Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2011 в 18:11, реферат
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
1. Құқықтық сана, жалпы түсінігі
1.1. Құқықтық психология
1.2. Құқықтық идеология
1.3. Құқықтық сана міндеттері
2. Құқықтық мәдениет, жалпы түсінігі
2.1. Құқықтық мәдениет көрінісі
2.2. Әлеуметтік-құқықтық он белсенділік
2.3. Заңды мінез-құлық вариациялары(түрлері)
Құққтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқықбұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жпасауына сәйкес келуін анықтайды.
Құқық өз нормаларына сәйкес мінез-құлыққа оң көзқараста болады. Алайда егер жеке адам заңды бұзбаса, құқық нормаларын жазалаудан қорыққандықтан немесе өзінің комформизмі салдарынан, яғни жұрттың бәрі сияқты істеймін принципі бойынша бұзбайтын болса, бұл әлі де оның қажетті құқықтық мәдениеті бар екендігі білдірмейді.
Сол сияқты жеке адамның немесе топтың кез-келген құқықтық белсенділігін құқықтық мәдениетке жатқызуға болмайды. Заңдарды білуге және оларды өздері қызмет етіп жүрген мақсаттарға зиян келетіндей етіп пайдалануға болады. Өмірде құқықтарды, сөз бостандығын қоғам мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, қиянат жасау да сирек кездеспейді. Керісінше, заңсыз әдістермен ізгі мақсаттарға жетуге тырысатын кездер де болады. Демек, әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе ұжымның жеткілікті құқықтық мәдениетінің компоненті деп танылуы мүмкін.
Заңды мінез-құлықты оның мотивтері бойынша әлеуметтік-құқықтық оң белсенділікке(заңды мінез-құлықтың дұрыстығы мен пайдалылығына сенуге негізделген); конформистік мінез-құлыққа(ұғынбай тұрып және құқықтық белсенділік болмай, заң нұсқауларына бағыну) және маргиналдық мінез-құлыққа(құқық нормаларын жазалаудан қорқып сақтау) жіктеумен қатар, юриспруденцияда заңды мінез-құлықты оның қоғамдық маңыздылық дәрежесіне қарай да бөлу жүргізіледі.
Осы
өлшем бойынша заңды қажетті
мінез-құлық(мысалы, қарулы күштерде қызмет
ету); заңды қалағанындай мінез-құлық(ғылыми
немесе көркем шығармашылық); заңды жол
берілетін мінез-құлық(діни-ғұрыптарды
атқару және т.б.) болады.