Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 13:15, реферат
Жұмыс барысы: Пробиркаға несеп нәрінің аз мөлшері алынып, балқығанша қыздырылады. Балқу кезінде аммиак бөлініп шығады. Пробиркадағы кристалды затты салқындаған соң, суда ерітіл NaOH және CuSO4 ерітінділерінен 2-3 тамшыдан қосамыз. Қоспаның күлін түске боялуы биуреттің түзілгендігін көрсетеді.
Белоктардың кеңістіктегі құрылысы рентген
көмегі арқылы анықталған Полинг, Кори,
I960. Ренлтен арқылы құрылымдық анализдің
қортындысы бойынша полипептидтік тізбек
кеңістікте спираль түрінде орналасады.
Кейбір полипептидтік тізбектер жоғарыда
көрсетілген кіші спиральдардан басқа
қадамы үлкен, екінші- реттік спираль түзеді.
Оның түзілуіне полипептидтік тізбекте
радикадцарының сутектік байланыс. түзуге
қабілеті төмен серик, изолейцин, треонин,
глютамий, аспарагин, лизин, аргинин, глицин
сияқты амин қышқылдары себеп болада.
Белоктар құрылысының соншалықты күрделілігі
олардың биосинтезі кезінде қателіктің
мүмкіндігінше аз болуына, генетикалық
материалды үнемді қолдануға, белок суббірліктерінің
— өз бетінше жиналуын реттеуді жеңілдетуге
мүмкіндік береді.
Сонымен, белоктардың молекуласы кеңістікте
ерекше орналасатын термодинамикалық
тұрақты, биологиялық активтілік көрсететін
активті конформация деп
Белок молекулаларының жоғары құрылымдарын
зерттеу, медицина үшін өте қажет, себебі
белоктардың ферменттік антигендік
активтілігі осы құрылымдардың
өзгеруіне байланысты. Ал ферменттердің,
антиген, антидеиелердің активтілігінің
өзгеруі организмде физиологиялық, патологиялық
өзгерістерге әкеп соқтырады. Белоктардың
кеңістіктегі орналасуын рентгенқұрылымдық
анализдің полярографиянық электрофорез,
оптика, хромотография спектрометрид
әдістерімен комплексті зерттеуге болады.
Белоктардың коллоидтығы — оның макромолекулалық
құрылысына тәуелді. Белоктардың судағы
ерітіндісі гидрофилді коллоидтық қасиет
көрсетеді және олардың ерітіндісінде
Тиндаль конусын беретін «сәулені шашырату»
құбылысы байқалада. Белоктар жартылай
өткізгіштік қабілеті бар мембраналардан
өте алмайды. Белоктардың бұл қасиетін
оларды төменгі молекулалы қоспалардан
тазарту үшін қолданады.
Сонымен диализ, тұздардың көмегімен тұнбаға
түсіру сияқты белоктардың қасиеттері,
оларды қоспадан тазартуға, бірінен —
бірін ажыратуға мүмкіндік беріп, ғылыми
және практикалық жұмыстар да маңызды
орын алады.
Өте жоғары температура, күшті қышқылдар
тұнбаның суды сіңіргіш қасиеті күшті
заттармен ұзақ уақыт бірге болуы, белоктардың
денатурациясына, яғни олардаң ерігіштік
қасиетінің қайтып қалпына келмеуіне,
биологиялық қасиеттерінің жойылуына
әкеп соқтырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сағатов К. «Биологиялық химия»
2. Сейтембетова Амангүл, Лидодии Станислав
«Биологиялық химия» Алматы, «Білім» 1994
ж. 304 б.
3. Несіпов, Төлқұтай «Адам және жануарлар
физиологиясы» Алматы, «Ғылым» 2005 ж. 304
б.
4. Төленбек Исатай «Хайуанаттар мен адамдардың
биофизикасы» Алматы, «Білім» 2002 ж. 328 б.
5. Аблаев, Нйколай Романович «Биохимия
в схемах и рисунках» Алматы, «Ғылым» 2001
ж. 288 стр.