Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2014 в 10:33, реферат
Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын ХХІ ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жатыр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақпараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндік-тен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру қажет.
I. Кіріспе
II. Қашықтан оқыту
Қашықтан оқыту дегеніміз не?
Қашықтан оқыту мақсаттары
Қашықтан оқыту түрлері
Қашықтан оқыту модельдері
Қашықтан оқыту артықшылықтары
Қашықтан оқыту формасының негізгі проблемалары
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
«Астана Медицина Университеті» АҚ
кафедрасы
Тақырыбы: «Қашықтан оқыту»
Астана 2014
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Қашықтан оқыту
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын ХХІ ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жатыр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақпараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндік-тен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру қажет. Қашықтан оқыту формасы бүгінде уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азаматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде тек осы жүйе мейілінше икемді әрі тиімді.жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту ХХІ ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.
Зерттелетін проблеманың мәнісі мынада:
Осы себептен қашықтан оқытуға дәл анықтама беріп, оны теориялық жақтарын әртүрлі деңгейлерден қарастыру қажет.
Соңғы кездері педагогикалық әдебиеттерде қашықтан оқытудың педагогикалық проблемаларына көп назар аударылып жүр. Қолданыстағы алғашқы күндердің сипаттауларында ғылыми көзқарас (терминологияны пайдалану, оны ашып көрсету, басты жәйттерді шығару және негіздеу, айтып жеткізудің ойға қонымдылығы) байқалды, бірақ әр жылдардағы авторлардың еңбектерінде кейбір сұрақтар бойынша айырмашылықтар байқалады.
Қашықтан оқыту дегеніміз не?
Түрлі мақалаларды ескере отырып, қашықтан оқыту – бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытуды ұйымдастыру-дың өгеше түрін ұсынады. Сонымен қатар оның құрамы кезкелген оқыту формасында, кезкелген оқыту жүйесінде бар компоненттерден, оқытудың барлық түрінде, әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтитын мазмұннан; әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.
Қашықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы технологиялық негіздерге (мысалы, тек компьютерлік коммуникацияға, баспа құралымен, компакт дискімен, кейстехнологиямен жабдықталған компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған.
Сырттай оқу мен қашықтан оқуды шатастырмау керек. Олардыңбасты айырмашылығы қашықтан оқытуда жүйелі әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы деп, тиісінше қашықтан білім беруді (оқыту нәтижесі сияқты жүйені де, процестің өзін де) білім брудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Әрине, оны басқа оқу жүйелерінің жетілдірілген түрі деп қарауға болмас. Қашықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкіндіктеріне байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асыру ерекше болады.
Бүгінгі таңда шетелдік компаниялар өздерінің электронды оқыту платформаларын ұсынып және оларды отандық оқу орындарына сатып та үлгергендері бар. Мәселен, қазіргі таңда Алматы техникалық университеті Tamos University Suite деген қазақстандық өнімді пайдаланса, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – Сlіх, Германиялық ІМС фирмасының жасап шығарған өнімін ендіруде. Сондай-ақ Platonus Прометей сынды Ресейдің қашықтықтан оқытуға арналған оқу бағдарламасын қолданып жатқан жоғары оқу орындары да кездесуде. Қолдарынан келген университеттердің басшылықтары өз өнімдерін жасап, қашықтан оқыту, электронды оқыту жүйесін оңтайлы жүргізуге тырысуда. Шетелдің өнімдерін сатып алған университет сол елдің жоғары оқу орындарымен байланыс жасап, әлемдік білім беру, ақпарат кеңістігіне жол ашуды көздейді. Бұл орынды да. Десек те, қыруар қаржыға сатып алған шетелдің өнімін ертеңгі күні тілін тауып дұрыс қолдана аламыз ба? Ол шын мәнінде, бізге қажет пе, жоғарыдағы талаптарға сай ма? Оны игеру үшін алдымен оның тілін білетін мамандар қажет. Оған университеттің электронды материалдық оқыту базасы қаншалықты дайын? Жоғары оқу орындарының өздері өндірген өнімдерінің соңғы үлгідегі әлемдік стандартты білім жүйесіне сәйкестіктері қанша? Профессор-оқытушыларды дайындау қалай жүргізілуде? Осы сынды шешімін таппай жататын сан алуан сұрақтар қашықтықтан оқытуды оңтайлы жүргізілуін тежеуде. Сонымен, еліміздің жоғары оқу орындары арасында бірізді қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптаспағанын аңғарамыз.
Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, қашықтықтан оқытудың тиімділігі – студенттің университетке бармай-ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, берілген тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу ақысының арзан болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы.
Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ. Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.
Қашықтан оқыту мақсаттары
Ғылыми жұмыс авторлары қашықтан оқудың мынадай мақсаттарын бөліп көрсетеді:
Қашықтан оқыту түрлері:
Орындалған талдаулар негізінде қашықтан оқытудың кең тараған түрлері мыналарға негізделген:
Интерактивті теледидар арқылы жүргізілетін оқытудың артықшылығы, ондағы оқытушының әртүрлі қашықтықтағы аудиториямен тікелей бейнелік жанасу мүмкіндігінде. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа білім игерудің, өзіне қажет әдістердің, жаңа ақпараттық технологиялардың куәгері немесе қатысушысы боларда, дискуссияға қатысарда, тамаша бір әдістеме немесе лабараториялық жұмыс көрерде осы интерактивті теледидардың маңызы зор. Қашықтан оқыьудың бұл формасының мамандар дайындау мен квалификациясын көтеруде маызы зор, бірақ қазіргі таңда бұл өте қымбат технология болып табылады.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың келесі тәсілі компьютерлік телекоммуникацияны, электрондық почта, телеконференция, аймақтық және интернет желісінің ақпараттық қорларын пайдылануды ұсынады. Бұл қашықтан оқытудың кең тараған әрі арзан түрі.
Үшінші тәсілде базалық электрондық оқулық негізінде компакт-дискілерді пайдалануды ұсынады. Ол ЖОО-ры мен мектепте білім беруге және мамандардың білімін көтеруге арналған зор дидактикалық мүмкіншіліктерге ие. Компакт-дискілердің артықшылықтары:
Қашықтан оқыту моделдері
Авторлардың әдебиеттерінде қашықтан оқытудың келесі модельдерін ұсынады:
Бірінші модель – экстарнат түрінде оқыту. Қандай да бір себеппен күндізгі оқу орнында оқи алмайтын оқушылар мен студенттерге арналған, мектептің және ЖОО-ның талабына ығайластырылған оқыту.
Екінші модель – бір университет базасында оқыту. Тұрақты түрде оқытылмайтын, оқу орнынан қашықта орналасқан сырттай немесе қашықтан оқытатын, яғни компьютерлік телекоммуникациялары мен ақпараттық технологияны қамтыған, студенттерге арналған бүтіндей оқу жүйесі. Мұндай бағдарламалар әртүрлі білім аттестаттарын алу үшін пайдаланылады.
Үшінші модель – бірнеше оқу орындарының бірігіп жұмыс істеуіне негізделген оқыту. Жетекші пәндерді (елдің немесе шет елдің кез келген аумағында) оқытуда бірнеше оқу орнының сырттай қашықтан оқытудың бағдарламасын бірігіп дайындауына негізделген. Қашықтан оқытудың бағдарламасын дайындағанда осылай бірігіп қызмет ету оның сапасын арттырады және біршама арзандатады. Бағдарламаның келешек мақсаты – достас елдердің кез-келген азаматына өз елінен немесе үйінен ұзамай-ақ осы елдердегі колледждер мен университеттер базасында кез-келген білім алуына мүмкіндік беру.
Төртінші модель – студенттер мен оқушылар әр бағытта білім алатын, ашық немесе қашықтан оқуға арнайы құрылған, тәуелсіз білім беру мекемесі. Олар мультимедиялық курстар жасауға маманданады. Оқу ақысы студенттер жұмыс істейтін ұйымдар мен фирмалар арқылы төленеді. Осындай ең ірі мекеме Лондондағы Ашық университет болып табылады.оның базасы негізінде соңғы жылдары Ұлыбританияның ғана емес Достастық елдерінің де көптеген студенттері қашықтан оқытылып жатыр.
Бесінші модель – тәуелсіз оқу жүйесімен оқыту. Бұған ұқсас жүйелерде оқыту толығымен теледидардағы бейнежазу немесе радиобағдарлама, онымен қатар баспа құралдары арқылы жүргізіледі. Қашықтан оқудың бұл түрінің мысалына Америка-Самоа тележобасын жатқызуға болады.
Қашықтан оқытудың артықшылықтары
Қашықтан оқытудың даусыз артықшылықтары мыналар:
Оқу курстарының сапасы мен құрылымы қашықтан оқытуда бірдей немесе кейбір жағдайларда қашықтан оқыту сапасы жоғары болағанын тәжірибелер дәлелдеп отыр. Дәстүрлі оқыту орталарына қарағанда жаңа электрондық технология оқушыны оқу процесіне белсенді қатысып оны басқаруға мүмкіндік береді. Қашықтан оқыту жүйесінде қолданылатын бағдарламалар мен ақпаратты жеткізу жүйесінің интерактивтік мүмкіншіліктері көптеген дәстүрлі оқу орталарында мүмкін болмайтын кері байланыс орнатады және икемдеп отырады.
Қашықтан оқытудың негізгі проблемалары
Қашықтан оқытудың әсерлі болуы оқушылармен бірге интернетпен жұмыс істейтін мұғалімге тікелей байланысты. Бұл мұғалім: қазіргі заманғы ақпараттық және педагогикалық технологияны меңгерген, оқушылармен бірге желідегі жаңа оқу-танымдық ортада жұмыс істеуге психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек. өкінішке орай біздің елімізде осыған ұқсас мамандар дайындау жүзеге асырылмай отыр. Басқа проблема – желідегі студентті ақпаратпен қамтамасыз ететін инфраструктура. Оқу материялының құрылымы мен кешені қандай болуы керек деген сұрақ әлі ашық тұр. Сонымен қатар қашықтан оқыту курсына жіберу туралы сұрақ та бар. «Қашықтағы» оқушылардың білімін бағалау мен оны ұйымдастыру да шешілмеген сұрақ күйінде қалып отыр. Оны шешу үшін оқушылардың білімін бағалайтын нормативтік-құқықтық база жасау керек.
Қорытынды
Қашықтан оқыту формасы туралы айтқанда құрамына барынша мүмкін болатын ақпараттың электрондық көздері, виртуалды кітапханалар деректер базасы, консултациялық қызметтер, электронды оқу құралдары, киберсыныптар, т.б. кіретін бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін жасау туралы айту керек, ол жүйеде мұғалім, оқушы және оқушы бар деп түсіну керек. Осыдан шығатыны қашықтан оқыту формасын ұйымастыруда ең бастысы электрондық курстар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Қашықтан оқытуды сырттай оқытуға ұқсатудың қажеті жоқ, себебі бұл жерде мұғаліммен және киберсыныптағы басқа оқушылармен тұрақты байланыс бар, күндізгі оқудың барлық жағы, оқудың ерекше формасы ескеріле отырып қамтылған. Бұдан шығатыны,теориялық талдаулар, эксперименттік тексеру, жауапты ғылыми-зерттеу жұмыстары талап етіледі. Өкінішке орай біздің интернетте көріп жүргендеріміз компакт-дискілердегі электрондық оқулықтар педагогикалық талаптарға жауап бере алмайды. Сол себепті қашықтан оқыту курстарын жасақтаумен және оны әртүрлі базалық, тереңдетілген, қосымша білім беру мақсаттарындағы әдістемелер қолданумен байланысты проблемаларды шешудің мәні зор.