Компьютерлік желілердің түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:37, доклад

Краткое описание

Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Файлы: 1 файл

Dokument_Microsoft_Office_Word (2).docx

— 12.09 Кб (Скачать)

      Компьютерлік желілердің  түрлері.

 

Компьютерлік желі – бір бірімен  мәлімет аламаса алатын кем дегенде  екі компьютердің байланыс құралдары  көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп  дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді  есептеу құрылғыларының бір-бірімен  байланысқан жиынын айтады. Желілер  әрбір қызметкерге басқалармен  мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ  пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен  қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік  береді. Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз. Компьютерлік желілер  құрылымы бойынша жергілікті, аймақты  және аумақты болып бөлінеді. Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір  – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. ·  Компьютерлік желі жұмыс  істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және аумақты (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді.

Жергілікті желі.

·             Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір  бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.

·             Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі  құжаттарды жедел өңдеу.

Егер жалпы желіге бір-бірінен  айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе аймақтық желі деп атайды. қазіргі  кезде ірі компьютерлік желілер  саны жүздеген мыңдармен есептеледі. Бір немесе бірнеше желілерді  бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды  желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.

 

          Негізгі  желілік топологиялар

Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.

Шиналық топология. мұнда жұмыс  станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші  станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ  оны тек адресте көрсетілген  жұмыс станциясы қабылдайды.

Жұлдыз тәрізді топология мұнда  ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік  сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір  жұмыс станциясының істен шығуы  жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология мұнда байланысу  арналары тұйықталған сақина бойында  орналасады. Жөнелтілген мәлімет  біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер  қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі –  кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

 

 


Информация о работе Компьютерлік желілердің түрлері