Қылмыстық жазаны тағайындау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:07, реферат

Краткое описание

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Оглавление

КІРІСПЕ................................................................................................................3
І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ........................5
1.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері........................................................5
1.2 Жаза тағайындау түрлері..............................................................................13
1.2.1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.........................13
1.2.2 Бірнеше қылмыс бойынша жаза тағайындау...............................................16
1.2.3 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.............................................................................................................17
1.2.4 Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау...............................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30

Файлы: 1 файл

Қылмыстық жазаны тағайындау.docx

— 48.10 Кб (Скачать)

Жаза тағайындау, яғни айыптау  үкімін шығарарда жаза таңдау сот  қызметіндегі маңызды, жауапты сәт.

Жазаның тағайындалуы әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне, сотталған  адамның түзелуіне, сотталғанның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасауын  болдырмауға көмегін тигізеді.

Бұл мақсатқа қол жету үшін жаза дәлелді де әділ болуға тиіс. Қылмыс жасаған адамға, делінген ҚК-тің 52-бабында, оның түзелуі және жаңа қылмыстың  алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс.

Соттың жаза тағайындауға осы тұрғыдан қарауы ҚР ҚК-нің 52-бабында  келтірілген жаза тағайындаудың  жалпы негіздерін (ережесін) қамтамасыз етеді. Бұл бап сот үшін жаза тағайындаудың  нақты емес, жалпы ережесін белгілейді, ол бір жағынан соттың заңды қатаң  бағдарға алуын көздейді, екінші жағынан  жаза тағайындағанда оның өзінше ынта көрсетуіне мүмкіндік береді.

Жаза тағайындау белгілі  бір принциптерге негізделеді, олар қылмыстық заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы принциптерінің нақты көрінісі болып табылады. Жаза тағайындаудың негізінде жатқан принциптер мыналар: заңдылық, адамгершілік, жазаның әділеттілігі, жазаның дәлелділігі және үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер ҚК нормаларында өз көрінісін табады.

Жаза тағайындаудың жалпы  негіздері - заңда белгіленген критерийлер, сүйенетін ережелер, әрбір нақты  іс бойынша жаза тағайындағанда сот  оларды басшылыкқа алады.

Басқа сөзбен айтқанда, қандай қылмыстық іс қаралмасын, айыпкерге  кандай жаза қолданылмасын, сот осы  жалпы критерийлерге сүйенуі  керек.

ҚК-тің 52-бабына сәйкес жаза тағайындаудың жалпы негіздері  мынадай үш критерийден тұрады. Сот  жазаны:

1)  ҚК-тің Ерекше бөліміндегі  сол қылмыс үшін жауаптылық  көзделген баптар шегінде;

2)   ҚК-тің Жалпы бөлімінде  қарастырылған жағдайларды ескеріп;

3)  қылмыстың сипаты  мен   қоғамға қауіптілік дәрежесін,  айыпкердің жеке басын, қылмысқа  дейінгі және оны жасағаннан  кейінгі оның мінез-құлқын, жауаптылық  пен жазаны ауырлататын және  жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ  тағайындалған жазаның   сотталған  адамның түзелуіне және оның  отбасысының немесе оның асырауындағы  адамдардың тіршілік жағдайына  ықпалын ескеріп белгілейді.

Осы критерийлерді қарастырайық:

1. Сот жазаны ҚК-тің  тиісті баптарында белгіленген  шекте тағайындайды. Бұл — сот  жазаны ҚК-тің Ерекше бөлімінің  айыпкер жасаған қылмыс сараланатын  баптың санкциясы шегінде ғана  тағайындай алады деген ұғым. Мысалы, ҚК-тің 264-бабының 2 бөлігінің  санкциясы екі жылдан жеті  жылға дейінгі мерзімге бас  бостандығынан айыруды көздейді. ҚК-тің осы нормасы бойынша  соттағанда сот бұл баптың  санкциясы бойынша белгіленген  ең көп және ең аз мерзімдер  шегінде жаза тағайындауға тиіс.

Нақты жағдайға байланысты жаза тағайындауда санкция түрінің  маңыздылығы бар. Өзінің түріне қарай  қылмыстық кодекстегі санкциялардың  көбі салыстырмалы-анықталған, яғни жазаның  түрі, оның жоғарғы және төменгі  шектері көрсетілген. Мұндай санкциялар жазаны жеке даралау үшін үлкен мүмкіндіктер береді.

Балама санкцияларда екі  және одан көп негізгі жазалар  көрсетіледі, сот оның кез-келгенін таңдай алады. ҚК-тегі санкциялардың  көпшілігі балама. Олар жазаны жеке даралауға, оның мерзімі мен түрін  анықтауға көп мүмкіндік береді.

Қандай жағдай болса да, сот Ерекше бөлімнің бабындағы санкцияда  белгіленген ең жоғарғыдан (жоғарғы  шектен) жоғары жаза тағайындай алмайды (мысалы, ҚК-тің 264-бабының 2 бөлігі бойынша  жеті жыл).

Егер сот оған жол берсе, онда жаза тағайындаудағы принцип бұзылады. Бірақ, ҚК-тің 55-бабында көзделген  мән-жайлар болса, сот ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда  көзделген ең төменгіден (төменгі  шектен) төмен жаза тағайындай алады. Бұл жаза тағайындаудағы адамгершілік принципінің өзінше көрінісі.

2.   Сот  жазаны   ҚК-тің  Жалпы   бөлімінде  қарастырылған жағдайларды ескеріп  тағайындайды. Бұл   жазаның   кейбір   түрлерін   қолданудың  мақсатына, түрлеріне, шарттарына, сондай-ақ жаза тағайындау тәртібіне  қатысы бар ҚК-тің жалпы бөлімінде  қарастырылған жағдайларды соттың  басшылыққа алуы тиіс екендігін  көрсетеді. Мысалы, ҚК-тің 359-бабындағы  санкцияда екі жылға дейінгі  мерзімге бас бостандығынан айыру  түріндегі жаза көзделген.

Бұл бап бойынша бас  бостандығынан айырудың ең аз мерзімі, ҚК-тің 48-бабындағы жағдайларды ескергенде, алты ай деп белгіленген. ҚК-тің осы  нормасы бойынша соттағанда сот  алты айдан екі жылға дейінгі  мерзімді тағайындау керек.

Жаза тағайындай отырып сот  қаралған іс бойынша толық тұжырым  жасайды, жазалаудағы мақсатқа жету үшін жазаның қандай түрі және мерзімі  жеткілікті екендігін анықтайды.

Мысалы, аяқталмаған қылмысты жасағаны үшін айыпталған адамға жаза тағайындағанда сот қылмыстың ақырына  дейін жетпеуіне себеп болған мән-жайларды есепке алу жөніндегі  ҚК-тің 56-бабының 1 бөлігінің талаптарын ескереді.

Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, оны жасауға  адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, оның келтірген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен  мөлшері жөніндегі 57-баптың 1 бөлігіндегі  жағдайды соттың ескеруі тиіс.

Егер адам бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұсталса, онда үкім заңды күшіне енгенше қамауда  ұсталған уақытты бас бостандығынан  айыру түріндегі жазаның мерзіміне  жатқызу жөніндегі 62-баптың 3 бөлігінің  талабын соттың ескеруі қажет.

Жаза тағайындай отырып, сот ҚК-тің 38-бабында белгіленген  мақсаттарды көздейді. Егер қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы орын алса, онда сот ҚК-тің 58, 60, 61-баптарында белгіленген тәртіп бойынша, ал кайталанған  қылмыс болса - ҚК-тің 59-бабында белгіленген  тәртіп бойынша жаза тағайындайды. Соттың ҚК-тің Жалпы бөлімінде  қарастырылған басқа жағдайларды  да ескеруі қажет. Атап айтқанда, шартты түрде соттау немесе жаза өтеуді кейінге  қалдыру мүмкіндіктерін қарастырады (ҚК-тің 63, 72,74-баптары).

Жаза тағайындау кезінде  қылмыстық заңның жалпы бөлімінде  қарастырылған жағдайларды соттың елемеуі әділқазылық жасағанда  заңдылықтың өрескел бұзылуы  болып табылады, ол дәлелсіз үкім шығаруға әкеп соғады.

3. Жаза тағайындаған кезде  қылмыстың сипаты мен қоғамға  қауіптілік дәрежесін, айыпкердің  жеке басын, сондай-ақ жауаптылық  пен жазаны ауырлататын және  жеңілдететін мән-жайларды соттың  ескеруі қажет. Жаңа қылмыстық  заң, осы аталғандардан басқа,  айыпкердің қылмыс жасағанға  дейінгі және одан кейінгі  мінез-құлқын, сондай-ақ тағайындалған  жазаның сотталған адамның түзелуіне  және оның отбасының немесе  оның асырауындағы адамдардың  тіршілік жағдайына ықпалын ескеруді  міндеттейді.

Жаза тағайындаудың және қылмыстың қайталануының алдын  алудың тиімділігі қылмыстың жан-жақты, дұрыс бағалануына тікелей байланысты.

Жасаған қылмысы қоғамға  онша қауіп төндірмейтін адамдарға  бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданған дұрыс, және керісінше, ауыр қылмыс жасаған адамға сот қатаң  жаза тағайындау керек, себебі ондай  әрекет жасаған адамның бойын  қоғамға жат қылық жайлап алған, одан арылту үшін оны ұзақ уақыт  көзден таса қылмай тәрбиелеу қажет.

Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты, бәрінен бұрын, қастандық  жасалған нысан бойынша анықталады жасалған қылмыстан қандай қоғамдық қатынастар бұзылады немесе бұзылу қаупі  туады, яғни бұл қоғамға қауіптіліктің  сапалық сипаттамасы (6, 407 б.). Осы  тұрғыдан алғанда қандай да болсын адам өлтірудің ар-ұждан мен қадір-қасиетке қастандық жасаудан айырмашылығы бар, денсаулыққа қарсы қылмыстың  мүліктік қылмыстан айырмашылығы бар.

Қоғамға қауіптілігі тұрғысынан қылмыс жасаудың себептері де, тәсілдері  де, басқа мән-жайлар да маңызды рөл  атқарады. Мысалы, аса қатыгездікпен, бұзақылық  ниетпен   немесе   жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін  пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабының «д», «и», «м»  тармақтары) қажетті қорғаныс шегінен  шығу кезінде жасалған кісі өлтіруге қарағанда (ҚК-тің 99-бабы) ауыр қылмыс болып  табылады.

Қоғамға қауіптілік сипатына қарай қылмыс түрлерінің бір-бірінен  айырмашылығы бар. Мысалы, ұрлыққа қарағанда  тонау қауіптірек, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуден адам өлтіру қауіптірек. Әрине, бұл қылмыстар үшін жазалар   да әртүрлі болуы керек. Қылмыс ауыр болған сайын жаза   да қатаң  болуы тиіс,  және керісінше, кішігірім  немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды  жасағаны үшін, басқа мән-жайларды да ескеріп, жазаның жеңілірек түрін  қолдану керек.

Сонымен қатар соттар жасалған қылмыстың тек коғамға қауіптілік сипатын ғана емес, оның қоғамға  қауіптілік дәрежесін де ескеруге тиіс, егер қоғамға қауіптілік сипаты - сапалық  көрсеткіш болса, қоғамға қауіптілік дәрежесі — сандық көрсеткіш.

Жаза тағайындаған кезде  сот ескеруге тиісті қоғамдық қауіптілік дәрежесі нақты қылмыстың ауырлығын  анықтайды, ол сол қылмыстық әрекеттің  жеке ерекшеліктеріне байланысты.

Мысалы, ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген ұрлықтың ірі мөлшердегі ұрлыққа қарағанда (ҚК-тің 175-бабының 3 бөлігі) қауіптілігі  аз. Қару қолданған теңіз қарақшылығы (КҚ-тің 240-бабының 2 бөлігі) ҚК-тің 240-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген  теңіз қарақшылығынан қауіптірек.

Қылмыстың бір түрінің  өзіндегі қоғамға қауіптілік дәреже келген зиянның мөлшеріне, сондай-ақ қылмыс жасаудағы көптеген басқа  мән-жайлардың жиынтығына байланысты (әрбір қатысушының қатысу сипаты мен дәрежесіне, айыптың формасына, қылмыс жасау жағдайына және кезеңіне). Сондықтан да жаза тағайындаған кезде, тек жасалған қылмыстың сипатын  ғана емес, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін де есепке алу жөніндегі  заң талабы әділ жаза тағайындаудың  бірден бір алғы шарты болып табылады.

Егер сот қылмысты   кімнің жасағанын,   жазаны кімге  қолданатынын дұрыс анықтап білсе, жазалаудағы мақсатқа да қол жетеді. Нақты қылмыс жасалғанда жалпы қылмыскер  деген ұғым болмайды, өзіне тән қасиеттері бар белгілі бір адам болады. Сол қасиеттер жаза шарасын таңдағанда оң не теріс ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан да сот жаза тағайындау кезінде айыпкердің жеке басына қатысты мәліметтерді жан-жақты, мұқият талдауы тиіс.

Әдебиеттерде «адамның жеке басы» деген ұғымға адамды әлеуметтік тұлға ретінде көрсететін, оның өзіндік  қасиеттері мен қайталанбас ерекшеліктерін неғұрлым толық ашатын өзгешеліктер деген түсініктеме берілген (8, 6-36 б).

Адамның жеке басы деген  ұғым - оның қоғамдық мәнін, адамның  әлеуметтік-психологиялық және дара биологиялық ерекшеліктерін қамтиды.

Арнаулы алдын алу, қылмыскерді  түзеу сияқты жазаның мақсаттарына қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтағанда ғана қол жеткізуге болады.

Кімнің жазаланатынын, сотталушының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін, оны түзеудің және қайта тәрбиелеудің қандай мүмкіндігі бар екендігін  білу өте қажет. Анықтама, тергеу органдары, сот қылмыскердің мына жақтарын мұқият зерттеп білуге тиіс: әлеуметтік бейнесін, тұрмыс салтын, үйде, тұрмыста оны қоршаған ортаны, әдептілік принциптерін, рухани байлығын, идеалын, немен айналысатынын, психологиялық ерекшеліктерін, жауаптылық қабілетінен айырмайтын психикалық өзгешеліктерін, жасаған ұнамды немесе ұнамсыз әрекеттерін, еңбек ұжымындағы беделін, т.б.

Заң және қылмыстық заң  теориясы қылмыс жасаған адамға тән  белгілер жиынтығын екі топқа  бөледі: бірінші топты қылмыс субъектісінің  белгілері құрайды, екінші топ қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілерді біріктіреді.

Субъектінің есі дұрыстығы, ең төменгі жасы, арнаулы субъекті туралы мәліметтер қылмыс құрамының  міндетті түрдегі белгілері болып  табылады, олар әрекеттің қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын көрсеткіштер.

ҚР Жоғарғы   сотының  практикасында заңның бұл талабына баса назар аударылған. Сотталушының жеке басы туралы мәліметтерді жан-жақты  есепке алу қажеттігіне соттар әрқашан  да мән береді. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, оның еңбекке  қабілеттігін, еңбекке, оқуға көзқарасын, соттылығы туралы деректерді анықтау  керек (9, 3 б).

Жоғарыда аталғандай, айыпкердің жеке басы деген ұғым сипаты жағынан  әртүрлі белгілерді қамтиды. Олардың  кейбірінде психологиялық, ал кейбірінде әлеуметтік түбір бар.

Сыртқы жағдай айыпкердің мінез-құлқына ықпал жасай отырып оның сана-сезімін, ерік-ынтасын қалыптастырады, психологиялық келбетіне мазмұн береді. Әркімнің ой-түсінігі өзінше. Әрбір  адамның өз көзқарасы, сенімі, дағдысы, жұмысқа, отбасына, айналасындағы адамдарға  және тірліктегі басқа құндылықтарға  деген өз түсінігі болады. Әр адам өмір құндылықтарын өзінше сатылап, бір  жүйеге келтіреді, оны А.И.Чучаев «өмір  құндылықтарының сатысы» деп  дұрыс атаған, ол сатыда әр құндылықтың  өз орыны бар, ал түзеу процесі  дегеніміз — сол құндылықтарды  «ауыстыру» арқылы әрқайсын өзінің лайықты  орынына қою (10, 409 б).

Адамның сана-түсінігінің  бұзылу сипаты жасалатын қылмыстың  түрін анықтайды, ал оның қаншалықты бұзылғандығы - қылмыстық мінез-құлықтың сипатын көрсетеді. Жаза тағайындаған кезде сот сол адамның өмір құндылықтарына көзқарасын, оның ой-түсінігінің  бұзылу сипатын және қаншалықты бұзылғандығын  қалайда ескеруі тиіс.

Сонымен қатар адамның  әлеуметтік қасиеттерінің маңыздылығын да бағалау керек. Сот айыпкерді  тек қылмыстық жауапкершілікті  көтере алатын жәй субекті ретінде  ғана емес, қоғамның, белгілі бір  адамдар ұжымының мүшесі, адам ретінде  қарастыру керек. «Адам - қоғамдық қатынастар жиынтығы, адамның ой-түсінігі әуелбастан-ақ қоғамдық өнім, ол адамға тән ерекшелік  болып қала береді», - деген К. Маркс (11, 3 б.).

Сот айыпкердің қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары немесе төмен  екендігін көрсететін оның әлеуметтік қасиеттерін ашуға тиіс. Жаза тағайындаған кезде сот сотталушының мынадай  әлеуметтік ерекшеліктерін ескеруге тиіс: еңбек міндеттемелерін орындауға  көзқарасын, нормативтік міндеттеулер мен этикалық ережелерді сақтауын, тұрмыстағы мінез-құлқын, т.б.

Информация о работе Қылмыстық жазаны тағайындау