Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:00, реферат
Спирттер(ағыл. spіrіt) – құрамында бір не бірнеше гидроксил топтары – (–ОН) болатын көмірсутек туындылары. Гидроксил. тобының санына қарай бір, екі, үш, төрт және көп атомды С.; радикалдар құрылысына қарай қаныққан, қанықпаған, циклді, ароматты және гетероциклді =Спирттер=
Жоспар
1. Спирттер
2. Спирттердің қасиеттері. Химиялық қасиеттері.
3. Этил спирті.
Жоспар
1. Спирттер
2. Спирттердің қасиеттері. Химиялық қасиеттері.
3. Этил спирті.
Спирттер(ағыл. spіrіt) – құрамында бір не бірнеше гидроксил топтары – (–ОН) болатын көмірсутек туындылары. Гидроксил. тобының санына қарай бір, екі, үш, төрт және көп атомды С.; радикалдар құрылысына қарай қаныққан, қанықпаған, циклді, ароматты және гетероциклді =Спирттер=
Спирттер, алкогольдер – құрамында бір немесе бірнеше OH тобы болатын көмірсутек туындылары. ОН тобының санына қарай бір (алкогольдер), екі (гликолдар), үш (глицерин), төрт (пентаэритрит) және көп атомды спирттер, ал көмірсутек радикалының құ-рылысына байланысты қаныққан (этил C2H5–OH), қанықпаған (аллил СН2=СНСН2ОН), циклді (циклогексанол), ароматты (бензил спирті), гетероциклді (фурил) болып бөлінеді. Спирттерді атағанда сәйкес көмірсутек радикалы бойынша (мысалы, метил спирті, этил спирті, т.б.) және Женева номенклатурасы бойынша көмірсутек атына “ол” жұрнағын жалғайды (мысалы, этанол, бутанол, диол, триол, т.б.). Кейде ОН тобының орнын көрсетіп атайды (мысалы, пропанол-2, пропандиол-1, 3), бұдан басқа спирттердің тарихи қалыптасқан атаулары да қолданылады (мысалы, этил спиртін – шарап спирті, метил спиртін – ағаш спирті деп атайды). Бір атомды алифатты спирттер улы (мысалы, метанол – жүйке және тамырға қоздырғыш әсер етеді, этанол – сұйық есірткі, ұзақ әсер еткенде жүйке, ас қорыту, қан тамыр, бауыр, т.б. ауруларын тудырады). Өнеркәсіпте спирттерді олефиндерді гидраттау, альдегид, кетондарды тотықсыздандыру, т.б. әдістермен өндіреді. Этанолды бидай, күріш, картоп, т.б. өсімдік шикізаттарын зимаза ферментінің қатысуымен ашыту немесе гидролиздеу арқылы алады. Спирттер – органикалық қосылыстардың ішіндегі ең маңызды тобы, олар еріткіштер ретінде қолданылады, бояулар, жасанды талшықтар, пластмассалар, хош иісті заттар, дәрілер, жуғыш заттар, т.б. өндіру үшін жартылай өнімдер болып табылады.
Спирттердің қасиеттері
Физикалық қасиеттері және құрылысы. Қалыпты температурада С10-ға дейінгі спирттер сұйық заттар, Сп-ден бастап қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады, молекулалық массасының артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Сұйық спирттердің өздеріне тән иісі болады. Спирттердің қайнау және балқу температурасы
молекулалық массасының артуына байланысты өседі және сәйкес көмірсутектердің қайнау температурасынан жоғары болады. Себебі спирттерде молекулааралық сутектік байланыс түзіледі. Спирт молекуласында электртерістігі жоғары оттек атомы сутектің электрондарын өзіне тартып, оларда ішінара теріс және оң зарядтар пайда болады: 5- 8+ R-0-H Осы зарядтардың әсерінен оттек атомы мен спирттің екінші молекуласындағы гидроксилдің сутек атомының арасында сутектік байланыс түзіледі: R — О... Н - О... Н - О... I I I Н R R Сутектік байланысты үзуге 5 ккал/моль энергия жүмсалады. Энергиясы аз болғанымен, оны үзу үшін температураны көтеру керек, сондықтан спирттердің қайнау температуралары жоғарылайды.
Химиялық қасиеттері. Спирттердің химиялыц қасиеттерін анықтайтын гидроксил тобы және ол байланысқан радикалдардыц щірылысы. Гидроксил тобы қатысында өтетін реакциялар О—Н немесе С—ОН байланыстарын үзу арқылы жүреді. Спирттер (алканолдар) полюсті косылыстар, көміртек пен оттек және оттек пен сутек атомдарының арасында екі полюсті байланысы бар: С —» О жәнө 0 <— Н . О <— Н байланысының полюстігі С —> О байланысының полюстігіне қарағанда жоғары. Оттектің жұп электрондары спирттерге электрондонорлық қасиет береді.
Спирт өндірісі - тамақ өнеркәсібінің дәнді дақылдардан ішімдік (этил) спиртін дайындайтын саласы. Этил спирті, негізінен, тамақ өнеркәсібінде, медицинада және радиоэлетроникада қолданылады. Спирт өндіру үшін дәнді дақылдар, картоп және қант өнімдері пайдаланылады. Дән тазаланып, ұнтақталып арнаулы қазандарда сумен қосылып қайнатылады. Осыдан пайда болған қою массаға ашытқы ферменттері қосылып ашытылады. Крахмал ашып спиртке айналады. Ашытылған масса (брага) сүзіліп, сүзінді айыру аппаратына жіберіледі.
Этил спирті, этанол, С2Н5ОН – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15°С, қайнау t 78,39°С. Этил сумен, спирттермен, эфирлермен, бензинмен, т.б. органик. еріткіштермен кез келген қатынаста жақсы араласады. Этилды өнеркәсіпте алу үшін этиленді күкірт қышқылы арқылы
немесе тікелей гидраттайды; зимаза ферментінің әсерімен а. ш. шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады және ағашты, т.б. өсімдіктерді гидролиздейді. Этил әр түрлі өндіріс салаларында (лак-бояу, фармацевтика, тұрмыстық химия, т.б.) еріткіш ретінде; хлороформ, диэтил эфирі, этилацетат, диэтиламин, сірке қышқылы, т.б. органик. өнімдерді алу үшін бастапқы шикізат ретінде; мотор отыны, антифриз, т.б. түрінде кеңінен қолданылады. Өндірілетін Этилдың көп бөлігі спирттік сусындар жасау үшін жұмсалады.
Этанол
Этил спирті ауадан ылғалды өзіне
жақсы сіңіреді, жақсы еріткіш, сумен,
эфирмен, глицеринмен, бензинмен, т.б. Көптеген
органикалық еріткіштермен
Алкоголиз (арабша әл-куһл — майда ұнтақ және грекше lysіs — еру, ыдырау) — заттардың спирттермен әрекеттескен кезіндегі ыдырауы (мыс., CH3 COCl + C2 H5 OH = CH3 COOC2 H5 + HCl). Алкоголиз гидролиз сияқты иондық алмасу реакциясына жатады.
Алкогольдер — органикалық қосылыстар немесе бір атомды спирттер. Олардың молекуласында қаныққан көміртек атомының бір гидроксил тобы (ОН) болады. Алкогольдердің ең маңыздылары: метил спирті (метанол, ағаш спирті), химиялық формуласы — CH3 OH әлсіз иісті түссіз сұйықтық, сумен жақсы араласады, қайнау t 64,5 0С, тығызд. 0,7924 г/см3 (20 0С-та), формальдегид, күрделі эфирлер, түрлі еріткіштер алынатын шикізат, жүйке және тамыр жүйелеріне әсер ететін күшті у; этил спирті (этанол, шарап спирті), {химиялық формула|химиялық формуласы]] — C2 H5 OH өзіндік иісі және күйдіргі дәмі бар түссіз сұйықтық, сумен жақсы араласады, қайнау t 78 0С, тығызд. 0,794 г/ см3 (20 0С-та), тағамдық шикізатты (крахмал, қант, шырындар т.б.) ашыту, өсімдік текті заттарды гидролиздеу және синтездеу (этиленді гидраттау) жолдарымен алынады, ректификаттау арқылы
тазаланады, синтетикалық каучук, этилді
эфир т.б. алу үшін, еріткіш ретінде,
спиртті ішімдіктер (қазақша Арақ)
өндіруде қолданылады; бутил спирттері,
химиялық формуласы — C4H9OH өзіндік
спирт иісі бар түссіз сұйықтық,
4 изомері белгілі, изомерлері суда
нашар ериді, олардың қайнау температуралары
83-117,4 0С аралығында, тығызд. 0,7887-0,8099
г/см3; күрделі эфирлер мен жуғыш
заттарды синтездеу үшін, техникада
еріткіш ретінде қолданылады. “Алкаголь”
ұғымы ауызекі сөзде арақ-
Метанол, метил спирті, ағаш спирті, СН3ОН – иісі (этил спиртінің иісіне ұқсас) бар, түссіз сұйықтық;
тығызд. 0,7924 г/см3 (20ӘС-та),
балқу t – 97,9ӘС,
қайнау t 64,5ӘС.
Сумен (кез келген қатынаста), спиртпен, бензолмен, ацетонмен, т.б. органикалық еріткіштермен оңай араласады. Синтез-газдан катализдік реакция арқылы алынады. Формальдегид, сірке қышқылы, әр түрлі эфирлер алуда, бояғыш заттар мен дәрілік заттарды ерітуде, отынға қоспа ретінде қолданылады. Метанол жүйке және тамыр жүйесіне әсер ететін у.
Бутанолдар С4Н9ОН - изомерлі алифаттық спирттер тобы; мотор отынының құрауышы, антисептик, иісті заттар, еріткіштер ретінде қолданылады.Сивуха майының тән иiсiмен түссiз тұтқырланған сұйық. Органикалық ерiткiштермен араласады. 7, 6 г 100 г суда ашиды. Бутанолдың массасы бойынша азеотробы болатын 42, 5% олардан құрастырады 97, 7 C қайнайтын.
Глицерин(грек. glykeros –тәтті), HOCH2 CH (OH)CH2OH – қарапайым үш атомды спирт. Түссіз, иіссіз, тәтті, тұтқыр сұйық. Балқу t 17,9°С, қайнау t 290°С. Г. ылғал тартқыш, сумен кез келген мөлшерде, сондай-ақ, метил, этил спирттерімен және ацетонмен араласады.
Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақ энциклопедиясы, 10 том
↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы