Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:59, реферат
Полимерлердің осындай ірі макромолекулаларының пішіні әр түрлі болады. Оларды: сызықтық, тармақты немесе торлы және кеңістіктік, т.б. деп бөледі. Табиғи полимерлерден целлюлоза мен табиғи каучуктың құрылымдары сызықты екенін білесіңдер, ал синтетикалық полимерлерден капрон, төменгі қысымда өндірілетін полиэтилен сызықты болады. Тармақты құрылымды полимерлерге: крахмал, полипропилен жатады. Жүн, резеңке мен фенолформаль-дегид полимерлерінің құрылымдары кеңістік болады. Полимерлердің физикалық қасиеттері полимерлену дәрежесі мен полимердің құрылымына тәуелді болады.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім.
2.1 Каучуктың ашылу тарихы.
2.2 Табиғи каучук
2.3 Жасанды каучукты алу
2.4 Каучукты өсімдіктер
2.5 Каучуктың қасиеті
2.6 Каучуктың құрлысы
2.7 Резеңке алу
III Қорытынды.
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
3.Силиконды каучуктер
кремний-органикалық
Табиғи және әр
түрлі синтездік каучуктардың макромолекулалары
өте иілгіш, әрі серпімді болады.
Олар молекуласында екі қос
nH2C = CH - CH = CH2 --> [ - H2C - CH = CH - CH2 - ]n
Бұл қалдық қос байланыстар әрі қарай маңызды практикалық мәні бар реакцияларды жүргізу үшін өте қажет. Егер осындай каучукты күкірт қатысында өңдесе, онда каучуктағы қос байланыстар есебінен күкірт каучуктың макромолекулалары арасында көпіршелер түзіп, көлденеңінен "тігілген" полимер алынады. Бұл процесс, яғни шикі каучуктан берік және серпімді резеңке алу вулканизация (вулкандау) деп аталады:
2.4 КАУЧУКТЫ ӨСІМДІКТЕР.
Кейбір органдары мен ұлпасында каучукке түзетін ағаш, бұта, шөп. Каучуктың 20-дан астам тұқымдасқа жататын 1500-дей түрі бар. Бірақ бұлардың аздаған түрінің ғана өндірістік маңызы бар. Каучук өсімдіктің қандай органы мен ұлпасында жиналуына байланысты. Латестік, паренхималық, хлоренхималық және месекреттік болып бөлінеді. Латекстік каучук өсімдік қабығы мен тамырының сүт түтіктеріндегі латексте (гавая, сапиум, маниот, сүттіген, фикус) жиналады. Бұлардың ішінде өндірістік маңызы бар – гавая ағашы. Ол Оңтүстік Шығыс Азия, Африканың экватор аймағында Оңтүстік және Орталық Америкада қолдан өсіріледі. Бір ағаштан жылына 2 – 3 кг жоғары сапалы каучук алынады. Паренхималық каучук негізінен жапырақтың паренхима клеткаларында түзіледі (мизамшөп, кендір, хондрилла), бірақ сапасы төмен болғандықтан өндірістік маңызы шамалы. Хлоренхималық сүт жолы болмағандықтан, каучук шайырмен араласа сабақ пен тамыр қабығының және өзегінің паренхима ұлпаларында пайда болады. (Мысалы, Орта және Солтүстік Америкада өсетін мәңгі жасыл шала бұта гваюлада). Месекреттік каучук өсімдіктің ассимиляц. органдарының ұлпаларында (сарыраушан, күнбағыс, жер алмұрты) жиналады.
2.5 КАУЧУКТЫҢ ҚАСИЕТІ
Каучук — қатты зат.
Каучуктың аса маңызды қасиеті
— оның майысқақтығы. Яғни, сыртқы
күштің әсерінен каучук өзінің
пішінін өзгертіп — созылып
ұзарады немесе сығылып
Температура жоғарылағанда —
каучук жұмсарып жабысқақ, ал
температура төмендегенде —
Каучукты вулканизациялап (
Каучукты вулканизациялағанда,
Резеңкеден шиналар, шлангтер, конвейер
ленталары және тұрмыста
Пішінінің түрліше өзгеруінен
– қысу, созудан кейін каучук
өзінің алғашқы пішініне қайта
оралады. Табиғи каучук
Резеңкенің иілгіш, созылғыш қасиеттері каучуктікінен де жоғары. Оның үстіне, резеңке каучуктан гөрі берігірек және температураның ауытқуына төзімдірек болады.
2.6 КАУЧУКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Изопреннің полимерлену реакциясын диендер тақырыбында қарастырдық. Полимерлену барысында молекулалар бір-бірімен 4-және 1-көміртек атомдары арқылы өзара сызықты қосылады. Табиғи каучук изопреннің цис-изомері, құрамындағы метилен топтары—СН2 қос байланыстың бір жағын ала орналасады.
Изопреннің құрылым мономері
ретті қайталанып отырады.
2.7 РЕЗЕҢКЕ АЛУ.
Резеңке-(латынша. resіna — шайыр), вулканизаттар — каучукты вулкандау нәтижесінде алынатын өнімдер. Резина алынатын қоспаның құрамында каучуктан өзге вулкандауды реттейтін заттар — толықтырғыш, жұмсартқыш, бояғыш, тұрақтандырғыш, т.б. болады. Оның сапасы каучуктың құрамы мен құрылысына байланысты. Каучуктың Резинаға айналу процесін вулкандаушы зат (күкірт, органик. пероксидтер, диаминдер, т.б.), үдеткіш, белсендіргіш реттеп отырады. Вулкандау кезінде үзілген қанықпаған хим. байланыстардың орнына күкірт атомдары орналасып, каучуктың сызықты макромолекулалары кеңістік құрылымды полимерге айналады. Бұдан каучуктың серпімділігі артады. Күкірттің мөлш. 32%-дан асқанда қатты Резина — эбонит түзіледі. Каучуктың беріктілігін, мықтылығын, созылғыштығын, т.б. қасиеттерін арттыру мақсатында күшейткіш толықтырғыштар (күйе, мырыш оксиді, кремний қышқылы) және бейтарап толықтырғыштар (бор, саз) қосылады. Соңғысы каучуктың мех. қасиеттерін өзгертпей Резина қоспасын өңдеуді жеңілдетеді. Іоспаны өңдеу кезінде молекулалардың өзара әсерін бәсеңдету үшін жұмсартқыштар (көмірсутектер, органик. қышқылдар, шайыр), каучуктың пластикалығын сақтау мақсатында тұрақтандырғыш (фенил b-нафтиламин) қосылады. Қоспа құрамын реттеу және өңдеу технологияларын жетілдіру арқылы сыртқы орта әсеріне тұрақты, қасиеті әр түрлі Резина алынады. Оларға жұмсақ, жартылай жұмсақ, қатты, ыстыққа (120 — 200ӘС-тан жоғары), суыққа (–50ӘС-тан төмен), буға, отқа, жарыққа, радиоактивті сәулелерге төзімді.
Каучуктың физика-механикалық қасиеттері нашар болғындықтан одан тікелей бұйымдар жасауға болмайды. Каучукке әр түрлі қасиеттер беретін заттар (ингредиенттер) қосып вулканизациялау арқылы оны резеңкеге айналдырады. Резеңке – ингредиенттер қосылып, вулканизациялаған каучук. Резеңкенің құрамында оның түріне байланысты 5%-тен 92%-ке дейін каучук болады. Резеңке жасау үшін каучукке мынындай заттар қосылады:
1.Вулканизацияланатын заттар ретінде күкірт, натрий, дилазаменобинзол, күкіртті сутегі, күкірттің қос тотығы сияқты заттар қосылады.
Каучуктың құрамындағы
Жуан қабырғалары резеңке
2. Катализатор (вулканизацияны
Каучук негізінен, резеңке алуға және резеңке бұйымдарын жасау үшін қолданылады. Каучук автомобиль,ұшақ, велосипед доңғалақтарын, резеңке аяқкиім, электр сымдарын оқшаулайтын материал алуға қолданылады.Осындай техникалық дамуға байланысты каучукқа деген сұраныс дүниежүзінде жылына шамамен 2500000 т-ға жетіп отыр. Сонымен қатар каучукты тепловоз прокладкаларын, диафрагмаларын жасауға, вагон калодкаларын жасауға, тепловоз аккумуляторының сыртындағы резеңке жабынды жасуға кеңінен қолданылады. Өнеркәсіпте өндірілетін резинаның басым көпшілігі көлік дөңгелектерін, электр кабелдерінің сыртын, түтіктер, аяқ киім, медицинада жүрек клапандарын, т.б. дайындауда қолданылады.Резиналар көптеген химиялық реагенттердің әсеріне төзімді болғандықтан оларды химиялық аппараттардың футеровкасы ретінде және тығыздау бөлшектерін дайындау кезінде қолданады.Олар газды,суды өткізбейді,жоғары диэлектрлік қасиеттері бар және кабель,аэростат,скафандр өндірісінде таптырмайтын материал.
Сонымен қорытындылай келе каучуктің өзіне тән тарихы бар, оның ашылғанына 610 жылдай уақыт өтті. Олар күнделікті өмірде, өнеркәсіпте ,техникалық құралдар жасағанда керек заттар деп айтса болады. Мысал ретінде каучуктың құрамындағы күкірттің мөлшерін өзгерту арқылы жумсақтығы әр түрлі резеңке алуға болатындығын жоғарыда айтып кеткен болатынбыз. Ал өзіміз білетіндей резеңкелерде күнделікті өмірде көп қолданамыз.Ал синтетикалық жолмен алынған каучуктер, Яғни бутадиеннен алынған каучуктер мықты, майысқақ, химиялық реагенттерге төзімді болып келеді. Каучуктың аса маңызды қасиеті — оның майысқақтығы. Яғни, сыртқы күштің әсерінен каучук өзінің пішінін өзгертіп — созылып ұзарады немесе сығылып қысқарады. Сыртқы күштің әсері тоқтағаннан кейін бастапқы қалпына қайта келеді. Каучук суды, газды өткізбейді және электроқшаулағыш. Сондықтанда адамдар электр тоғынан қорғану үшін, қолданатын аспаптарының сыртынан каучуктен жасалған пластмасса, резеңкелерді қолданады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1 .Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті. ISBN 9965-36-092-8.
2. Ж.Бегалиева
,С.Самыратов, А.Қолұшпаева. Химия
курсы. Жоғарғы инженер –
техникалық ( химиялық емес) оқу орындарының
студенттеріне арналған оқу
3. Жоғарғы оқу
орындары студенттеріне
4.Шайқұтдінов
Е.М Е. М.Төреханов, А.Ш,