Компьютерлік желілер

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:05, курсовая работа

Краткое описание

Компьютерлік желілер және оның ұғымы, түрлері
Қазіргі уақытта компьютерді қолданудың ең маңызды аясы көптеген қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін желілерді құру болып табылады.
Желіге компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді, принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге қолдану болып табылады.
Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы.

Оглавление

Компьютерлік желілер және оның ұғымы, түрлері.
2. Компьютерлік технология ұғымдары туралы қысқаша мәліметтер.
3. Желілік техникалық құралдар.
4. Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

компьютерлик желилер.doc

— 78.00 Кб (Скачать)

 

                                             Жоспар:

  1. Компьютерлік желілер және оның ұғымы, түрлері.

     2.  Компьютерлік технология ұғымдары туралы қысқаша мәліметтер.

     3. Желілік техникалық құралдар.

     4.  Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Компьютерлік  желілер және оның ұғымы, түрлері

Қазіргі уақытта компьютерді  қолданудың ең маңызды аясы көптеген қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін желілерді  құру болып табылады.

Желіге компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді, принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге қолдану болып табылады.

Компьютерлік желі деп  қолданушыларды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы.

Компьютерлік желілер  – деп әртүрлі қорларды мысалы программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен  кабельдің көмегімен арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады.

Егер желі онша үлкен  емес және мекеменің бірнеше бөлмесін қамтыса, онда оны жергілікті желі деп  атайды.

Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар  тобына қарасты болса, онда корпоративтік деп. Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға таралған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтік те, жалпы да бола алады.

Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану  үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктірілді.

Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалық деп екіге бөлінеді.

Ақпараттық ресурстарға  программалар және деректер, ал техникалықтарға  – принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді.

Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жазылғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады.

Жергілікті және ортақ  ресурстар түсініктері шартты. Бұл  жергілікті ресурсты ортақ етуге  болады және керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады.

Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады.

Желілік операциялық  жүйелер

Есептеу желілері операциялық жүйелер  басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.

Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына  файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді қолдану  мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік  береді:

* ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;

* желінің бір ДК-сында сақталу  есебінен бір ақпаратты қосарлау  мүмкіндігінің жойылуы;

* ақпарат сақталуы сенімділігінің  жоғарылуы;

* ақпаратты рұқсат етілмеген  енуден қорғауды жақсарту;

* ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.

Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша классификациялауға болады. Оларды ауқымды (глобальный), аймақтық (региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады.

Жергілікті желілер

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру түрлі типті кабельдер  көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақтайшасындағы  кеңейту слотына қондырылады.

Компьютерлерді қосуға болатын  көптеген әдістер бар. Компьютерлердің  түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. әр қосылу – деректер үшін жаңа маршрут. Желілердің функционалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыратын әр түрлі желі топологиялары  қолданылады.

Желі топологиясы – бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы.

Желі топологиясы түрлі желілерді  салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина және шина.

«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

«Сақина» топологиясына тән  бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы  нүктесі болмайтыны; деректер берілетін  біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. «Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік  компьютерлер «шинаға»тікелей қосылады. Бұл желіде деректер 2 бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина»жағдайындағыдай, желілінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.

Деректерді беру жылдамдығымен, оның құрамына сәйкес өзгешеленетін деректерді берудің түрлі технологиялары бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.

Enthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Канал ретінде коаксиалды кабель қолданғанда, Enthernet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткізгіш қолданған болса, Enthernet жұлдызша кескінделеді. ARCNET технологиясы Datapoint Corporation фирмасында 1968 жылы жасалған. ARCNET технологиясының желісі де, Enthernet желісі сияқты, екі топология бойынша (жұлдызша және шина) құрыла алады. Token ring «жұлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын IBM арнайы құрылысымен орталық хабра ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша – қабылдайды.

Ауқымды компьютерлік желі ИНТЕРНЕТ

Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-дан  аса ауқымды желіліер бар, бірақ  солардың ең танымалдысы – Интернет желісі.

Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі болып отыр. Алғашқыда интернетті құру мақсаты — әртүрлі типтегі компьютерлік желілерді біріктіру болып табылады. Қазіргі уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді бере алады. Соның нәтижесінде интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.

1965 жылы Массачусет технологиялық институтындағы компьютер Калифорнияның телефон байланысына қосылды. Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған.

ARPANET алғашқыда ғалымдарға  тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұған файлдарды, электронды почтаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET-тің өсуіне орай және басқа желілерде дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.

1971-1972 жылдары ARPANET желілеріне  арналған бірыңғай хаттамалармен  жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды.

Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдықтағы  телефондардан жоғары жылдамдықты  спутниктік арналарға дейін. Аппараттық және бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ және бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі бір өлшемді блоктарға бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтеді.

 

 

Компьютерлік  технология ұғымдары туралы қысқаша  мәліметтер.

Информация. Компьютерде  таңба немесе сингал информация болып  табылады. Шынымен, информайияның барлық түрін таңбалар немесе сигналдар  тізбесі арқылы өрнектеуге болады. Қазақша информация деген ұғымның баламасы ретінде ақпарат сөзі қолданып жүр. Жалпы айтқанда кез-келген мәтін, сурет, музыка, дыбыс, сызба, мәлімет, мағлұмат дерек және т.с.с. информация болып табылады. 
Құжат. Белгілі бір қызмет атқаратынинформацияны құжат деп атаймыз. 
Компьютерде өнделетін информация магниттік немесе лазерлік дискілерге жазылады. 
Файл. Дискідегі информация жазылған атауы бар орынды айтамыз. Яғни, компьютерде өнделетін барлық информацияны дискіге жазады да, ат деріледі және оны файл деп атайды, жай сөзбен айрсақ, компьтерде қолданылатын кез-келген информацияны файл дейміз. Сонымен, барлық компьютерлік програмаларды файл деп санауға болады. 
Амалдар. Файл мен жазу, түзету, өшіру, көшіру, жылжыту, жіберу, шығару амалдарын орындауға болады. Яғни, файл дискіге жазуға, дискіде түзетуге және өшіруге, файлдың дискіден атын өзгертуге, орынын жылжытуға, нұсқасын ескі орынды сақтай отырып, дискіде басқа орынды көшірмесін жазуға, файлды басқа дискіге көшіруге, қағазға басып шығаруға, экранда дискіден оқуға, компьютерлік желі арқылы басқа компьютерлерге жіберуге болады. 
Сенімділік және тиімділік мақсатында компьютерде екілік санау жүйесі (2 цифрдан тұрады) қолданылады. Компьютердегі информация арнайы програмалар арқылы автоматты түрде 0 және 1 цифрлары арқылы кодталады. Компьютерде тек қана екі қарапайым әрекет орындалады : файлды дискіге (немесе жадтан) оқу және дискіге (немесе жадқа) жазу. Ал басқа күрделі әрекеттер жиынтығынан тұрады. Компьютерде тек қосу және алу амалдары орындалады. Барлық басқа күрделі амалдар осы амалдар тізбегінен құралады (арнайы программалар арқылы).  
1.2 Компьютер неден құралады?  
Компьютер алғашқыда күрделі есептеулер жүргізу мақсатында пайда болды. Кейінрек ол негізінен информациямен жұмыс істеу үшін қолданылды. Болашақта әмбебап қызмет ақтаруға арналған техникаға айналмақ. 
Компьютер- Жұйелі блок, монитор және пернетақтадан тұрады, бұл оның негізгі бөліктері. 
Жұйелі блок- металл қорапша, онда процессер, жедел жад, қатты диск және жүйелік шоқсым орналасады. Ол екі түрлі болады Жатық блок «dtsktop» және тік « mihitower». Корпустың алдынғы жағынды үш индикатор: ток көзі «POWER», жылдамдық «Turbo» қатты диск-венчестер «Hard», ток көзіне қосатың батырма, пернетақтаны жабатың құлып, диск енгізгіштер, RESET пен TURBO батырмалары орналсқан. RESET пен TURBO батырмалары ескі үрдістен қалған, олар әдетте қолданылмайды. 
Процессор- компьютердің ең негізгі құрылғысы « миы» болып табылады, ол программаларды орындайды және басқа құрылғыларды басқарады. 
Жедел жад- ағымдық информациямен жұмыс істеу үшін қолданылады, онда орындалып жатқан программалар мен командалар жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса Жедел жадтағы информация өшіп қалады. 
Қатты дискі мен дискеталар- информацияны ұзақ мерзімде сақтау, тасымалдау және сенімділік мақсатында информацияның Көшірмесін дайындау үшін қолданылады. Дискетедағы информацияны компьютерге еңгізу үшін диск еңгізгіш құрылғысы керек болады. 
Жедел жадтағы және қатты дискі мен дискеталар информацияны сақтауға арналған еске сақкау құрылұылары болып табылады.

 

 

 

Желілік техникалық құралдар.

Жергілікті немесе аймақты  тармақталған желілер архитектурасына  байланыста негізгі компоненттер мен  технологиялар мынадай бөліктерден  тұрады:  
• кабельдер;  
• серверлер;  
• жергілікті интерфейс тақталары;  
• концераторлар;  
• коммутаторлар;  
• аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар;  
• аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;  
• аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер.  
Серверлер. Клиент сервер желісіндегі сервер дегеніміз – осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверге жергілік операциялық жүйе басқара алады.  
Жергілікті интерфейс тақшалары. Үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желіге басқа құрылғылармен орнатылыды. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруімен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.  
Модемдер. Жай телефон арналары арқылы интернетке қосылып онымен мәлімет алмысу мүмкіндігін береді. «Модем» - деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор / демудулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сингалдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Клиент – сервер технологиясы

Жергілікті желілердегі  компьютердің бір – бірімен қатынас жасау сипатын олардың функционалдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында компьютерді тікелей байланыстыру кезінде сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылыды.  
Клиент – сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір – бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға клиентерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік болып екіге бөлінеді.  
Бір деңгейлі желілер айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігінің барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.  
Егер компьютерлер саны аз болып олардың негізгі функциясы бір – бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда ең тиімді шешім оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады.  
Серверлік желілерге компьютердің функциялары алдын – ала айқындалған оның кейбіреулері сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлер атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар. Олар желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервер, пошталық сервер және т.б.  
Желілік сервер – желі жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының нагізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютерлер болып табылады. Мұнда желіге жұмыс станциясының функциясына мәліметтерді енгізу және шығару сервер мен ақпарат алмасу жатады.  
Файлдық серверлер – термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мәліметтер барлық өзгертулер жұмыс станцияларында жүргізіледі.  
Баспа серверлер, желі адаптерлері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларына тәуелсіз күйге өзі жеке жұмыс жасайды.  
Баспа сервері желідегі барлық серсерлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, жергілікті желі ауқымды желіден өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық сервер пайдаланылады.

Информация о работе Компьютерлік желілер