Химиялық экология пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 06:30, лекция

Краткое описание

1. Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы.
2. Химия және қоршаған ортаның курсы, маңызы мен міндеттері.
3. Қоршаған ортаға химиялық қосылыстардың тигізетін әсері.

Файлы: 1 файл

1 дәріс.docx

— 54.62 Кб (Скачать)

 

2. Экологиялық жағдай  және адам денсаулығы

Қоршаған ортаның экологиялық  жағдайы мен ауру деңгейі

Өнеркәсіп орындарынан  адам денсаулығына зиянды көптеген әртүрлі  заттар атмосфераға бөлінеді. Электростанциялардың мұнай  және газ отындарының орнына көмір отынын қолдануына байланысты қалдықтардың мөлшері тез өсуде.

Адамның денсаулығының  төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның  ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс  жауабы ретінде қарастыру керек.                  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық  дегеніміз — бұл тек аурудың  болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.  
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.  
         Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.  
         Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл  сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады  және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем»  елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен  салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.  
         Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі. Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-теи 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі. Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған.

Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:

1) концерогендер  (латын тілінен аударғанда cancir —  рак, генезис — шығу тегі) қатерлі  ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта  шамамен 500 осындай заттар белгілі.  Олардың ішіндегі ең күштілеріне  бензо(а)пирен және басқа да  полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті  изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер,  нитрозаминдер, асбест және т.б.  жатады;

2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio —  өзгеру) – хромосомалар саны мен  құрылымының өзгеруіне әкеліп  соқтырады. Оларға: рентген сәулелері,  гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен,  колхицин, кейбір вирустар және  т.б. жатады;

3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) — жеке дамуда  кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың  пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен  артып кететін кез келген фактор  жатады. Көбінесе тератогендерге  мутагендер, сондай-ақ пестицидтер,  тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар  жатады.  
Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.  
Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.

Адам баласы  тіршілік ету  үшін өзіне керекті  заттарды табиғаттан алады. Сондықтан  табиғат байлығын аялап, қоршаған ортаны ластанудан, бүлінуден  қорғау  келешек  ұрпаққа оларды табиғи  қалпынан бүзбай жеткізу үлкен мәселе. Адамдардың денсаулығына  әсерін тигізетін  қоршаған ортаның ауа мен суы, топырағы мен өсімдіктері  таза болғаны  жөн. Жер  тұрғындарының  шаруашылық қызметі қазіргі  кезде биосфераны  ластаушылардың басты себепкері  болып табылады. Қазіргі өркениет  табиғаттағы тепе- тендікті бұзып, қоршаған ортаны залалын тигізіп отырғаны жасырын емес. Себебі  күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ  тәріздес, сұйық  және қатты  қалдықтары биосфераға  түсіп отырады. Ол  қалдықтардан ауаға, суға және топыраққа  санданған химиялық заттар  бөлініп, олар адам денсаулығына  залал  тигізеді. Экологиялық зардап бүгінде адам өлімінің  20 пайызына себеп, болып отыр. Ал  кейбір жерлерде  жағдай  мүнан да қиын. Қәзіргі кезде  бүкіл жер  шарында адамның  араласуынан  шет қалған, ластанушы заттардың түспеген  бірде- бір жер жоқ [8.9].

Қоршаған  ортаны ластайтын затардың  биологиялық  әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға  ұрындыруы,  қатерлі ісік тудыруды және мутагендік  (гендердің  бопсалануы) қасиеттеріне  байланысты  екендігі белгілі [4.9]

Ауаны ластайтын  улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи  ортаны ластап, адам организміне  әр түрлі әсер етіп,  денсаулығын  бұзады. Осындай ұлы заттар көп  мөлшерде  әсер етсе адамның  тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал. Улы  заттар ірі өнеркәсіптер шоғырланған  қалалардың тұрғындарының денсаулығына елеулі  зиян келтіреді. Химиялық, түрлі  – түсті  металл өндіретін  өндірістер тынымсыз  улы заттар шығарып  тұрады. Мысалы,  ауаны ластаушы қайта  өңдейтін зауттар мен электростанциялар  секілді ауаға  күкірттің қос  тотығын шығаруда, ол әрине  адамның  және жануарлардың тыныс жолдарын қабындырып, әр түрлі аурулар туғызады.  Көмірді  жылу электростанцияларында  жағудың  әсерімен ауаға күл бөлініп  шығады. Ол ауылшаруашылық  егістіктеріндегі көкөністер мен жеміс - жидектерге,  орман өсімдіктеріне  елеулі зиян  келтіреді. Оларды пайдаланған адам мен онымен қоректенген жануарлардың тәнінде зиянды физиологиялық өзгерістер байқалады [7.10]

Мамандардың мәліметтеріне  сүйенсек, соңғы жылдары  автокөліктер өте көбейіп улы  газдың мөлшері 40 пайызға,  ал  ұшақтардан бөлініп шығып жатқан улы газдың  мөлшері 60 пайызға өскен. Цемент зауытынана бөлінген  шаң- тозан  қоршаған ауада, топырақта  калий,  кальций,  магний элементтерінің шамадан тыс көбеюіне себепкер болады. Ал мырыш пен қорғасын өндіретін металлургия зауытынан  шығатын улы заттар топырақ пен  шөптердің  бойына жиналып, ауа мен  су арқылы адам мен жануарлардың бойына еніп олардың денсаулығына қауіп  келтіреді. Адам организімінің  улы  заттарға төзімділігі әрқалай. Жас  балалар мен қарт кісілер,  аурушаң  улы заттарға төзімсіз келеді.

Сондықтан қоршаған ортаға  зиянды  заттар шығаратын  кәсіп  орындардың қаладан алыстау  жерге орналасқаны  жөн.

Қоршаған  ортаны ластаушы көздерін ірі төрт топқа бөлуге  болады: 1. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт,  көмірсулар,  пестицидтер  мен гербицидтер, шайынды  сулар,  фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

2. Физикалық  ластану - жылу, радиоактивті заттар,  электромагниттік толқындар, шулар  мен тербелістер.

3. Биологиялық  ластану – жұқпалы  және  паразиттік  ауруларды туғызатын  қоздырғыш бактериялар, вирустар,микроорганизмдер  мен құрттар, қарапайымдылар мен  шектен тыс көбейіп кеткен  зиян  келтіретін жәндіктер.

4. Эстетикалық  зиян – табиғаттың  әсем ландшафтарының  бұлінуі,  орман – тоғайлардың  жойылуы, табиғатты сулу  жерлерді  су басып батпақ – сорға   айналуы, сусымалы  құмдардың  жылжып  жайылымдарды, өзендерді,  бұлдіруі, су  қорының азайып көлдердің  құрғауы және  тағы  басқалар.

  Ал  биосферадағы ластану процесі  үш  кезеңге бөлінеді [3]

  1. Ластанушы заттардың таралуы.
  2. Ластағыштардың биомассаға енуі.
  3. Ластанғыш заттардың  биологиялық  топтануы немесе  қорлануы.

Адам  организімі ластаушы  заттарды  қабылдаған кезде белгілі бір  мөлшерге, немесе  деңгейге дейін  ғана төзе  алады. Ал егер зиянды заттар ол мөлшерден асып түссе, адам организімі оған төтеп бере алмай, денсаулығы бұзылып, ауруға  душар болады.

Қоршаған  ортамен,  табиғатпен адам өмірі  тығыз  байланысты. Егер онда  кейбір құбылыстар мен өзгерістер болып  ластанудан табиғатқа зиян келсе, адамзат  та одан зардап шегеді,  одан  айналып  өте алмайды. Өзімізді  қоршаған сыртқы орта  (ауа,су, топырақ) адам өміріне  зор ықпал  жасайды. Ал  денсаулығымыз  осыған байланысты. Сондықтан қоршаған  ортаны  қорғау еліміздің аса  маңызды міндеттері ретінде Қазақстан  Республикасының Конституциясында көзделген. Өзімізді қоршаған табиғатты, яғни биосфераны бұлдірмей таза сақтау,  қолдан келсе оны  жақсартуға  тазартуға  ұлес қосу әрбір сапалы азаматтың негізгі өмірлік  парыздарының бірі болып  қала  бермек. “Табиғат – біздің туған  бесігіміз” деп  бекер айтылмаған. Қоршаған ортаны, жер бетіндегі сұлу табиғатты  сақтап, оны  бұзбай сулар мен  топырақты, атмосфералық ауаны  таза күйінде болашақ ұрпағымызға  қалдыру – бізге  үлкен міндет. Сондықтан табиғатты жанымыздай  сүйіп, өзімізді қоршаған ортаны көзіміздің  қарашығындай сақтауымыз керек. Табиғатқа  жанашыр болу-адамзат қоғамына, оның келешегіне  жанашырлық жасау  болып табылады.

 

4. Ана мен ұрық ағзасына қоршаған  ортаның әсері. Темекі мен ішімдіктің зиянын барлық мамандандырылған дәрігерлер айтып әлек. Темекіге әуес әйелдің етеккір циклі өзгеріске ұшырап, жатырдан тыс жүктілік қауіпі күшейеді, жатыр түтікшелері түрлі ауруға шалдығады.  
Репродуктивты технологияны көмекші ретінде пайдаланатындар осы темекі тартатын әйелдер. Жүктілік кезінде дүние есігін ашатын балаға темекінің залалды екені мәлім. Бұл дәлелденген де. Темекі тартқан келіншектен салмағы жетпей қалған сәби туылады. Толғақ кезінде ана қатты қиналады. Ал, еркектерді аталық ұрықтары әлсізденіп, оның қызметі төмендейді. 
         Алкоголь, марихуана, есірткі заттарды пайдаланғандар мен түрлі дәрілерді ішкендер белдеулікке жиі ұшырайды. Өйткені бұлар ұрықтың жиналуына себепкер болатын гармондар мен хромосомалардың қызметін бұзып, сексуалдықты төмендетеді.

Кофені құмартып ішетін аруларда денеге бала біту мүмкіндігі аз. Аяғы ауыр әйелге кофеден бас  тарту оңайға соқпас, әлбетте оны  аз мөлшерде ішу қажет. Кофеинді кофенің  де зияндары жетерлік. Газдандырылған сусындар мен шоколод құрамында  да кофеиннің бар екенін естен  шығармаңыз. 
           Бүгінгі таңда медицина қарқынды дамып кеткен. Бала сүю мәселесі де дұрыс жолға қойылуда. Бедеулікке шалдыққандар күйзелмей медикаментозды терапия және репродуктивты технология көмегіне жүгінуге болады-дейді дәрігерлер. 
           Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында болуға тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгін де осындай көмекті көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға жұмсар едік.

Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті  кезін және балаларды тәрбиелеуді  қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты  аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам  болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің  алдындағы, ал ең бастысы балаларының  алдындағы жауапкершілігін күшейтуге  тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар  өздерінің қартайған ата-аналарына  қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда  құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға  да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан  халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді  көрсетіп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге  тиіс.

Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар  мен жұмыс берушілерге осы  тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім. 
          Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу керек пе, жоқ па деген мәселе пікірталасына түсуі керек. Мұндай өте нәзік мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек.

Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз  жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз. 
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту. 
         Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз-суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады. 
         Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауыз суға ерекше көңіл бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екенін қазіргі заманғы жеке басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуге тиіс. Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін өткізушілер мен жасап шығарушыларға, табиғи ортаны ластаушылардың бәріне берік және қат-қабат тосқауыл қойылуы қажет.

Информация о работе Химиялық экология пәні