Антивирус Казахский

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 19:08, реферат

Краткое описание

Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, копьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. Өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейлеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ, олар желідегі компьютерлер арасында және internet арқылы тарап, компьютерлердің жұмысын тежеп, басқа да ақауларды тудырады. Компьютер вирус зақымдаған бағдарламамен жұмыс істеген кезде оны «жұқтырып» алуы мүмкін.

Оглавление

Жоспар:
Кіріспе 2
1. Компьютерлік вирустар жайлы жалпы мағұлматтар 4
2. Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі 7
3. Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері 8
4. Компьютерлік вирустардың пайда болуы мен мәні 11
5. Вирусқа қарсы бағдарламаның сипаттамасы 12
6. Антивирустық бағдарламаға қысқаша шолу 13
6.1 Антивирустық бағдарламаларға талдау 14
6.2 WildList-тен үлкен коллекциялық тесттерге...........................................16
6.3 Вирустардың бұзуы кезіндегі іс-әрекет...................................................21
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................24

Файлы: 1 файл

Антивирус.doc

— 190.50 Кб (Скачать)

         4. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар

         Соңғы  кезде вирустың жаңа  түрлері – дискідегі файлдық  жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша DIR – вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінін дискінің   белгілі бір бөлігіне (әдетте дикінің соңғы кластеріне)  жасырын жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (ҒАТ) файлдың соңғы ретінде белгілейді.

         Барлық  .СОМ және  .ЕХЕ  типті файлдар үшін каталогтағы файлдың алғашқы мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп,  ал дұрыс көрсеткіш – таңбаланған (кодталған) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне  жасырлады. Сол себепті кез  келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол тұрақты компьютер  жедел жадында  сақталып файлдарды өңдейтін DOS программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұның әсері білінбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512  не 1024 байт қана болып қалады. бірақ атқарылуға тиіс  вирусы бар әрбір  программа іске  қосылғанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай «ауырған»  дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет (мысалы, Aidstest программасының соңғы нұсқалары).

         5. «Көрінбейтін» және  өздігінен өрбитін вирустар

         Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы тәсілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін – «көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустарды қарстырайық.

         «Көрінбейтін» вирустар

         Көптеген  резиденттік вирустар  былай жасырынуды  әдетте айналдырған, олар  DOS  жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады.Бірақ бұл эффект  тек вирус  жұға қоймаған компьютерлерде  файлдар мен дискілерді  жүктеуіш аймақтарының  өзгеруін байқау қиын  емес.

         Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну  жолының екінші тәсілі – өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің  бірсыпырасын  шарттаңбаланған  жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалау тәсілін де,  таңбаланбаған алғашқы бөлігін де  аздап өзгертіп отырады. Осының арасында вирусты іздеп табатын  тұрақты байттар  тізбегі болмай, оларды ұстайтын деректор-программалар жұмысы қиындайды.

 

2.Компьютерлік вирустардың  қысқаша жіктелуі

Қазіргі кезде 10 000 шамасында компьютерлік  вирустар белгілі. Оларды әдетте мақсатына, жұмыс логикасына, көлеміне және жұмыс істеу аумағына  қарай топтарға жіктейді (13.1 – сурет).

Жұмыс логикасына және мақсатына қарай оларды шартты түрде төмендегідей  жіктеуге болады:

1.      «Ұстауыш – вирустар» – программалық құралдар  кешеніндегі  қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға  жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.

2.      «Логикалық бомбалар» (баяу әсер ететін «бомбалар») – қарапайым  программаларға кіріп алып бөлінбей тұрады. Тек  белгілі бір шарттар (көрсетілген күн-ай  мерзімінде немесе уақытта, программа орындалуының  белгілі кезеңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды.  Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға «жұғуға»  тырысады.

Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі:

    Мөлшері       Жұмыс істеу           Жұмыс істеу                  Мақсаты

    бойынша          логикасы                 аумағы                        бойынша

                               бойынша                бойынша

«А» 648 байт    «ұстауыштар»        ДЭЕМ-дерде                 «бейсауал»

«В»1701байт    «логикалық             көп машиналы

«С»1808байт     бомбалар»              кешендерде                    «шантаж»

«D»n байт          «құрттар»               информациялық

«E»1800байт     «троян аттары»      есептеу                          «мағынасы»

«N»n байт          «жолбарыстар»      желілерінде                «насихатшы»

«Z» n байт                                          есептеу

                                                            желілерінде

                                                            ЭЕМ

                                                            желілерінде

 

3.      «Құрттар» – жүйелік  прграммалаушылардың  информациялық – есептеу  желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос  құрылғыларды  тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді  баспаға шығартады және т.с.с.

4.      «Троян аттары» – қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын информацияны оқып жария етеді, жедел жадқа информацияларды  «басқа жаққа» жіберуге дайындайды) орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер  желілерін жайлап алады.

        Мақсаттарына  қарай  вирустар мынадай 4 бөлікке бөлінеді:

1.      «Бейсауат» (гуманды) – онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.

2.      «Шантаж  жасаушы» – мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар».

3.      «Насихатшы» – «өзін көрсету» мақсатында жасалған.

4.      «Мағынасыз» – атынан-ақ әсері түсінікті.

Бізде кең тараған Aids антивирустық  программаларының авторы

Д.Лозинскийдің  ұсынысы бойынша  вирустарды көлеміне қарай жеті топқа жіктеуге болатыны белгілі, олар 13.1-суретте көрсетілген.

 

3.Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі  тәсілдері

Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті  қосылған болса, онда вирустың тарлуына  бұрынғыдан да кең жол ашылады.

         Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен  зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файлдар құрамына енсе де іске кіріспей, біраз уақыт тым-тырыс  жасырынып жатады,  бұл уақытты «инкубациялық мезгіл» деп атайды. Бұл мезгіл аралығында олар екпінді күйде файлдар арасына таратылып, зақым келтіруді белгілі бір уақыт мөлшері өткен соң немесе ол өзін-өзі белгіленген мөлшерде көбейіп болған соң ғана бастайды.

         Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

–        информацияны қорғаудың жалпы шаралары – дискіні физикалық зақымданудан сақтау,  дұрыс жұмыс істейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам   қателіктер жібермеуге тырысуы;

–        профилактикалық шараларды пайдалану, яғни  вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

–        вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. жалпы информация қорғау тәсілдері  тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да  пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізгі екі түрі белгілі.

1.       Информацияның көшірмесін алып отыру –  файлдарды және дискінің  жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.

2.       Керекті информацияңызды  басқалардың жиі пайдалануына

тосқауыл қою – ол  информацияны  рұқсатсыз (санкциясыз) көшіріп алуды, яғни программамен дұрыс  жұмыс істейтіндерден және қателігі бар программалардан қашық жүруді және  мәліметтерді өзгертуді, вирустар енгізуді  болдырмауды  қамтамасыз етеді.

Жалпы информацияны сақтаудың ортақ тәсілдерінің   қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде  тіптен олардың өзі  жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет  және оларды тұрақты түрде  қолдана бастау керек. Мұндай программаларды бірнеше түрлерге бөлуге болады: детекторлар, докторлар (фаг-программалар), ревизорлар (файлдардағы және дискінің  жүйелік аумақтарындағы  өзгерістерді  бақылайтын программалар), доктор-ревизорлар, сүзгі программалар (вирустан сақтайтын резиденттік программалар) және вакциналар (иммунизаторлар).

         Вирустардың әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізгі топқа бөлуге болады:

–        файл мәліметтерін бақылауға арналған,  олардың қосындыларын есте

сақтауға негізделген программалар;

–        программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды

анықтайтын резиденттік программалар;

     – вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.

Файлдардағы мәліметтердің белгілі бір  сипаттамаларын есте сақтайтын антивирустік программалардың негізгі жұмысы – сол файлдардың жаңа сипаттамаларын  бұрын белгілеп,  жазылып қойылған мәндермен салыстырады. Егер файл ішіне  вирус енсе, онда олар бір-біріне сай келмейді де, программа ол туралы экранға ескертпе хабар шығарады. Осы тәсілмен бұрын белгісіз  жаңадан  шыққан  вирус түрін де анықтауға болады. Бірақ бұрын  белгіленіп жазылып қойылған сипаттамаларды  вирустан мұқият  сақтау қажет. Ал кейде сол сипаттамалардың өзгеруі  вирустың әсерінен емес, тексергеннен кейін өзіңіздің  өзгертуіңізден  де болуы ықтимал. Оның үстіне, сіз тексеру сипаттамаларын  жазу кезінде компьютерде вирус жоқ екеніне сенімді күйде болуыңыз қажет, әйтпесе бұл тәсіл дұрыс нәтиже бере алмайды.

Сондай-ақ, бұл программалардың тағы бір кемшілігіне,  тексеруге көп уақыттың  кетуі мен бақылау сипаттамаларының файл көлемін шектен тыс  үлкейтетінін жатқызуға болады.Оған қоса, ол мәліметтерді көшіру немесе аттарын өзгерту қажет болса, тағы да сипаттамаларын өзгертіп жазу керектігі түсінікті шығар.

Детектор - программалар  тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа  олар дәрменсіз боп келеді.

Доктор - программалар немесе «фагтар» вирус жұққан программалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу»  арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор - программалар  да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкссіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.

Доктор – ревизорлар – доктор программа мен рефизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп»  бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі  программалар – компьютердің оперативтік (жедел)  жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да,  вируста зиянды әрекетіне әкеліп операцияны ұстап алып,  бұл жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты  болады.

Вакцина-программалар (немесе  иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, олар вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды  пайдалану онша тиімді емес.

Ең көп тараған антивирус – Д.Лозинскийдің  Aidstest  программасы. Ол әрбір жаңадан шыққан вирустан хабардар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап үнемі өзгертіп отырады.Бұл программаны пайдалану компьютерді вирустардан сақтау үшін жиі-жиі дискілері (мысалы, с:) мынадай командамен тексеріп отыру керек.

aidstest  c:

Ал егер компьютерде вирус бар деген күмән болса, онда оны мына командамен  емдеу қажет:

aidstest c: /f

Тек программалық  файлдарды ғана емес, қалған мәліметтерді де түгел тексеру үшін  мына команда орындалады:

Aids test c: /f/g

Бұдан басқа И.Даниловтың қуатты полифаг-антивирустар тобына жататын Doctor Web программасы  да жиі қолданып жүр, оның бұрынғы нұсқаларын іске қосу үшін web c:/f жолын пайдалану қажет немесе соңғы шыққан нұсқаларын drweb командалық жолы арқылы программалық  ортаға кіріп, меню жүйесі бар терезеде қандай дискілерді, қалай тексеретінімізді енгізіп, оның бар мүмкіндігін (F1 пернесі – көмекші мәлімет ала отырып) толық қолдана аламыз.

Вирустардың жаңа түрлері күнбе-күн пайда болып жатыр, сондықтан антивирустықпрограммалардың да тексеру-емдеу  қабілеттері  жоғары соңғы шыққандарын қолданған дұрыс болатыны түсінікті шығар.

Компьютерге вирус енгенін сезсеңіз, мына ережелерді  мұқият орындаған абзал:

1.      Алдымен аспай – саспай, ойланып іске кіріскен жөн.

2.      дегенмен, бір әрекет бірден орындалуы керк – вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компьютерді бірден өшіру қажет.

3.      Егер компьютерге «жұққан» вирус түрін емдей алатын детектор программаларыңыз болса, дискілерді  тексеру мақсатында соларды дереу іске қосыңыз.

4.      Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық  дискілерді тексеріп шығу қажет.

5.      Егер дискідегі  барлық файлдарыңыздың архивтік  көшірмелері болса, онда дискіні қайта форматтап,  мәліметтеріңізді бұрынғы қалпына келтіруге тырысыңыз.

Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және  жұққан

жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды  қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:

1.      Информацияны әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау.

2.      Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.

Информация о работе Антивирус Казахский