Excel-дің мүмкіндіктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:08, реферат

Краткое описание

Microsoft Excel - электронды кестесі қолданушының жүмыс жасауына өте тиімді бағдарлама. Ол жай бағдарлама емес, оның - көмегімен көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді шешуге, сонымен катар мәліметтерді пайдаланып, түрлі диаграммалар құрып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуге, сандық зерттеу жүмыстарын жүргізуге т.с.с. болады. Сонымен қатар ол -кестелік процессор деп аталады.

Файлы: 1 файл

Excel-дің мүмкіндіктері.docx

— 22.27 Кб (Скачать)

                  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекетіік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

 

 

Excel-дің мүмкіндіктері

 

 

 

 

 

 

                                                            

 

 

 

 

                                                                Орындаған: Тажибаева Даяна ЕҚ 211

                                                       Тексерген: Жанатбекова Н.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

Талдықорған   2012.

Кіріспе

Microsoft Excel - электронды кестесі қолданушының жүмыс жасауына өте тиімді бағдарлама. Ол жай бағдарлама емес, оның - көмегімен көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді шешуге, сонымен катар мәліметтерді пайдаланып, түрлі диаграммалар құрып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуге, сандық зерттеу жүмыстарын жүргізуге т.с.с. болады. Сонымен қатар ол -кестелік процессор деп аталады.

- Кестелік процессордың атқаратын  қызметі сан-алуан:

- Электронды  кестелерді құру мен редакциялау;

- Электронды  кестені безендіру және басу;

- Формулалармен  біріктірілген көп кестелі құжаттарды  құру;

- Диаграммалар құру, графикалық  әдістсрмен экономикалық есептерді шешу;

- Электронды кестені дерекхана  ретінде пайдалану, кестені сұрыптау, сұраным бойынша деректерді таңдау;

- Нәтижелік және салыстырмалы  кестені құру;

  • Кесте құру кезінде сыртқы дерекханадан алынатын мәліметтерді қолдану;
  • Параметрлерді таңдай отырып, экономикалық есептерді шешу;

-    Оптималды ессптерді шешу;

Excel-дің графикалық мүмкіндіктері

1. Диаграммаларды  тұрғызу, өзгерту, түзету

Диаграммалар  түрғызу

Excel-дін ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын информацияны толық көрнекті түрде кескіндсй алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.

Диаграммалар - мәліметтерді графиктік  түрде кескіндеудің ынғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды торларда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір торда тұрған қатені де тез көрсете алады.

Excel-де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар. Excel графикасын үйрену кезінде бір студенттің компьютерін апта бойы қалай пайдаланатыны туралы мәліметтерін қарастырып өтеміз.

А1:Н6 бен I1:I2 блоктарындағы мәліметтер онша қызықты емес, І3:І6 блогын графиктік  түрде көрсетуге болады. Экранға  І3 ұясынан басталатын кесте бөлігін  шығарайық.

Диаграмма немесе график тұрғызу үшін Диаграмма шебері деген функцияны қолданған жөн.

Excel-дің  бүл функциясы 4 сұхбат терезесі  арқылы диаграмма (график) тұрғызуға  және оны жұмыс парағына салып  шығуға керекті мәліметтерді  сұрап алады.

 

Диаграмма көлемін өзгерту

Көбінесе алдын ала диаграмманың қажетті көлемін дәл табу қиын, оны тек диаграмма тұрғызылып біткенде ғана айтуға болады. Сондықтан  салынған диаграмманың көлемін,пропорциясын өзгерте отырып, оны ойдағыдай  етіп жасауға тура келеді.

Диаграмма түзету оны белгілеуден  басталады, ол үшін оның көлемінде тышқанды бір рет сырт еткізейік. Диаграмма  жақтауларының бұрыштарында және оның сызықтарының ортасында белгілеу маркерлері пайда болады. 

Тышқан курсорын пайдаланып, диаграмманың оң жақ шетін I бағанасына дейін жылжытайық, ол үшін тышқан курсордын оң жақтаудың ортасындағы маркерге жеткізіп (тышқан сілтемесі екі жаққа бағытталған тілсызыққа айналады ), оны I бағанасына дейін созамыз.

Диаграмма жақтауының ортасындағы  маркерді жылжыту оның ұзындығы мен  енін өзгертуге мүмкіндік береді, Ал оның бұрышындағы маркерді жылжыту  диаграммасының ұзындығы мен енін бірдей өзгертеді.

Диаграмма типін  өзгерту

Диаграмма шебері арқылы диаграмма типі таңдап алынғаннан кейін де, оның ішкі түрлерін өзгерту мүмкіндіктерін береді.

Диаграмманы түзету үшін оны тышқанды екі рет сырт еткізу арқылы белгілеп аламыз. Сонда диаграмма айналасында  сұр штрихталған жақтаулар пайда  болады. Мұнан кейін Диаграмма саймандар панелі көмегімен диаграмма типін өзгертуге болады:

-экранға  диаграмма саймандар панелін  шығарамыз, ол үшін: Түр - Саймандар панелі – Диаграмма (Вид - Панель инструментов - Диаграмма) командасы орындалады, сонда экранға бөлек батырмалар панелі шығады;

-шыққан панельден Диаграмма типі деген батырманы сырт еткізіп, диаграмма түрлерін шығарамыз.

Диаграмма түрлері мен аттары 1-қадамда  көрсетілген сияқты бейнеленеді. Бұрынғы  мәліметтер үшін жаңа диаграмма тұрғызу  үшін диаграмма типін қайта таңдаймыз. Көлемдік гистограмма батырмасын басамыз, біздің бұрыңғы жазықтықтағы гистограммамыз көлемдік болып өзгереді.

Айта кететін бір жайт: белгіленген  мәліметтерді бейнелеу үшін кез келген диаграмманы таңдап алуға болмайды. Мысалы, біздің мәліметіміз бойынша  Х-У-нүктелік диаграмма салуға болмайды.

Диаграмма тұрғызу кезінде  олардың әртүрлі типтерін қарап  отырып, ішінен ең көрнекті деген біреуін  таңдап алу керек.

Егерде диаграмманы түзету кезінде  бұзып алсаңыз, оны өшіріп қайта  тұрғызу қажет. Диаграмманы өшіру  үшін, курсор диаграммада тұрғанда тышқанды бір сырт еткізіп, Del пернесін басу жеткілікті.

Артынан дайындалған диаграмманы  жаңа атпен файлға жазып сақтап қою  қажет.

Диаграмма элементтерінің мөлшерін өзгерту  және оларды жылжыту

Диаграмма жеке элементтерінің көлемдерін диаграмманың көлемі сияқты етіп өзгертуге  болады және ол элементтерді белгілеп алып диаграмманың ішкі аймағындағы  өз, орнынан жылжытуға да болады. Оған қоса бүкіл диаграмманы толығынан  тышқанмен бір сырт еткізу арқылы белгілеп алып, оны да парақ бетінде  жылжытуға болады.

2. Диаграмманың  қосалқы мүмкіндіктері

Тақырыптарды енгізу

Ол үшін диаграмманың аумағын форматтаудың контекстік-тәуелді менюін шақырамыз  немесе негізгі менюдің Енгізу - Атаулар енгізу - Текст қосу (Вставка – Всавить названия – Присоединить текст) командасын орындау керек.

Мұнда тақырыпты екі түрде-текстік  өріске бірден енгізу арқылы немесе ол жазылған ұяны тандап алу арқылы да жазуға болады.

1. Атын енгізу - Текст қосу (Присоединить текст) командасын таңдап аламыз.

2. Формулалар  қатарына көшеміз.

З. < > таңбаларын енгіземіз.

4. А1 ұясына курсорды алып  барамыз (сол ұяда керекті тақырып  орналасқан) да, Enter пернесін басамыз.

5. Атын түзету контекстік-тәуелді  менюдегі Диаграмма тақырыбын форматтау – Шрифт – Times Kazah-Қарайтылған-12 сияқты пункттерді орындаймыз.

Секторлар түсін "өрнектерге" ауыстыру

Ақ-қара түсті принтерді пайдаланғанда, секторлар түсі көрінбейтіндіктен, "өрнектер" командасын пайдаланған  абзал. Ол үшін мынадай әрекеттер  орындалады:

1. Диаграмма  секторын бслгілейміз.

2. Контекстік-тәуелді менюді шақырып,  одан Мәліметтер элементін форматтау - Түр-Аумақты бояу - Өрнектер (Формат элемента данных - Вид – Способы заливки - Узор) пункттерін таңдап аламыз.

3.Барлық секторлардың әрқайсысына  әртүрлі өрнектср таңдап аламыз.

Түсінік беру мәліметтерін фоматтау

Диаграммадағы түсініктеме беретін мәліметтерді дұрыс көрсету үшін:

1. Түсінік беру мәліметтерін (ұядағы) белгілеп алып, контексті-тәуелді  менюді шақырамыз.

2. Шрифті, оны түрін графикте  мәлімет ойдағыдай орналасатын  етіп тандап аламыз.

Диаграмма аймағының  көлемін өзгерту

Диаграмманың  өзінің де көлемін өзгерте аламыз, ол үшін:   

1. Курсорды  басқару пернелері арқылы диаграмма  аймағын белгілеп аламыз. Диаграмма  қара квадраттары  бар жақтаулармен  белгіленеді.

2. Оның  көлемін ортадағы немесе бұрыштағы  қара квадраттарды әрі-бері тарту  арқылы өзгертеміз. Тиімді көлемге  қол жеткізген соң қара квадраттарға  тиіспейміз.

 

Диаграмманы баспаға шығаруға дайындау

Word редакторындағы сияқты диаграмманы  баспаға шығарудан бұрын оны  алдын ала көру режиміне көшеміз.

1. Диаграмманы түзету-толықтыру  режимінен оны алдын ала көру  режиміне көшеміз. Мұнда әрі  кесте, әрі диаграмма қағаздағыдай  көрініп түруға тиіс.

2. Ландшафты  түрде орналастыруды тандаймыз.

3. Колонтитулдарды  алып тастаймыз.

4.Торларды белгілеуді түгел  алып тастаймыз.


Информация о работе Excel-дің мүмкіндіктері