Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін химия сабағында дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:26, реферат

Краткое описание

Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзыретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу - алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар - ұстаздар үшін ең маңызды мәселе.

Файлы: 1 файл

Айдана статья.docx

— 37.08 Кб (Скачать)

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ХИМИЯ САБАҒЫНДА ДАМЫТУ

 

Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзыретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу - алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар - ұстаздар үшін ең маңызды мәселе. Оқу-білім қуып келген жас жеткіншектердің арасынан талантты да дарынды, ерекше қабілетті балаларды таңдап алу, олармен тікелей жұмыс жүргізу – осы мәселенің бір шешімі болып табылады. Олай болса, әр ұстаз өз оқушыларының арасынан жұзден жүйрік, мыңнан тұлпар болар дарын иелерін анықтай алуы қажет. Ол үшін «Дарындылық» деген не? «Дарынды балалар қандай болады?» деген сұрақтарға жауап іздестіріп көрелік.

Қазіргі кезде дарындылық ұғымына байланысты түрлі анықтамалар  бар. Мысалы, американдық педагог Дж.Рензулли дарындылыққа мынадай анықтама береді: «Дарындылық – үш сипаттаманың үйлесуінің нәтижесі: орта деңгейден арттыратын интеллектуалды қабілеттілік, шығармашылық тәсіл және тапсырма орындауға жоғары себеппен және табандылықпен қызығу». С.Л.Рубинштейннің, Б.М.Теплованың еңбектерінде дарындылық, қабілеттілік ұғымдары бір негізде топтастырылған. В.Д.Щадриков «дарындылықты қабілеттердің іс-әрекеттегі толық көрінісі» - деп те тұжырымдайды. «Дарындылық» деген ұғым «дарын» деген сөзден туған. Педагогикалық анықтамаға сүйенетін болсақ, «Дарындылық – адам қабілеті дамуының жоғары дәрежесі» делінген. 1992 жылы АҚШ-тағы Білім комитеті дарындылық жайлы мынадай анықтама жасайды: дарынды және талантты бала деп, іс-әрекеттің (интеллектуалдық, академиялық, шығармашылық пен продуктивтік ойлау, қарым-қатынас және озаттық, суретшілік, психологиялық) өрістерінің бір немесе бірнеше түрінде ерекше, күшті қабілет көрсете алатын, жоғары жетістікке жете алатын бала аталады.

Дарынды балалармен жұмыс  істемес бұрын оларды топ ішінен анықтап алуымыз қажет. Олардың  дарындылық белгілері қандай? Олар жаңа ақпаратты іздестіруге,берілген тапсырмалардың басқа да тривиалды  емес жауаптарын іздеуге әрдайым талпынып отырады. Олар – көшбасшы. Мұндай балалармен жұмыс істеуде өте абай болу қажет. Себебі, өздеріне көп көңіл бөлінетіндіктен олар өздерін басқа оқушылардан артық санауы әбден мүмкін.

 

 

 

 

 

Дарынды балалармен жұмыс  жүргізудің мақсаты:

 

Дарынды балалармен жұмыс  жүргізу үшін:

Біріншіден, таалантты балаларға әрдайым жаңа, күрделі тапсырмаларды беріп отыру қажет, өйткені олардың пәнге деген қызығушылығы төмендейді. Сондықтан, оларды оқыту жүйесі дәстүрлі оқыту жүйесінен ерекшеленіп отыруы тиіс. Олар ғылыми, энциклопедиялық әдебиеттермен, күрделі сөзжұмбақтармен жұмыс істейді, қызықты тапсырмаларды шешеді, химиялық тәжірибелерді  орындайды, арнайы қосымша сабақтарға қатысады. Дарынды балалармен жұмысты жүйелі түрде жүргізген жөн. Берілген тапсырмалардың шешімін баланың ӨЗІ тапса күтілетін нәтиже мол болмақ.

Екіншіден, дарынды баланың  өз қабілеттіліктерін көпшілік жерде  қысылмай көрсетуі үшін оның бойында  көшбасшылық қасиеттерді дамыту қажет. Осы мақсатты іске асыру үшін сабақ барысында рольдік ойындар, брейн-рингтер, викториналық сұрақтар, интеллектуалды ойындар жүргізіліп отырғаны дұрыс.

Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін жоғары дәрежеде дамыту үшін химия пәні бойынша барнайы  бағдарламалар, элективті курстар  жоспары жасалу керек. Дарынды бала дәстүрлі түрде жүргізілетін сабақтармен  қатар, қосымша материалдармен қамтылуы тиіс. Ондай материалдар баланың  білімін жоғарылататын күрделі мазмұнды болу керек.

Жұмысты жүргізудің әдістері мен формалары. Дарынды оқушыларды оқытуға шығармашылық қабілеттерді дамытатын – проблемалық, эврикалық, зерттеушілік, шағын топтарда жүргізілетін жобалық әдістер жатады. Даралық қабілеттерді ашатын, оқушының өзіндік идеяларын көрсете алатын технологиялардың қатарына проблемалық оқыту, жобалау технологиялары және шағын топтарда оқыту әдісі жатады.

1.Проблемалық оқыту технологиясы. Бұл технологияны қолдану арқылы біз төмендегідей мақсаттарға қол жеткіземіз:

    • логикалық, ғылыми, шығармашылық ойлауды үйрету;
  • оқушыларда тек білімді қалыптастырмай, оқу материалын дәлелді және сенімді етіп жасау, ғылыми, диалектикалық-материалистік дүниетаным қалыптастыруға негізделген білім беру;
  • білімнің беріктігін қалыптастыруға ықпал ету, өйткені оқушылардың өзі тапқан ақпараттары есте жақсы сақталады;
  • оқушының эмоциялық өрісіне әсер ету, яғни оларға өз күшінің сенімділігіне,ойлау іс-әрекетінің күрделілігіне қанағаттандыру сияқты сенімдер қалыптастыру;
  • ізденіс және зерттеушілік іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
  • оқушының білуге ұмтылу ынтасына мән бере отырып, оның ілімге деген танымын қалыптастырып, қызығушылығын арттыру.

Оқушылар өз бетінше іздеу  этаптарын белгілейді,әр түрлі болжамдар  айтады, проблеманы шешудің әр түрлі  гипотезасын ұсынады. Мысалы:

1. Проблемалық эксперимент ретінде мыстың аммиак ерітіндісінде еруін қарастырайық.

Реактивтер: 15-28% аммиака ерітіндісі, мыс кесектері.

Жұмыс барысы:

   Сынауыққа бірнеше мыс кесегін салып 15-20 мл аммиак ерітіндісін құямыз. Сынауықтың аузын мықтап жауып оны сілкілеп араластырамыз. Ерітінді көгілдір түске ие болды.

1) Мыстың аммиак ерітіндісімен қалай әрекеттесетінін қалай дәлелдейміз?

 2) Реакция мүмкін бе? Мыс негізбен әрекеттеспейді, алайда реакция жүрді. Реакцияға оттектің қатысуын қалайша түсіндіреміз?   

     Cu + NH4OH=[Cu(NH3)4OH]2

2.Аминқышқылы ерітіндісі бейтарап орта беретінін түсіндіру. Оқушылар аминқышқылының екі жақты қасиет көрсететінін яғни карбоксил тобы қышқылдық, ал амин тобы негіздік қасиет беретінін түсіндіреді. Әңгімелесу барысында мұғалім оқушыларды карбон қышқылының протоны амн тобына көшетінін айтуға итермелейді, сөйтіп оның амфотерлі екенін және биполярлы ион екенін ашып көрсетеді.

 

2. Шағын топта оқыту әдісі. Бұл әдіс семинар сабақтарда жиі қолданылады. Әдістің негізі – сыныпты 3-4 кіші топтарға бөліпоқыту. Ол топтардағы оқушылардың саны 5-7 адамнан аспауы тиіс, себебі оқушылар саны аз болған сайын олардың бір-бірімен қарым-қатынасы күшейе түспек. Әр топ берілген тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өз жауаптарын жоспарлайды, дәлелдеуге тырысады, толықтырады. Бұл әдіс дарынды оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың көбірек ойлануларына жол ашады.

 

3. Жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту - жеке тұлғаға бағдарланған оқыту. Бұл технология оқушылардың берілген тапсырманы жобалау, зерттеу барысында өзінің және басқаның тәжірибесінен үйрену, сабақ алуға негізделген. Ғылыми жобаны жасау барысында оқушылар көп нәрсеге өзі көз жеткізеді. Яғни, бұл оқушылардың танымдық қасиеттерін арттырудың, өз еібектерінің нәтижесіне толығымен қанағаттанып, оқудағы жетістіктерін сезінудің бірден-бір жолы болып табылады. Жобалардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Ауыз су проблемасы», «Темекінің ағзадағы бос-радикалды тотығу реакциясына әсері», «Адам ағзасында қышқылдық-негіздік балансты сақтау».

 

4. Элективті курстар. Бұл - сабақты ұйымдастыру формаларының бірі. Мұнда дарынды оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізуге, мектеп бағдарламасының кейбір бөліктерін тереңдетіп оқуына, өз қызығушылықтары бойынша білімді игеруге мүмкіндік алады. Курстың ерекшелігі сонда оның мазмұнын сабақта қарастырылмайтын кейбір тақырыптар құрайды және ол тақырыптар қосымша материалдарды қажет етеді, сондықтан оқушылар бұл материалдармен жұмыс жасау барысында өз бетімен ізденеді, мұғалімнің берген ақпаратына қосымша ақпарат көздерін жинайды. Яғни бұл әдіс арқылы дарынды оқушылардың шығармашылығы арта түспек. Мысалы, «Химия тұрмыста», «Химия ауыл-шаруашылығында», «Химиялық элементтер адам ағзасында».

Курстың мақсаты: Пәнаралық байланысты қолдана отырып, дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, химия пәнінің адам өміріндегі рөлін, маңызын көрсету.

Курстың міндеттері: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, алған білімдерін практикада қолдануға үйрету.

Жоғарыда көрсетілген  жұмыс түрлері семинар сабақтарында, түрлі практикум сабақтарда және лабороториялық сабақтарда қолданыс табуы  мүмкін. Химия сабағында дарынды  балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін көптеген есептер шығартып, интеллектуалды- шығармашылық ойындар, танымжорықтар өткізуге де болады. Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар ретінде дарынды балалар үшін түрлі факультатив сабақтар, үйірмелер, мектептегі ғылыми қоғамдар, интеллектуалды марафондар, сайыстар, аудандық, облыстық олимпиадалар, зерттеу жұмыстарын қткізіп отыру қажет. Әсіресе, зерттеу жұмыстары оқушылардың дарындылық қабілетін дамытуда маңызды роль атқарады. Мұндай зерттеу жұмыстары оқушылардың қосымша және ғылыми материалдармен жұмыс істеуге, өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша рефераттар, баяндамалар жазуға және сол еңбектерін ғылыми-практикалық конференцияларда қорғауға, дарынды балалардың өз қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, мынадай зерттеу жұмысын ұсынуға болады.

Тақырыбы: Азот тыңайтқыштары

Лабороториялық  зерттеу: азық-түліктердегі нитрат мөлшеріне  талдау жасау.

Мақсаты: 1) көкөніс өнімдеріндегі нитрат мөлшерін зерттеу.             

2) нитрат мөлшерін азайтудың жолдарын жасау

Тапсырма: Өсу алқаптарын түрлі тәсілдерді қолдана отырып ондағы нитрат мөлшерін анықтаңыздар.

Оқушылардың  дарындылық қабілеттерін дамытудың тағы бір  жолы – кейс технология. Бұл - жаңа, сонымен қатар оқытудың перспективті тәсілі. Оның ерекшелігі – проблемалық  жағдаяттың шешімін шынай өмірден  іздестіру болып табылады. Мысалы, «Қазақстанда суды залалсыздандыру проблемалары» тақырыбы газеттердегі ақпараттарды, құжаттық ақпараттарды, видеороликтерді, тарихи фактілерді қамтиды. Химия және биология пәнінен дарынды балаларға мынадай тақырыптардағы кейстарды ұсынуға болады: «Чипс адам ағзасына зиян ба?», «Ағызынды сулардың экологиялық проблемалары», «Пластиктен жасалған бұйымдар әлемдік мұхитты ластауда», «Темекі тартатындар және радон», т.с.с.

Дарынды балалармен жұмыс  істеуде есеп шығарудың маңызы зор  екендігін айтқан болатынбыз. Төменде, бірнеше есептердің мысалдары келтірілген:

№1. А және В жай заттары өзара реакцияласып, С затын түзеді. С заты көміртек (IV) оксидімен әрекеттескен кезде В және D заттары (құрамында 8,14% көміртегі және 32,5% оттегі бар) түзіледі. А-D заттарын анықтаңыздар және реакция теңдеулерін жазыңыздар.

№2. Қатты В затының сумен реакциясының нәтижесінде түзілген А газы оттегімен әрекеттесе отырып, С,D(көп мөлшерде ) және Е (салыстырмалы молекулалық массалары 18, 19, 20) заттары түзіледі. А газы натриймен әрекеттескен кезде эквимолярлы мөлшерде В және Ғ заттарын түзеді.Осы заттар сумен А және G газдар қоспасын түзеді және оларды оттегінде жаққан кезде С, D заттарының көп мөлшерде және Е заты түзіледі. Қандай заттар туралы айтылған және реакция бағытын түсіндіріңіздер.

№3. Ыдыста А жай затының 0,18 г үлгісін концентрлі күкірт қышқылының артық мөлшерімен қыздырады. Реакцияның газтәрізді өнімдерін кальций гидроксидінің артық мөлшері арқылы өткізген кезде 5,1 г тұнба түзіледі. А затын анықтаңыздар және жауабыңызды сәйкес реакция теңдеулері және есептеулермен дәлелдеңіздер.

№4. Молекулаларындағы көміртегі саны бірдей қаныққан және қанықпаған екі газтәрізді көмірсутектердің эквимолярлы мөлшерлерінің қоспасы 80 г төртхлорлы көміртектегі 20%-тік бромның ерітіндісін түссіздендіре алады. Осы қоспаның дәл осы мөлшерін жаққан кезде 134,4 л СО2 бөлінеді. Қандай көмірсутектер алынғандығын анықтаңыздар.

№5. Молекула құрамында 74% бромы бар дигалоген туындысы этиленді А көміртегіне бромды қосу нәтижесінде түзіледі. А және В қосылыстарының құрылысы мен А затының барлық изомерлерін жазыңыздар.

№6. Байланыстың орнына байланысты изомерлі болатын, қанықпаған көмірсутектердің бір класына жататын А және В көмірсутектерінің эквимолярлы қоспасы бар. Осы қоспаны жаққан кезде 89,6 л СО2 бөлінсе, толық каталиттік гидрлеу үшін 44,8л сутегі жұмсалады. Көмірсутектер қоспасы күміс оксидінің аммиакты ерітіндісімен әрекеттескен кезде тұнба түзілетіндігін ескере отырып, қоспадағы көмірсутектерді және олардың мөлшерлерін анықтаңыздар.

Келешек жастардың қолында! Еліміздің болашағы жарқын болу үшін тәрбиелі, білімді, құзыретті, бәсекеге қабілетті  жас жеткіншектерді  қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз. Ендеше, сол мақсатты тізгінге ала  отырып, оқушылардың арасынан ерекше қабілетке ие, дарынды балаларды іріктеп алып, олармен жоспарлы түрде жұмыс жасалуы қажет. Әрине, егер оң нәтижелер көрсетіліп жатса, ол  нұр үстіне нұр болмақ.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.[Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Жексенбаева Ү.Б];

2.[Құрманалиев М.Қ. Қазіргі педагогикалық технологиялар.-Алматы.-2010];

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін химия сабағында дамыту