Толық серіктестік

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 14:06, доклад

Краткое описание

Толық серіктестік – шаруашылық серіктестіктердің барлық ұйымдық-құқықтық нысандарының ішіндегі ең ежелгісі. Бұл нысанда тұлғалық элементі ерекше айқын көрсетілген және серіктестік міндеттемелері бойынша қатысушылардың жауапкершілігін шектемейді.

Файлы: 1 файл

толык сериктестик.docx

— 20.13 Кб (Скачать)

2 ТОЛЫҚ  СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 

    2.1 Толық  серіктестік түсінігі, оның қатысушыларының  құқықтары мен міндеттері  

   Толық серіктестік – шаруашылық серіктестіктердің  барлық ұйымдық-құқықтық нысандарының ішіндегі ең ежелгісі.  Бұл нысанда  тұлғалық элементі ерекше айқын көрсетілген  және серіктестік міндеттемелері бойынша  қатысушылардың жауапкершілігін шектемейді. [39, С.45].

   Толық серіктестік жеке тұлғамен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік секілді сауда қызметін жүзеге асырудың жеткілікті түрдегі  ескі нысаны болып табылады. Сауданың дамуы капиталдардың біріктірілуімен  қатар, сауда операцияларын жүргізу  үшін көпестердің дербес күш салуын талап етті, сондықтан серіктестіктердің  алғашқы нысандары Ежелгі Римде  белгілі бола бастады, ал жаңа заманғы  толық серіктестіктердің белгілеріне  ие алғашқы серіктестіктер шамамен 12 ғасырдың бірінші жартысында Венецияда  «сауда компаниясы» деген атаумен  пайда болды. Толық серіктестіктердің  қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана емес, заңды тұлғалар да болды. [40, С.82].

   Көптеген  мемлекеттердің заңнамасы толық  серіктестік деп (ағыл. General partnership, неміс. offene Handelsgesellschaft, франц. Societe en nom collectif) жеке және заңды тұлғалардың ортақ  фирма астында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылған бірлестігі түсініледі. [41, С.128].

   Сауда серіктестіктері туралы 1966 жылғы  Франция заңы толық серіктестікті  қатысушылары саудагерлер ретінде  шығатын және серіктестіктер деп  аталып, серіктестік міндеттемелері бойынша шектелмеген және ортақ  жауапкершілікте болатын бірлестік  деп анықтайды. Францияда толық  серіктестік заңды тұлға болып  табылады. Сонымен бірге Ресей, Франция  және оның жеке құқық жүйесіне кіретін  мемлекеттер құқығына сәйкес толық  серіктестіктер заңды тұлғалар болып  табылады.

   АҚШ және Англиядағы толық серіктестікке  серіктестіктің ерекше түрі партнершип сәйкес келеді. Партнершип ортақ фирма астында әрекет ететін шарттық бірлестік болып табылады. Англияда да, АҚШ-та да партнершип заңды тұлға болып табылмайды. Партнершиптің атынан шарттар жасалады, құжаттарға қол қойылады, сотта және арбитражда талап қойылады.[42, С.82].

   Толық серіктестіктің қатысушылары екіден кем  емес жеке тұлғалар болуы мүмкін, оған қоса азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады.  Сонымен  қатар, ол бір уақытта сенім серіктестігінің  толық қатысушысы бола алмайды.Қатысушылар санының жоғарғы шегі шектелмеген.

   ҚР  Азаматтық кодексінің шаруашылық серіктестіктер туралы ережелерін сипаттай келе, екі  ерекшелікті атап көрсету керек. Бұл, біріншіден, «Азаматтық құқық субъектілері»  атты 2 тарау аясында, олар бірден жалпы  бөлімнен кейін орналасқан және ерекше бөлімде заңды тұлғалардың барлық басқа үлгілері туралы ережелерден  бұрын жүреді; екіншіден, ішкі құрлымына  байланысты шаруашылық серіктестіктертуралы ережелердің үш категориясы бар: а) барлық серіктестіктерге ортақ ережелер( 58-62 баптар;), б) толық серіктестіктер туралы арнайы ережелер(63-71 баптар); в) сенім серіктестігі туралы арнайы ережелер(72-76 баптар); г) жауапкершілігі шектеулі(77-83баптар)  және қосымша жауапкершілігі бар  серіктестіктер(84 бап) туралы арнайы ережелер.

   Толық серіктестіктің өзіне қатысты ҚР Азаматтық кодексі 2 тарауының үш түрлі нормалары әрекет етеді: ҚР Азаматтық кодексі 2 тарауының «Заңды тұлғалар» туралы 2 бөлігі, 2 бөліктің «толық серіктестіктер» туралы арнайы нормалары, барлық шаруашылық серіктестіктерге ортақ «жалпы ережелердің» нормалары  және ҚР АК-нің  2 тарау, §2  нормалары.

ҚР АК-нің 63 бабына сәйкес, толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады.

   Толық серіктестік қатысушылары кез-келген корпоративтік ұйымдар үшін дәстүрлі құқықтар мен міндеттер жиынтығына ие. Оларға мынадай құқықтар берілген:

   - серіктестік істерін басқаруға қатысуға; егер құрылтай құжаттарымен басқаша көзделмесе, әрбір қатысушы жоғары органда дауыс беруде бір дауысқа ие;

   - серіктестіктің қызметі туралы толық ақпарат алуға;

   - құрылтай құжаттарымен өзгеше  көзделмесе, жарғылық капиталдағы  үлес көлеміне қарай таза табыс  бөілігін алуға; 

   - серіктестіктен шығуға;

   - серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін  қалған мүліктің жарғылық капиталдағы үлеске пропорционалды бір бөлігін  алуға;

   Сонымен қатар, толық серіктестік қатысушыларының  келесідей  міндеттері бар:

   - құрылтай құжаттарының ережелерін  сақтауға;

   - серіктестік қызметіне қатысуға, соның ішінде серіктестік атынан  істерді жүргізуге немесе қызметін  жүзеге асыруға көмек көрсетуге; 

   - құрылтай құжаттарында көзделген  тəртіпте, мөлшерде жəне мерзімде  салымдар енгізуге;

   - қалған қатысушылардың келiсiмiнсiз өз атынан және өз мүдделерi үшiн серiктестiк қызметi мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасасудан бас тартуға;

   - серіктестік қызметі туралы коммерциялық  құпияны жария етпеуге; Аталған  құқықтар мен міндеттердің тізімі  толық емес, ол заңнамалық актілер  және құрылтай құжаттарымен кеңейтілуі  мүмкін.

   Қатысушы  серіктестік пен оның қатысушыларына зиян келтіретіндей өз міндеттемелерін  орындамаған жағдайда, басқа қатысушылар  зиянды өтеттіруге құқылы, ал елеулі залал  келтірсе – сот тәртібімен серіктестіктен шығарып жіберуге. Толық серіктестіктегі  тұлғалық элементтің маңызды болу міндеттемесі шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықпен  регламенттелетін үлестен айыру  рәсімінде көрініс табады. Осыған байланысты толық серіктестіктің ерекшелігі төмендігіден тұрады: жарлық мағынасына да сәйкес, үлестен айыру кез-келегн нысанда және кімнің пайдасына берілетініне қарамастан(басқа қатысушыға немесе үшінші тұлғаға), қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана мүмкін болады. Сонымен  қатар, әрекет қабілетсіз деп мойындалған  немесе хабар-ошарсыз жоғалған, не қатысушы әрекеттілігінен шектелген(егер серіктестік  тоқтатылмаса) қатысушы қамқоршысының  серіктестік қызметіне қатысуына  барлық қатысушылардың келісімі талап  етіледі. Барлық қатысушылардың келісімінсіз серіктестікке жаңа қатысушыларды  қабылдауа да мүмкін емес.

   Толық серіктестік өзінің қатысушыларымен  байланысты мына келесі жағдайлардың бірі болса, таратылады:

   - қатысушының серіктестіктен шығуы;

   - қатысушының банкрот деп танылуы; 

   - несие берушілердің қатысушы  үлесін өндіріп алуға өтініш  жасауы;

   - қатысушының қайтыс болуы немесе  қайтыс болды деп жариялау (бұл  жағдайда оның мұрагері қалған  барлық қатысушылардың келісімімен  серіктестікке кіре алады;

   - қатысушыны хабар-ошарсыз кетті,  әрекет қабілетсіз немесе әрекет  қабілеттілігі шектеулі деп тану;

   Аталған жағдайлар болса және құрылтай құжаттары  немесе қатысушылар келісімімен  өзгеше көзделмесе, толық серіктестік  таратылады. 

   Қатысушының толық серiктестiктiң жеке борыштары  бойынша өз үлесiн өндiрiп алуға  өтiнiш жасауына борыштарды өтеу үшiн  оның басқа мүлiктерi жеткiлiксiз болған жағдайда ғана жол берiледi. Мұндай қатысушының  несие берушiлерi толық серiктестiктен серiктестiк мүлкiнен ақы өндiрiп  алу мақсатымен борышқордың жарғылық капиталдағы үлесiне сәйкес мүлiктiң  бiр бөлiгiн бөлiп берудi талап  етуге құқылы.

   Толық серіктестіктің қатысушылары үшін заңшығарушы  серіктестіктен еркін шығу құқығын  сақтап қалады. Ол үшін қатысушыға жалпы  ереже бойынша 6 ай мерзімнен кешіктірмей  мәлімдеме жасауы жеткілікті. Серіктестіктен шығу кезінде қатысушы жарғылық капиталдағы  үлесіне тең мүлік бөлігі құнын  алуға құқылы.[43, С.157].

   Қатысушылар қалатын қатысушылардың бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша және оған дәлелдi себептер болған жағдайда, атап айтқанда, оның (олардың) өз мiндеттерiн  дөрекi бұзуы немесе iс жүргiзу қабiлетсiздiгi байқалған жағдайда серiктестiктен сот тәртiбiмен шығарылуы мүмкін.

   Азамат  бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола алады. Толық және сенім серіктестігінен  басқа, шаруашылық серіктестікті бір  тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.

   Толық серіктестік қатысушыларының саны мен мәртебесі туралы сұрақ ерекше талқылауды талап етеді. Олар тек  жеке тұлғалар бола алады, және Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола алады. Осылайша ол бір уақытта сенім серіктестігінің толық қатысушысы бола алмайды.

   Қатысушылар санының жоғарғы шегі шектелмеген.

   Толық серіктестіктегі тұлғалық элементтің маңызды болу фактісі шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықпен регламенттелетін үлестен айыру рәсімімен дәлелденеді. Осыған байланысты толық серіктестіктің ерекшелігі төмендігіден тұрады: жарлық мағынасына да сәйкес, үлестен айыру кез-келген нысанда және кімнің пайдасына берілетініне қарамастан(басқа қатысушыға немесе үшінші тұлғаға), қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана мүмкін болады.

   Сонымен қатар, әрекет қабілетсіз деп мойындалған  немесе хабар-ошарсыз жоғалған, не қатысушы әрекеттілігінен шектелген(егер серіктестік  таратылмаса -  Заңның 15 бабы) қатысушы қамқоршысының серіктестік қызметіне  қатысуына барлық қатысушылардың келісімі талап етіледі.

   Барлық  қатысушылардың келісімінсіз серіктестікке  жаңа қатысушыларды қабылдауа да мүмкін емес(Заңның 22 бабы).

   Толық серіктестік серiктестiкте жалғыз қатысушы қалып, ол алты ай iшiнде серiктестiктi қайта құрмаса немесе жаңа қатысушылар  қабылдамаған жағдайда да таратылады(ҚР АК 71 бабы).

   Толық серiктестiкке қатысушының қалған қатысушылардың келiсiмiнсiз өз атынан және өз мүдделерi немесе үшiншi жақтардың  мүдделерi үшiн серiктестiк қызметi мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасасуға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не серiктестiкке келтiрiлген залалдың орнын толтыруын, не осындай  мәмiлелерден тапқан бүкiл пайданы  серiктестiкке беруiн талап етуге  құқылы.

   Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған толық  серiктестiктiң органдары барлық қатысушыларға олардың талап  етуi бойынша өз қызметi туралы толық  ақпарат берiп отыруға мiндеттi.

   Өкiлеттiгi болмаса да ортақ мүдделер үшiн  әрекет жасаған қатысушы, оның әрекеттерiн  қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер өз әрекеттерiнiң арқасында  серiктестiк құны жөнiнен серiктестiк  шеккен шығындардан асып түсетiн  мүлiктi сақтап қалғандығын немесе тиiсiнше  сатып алғандығын дәлелдеген жағдайда серiктестiктен өзi жасаған шығындардың  орнын толтыруды талап етуге  құқылы.

   Қатысушы  серіктестік пен оның қатысушыларына зиян келтіретіндей өз міндеттемелерін  орындамаған жағдайда, басқа қатысушылар  зиянды өтеттіруге құқылы, ал елеулі залал  келтірсе – сот тәртібімен серіктестіктен шығарып жіберуге.

   ФРГ-ғы толық серіктестіктің қатысушылары ретінде жеке және заңды тұлғалар да шыға алады. Францияда алайда,  егер заңды тұлға толық серіктестіктің мүшесі болса, оның басқарушылары өздері басқаратын заңды тұлғаның ортақ жауапкершілікте болатын толық серіктестіктермен бірдей жағдайлар мен міндеттерге ие болып, сондай жауапкершілікте болады. [42, С.125]. Өз уақытында революция алдындағы цивилист А.П. Башилов толық серіктестік мүшелерін былай анықтады: «Толық серіктестіктердің әрқайсысы келісім шарттарымен байланысты болуына қарамастан, сауда-құқықтық қатынастардың жеке субъектісі болып табылады, иесі ретінде әрекет етеді, сондықтан да сенімхатты қажет етпейді».[44, С.85].  Басқа тұлғалардың қатысуы серіктестіктің қалған барлық қатысушыларының келісіміне тәуелді.

   Серіктестік қызметінің басты мақсаты табыс  келтіру болып табылады.  
      Көрсетілген мақсатқа жету үшін серіктестік келесідей заңмен тыйым салынбаған негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады. Серіктестік лицензия негізінде тізімі заңнамалық актілермен айқындалатын жеке қызмет түрлерімен айналыса алады.

Информация о работе Толық серіктестік