Бұл редактор терезесінің жоғарғы (үстіңгі) жолы. Мұнда терезенің түрін басқарушы 3 батырма орналасқан. Олар Windows-тың барлық қосымшалары үші

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 14:48, реферат

Краткое описание

Page Maker баспалық жүйесі – бұл әр түрлі баспаханалық өнімдерді: кітаптарды, журналдарды, газеттерді, буклеттерді және т.б. дайындауға арналған бағдарлама.
1-суретте PageMaker бағдарламасының терезесі, оның элементтері көрсетілген.
Мәзір жолы терезе тақырыбынан төмен қарай Мәзір жолы орналасқан. Ол бағдарламаның негізгі мәзірлерінің аттарынан құралады: Файл, Редакциялау, Макет, Мәтін, Элемент, Сервис, Көру, Терезе, Көмек.

Оглавление

Page Maker баспалық жүйесі
Page Maker-де құжат құру
Стильдерді импорттау. Стильдерді жасау және редакциялау
Жылжымалы колонтитулдар. Мазмұн жасау.
Фреймдермен жұмыс істеу

Файлы: 1 файл

CPC 1.doc

— 728.00 Кб (Скачать)

    1. Координаттың басын беттің сол жақ және жоғарғы өрістерінің қиылысқан жеріне орнатыңдар. Мәтінді ерекшелеу үшін онда "Стрелка" инструментімен шертіндер. «Сервис» менюін ашыңдар да, «Дополнения» тізімінен «Скользящие колонтитулы»-ды тандаңдар. Осы аттағы терезе ашылады. 

    2.«Поместить» сөзінің астында сырт пішіні мәтіндік блокқа ұқсас объект бар. Оны тышқанмен ұстап алыңдар да, беттің кез келген жеріне апарып қойыңдар.

   3.«Искать стиль» тізімін ашып, МуНеаdег-ді таңдаңдар. Біз нақты осы стильдің мәтіні колонтитулда көрсетілуі керек екенін нұсқадық.,

   4.Одан әрі колонтитулды, дәл орналастыру (Х,Ү) және енін (Ш) дәл беру өрістері берілген. X өрісіне 0 мәнін, Ү өрісіне —7 (минус 7), ені 162-ні енгізіндер.

Сурет  8. «Скользящие колонтитулы» терезесі

 

     Бұдан кейін беттегі мәтіндік блок жоғарғы колонтитулдың орнына орналасады, ал оның ені басу жолағының еніне тең болады.


   5.«Содержимое»-ден Стиль тізімін ашыңдар да, МуТехt-ті таңдаңдар. Біз колонтитулдағы мәтіннің стилі МуТехt-тің стиліндей болуы керек деп бердік.

   6.«Содержимое» тізімінен «Entire First Paraны» (бірінші параграф түгел) таңдаңдар да, «Добавить» батырмасын басыңдар. " Entire First Para" жолы «Содержимое» тізімінің оң жағында пайда болады. Осы тізімнің төменгі жағында "Синтаксис корректен" жолы пайда болуы керек. Бұл осы бағдарламаны біз керек мәліметтермен қамтамасыз еткенімізді және ол жылжымалы колонтитулдарды орын-орнына орналастыруға дайын екенін білдіреді. 8-суретте біз орындаған үстіңгі бөлігі бар Скользящие колонтитулы терезесі көрсетілген. 

   7.«Просмотр» батырмасына басыңдар да, ашылған терезеде өздеріңнің жылжымалы колонтитулдарыңды карап шығыңдар. Оны үлкейту үшін төменгі оң жақ бұрыштағы «Лупа» батырмасын пайдаланыңдар. «Следующий колонтитул» батырмасы әр түрлі колонтитулдар арасында беттерді аударып қарауға мүмкіндік береді. Беттер пиктограмасының көмегімен әр бетті аударып та көруге болады. Қарап шыққаннан кейін «Да» батырмасын басыңдар. Біз жылжымалы колонтитулдарды баптау терезесіне оралдық. Егер қарау кезінде ойларына жаңа шешімдер келсе, онда оны қазір жүзеге асыруға болады.

   8.Жылжымалы колонтитулдарға берілулер орнату процесін аяқтау үшін, «Да» батырмасын басыңдар. Бағдарламаның жұмыс процесін көрсететін терезе пайда болады, ал сонан кейін біз өзіміздің көптен күткен колонтитулдарымызды жарияланымда көреміз.

   9.Жарияланымға тақырып жасайық. Ал ол үшін алдымен МуНеаdег стилін таңдап, оның сипаттауына кіріңдер де, Абзац терезесінде "Включить в оглавление" опциясы үшін жалауша орнатыңдар. Нақты осы параметр бойынша Page Maker тақырыпты (мазмұнды) қосу керек екенін анықтайды.

   10.«Сервис/Создать оглавление» командасын орындаңдар. Аттас терезе пайда болады (9-сурет).

 

Сурет 9. Создать оглавление» терезесі

 

     «Название» өрісіне өздеріңнің атауларыңды (мазмұнын, тақырыбын, соntents және т.б.) енгізіңдер. Егер бұрын жасаған мазмұндарың болса, онда сендер оны ауыстыруларыңа болады. Мазмұнда беттердің нөмірі тараулардың атынан кейін көрсетілуі үшін, "Номер страницы после входа" опциясын қосу керек. Операцияны «Ок» батырмасын басып, аяқтандар.

      11. Тышқанның меңзері мәтінді жүктеу пиктограммасына айналады. Құрастыру үстелінің кез келген жерінде шертіңдер. Жаңа мәтіндік блок пайда болады. Егер ондағы мәтін түсініксіз болса, қарібін ауыстырыңдар. Мазмұнды өз қалауларың бойынша пішімдеңдер.

     12. Соңғы бетке өтіңдер. Макет менюін ашыңдар да, «Вставить страницы» комаңдасын таңдаңдар. «Вставить» өрісіне 1 енгізіңдер де, тізімнен "после текущей" жолын таңдаңдар. «Вставить» батырмасын басыңдар. Жарияланымның соңына бір бос бет қосылды. Оны ашыңдар да, оған мазмұны бар мәтіндік блокты орналастырыңдар.

Фреймдермен жұмыс істеу.

    Фреймдер деп мәтіндерді немесе графиктерді орналастыруға арналған әр түрлі пішіндегі объектілерді атаймыз. Фреймнің айқын қасиеттерінің бірі ондағы қиылысқан сызықтардың орналасуы. Үш түрлі фреймдер құруға болады: тік бұрышты, овалдық және көп бұрышты. Сәйкес элементтер құралдар тақтасында бар.

 

 

 

 

 

Сурет 10. Фреймдердің түрлері

 

     Фреймге дұрыс пішін беру үшін сурет салу процесі кезінде Shift пернесін басып тұру керек. Тік бұрышты фреймдердің пішіндерін әр түрлі өзгерту үшін «Элемент – Скругленные углы» командасы қолданылады. Көп бұрышты фреймдер құрудың 2 тәсілі бар. Бірінші тәсілі фреймнің төбелері орналасатын позицияларда біртекті шертулердің орындалуы. Құрамын тұйық емес жиекпен немесе түспен фреймді толтыру кезінде бағдарлама жиектің соңғы нүктелерінің арасында шартты сызық жүргізеді.

    Екінші тәсілі – көп бұрышты фрейм құралын белсендіріп тышқанмен созамыз.

    Фреймдердің қасиеттері. Фреймдер қарапайым объектінің қасиеттерін игереді, олардың өлшемін өзгертуге болады, орнын ауыстыруға, түспен толтыруға және т.с.с. Фреймді айналдыру үшін Айналу (Вращение) құралын қолданамыз. Берілген құралмен сол нүктенің маңайында шерткенде айналу орындалады.

    Айналу центрі объектінің центрімен дәл болу үшін фреймнің ішінде сызықтардың қиылысқан жерінде шертуді орындау қажет.

    Фреймді жақтаумен қамтамасыз ету керек, яғни жиек сызығының типін өзгерту керек. Бұл мүмкіндік «Элемент-Линия» командасының көмегімен іске асырылады. Оны белсендіру кезінде экранда әр түрлі қалыңдықтағы сызықтардың нұсқалары көрсетілген бағынышты мәзір шығады. Қалаған үлгіге шертуді орындаса фрейм жақтауға алынады. Бағынышты мәзірдің төменгі жағында жақтауды мөлдір, сондай-ақ инверсті қылуға мүмкіндік беретін екі жалауша орналасқан.

   Мәтінді кез келген пішіндегі фреймге орналастыруға болады. Ол үшін:

     1) «Текст» құралымен фреймнің шегінде шертуді орындап, содан соң мәтінді енгізуді бастаймыз. Фреймге орналастырылған мәтін блоктағы мәтін сияқты принциптермен түзетіледі.

     2) Келесі суреттегідей  мәтіндік блок құрылады

Сурет 11. Мәтіндік блок құрылуы

    3) Енді овалдық фреймді саламыз.

 


 

 

Сурет 12.  Овалдық фреймнің салынуы

   4) Содан соң төмендегі командалардың тізбегін орындау керек:

а) «Стрелка» құралымен  фреймді таңда;

б) Shift пернесін басып  тұрып мәтіндік блокты ерекшеле;

в) Элемент мәзірінен  Фрейм/Добавить содержимое командасын орында, сонда мәтіндік блок фреймге көшіріледі (34 сурет).


 

 

 

 

 

 

Сурет 13. Фреймге орналастырылған  мәтіндік блок

     Excel бағдарламасында тапсырмалар дайындау. Excel бағдарламасының мүмкіндіктерін қолданып, PageMaker бағдарламасын оқытуға арналған әртүрлі тапсырмалар дайындалды.

 


 

Сурет 14. Тапсырманың титулдық беті

    Оқушының өз бетімен орындайтын тапсырмада 20 тест сұрақтары, ребус және сөзжұмбақ келтірілген. Тапсырманың дұрыс жауаптары: 1) Тестінікі сол бетте  R14: R74 аралығында жасырып қойған. Мұнда егер (если) функциясын қолданылған; 2) Ребустікі  4-5 беттерде (Лист4 және Лист5) жасырылған. Мұнда формула, егер (если) және қосынды (сумм) функциялары қолданылды; 3) Сөзжұмбақта да ребус сияқты екі бет (Лист7 және Лист8) және функциялар қолданылды.

    Тапсырманың дұрыс жауаптарын оқушылар көрмеу үшін «Формат-Лист-Скрыть» командасын қолданып, (Лист4, Лист5, Лист7, Лист5) беттерін жасырып қоямыз және қажет болғанда (өзгеріс енгізгенде) қайтадан қалпына келтіру үшін «Формат-Лист-Отобразить» командасын орындаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бұл редактор терезесінің жоғарғы (үстіңгі) жолы. Мұнда терезенің түрін басқарушы 3 батырма орналасқан. Олар Windows-тың барлық қосымшалары үші