Internet желісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 21:02, реферат

Краткое описание

Информациялар қоғамда адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр.Енді дүниежүзілік байланысты қамтып отырған Internet желісінің мүмкіндіктеріне, қызметіне толығырақ тоқталайық. Internet желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе – күн жаңалақтармен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір – бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалықтарға тез үйренеді, қазір де Internet жалпыға бірдей информациялық ресурс тәрізді күнделікті құралға айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адамдар жұмыс істеп жатыр

Оглавление

I Кіріспе
1.1 Компьютерлік телекоммуникациялар
1.2 Интернет жұмысына жалпы сипаттама
II Негізгі бөлім
2.1 Internet желісі
2.2 Internet – бүкіләлемдік анықтама жүйесі
2.3 Internet және телефон
III Қорытынды
3.1 Қазақстандағы Internet
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Интернет.doc

— 65.50 Кб (Скачать)

 

 

 

Жоспар

 

I Кіріспе

1.1 Компьютерлік телекоммуникациялар

1.2 Интернет жұмысына жалпы сипаттама

II Негізгі бөлім

2.1 Internet желісі

2.2 Internet – бүкіләлемдік анықтама жүйесі

2.3 Internet және телефон

III Қорытынды

3.1 Қазақстандағы Internet

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Информациялар қоғамда  адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр.Енді дүниежүзілік байланысты қамтып отырған Internet желісінің мүмкіндіктеріне, қызметіне толығырақ тоқталайық. Internet желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе – күн жаңалақтармен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір – бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалықтарға тез үйренеді, қазір де Internet жалпыға бірдей информациялық ресурс тәрізді күнделікті құралға айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адамдар жұмыс істеп жатыр. Internet жүйесіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. (Internet Society – Internet қоғамдастығы) президентінің жақында Internet желісінің пайдаланушылар саны 1000 000 000 жетеді деуі бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті Internet бізге даналық көзі болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Internet желісі

Internet деген не? Ол әлемнің әрбір түкпіріндегі компьютерлер байланысы болып табылатын кең көлемді, тармақталған желі. Кейбір мәліметтер бойынша Internet жүздеген мемлекеттерді және 1,7 млн байланыс компьютерлері қосылған 18 мың жеке желілерді біріктіреді, және де оның 35 млн қолданушылары бар. Егер 1985 жылы Internet 100 – ге тарта желілерден тұрса, ал 1989 жылы Internet 500 – ге, 1990 жылы 2218 желіге артты. 1991 жылы АҚШ – тың Ұлттық ғылыми қорының желілі ақпараттық ортасы, желілер санын 4 мыңға жуық деп бағалады. Ал одан кейін олардың саны 4 есеге артты. Дәл қазіргі уақытта желілерге қосылу санының өсуі айына 15 % - ті құрайды. Компьютерлерді қолданушылардың көбі үйде де, жұмыста да Internet – ке қосылудың мүмкіндігін алғылары келеді. Мұның ең қарапайым шешімі – модем және телефон сымы арқылы байланыс компьютерлеріне жалғану.

Бүгінгі күнге дейін Internet – ке кіру қиын болды, бірақ желіле қызмет көрсетушілер санының көбейюі жағдайды өзгертті. 1993 – 1994 жылдың бірінші жарты жылында Internet – ке қарапайым телефон арқылы қосылған қолданушылар саны 50 - 80% - ке көбейді. Оны ойлап шығарушы АҚШ – тың қорғаныс министрлігінің жетекшісі, Зерттеу Жобалар Агенттігінің өтініші бойынша 1969 жылы Bold, Beranek and Newman(BBN)  компаниялары ашқан ARPANET желісі болды. ARPANET оқу орындарын, әскери ұжымдар мен оларға бағынышты бөлімдерді біріктірді. Желіні ғалымдар, зерттеушілер информациямен алмасу және ең басты мақсат ядролық шабуылда байланыс сақтау әдістерін жасау мақсатымен ойлап тапты. ARPANET негізін қалаушалар алғашында ғалымдарға жүйеге кіріп программаны бөліктенген компьютерге жіберіге ғана рұқсат берді. Біраз уақыттан соң бұл әрекеттерге файлдар жіберу, электрондық почта немесе ғылым мен техниканың бір облысында жұмыс істейтін ғалым зерттеушілердің мәлімет алмасуын қамтамасыз ететін, тарату тізімі сияқты жетістіктер қосылды. Бірақ ARPANET – тің дамуымен қатар басқа да желілер жетіліп отырды. 1973 жылдары ARPA агенттігі өзінің жаңа DARPA атымен Internetting Project программасын жасай бастады. Оның мақсаты – информацияны таратудың әр түрлі әдістерін қолданатын желілерді біріктіруді анықтау болады.

Дегенмен, Internet тек желі ғана емес, желілердің желісі. Internet көптеген байланыс желілерін бір – бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

Internet – тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (дәлірек айтқанда, әркім олардан файлдар алып, мәліметтер қоймасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). Мұның өзі Internet – ке қосылған басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттердің мәлімет қоймаларындағы, жергілікті ресурстар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны алуға мүмкіндік бар.

Internet информация магистралына өте ұқсас. Институт, мектеп термианлы арқылы оған жеңіл кіруге болады, ол үшін Internet – тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажет материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз NASA құжаттарында, айта берсек соңғы оқиғалар көрсеткендей ЦРУ құпия архивтерінде оқуыңызға болады екен.

Internet желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыртасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Internet компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон желісінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес: бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, телефон жүйесі қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхит аралық кабель құнын – кімдер, қалай бөлісіп көтеретінің және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Internet жүйесі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

Internet – ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып демалғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді делік. Олай болса, scuba (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда еңгізіп, күтіңіз. Біреулер сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатындығыңызға сенгіміз келеді).

Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде 4 жасау рецептерін іздейсіз бе? т.с.с. Периодты әдебиет жөніндегі анықтамаларды қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.

Internet – тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе – күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

 

Internet – бүкіләлемдік анықтама жүйесі

Бүгінгі таңда бүкіләлемдік желі – 250 млн қолданушыны біріктіретін өте тез дамып келе жатқан жүйе. Күн сайын «бүкіләлемдік өрмектің» тағы да бір жарнама түрі немесе араласу ортасы ғана емес, негізінен үлкен мүмкіндіктері бар нарықтық сайман екенідігіне көз жеткіздік. Internet – ке кірген атақты компаниялардың сонын ішінде ComputerWold мәліметі бойынша 2000 жыл Internet – тің жалпы айнымалы $196 млрд болады. Оның $30 млрд компаниялар арасындағы бизнестен, $87 млрд жеке саудадан түседі екен. Осыған ұқсас мәліметті “Forrester Research Inc” компаниясы береді. Оның мәліметі бойынша Internet айнымалы 1996 жылғы $520 млн – нан 2000 жылы $6,5 млрд – қа өседі екен.

Дамушы елдерде Web дүкендегі сату және сатып алу жаңалық емес. 1998 жылғы Commerce Report – тың зерттеу материалына сүйенсек 2002 жылы тұтынушылар Online өнімдеріне $26 млрд жұмсайды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштің 14 есе өскенін көрсетеді. Осыған байланысты Internet өнеркәсіптер арасындағы ең жылдам өсетін сауда секторын болып табылады. Бұл сектордың жылдағы берілген көлемі $26 млрд, яғни ең көп пайда дәл осында алынады. Сонымен қатар, Internet – ті қолданып көп пайда табатын секторларды келтірейік. КПЖ (компьютерді программамен жабдықтау), және аппаратураларды сату, қаржы немесе сақтандыру қызметкері, кітап сату немесе туристік бизнес т.б.

Қазақстанның базарларында Internet- тің барлық мүмкіндіктерін толық түрде меңгеру әлі басталған жоқ. Қазақстанда қор туралы информация беретін жалғыз сервердің ашылуы, біздің еліміздегі қаржы және қор Internet – інің дамуын сараптауға шамасы келе бермейді. Ресей бұл жағдайда бізбен салытырғанда анағұрлым алда. Internet – мүмкіндіктерін меңгеруді Ресейдің қор базары ГКО – Инвест пайда болғаннан басталады. Бұл сол уақыттағы Internet арқылы жұмыс істейтін және өз мәліметтерін тарату протоколын қолданатын алғашқы жүйе болды. Қазіргі уақытта Internet арқылы базарлар үшін берілетін қызметтер тізімі кең көлемді және әр түрлі. Internet –те бағалы қағаздар қағазынан профессионал қатысушы өзіне не табады? Мамандар айтуы бойынша қаржы информациясының 5 түрі бар:

    1. Котировка.  Белгілі уақытта болатын кез келген бір сауда алаңының котировкалық информациясына кіру. Бұл жерде клиент тек Internet – ке қосылса жеткілікті.
    2. Архивтер. Бұл өте көп мәліметтер қорына кіру, мүмкіндіктер алу.
    3. Жаңалықтар лентасы. Жаңалықтар периодты түрде жаңарып отрыатын Web сайт сервер жүйесін қолдану.
    4. Дескритті информация. Бұл анықтамалық информациялар. Бұған тіркелген мәліметтер, прессаның электронды қосылуы т.б жатқызуға болады.
    5. Аналитика. Экспертті аналитикалық басқару.

 

Internet және телефон

Өз компьютерін Internet – ке қосқысы келген алғашқы қолданушы – Internet пен телефон сымының қалай байланысқанын біле бермейді. Олар ДК – дің әрбір қолданушысы үйіндегі немесе офистегі жәй телефонмен Internet – ке шыға алады ма? деген сұраққа жауап іздейді. Расында да, бұл солай, бірақ бұл жерде телефон желісі және Internet желісі - әр түрлі мекемеге бағынышты екі басқа коммуникациялық каналдар.

Internet – ті өте қарапайым түрде әлемнің түкпіріндегі сервер болып табылатын және информация сақталатын жүздеген компьютерлер желісі деп түсінуге болады. Internet – тің әрбір бөлігіне немесе бөліктің кейбір желісіне орнықтырылған саймандар мен байланыс каналдарына жеке мекемелер қызмет көрсетіп тұрады. Олар мемлекеттік және коммерциялық мекемелер болуы мүмкін.

Сіз өз компьютеріңізді Internet – ке қарапайым телефон сымы арқылы қоссаңыз, бұл компьютеріңіздің модемі сіздің аудандық АТС арқылы жақын Internet желісіне орналастырылған модеммен байланысуы керек. Бұл қарапайым телефонмен сол жерге телефон шалу сияқты.

Телефон арқылы қосылған Internet серверлерімен жұмыс істеуді электронды жарнама тақтасы (BBS) – мен Online информация қызметіне қосылумен шатастырмау қажет. BBS Internet – тің бөлігі болып табылмайды. Оған телефон желісін қолдана отырып, модем көмегімен тікелей қосылады. Осылайша,егер BBS Мәскеуде орналасқан болса, ал сіз Алматыдан хабарлассаңыз, онда қала аралық байланыс үшін ақы төлейсіз.

АҚШ – та, Батыс Еуропада кеңінен таралған Online қызметтері осы информация жүйесіне қосылуға ақы төдеген қолданушыларға арналған. Жабық түбегейлі желі Online – Servis – ке қолданушылар тікелей қосылады.

Internet – тің жетістігі – сізге қажетті компьютер қай континентте болса да байланыс ақысы Internet – ке қосылу уақытына ғана алынады. Сондықтан да Internet – тің осы қасиетінің арқасында арнаулы программалар жасалды. InternetPhone SoftWare – Internet каналдар мен телефон байланысын жүргізу.

Айта кететін жағдай InternetPhone – нің артықшылықтарына қарамай өзіне қатысты шектеулері бар.

Біріншіден, байланыс жасау  үшін сіздің компьютеріңізде және сізбен байланысушының компьютерінде де модемнен басқа, өте қажетті мультимедиа саймандары дыбыс адаптері, микрофон болуы керек.

Екіншіден, екі компьютер  де жергілікті Internet – пен байланысқан болуы керек, және де телефон шалынған уақытта екі компьютер де қосыуы қажет.

Үшіншіден, екі байланысушы  адамдар сол уақытта компьютерде  отыру үшін, телефон сағатын, уақытты аныөтап алулары қажет.

Төртіншіден, сіздің модеміңіз 14400 бит/с жылдамдықпен байланыс каналын  қамтамасыз етіп отыру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстандағы Internet

1998 жылы наурыз айының  басында республика телекоммуникациялық компанияларының басқаруымен «телекоммуникация ассоцияциясы» деген жаңа ұйым пайда болды. Коммерциялық емес құрылымның шығу мақсаты – кәсіпорынның іскерлігін байланыстыру, желілер телекоммуникациясының дамуын, ақпараттық технологияны пайдалануды және байланыс қызметін ұсынады. Ассоцияцияның негізгі сан есебінде: Отандық және шетелдік операторлар арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық көмек көрсету көзделген. Осыған орай – тұтынушылар мен қолданушылар арасындағы қызметті де қамтиды.

Ассоцияция әртүрлі халықаралық мекемелермен байланысып, республиканың үкімет комиссиясына қатысуы мүмкін. Қазақстандағы Internet адресациясы: Kazakhstan News

Kazakhstan.kz/

        Almaty/

        oldtown.htm

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Internet желісі