздырғанда, беттің қасиеттері өзгереді. DVD-RAM дискілерінің негізгі ерекшілігі – өндірісте жасалатын белгішелер, олар сектордың басын көрсетеді. Логикалық деңгейде DVD-RAM-дағы негізгі ерекшелік - оны үйреншікті файл жүйесі FАТ32- ге форматтауға болады. Ең басында DVD-RAM дисктердің ақпарат сыйымдылығы 2,58 Гигабайт құраса уақыт өте 4,7 –ге дейін өсті.
Соңыра екіжақты DVD-RAM дисктері пайда болды. Олардың ақпарат сыйымдылығы 9,7 Гбайт құраған еді. Жазу үшін диск картриджде болуы керек бұл дисктердің тағы бір ерекшілігі болып табылады. Картридж бұл 124.6x135.5x8.0 мм пішінді қорапша. Біржақты DVD-RAM дискілері картриджбен немесе бөлек сатылады.
2. 2. 3сурет. DVD-RAM стандарты
Жасап шығарушылардың айтуынша диск ақпаратты 30 жыл сақтауға мүмкіндік береді және 100000 рет көшірілуі мүмкін.
Ең алғаш DVD-RAM дискілері нарықта 1998 жылы маусымда пайда болды. Бағасы шамамен 500$ - 800$. Яғни Pioneer құралдарынан бірнеше есе арзан. Өзге форматтармен сәйкес келмесе де бұл дисктер қолданушылардың кей мөлшеріне қызықты.
DVD+RW
DVD форумында Philips, Sony, Hewlett-Packard, Dell, Ricoh, Yamaha секілді фирмалардың наразылығын тудырған , қолданушының жасаған дискісі. DVD форумынының қолдауынсыз пайда болған DVD+RW дискісі.
1997 жылы 1. 0 версиясы жасалынған. 650нм лазермен жұмыс істейтін, сыйымдылығы 2, 8 мегабайт болды. Алғашқы версиясы DVD жетектеріне сәйкес келмеген. 1999 жылы жаңа версиясы бұрынғыны ығыстырып тастады. Ақпарат сыйымдылығы 4, 7 ГБ болды. DVD және DVD-R жетектерімен максималды түрде , мүмкіндігінше сәйкестендірген. Жазу принципі CD-R дискілеріндей. Басты айырмашылығы DVD+RWдискінің құрамындағы ақпараттың кез келген бөлігін ескі ақпаратты жоймай, соның үстінен жазады.
DVD+R
Pioneer-ға қарағанда DVD+R дискісі керісінше қайта жазылатын DVD+RW ден кейін шықты. Яғни тізбек реті керісінше. DVD+R 2002 жылдың соңыда ғана пайда болды. DVD+R өз туысы DVD+RW секілді принципімен жұмыс істейді. Жалғыз айырмашылығы шағылысу материалы ретінде қарапайым дискілеріндегідей зат қолданылады. Кемшілігі RWдискінің құрамындағы ақпараттың кез келген бөлігін ескі ақпаратты жоймай, соның үстінен жазылмайды. Сонда да DVD+R дискілері DVD-ROM және стационарлық плейерлерде оқылады.
2. 1 DVD-ROM, DVD-R, DVD-RW және т. б дискілер
1997 жылдардың соңында және 1998 жыл басында компьютер нарығында DVD жетектері және дисктері пайда бола бастады. Бұл стандарт бірден түрлі видео индустрияларында, ақпараттық технологиялар сферасында, дыбыс жазуда тіпті ойындық картриждардағы жинақтауыштардын орнын басу мақсатында шығарылған еді. Жасап шығарушылардың көздеуі бойынша бұл сыйымды және сенімді, небір «әмбебап» тасымалдаушы болуы керек болды.
DVD (Digital VersatileDisk, ранее Digital Video Disk), яғни көпмақсатты цифрлы диск – бір толық метражды фильмға жететін, 4,7 Гбайт-тан 17 Гбайт-қа дейінгі ақпарат мөлшерін сақтай алатын компакт дисктердің бірі болып табылады. Шамамен барлығы DVD-ның CD-ROM–ды ығыстыратынына сенімді. DVD дискілері қазір VHSді ығыстырып бітті. Мұндай ақпарат сыйымдылығы кезінде бірнеше CD-ROM қажет еткен, әр компьютер ойындарын, энциклопедиялардың шығарушыларды қанағаттандыратыны айдан анық.
Пішіні бойынша CD және DVD дискілері бірдей, бірақ DVD дискілері аздап жіңішкерек. Әрине, DVD дискілері CD дискілері тәрізді екі форм – факторда 12см (4, 7 дюйм) және 8см(3, 1 дюйм) шығарылады. Едәуір тараған түрі CD дискілеріндегідей 12см – лік форм – факторы болып табылады. Дәл осы форм – факторына көптеген дискжетектер және DVD – плейерлері негізделген.
DVD және CD дискілерінің айырмашылығы неде? Ең алдымен DVD дискілерінде қуыстар диаметрі аз, жолақтарда олар тығыздау орналасқан, дискте сол жолақтардығ саны едәуір көбірек болып келеді. Кішірек пішінді кертулерді қолдану бұрынғыдан «тығыз» сәуле жіберетін, қысқа лазер арқасы. Ал қарапайым CD-ROM құрылғысында толқын ұзындығы 780 нанометрді құрайдған кезде, DVD екі есе көбірек кертулерді жабуға мүмкіндік беретін ұзындығы 650 немесе 635 нанометрдң құрайтын лазерді және екі есе көп жолдарды қолданады. Оған қоса ақпаратты сақтауға арналған дисктің беткі қабаты CD-ROM – ға қарағанда үлкенірек.
DVD тағы секторлардың өзге форматын және қателерді жөндеудін мыкты кодын да ескереді. Бұл жаңалықтардың барлығы дәстүрлі CD дисктеріне қарағанда шамамен жеті есе сыйымдылығы артық DVD дисктерін алуға мүмкіндік берді.
Бірақ жеті еселік сыйымдылықтың артуы – әлі де шек емес. DVD спецификациясындағы ең қызықты жайт – екі жақты және екі қабатты дисктерді жасау мүмкіндігі болар.
Екіжақты диск оңай жасалады: DVD дискісінің қалыңдығы 0, 6 мм ғана болу(қарапайым CD-ROM дискісінің жартысы) мүмкіндігіне ие болғандықтан, екі дискті бір біріне сырт жағымен қосу мүмкіндігі пайда болады. Шынына келсек, кемшілігі біз ол дискіні өз қолымызбен аударып отыруымыз қажет. Алайда технологияның дамуына орай, қолданушының қатысуынсыз аударып, өзі жұмыс істейтін DVD жетектері пайда болды.
Екіқабатты дисктің жасалу технологиясы қиынырақ:ақпарат екі қабатта жазылады, астынғысында және жартылай мөлдір үстінгіде. Бір желілікте жұмыс істей лазер жартылай мөлдір қабаттан мәліметтерді санайды, ал екіншісінде жұмыс істей астынғысынан мәліметтер қабылдайды.
Жоғарыда жазылған технологиялар мен алуан түрлі комбинациялар DVD дисктерінің біршама түрлерін тудырды.
DVD дисктерінің біржақты(SS - Single Sided) , екіжақты DVD (DS), , бірқабатты(SL - Single Layer) және екіқабатты (DL) түрлері бар.
Екіқабатты DVD дискілерінің мәлімет сыйымдылығы қарапайым бір қабатты дискілерден екі есе артық емес, одан аздау екенін ескеруіміз қажет. Яғни лазер сәулесінің беткі қабаттан өткенде пайда болатын ақауларды азайту үшін , қуыстардың минималды мөлшері 0, 4 мм-ден 0, 44 мм-ге ұлғайтылған. Айтпақшы, нәтижесінде дисктен ақпарат оқу жылдамдығы артқан.
Қолданушы көзқарасы бойынша, DVD-ROM форматында жазылған бағдарламалар дәстүрлі CD-ROM дискіне ұқсас. Бұл дисктердегі ақпаратты оқу үшін компьютерде DVD-ROM жинақтауышы орнатылуы қажет. Ол сыртынан CD-ROM жетегіне ұқсас және дәл сол IDE (ATAPI), (қазір Sata) нтерфесін қолданады. Тағы DVD-ROM ескі CD-ROM дискілерін оқуға және дыбыстық компакт дискілер оқуға мүмкіндік береді. Алайда, DVD-ROM-ның барлық жетектері бір біріне ұқсай бермейді. DVD-ROM жинақтауыштары салыстырмалы түрде жақын шыққанымен, қазірдің өзінде DVD-ROM -ның бірнеше ұрпағы сатылымнан өткен.
DVD дисктерінің негізгі түрлері:
3-БӨЛІМ. HD DVD әлде Blu-Ray – форматтар сайысы
Бұл екі бір біріне келмейтін жоары тығыздықты DVD форматтары теледидарға жоғары сапалы көріністі сыйлады. Екеуінің қайсы үстем болатыны көп уақыт белгісіз болған . HD DVD де Blu-Ray да да әр компаниядан өз қолдаулары бар.
Екі жаңа формат та ұзындығы 405 нм көкшіл-күңгірт лазер қолданады. Ал заманауи DVD жетектері 650/635 нм лазер қолданады. Лазер қысқарған сайын , жазу тығыздығы өседі. HD DVD дің Blu-Ray-ден айырмашылығы HD DVD-да DVD-ның физикалық құрылымы сақталған ал Blu-Ray үшін жаңа техника мен жаңа құрылым , жаңа жазу технолгиясы қолданылады.
HD DVD дисктері нарықта Toshiba және NEC компанияларымен ұсынылады. HD DVD стандартты 1, 2 мм қалыңдықты ал қорғаныш қабаты 0, 6 мм. Қарапайым DVD дисктері секілді. Ақпарат сыйымдылығы бірқабатты 15ГБ ал екіқабатты 30ГБ. Артықшылығы Blu-Ray дискілеріне қарағанда HD DVD дискілерін оқитын аппараттар көбірек тараған.
3.1сурет. HD-DVD дискілері
Blu-Ray тасымалдаушыларының негізге ұсынушы компаниялары Sony және Matsushita Electric Industrial. Құрылымы:қорғаныш қабатының қалыңдығы 0, 1 мм ғана, ал ақпарат оқу үшін 0, 85 дейін ұлғайған сандық аппертураға ие линза қолданады. Аппертураның ұлғаюынан жүйе лазердің ауытқуына сезімтал болып келеді. Уақыт өте қорғаныш қабаты тым жұқа болған соң, дисктер арнайы картриджде тасымалданатын болды. 2004 жылы бұл ақау полимерлік қабат көмегімен шешілді. Ақпарат сыйымдылығы стандартты (12 см) бірқабатты дисктерде 25 ГБ, екіқабатты дисктерде 50ГБ, ал мини дисктерде(8см) бірқабатты дискте 7, 8 ГБ, екіқабатты дискте 15, 6 ГБ.
3.2сурет.Blu-Ray дискісі
Ақыры Toshiba компаниясы HD DVD дисктерін шығаруды тоқтатты. Басты себеп Warner Bros. 2008 жылы өз туындыларын толық Blu-Ray форматқа аударуды жөн көрді. Сонымен Blu-Ray жеңіске жетті.
Қорытынды
Қорытындылай келе, бұл курстық жұмыста мен ақпарат тасымалдаушыларды қарастырдым. Нақты атасам: CD R дискілері, оның туысы қайталап жазуға болатын CD-RW дискісі және DVD дисктерінің стандарттарына шолу жасаған едім.
Яғни компьютер нарығында, өткен ғасырдың ортасында кенеттен ақпарат тасымалдаушы құралдар қажет болғандықтан дисктер ойлап табылды. Байқасақ, дисктер бұрын қолданысқа ие болған грамафон құрылғысында ойналған граммпластинкалардың ұрпағы.
Ең алғаш жасалған диск түрі бұл – CD-R дискілері. Уақыт өте ғылыми техникалық прогресске орай дисктер ақпарат сыйымдылығының көлемі бойынша өсіп, қасиеттері, қорғаныш сипаты, ақпаратқа қолжетімділк мәселесі жақсара түсті. Соның нәтижесінде ақпаратты тасымалдаушының келесі түрі CD-RW пайда болды. Сол сияқты ұзақ уақыт алдынғы қатарда жүрген DVD дисктерінің стандарттары яғни форматтары, түрлері жайлы жаздым. DVD дисктері ақпарат сыйымдылығымен, екіжақты болу мүмкіндігімен ерекшеленді.
Сөйтіп, әрі қарай дисктердің алуан түрі шығып қазіргі кезде кейбір түрлері тіпті қолданыстан шығатын жағдайға келіп тұр.
Қазір әлемге әйгілі HD DVD дисктерінің өзі Blu Ray дисктерімен ығыстырылды. Мен бұл жайдың себептерін өз жұмысысда қысқаша баяндадым.
Жалпы, дисктердің компьютер әлемінде өшпес ізін қалдырғанына көз жеткіздім.
Қолданылған әдебиеттер
2. Архитектура ПК, комплектующие, мультимедиа. - Рудометов Е. , Рудометов В. – Питер, 2000.
3. А. Жаров « Железо IBM 2004
4. Интернет көзі:http://www. 3dnews. ru/storage/dvd-r/
5. Интернет көзі: http://www. 3dnews. ru/storage/dvd/
6. Колесниченко О. В. , Шишигин И. В. «Аппаратные средства РС» - 4-ое изд. , перераб. и доп. – СПб. : БХВ - Петербург 2002.
7. Г. Ә. Жапарова «Информатика негіздері» Алматы 2006 ж.
8. Информатика. Базовый курс. 2-е издание / Под ред. С. В. Симоновича. – СПб. : Питер, 2005. – 640 с. : ил.
9. ↑ Першиков В. И. , Савинков В. М. Толковый словарь по информатике / Рецензенты: канд. физ. -мат. наук А. С. Марков и д-р физ. -мат. наук И. В.
10. «Адам және компьютер» Б. Накесбеков, Алматы, «Қазақстан», 1985 ж.
11. Фигурнов В. Э. IBM PC для пользователя. Краткий курс. М. 1997г.
12. Ермеков Н. , Ермеков. М. , Ноғайбаланова С. Информатика. Алматы: «Жазушы» - 2002 [ 59 бет]
13. Интернет көзі:http://www. terralab. ru/print/storage/39182/
14. Персональный компьютер: диалог и программные средства. Учебное пособие /Под ред. В. М. Матюшка -М. :Изд-во УДН, 1991.
15. Интернет көзі:http://www. technograd. com/.
16. Кушниренко А. Г. , Лебедев Г. В. , Своренко Р. А. , Информатика мен есептеуіш техника негіздері. Алматы – 1998 [ 58 бет]
17. Интернет көзі:http://www. 3dnews. ru/reviews/storage/fmd-rom/
18. Қазақша-орысша сөздіктер
19. Интернет көзі:http://www. 3dnews. ru/storage/dvd-r/index02. htm
Қосымша А
DVD дискісінің сканерлейтін
электронды микроскоп
CD-R дискісін тираждаудың кішігірім аппараты
Қосымша Ә
Toshiba компаниясының шығарған HD-DVD дискісі
Blu Ray дискілерін оқитын плейер