Үкім шығару

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 20:28, лекция

Краткое описание

Үкім — бұл кеңесу бөлмесінде сотталушының айыпты не айыпсыздығын, оған жаза қолдану керек немесе оны қылмыстық іс жургізуден босатуын шешетін сот шешімі. Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкім шығарады. Сот үкімі сотқа қандай болмасын ықпал ету мүмкіндігін болдырмайтын жағдайда кеңесу бөлмесінде шығарады. Үкім шығару кезінде кеңесу бөлмесінде осы іс бойынша соттың құрамына енетін сот төрешілері ғана болады, өзге адамдардың, соның ішінде запастағы сот төрешісінің болуына жол берілмейді.

Файлы: 1 файл

22.doc

— 68.50 Кб (Скачать)

6)сотталушыны құрметті, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыру (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізу) туралы шешім;

7)егер үкім қабылданғанға  дейін сотталушы ұсталса және  оған қамау, үйде қамап ұстау түрінде бұлтартпау шаралары қолданылса немесе ол арнаулы медициналық мекемеге орналастырылса, алдын ала қамауда ұстауды есепке алу туралы шешім;

8)мәжбүрлеп емдеуді қолдану және сотталушыға қорғаншылық белгілеу туралы шешім;

9)үкім занды күшіне  енгенге дейін сотталушыға қатысты  бұлтартпау шаралары туралы шешім  көрсетілуге тиіс.

Егер сотталушыға қылмыстық  заңның бірнеше бабы (баптың бөліктері, тармақтары) бойынша айып тағылса, онда үкімнің қорытынды бөлігінде сотталушы олардың қайсысы бойынша сотталғаны көрсетілуі тиіс. Сотталушының іс-әрекеттерін қайта дәрежелеу қажеттігі туралы тұжырымға келіп немесе кейбір баптардың (бап бөлігінің, бап бөлігі тармағының) артық тағылғанын анықтап, сот үкімнің сипаттамалы – дәледді бөлігінде әрекетті сол бойынша дәрежелеу керек болатын қылмыстық заңның бабын (баптың бөлігін, бап бөлігінің тармағын) көрсетеді және артық тағылған бапты (баптың бөлігін, баптың бөлігінің тармағын) алып тастау керектігін көрсетеді.

Сотталушы қылмысты өтеуден босатылған немесе үкім жаза тағайындалмай шығарылған немесе жазасын етеуді кейінге қалдыру қолданылған жағдайда, бұл туралы үкімнің қорытынды бөлігінде көрсетіледі.

Ақтау үкімі туралы түсінік «Үкім түрлері» тарауында айтылған (ҚР ҚІЖК 376-бап).

Ақтау үкімінің сипаттамалы — дәледді бөлігінде: тағылған айыптың мәнісі; сот белгілеген істің мән-жайы; сотталушының қылмыс жасаудағы кінәлілігі туралы пайымдау негізделген дәлелдерді сот дұрыс емес немесе жеткіліксіз деп таныған себептер; сотталушыны ақтау үшін негіз болатын дәлелдер; азаматтық талап-арызға қатысты шешімнің себептері баяндалады.

Ақтау үкімінде ақталушының  кінәсіздігіне күмән тудыратын тұжырымдарды қолдануға жол берілмейді (ҚР ҚІЖК 381-бап).

Ақтау үкімінің қорытынды бөлігінде: сотталушының тегі, аты және әкесінің аты ;сотталушыны кінәсіз деп тану жөне оны ақтау туралы шешім, ақтау негіздері, егер бұлтартпау тандалған болса, оның күшін жою туралы шешім; мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ егер мұндай шаралар қабылданған болса, залалды өтеуді қамтамасыз ету шараларын жою туралы шешім қамтылуға тиіс (ҚР ҚІЖК 382-бап).

Айыптау, сондай-ақ ақтау  үкімінің де қорытынды бөлігінде  ҚР ҚІЖК 380,382-баптарында санамаланған мәселелерден басқа:

1) ұсынылған азамаггық талап-арыз бойынша шешім;

2) заттай айғақтар туралы мәселені шешу;

3) іс жүргізу шығыстарын  бөлу туралы шешім;

4) апелляциялық шағымдардың  не үкімге наразылық келтірудің  тәртібі мен мерзімін түсіндіруі қамтылуға тиіс (ҚР ҚІЖК 383-бап). Сонымен үкімнің барлық бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты.

Үкімді жариялау (ҚР ҚІЖК 384-бап). Сот үкімге қол қойғаннан кейін сот отырыс залына оралады және төрағалық етуші не басқа сот төрешісі, не сот төрешілері кезек-кезегімен үкімді жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі, сот құрамын қоса алғанда, сот үкімін тұрып тындайды.

Егер үкім сотталушы (ақталушы) білмейтін тілде оқылса, онда аудармашы  үкім жарияланысымен немесе ілеспе түрде  оны сотталушының ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге дауыстап аударуға тиіс.

Төрағалық етуші сотталушыға (ақталушыға) процестің басқа да қатысушыларына үкімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ істі апелляциялық қарауға қатысу туралы өтініш беру құқығын түсіндіреді.

Ақталушыға оның заңсыз ұстаумен, айыпкер ретінде тартумен, бұлтартпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген зиянның орнын толтыруға деген құқығы, сондай-ақ осы құқықты жүзеге асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс.

Егер сотталушы ерекше жаза түрі - өлім жазасына кесілген болса, төрағалық етуші оған кешірім жасау туралы өтініш беру құқығын түсіндіреді.

Сотталушы ақталған кезде  не жаза тағайындамай немесе жазаны өтеуден  босатумен, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес немесе бас бостандығынан шартты түрде айыруға жаза кесу арқылы айыптау үкімін тағайындаған кезде қамауда ұсталған сотталушы сот отырысы залында қамаудан дереу босатылуға жатады (ҚР ҚІЖК 385-бап).

Үкім жарияланғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірмей оның көшірмесі сотталушыға немесе ақталушыға, қорғаушы мен айыптаушыға табыс етілуге тиіс. Егер сотқа аталған адамдардың өтініші түскен болса, үкімнің көшірмесі жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматгық жауапкерге және олардың өкілдеріне нақ сол мерзімде табыс етіледі.

Жеке қаулы алу. ҚР ҚІЖК-нің 387-бабына сәйкес сот оған негіз  болған кезде кеңесу бөлмесінде жеке қаулы шығарады, онда мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын іс бойынша анықталған заңның бұзылу фактісіне, қылмыс жасауға себепші болған және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін себептер мен жағдайларға аударады.

Сот ісін талқылауда сот  тараптарына айыппұл салынуы  мүмкін.

Айыппұл негізінде сот процесіне келмеген, төрағалық етушінің тәртібіне бағынбаған жағдайда сот процесінің қатысушыларына салынады. Егер адамның іс-әрекетінен қылмыс жасауға себепші болатын әкімшілік теріс қылық анықталған жағдайда сот оған заңда көзделген жаза қолдануға құқылы.

Жеке қаулы, сондай-ақ сот анықтау, алдын ала тергеу жүргізу кезінде немесе істі төменгі сот қараған кезде жіберілген, азаматтардың құқықтарын бұзу және заңның басқа да бұзылуы байқалған кезде шығарылуы мүмкін.

Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарын жекелеген азаматтардың өндірістегі немесе тұрмыстағы теріс мінез-құлқына немесе олардын қызметтік не азаматтық борышын бұзуына аударуға құқылы немесе ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарына қылмыстың жолын кесуге немесе ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық немесе қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен жоғары саналылығы, ерлігі туралы жеткізе алады.

Жеке қаулы алуда  сот тарапынан бақыланып отырады. ҚР ҚІЖК-нің 387 бабының 6-бөліміне сәйкес, жеке қаулы бойынша бір ай мерзімнен кешіктірілмей қажетті шаралар қабылдануы және оның нәтижелері туралы жеке қаулы шығарған сотқа хабарлануы тиіс.

Бас бостандығынан айыруға  сотталған адамның кәмелетке  толмаған балалары, қарт ата-анасы, қараусыз калған басқа да асырауыңдағылар  бар болған кезде, сот айыптау үкімін қабылдаумен бір мезгілде аталған адамдарды қамқоршылыққа немесе туысқагдарының не басқа адамдарының немесе мекемелердің қорғаншылығына өткізу туралы, ал сотталушының қараусыз қалатын мүлкі немесе үй-жайы бар болған кезде оларды күзету жөнінде шара қолдану туралы қаулы шығарады.

Қажет болған жағдайда сот  қылмыстың салдарынан жәбірленушінің ауыр жарақат алуына немесе қайтыс болуына байланысты оның қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, еңбекке жарамсыз ата-аналарын, қамқорлығындағы басқа да адамдарды орналастыру туралы, сондай-ақ жәбірленушінің мүлкі мен тұрғын үйін қорғау туралы қаулы шығарады.

Іске тағайындау бойынша  қорғаушы қатысқан жағдайда, сот үкім қабылдаумен бір мезгілде сотталушыға  заң көмегін көрсеткені үшін төлеуге жататын сыйақының мөлшері туралы қаулы шығарады.

ҚР ҚІЖК-нің 388-бабының 1- және 2-бөлігінде аталған іс жүргізу  шешімдері мүдделі адамдардың өтініштері бойынша үкім жария етілгеннен кейін де қабылдануы мүмкін.


Информация о работе Үкім шығару