Биологиялық активті заттарды түзуші микроорганизмдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 12:22, реферат

Краткое описание

Кез-келген адам тамақтанбай өмір сүре алмайды. Адамзат ғасырлар бойы тамақ табу үшін күресумен келеді. Балаларының денсаулығы мықты, жаны, тәні күшті де қайратты болып өсуі, өздерінің жұмыс қабілетін сақтай отырып ұзақ жасауы үшін әрбір адам тиімді тамақтану тәртібін, тағамдардың емдік қасиетін білуге тиіс. Өкінішке орай, үйде де, оқу орындарында да, еңбек ұжымдарында да, емханаларда да адамдарды дұрыс тамақтануға үйретпейді.

Файлы: 1 файл

Дәріс 14 Биологиялық активті заттарды түзуші микроорганизмдер.doc

— 78.00 Кб (Скачать)

 

Ұйқы  безінің гормондары

Омыртқалы жануарлардың көпшілігінің ұйқы безі он екі елі  ішектің шажырқайында,қарынға таяу орналасады. Сондықтан оны халық  арасында  шажырай безі деп те етай береді. Оның құрамында ас қорыту ферменттері бар. Сол ұйқы безінде түзіледі де, түтікшесі арқылы он екі елі ішекке барады. Ал гормондары қанға қосылады. Ұйқы безі көмірсулардың алмасуын реттейтін гормондар өндіреді. Онда 4 түрлі клеткалар болады:альфа,бета,гамма,дельта клеткалар. Соңғы жылдары мұнда Е және К клеткалары табылды.

Альфа және бета клеткалар инсулин және глюкогон гормондарын бөліп шығарады.Альфа  клеткалар дөңгелектеу, бета клеткалар  дөңгелек призма тәрізді болады. Альфа  клеткалар бета клеткалардан гөрі 4 еседей болады.

Инсулин молекуласы тең емес екі полипептидтік тізбектен құралған. Ол – S-S – байланыс арқылы жалғасқан. Кіші полипептидтік тізбекте 21 амин қышқылы, үлкен полипептидтік тізбекте 30 амин қышқылы бар.

Ұйқы безінің  екінші гормоны – глюкагон. Глюкагон дегеніміз – 29 амин қышқылынан құралатын, бір тізбекті полипептид. Глюкагон гормонын гипергликемиялық фактор деп те атайды. Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады.

 

Бүйрек  үсті  безінің гормондары

Бүйрек үсті безі дегеніміз – жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың қос эндокрин безі. Әр бүйректің ең жоғарғы шегіне осы без орналасады. Бүйрек үсті безінің екі  қабаты бар: сыртқы қыртыс қабаты және ішкі ми сияқты заты. Бұл екеуі де дара без сияқты және екі түрлі гормон жасап шығарады.

Ми  затының гормондары

 Ми заты  екі түрлі гормон бөліп шығарады. Олар адреналин және норадреналин, бұл екеуі де катехоламиндер  тобына жатады, олар – жүйке  жүйесінің медиаторы. Адреналин  мен норадреналин таза күйінде  де, синтездік жолмен де алынған.  Адреналин бүйрек үсті бездерінде ғана, ал норадреналин басқа мүшелерде де пайда болады.

 

Бүйрек  үсті қабығының гормондары

Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 40-тан астам  кортикостероидтар деп аталатын гормондар түзеді. Олар химиялық тұрғыдан өзара өте ұқсас, бәріде холестириннің өніміне жатады.

Физиологиялық қызметіне қарай олар 3 топқа бөлінеді.

1. Глюкокортикоидтар  (ГКС);

2. Минералкортикоидтар  (МКС);

3. Андрокоркоидтар  (АКС).

Олардың химиялық құрылымы ұқсас болғанымен, әр түрлі  қызмет атқарады.

Глюкокортикоидтар - сүтқоректі жануарлардың бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бұл топқа кортизол – өте активті гормон, кортикостерон және альдостерон жатады.

ГКС-тар зат  алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді.

Минералкортикоидтар - бүйрек үсті безінің түйнекті зонасында пайда болады. Ол су және тұздардың алмасуын реттейді.Бүйрек үсті безін алып тастаса жануарлар өліп қалады.

 

Гипофиз гормондары

 Гипофиз   безі немесе төменгі  ми  қосалқысы бас сүйегінің “түрік  ері” деп аталатын сүйегінде  орналасқан. Ол омыртқалы жануарлардағы ішкі  секрециясының аса маңызды безі. Гипофиз мидың астында орналасқан. Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Аденогипофизде 7 гормон түзіліп қанға құйылады.

 

Тиреотропты гормон (ТТГ). Бұл гормон бұқа гипофизінен бөлініп алынған. Өзі гликопротеид. Бұл гормонда күкірт көп, молекула құрамында 2  дисульфидтік байланыс бар. Ол ағзадағы бүкіл зат алмасуға үлкен әсер етеді.

 

Гонадотропты  гормон (ГТГ). ГТГ жануарлардың  және адам жыныс бездерінен бөлініп алынған. Бұл гликопротеид, құрамында көмірсулар көп.

Пролактин немесе лактогенді гормон(ЛТГ). Пролактинбелок, ол кристалды түрінде алынған, құрамында  көмірсу жоқ, амин қышқылы қалдықтарынан тұрады. Бұл гормон сүтқоректі жануарлардан бөлініп алынған. Яғни сүттің шығуына қолайлы жағдай жасайды.

Простагдандиндер (ПГ). Жоғары активті органикалық  заттар, олар бір жерде әсер ететін гормондар. ПГ  сүтқоректі жануарлардың эритороциттерінен басқа, барлық  клеткаларынан табылды, бірқата өсімдіктерден де алынды.

Қазіргі кезде 20 шақты ростагланиндинер белгілі. Олардың бәрі – полиқанықпаған арахидон қышқылының туындысы, молекуласында 20 көміртегі атомдары және 4 қос байланысбар. Сонымен, ПГ  дегеніміз  полиқанықпаған гидроксимай қышқылы. Клеткалардағы зат алмасуды реттеуші қызмет атқарады.

 

Өсімдік гормондары

Өсімдіктердің өсу процесі орта жағдайлары мен  өсудің ішкі жағдайларының қатынасынан  тұрады. Өсімдіктерде болатын амин қышқылдары гормондар түзуге қатысады.

 

Фитогормондар. Өсімдіктің өсу процестері арнаулы заттардың әсерімен реттеліп отырады. Олар өсуді реттеуші заттар деп аталады. Кейбір өсуді реттеуші заттары ағзаның өзінде түзіледі, сондықтан оларды фитогормондар дейді. Оларға ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, этилен, абсциз қышқылы (АБҚ) жатады. Өсу процесіне әсер ететін химиялық жасанды қосылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар деп атайды.

 

Гибберелиндер. Күріш пен жүгері өскіндерінің өсуіне әсері бар екендігін анықтады. Гибберелиндердің 60-тан аса түрі белгілі. Олардың молекулалық құрылыстары өте ұқсас, құрамында 19 немесе 20 көміртегі атомдары бар екі алты мүшелі және екі бес мүшелі сақиналардан тұрады.

 

Цитокининдер  немесе кининдер. Цитокининтамырдың ұшында түзіліп, су ағынымен қоса жоғары қарай жылжиды.

 

Абциз қышқылы мақтаның қауашағы мен жапырақтарынан бөлініп алынған. Бұл зат гормондық ингибиторлық қызмет атқарады. Оның құрамында спирттік және карбоксилдік, кетонды және қос байланысы бар қосындылардан тұрады.

Гормонның әсер етуінен екі кезеңді атап көрсетуге  болады. Бірінші кезеңде гормон клетка мембранасының бетіне орналасқан арнаулы  рецепторлармен әрекеттеседі. Екінші кезеңде – рецептор мен гормон комплексінің әрекетінен  туған  биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістер байқалады. Осыған орай тез арада өтетін қайтымды және баяу өтетін ұзақ  уақытты реакциялар пайда болады.        Сонымен өсімдіктердің өсуін жылджамдатушы қосындылармен қатар тежеушілер де кездеседі.

 

Этилен аздаған мөлшерде барлық өсімдіктердің клеткаларында түзіледі. Ол қарапайым органикалық зат болса да, гормондық тәсері күшті. Ол өсімдік организмінде  газ түрінде кездеседі, сондықтан этилен оңай диффузияланады, өсімдіктің түрлі мүшелеріне жетеді, ал артық мөлшері сыртқы ортаға шығарылады. Гормон ретінде этилен өсімдіктердің өсу процесін, клеткалардың дифференциясын,өсімдіктің сыртқы ортаның әсеріне жауап реакцияларын қалыптастырады. Этилен жемістердің пісуін тездетіп, өсімдіктердің барлық мүшелерінің қартайуына әсер етеді.          

 

 

 


Информация о работе Биологиялық активті заттарды түзуші микроорганизмдер