S,P,D элементтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 21:34, реферат

Краткое описание

Химиялық элементтер тірі ағзаның негізгі жасушаларын және биологиялық сұйықтықты құрайды. Адам мен жануарлар ағзасына әртүрлі Химиялық элементтердің әсерін оқып-үйрену ХIХ ғасырдың екінші жартысынана басталды. Академик Вернадский мен оның шәкірті Фесенков адам ағзасындағы барлық биогенді элементтерді олардың денедегі шама – мөлшеріне орай үш типке бөлді.

Оглавление

I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. s-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы
2. р-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы
3. d-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

ХИМИЯ.docx

— 41.08 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

d-ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫН ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

 

Мырыш. Мырыштың физиологиялық функциясы ферментативті ақсылдармен байланысты. Эритроциттерде мырыштың көп болуы көмір ангидразы құрамында газ алмасуда жэне демалу ұлпаларында болуымен түсіндіріледі.

Сынап. Сынап-тірі өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының негізгі құрам бөлігі. Сынап негізінде бауыр мен бүйрекке жинақталады. Табиғи сулар, топырақ, өсімдік және жан-жануарлар сынаппен улануда, ол биосфераға сынаптың көп мөлшерде тасталуынан болуда. Сынаппен уланғанда ауызға металдың дәмі келіп тұрады, сілекей ағатын болады, адамның бас ауруы және есте сақтау қабілеті нашарлай түседі.

Барлық тұздары улы болғанымен, оның көбі медицинада қолданылады:

1. HgO (сары сынап майы); тері ауруларына қолданылады;

2. HgCl2   (сулема);   өте улы, онымен жұмыс жасағанда байқаған жөн,     1:1000 қатынасындай етіп сұйытылған ерітіндісін төсеніштерді, медициналық       кұралсаймандарды бөлмені дезинфекциялағанда қолданылады, медицинада қосылыстарын қолданып қана қоймай металл сынап пен онын буы да қолданылады (сынап термометрлері аппаратында)

Темір. Биоэлементтердің ішінде тіршілік үшін негізгі маңызы бар элементтердің бірі-темір,  ол  ағзадағы  каталитикалық процестердің активаторы және қандағы газдардың тасымалдануы процесіне  қатысады.  Ересек адамның ағзасында- 3,5  г темір болады. Оның  көп  бөлігі     эритроциттердің  демалатын пигментінде, яғни  гемоглобинде  болады. Гемоглобин – күрделі ақсыл, оның молекуласы екі бөліктен ақсылды (глобин) және темірден тұрады. Гем-темірдің порфиринмен комплексті косылысы. Гемоглобин молекуласының құрамы төрт гемнен тұрады, онын әрқайсысында бір атом темір бар. Темірдің біраз бөлігі ақсыл ұлпасына миоглобинде болады. Құрылысы гемоглобинге ұқсас онда молекулалы оттегіні кері байланыстырады. Адам ағзасына темір жетіспеген жағдайда адам анемия ауруына шалдығады, шаштың ағаруы және түсуі, сүйектің қақсауы байқалады.

Анемияда, адам ағзасы әлсірегенде  темірдің келесі препараттары қолданылады:

1.Темірдің аскорбинаты (II);

2."Ферроплекс" (аскорбин қышқылы мен темірдін (II) сульфаты).

3."Гемостимулин", "Гематоген".Алоэ мен темір топшасы.

 Кобальт. Со + ионы В12 (кобаламин) витамині құрамына кіреді. Бұл витаминдер құрамына кіретін жеке металл В12 қан айналымында тек эритроциттер түзілуі үшін қажет.

Ағзада В]2 жетіспеуі анемия (қан аздыққа) туғызады.

Кобальттің радиоактивті изотопты (60СО) қатерлі ісік ауруларын емдеуге қолданылады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Адам ағзасында химиялық элементтердің  биологиялық маңызы өте жоғары.

Ұлпалардың түзілуін, қанның осмос қысымын қолдау, иондық, және қышқылды-негіздік құрамды тұрақты етіп ұстау-макроэлементтердің негізгі функциясы.

Микроэлементтер комплекс түзуші немесе активатор ретінде ферменттер, гормондар, витаминдердің, биологиялық активті заттардың құрамында кездеседі, зат алмасу, даму, ұлпалық тыныс алу және улы заттарды залалсыздандыру процестеріне қатысады. Микроэлементтер қан айналымына, тотығу-тотықсыздану процестеріне, қан тамырлары мен ұлпалардың өтімділігіне белсенді түрде әсер етеді. Кальций, фосфор, фтор, иод,алюминий, кремний сияқты макро-және микроэлементтердің тіс эмалінің және сүйектердің қалыптасуында маңызы зор.

Жас ұлғайған сайын адам ағзасындағы  кейбір элементтер мөлшері өзгеретіндігі туралы мәліметтер бар, мысалы, қартайғанда бауырда молибденнің, бүйректе кадмийдің мөлшері көбейеді.

Әр микроэлементтің ағзаның  қалыпты қызметін қамтамасыз етуге  қажетті мөлшері болады. Олардың  ағзада артық жиналуы немесе жетіспеуі  ауруға әкеп соғады. Фтордың жетіспеуі  тіс ауруына, иодтың жетіспеуі зоб ауруына, ал молибден артық болғанда молибдендік подагра дамуы мүмкін.

Минералды компоненттердің өте  аз мөлшерде болуы ағзаға қажет, ал консентрациясы жоғар болса улы болып есептелінеді.

Кейбір (күміс, сынап, қорғасын, кадмий т.б.) улы элементтердің ағзаға аз мөлшерде енуі ауыр патологиялық жағдайға әкеледі.

Дәрілік заттар ретінде әр түрлі  элементтер  мен  олардың қосылыстары қолданылады.

Ферменттер,   гормондар,   витаминдер   сияқты   биологиялық, активті  заттар   мен   химиялық  элементтердің   маңызын   зерттеу нәтижесінде жаңа дәрілік заттарды шығарудың және оларды емдеу мақсатында тиімді пайдаланудың ыңғайлы жолдарын табуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.Б.Бірімжанов, Н.Нұрахметов “Жалпы  химия”, Алматы1992ж

2.Ә.К.Патсаев, С.А.Шитыбаев, Қ.Н.Дәуренбеков  “Бейорганикалық және физколлоидтық  химия”, Шымкент 2004ж

 


Информация о работе S,P,D элементтер