Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:05, реферат
Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде -жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.
1. Кіріспе;
2. Химиялық құрамы;
3. Табиғи газға жататындар;
5. Табиғи газдар жіктемесі;
6. Табиғи газдың салыстырмалы тығыздығы;
7. Пайдаланған әдебиет.
Мазмұны
Кіріспе.
Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.
Химиялық құрамы
Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:
Табиғи газға жататындар
Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер - метанның гомологтары кіре алады.:
1. этан (C2H6),
Сондай-ақ басқа да көмірсутек
емес заттар да кездесіп жатады:
Табиғи газдар жіктемесі
Табиғи газдарды әр түрлі белгілері тұрғысынан жіктеу. Әдетте хаттамалық, тектік және техникалық(өндірістік) жіктемелер болып үш топқа жіктеледі. Хаттамалық жіктемелер табиғи газдардың геохимиясын зерттеу мақсатын көздей отырып, оларды ең айшықты өзіндік белгілері тұрғысынан даралайды. Аталған белгілердің ең маңыздылары - газдардың көрініс беру орны, физикалық жағдайы және құрамы. Алғашқы белгісіне қарай "атмосфера газдарын", "гидросфера газдарын", "литосфера газдарын" және олардың бір-біріне "ауысу өңірі газдарын" даралауға болады: Газдар дербес болуы (жеке фаза түрінде дараланган) немесе сорылған күйде ұшырасуы (таужыныстар мен қойнауқаттық суларда - "суда еріген газдар", мұнайларда - "мұнай газдары") ықтимал. Құрамына карай табиғи газдар "көмірсутекті газдар", "азотты газдар", көмірқышқыл газдары" және "күкіртсутекті газдар" болып төрт түрге бөлінеді. Күрделі құрамды газдар сирек кездеседі, бұлардың құрамындағы басты құрамбөліктердің мөлшері 50 %-дан аспайды. Көмірсутекті газдар, өз кезегінде, құрғақ, жұтаң және қоңды газдарға жіктеледі. Тектік жіктемелерде газды қоспалар өзінің жаралу тегі тұрғысынан дараланатын болады. Жіктеу белгісі ретіңде газды құрайтын құрамбөлікгердің туындау көзі (органогендік, литогендік, т.с.с.), немесе олардың туындауын қамтамасыз ететін процестер (биогендік, метаморфогендік, т.с.с.), иә болмаса солардың екеуі де алынады. Техникалық(өндірістік) жіктемелер табиғи газдарды тауарлық сапасы тұрғысынан, яғни олардың жылу бөлу қабілетіне (жанғыш газдар, төменкалориялы газдар, жанбайтын газдар) және өз құрамындағы пайдалы немесе зиянды газды құрамбөліктердің (гелийлі, күкіртсутекті, т.с.с.) мөлшеріне қарай жіктеуге мүмкіндік береді.
Табиғи газдың салыстырмалы тығыздығы
Табиғи газдың салыстырмалы тығыздығы. Нақтылы температура мен қысым жағдайында белгілі бір көлемді иеленген газ массасы көлемі нақ сондай қалыпты жағдайдағы құрғақ ауа массасынан қаншалықты ауыр немесе жеңіл екендігін көрсететін сандық мөлшер. Табиғи газдың салыстырмалы тығыздығы сол газдың молекулалық массасына тікелей тәуелді бола отырып 0,5-1,2 аралығында өзгереді
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. 2.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі.
Реферат
тақырыбы: “Табиғи газ”