Мұрагерлік құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 21:04, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті.

Файлы: 1 файл

мұрагерлік құқық.doc

— 135.00 Кб (Скачать)

Өсиеттiң күшiн жою  және оны өзгерту

  Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы. Өсиеттiң күшi: 1)нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру; 2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкiн. Нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту туралы өтiнiш беру; бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша өзгертетiн жаңа өсиет жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн. Бұрын жасалып, кейiнгi өсиет арқылы толық немесе iшiнара күшi жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегiнде соңғысының күшiн жойса немесе өзгертсе, қалпына келтiрiлмейдi.

Өсиеттiң құпиясы

 

      Нотариустың,  өсиеттi куәландыратын басқа адамның,  куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының  орнына өсиетке қол қоятын  азаматтың мұра ашылғанға дейін  өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына,  күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне  қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.

Өсиетке түсiнiк  беру

 

      Нотариус, өсиеттi орындаушы немесе сот  өсиетке түсiнiк берген кезде  ондағы сөздер мен тiркестердiң  дәлме-дәл мәнi назарға алынады.  өсиеттiң қандай да болсын ережесiнiң  дәлме-дәл мағынасы түсiнiксiз болған кезде ол осы ереженi басқа ережелермен және өсиеттiң тұтас мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.

Өсиеттiң жарамсыздығы

  Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттiң жарамсыздығы Азаматтық Кодекстiң Мұрагерлік құқықтағы мәмiлелердiң жарамсыздығы туралы ережелерiне де негiзделедi Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың Азаматтық Кодекспен белгiленген тәртiбiнiң бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап шеккен адамның талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Өсиеттегi жекелеген өкiмдердiң жарамсыздығы өсиеттiң қалған бөлiгiнiң жарамдылығын қозғамайды.  Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы өсиет бойынша мұрадан айрылған мұрагер, белгiленген тәртiппен заң бойынша мұра алу құқығына ие болады.

Өсиеттiк бас  тарту (легат)

 

    Өсиет  қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге  мұра есебiнен өсиеттiк бас  тартуды орындауды талап ету  құқығын алатын бiр немесе бiрнеше  адамның (бас тартылушылардың)  пайдасына қандай да болсын  мiндеттеменi (өсиеттiк бас тарту) орындауды жүктеуге құқылы.    Заң бойынша мұрагерлер қатарына кiретiн адамдар да, кiрмейтiн адамдар да бас тартылушылар (легатарийлер) болуы мүмкін. Өсиеттiк бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудiң құрамына кiретiн заттарды бас тартылушының меншiгiне, пайдалануына немесе өзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кiрмейтiн мүлiктi беру, ол үшiн белгiлi бiр жұмысты орындау, оған белгiлi қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкiн.  Өсиет қалдырушы өсиеттiк бас тартуды жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан мұраның шын мәнiндегi құны шегiнде және мұра қалдырушы қарыздарының өзiне артылған бөлiктерiн шығарып тастап орындауға тиiс.  Егер өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагердiң мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы болса, оның бас тартуды орындау мiндетi өзіне ауысқан мұраның оның міндетті үлесінің құнынан асатын құнымен шектеледi. Егер өсиеттiк бас тарту барлық немесе бiрнеше мұрагерге жүктелсе, өсиетте өзгеше көзделмесе, ол мұрагерлердiң әрқайсысына мұрадағы үлесiне мөлшерлес салмақ салады.   Тұрғын үй немесе өзге де тұрғын үй-жай ауысатын мұрагерге өсиет қалдырушы тұрғын үй-жайды немесе оның белгiлi бiр бөлiгiн басқа адамға өмiр бойы пайдалануға беру мiндеттемесiн жүктеуге құқылы. Тұрғын үй-жайға меншiк құқығы кейiннен ауысқан жағдайда өмiр бойы пайдалану құқығы күшiн сақтайды.     Өмiр бойы пайдалану құқығы иелiктен айырылмайды, берiлмейдi және бас тартылушының мұрагерлерiне ауыспайды.   Бас тартылушыға берiлген өмiр бойы пайдалану құқығы, егер өсиетте өзгеше көрсетiлмесе, оның отбасы мүшелерiнiң тұруына негiз болмайды. Өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагер қайтыс болған жағдайда немесе ол мұраны қабылдамаған жағдайда өсиеттiк бас тартуды орындау оның үлесiн алған басқа мұрагерге, не мүлiк иесiз қалса, мемлекетке ауысады.  Өсиеттiк бас тарту мұра ашылғанға дейiн немесе ашылғаннан кейiн бас тартылушы қайтыс болған жағдайда, бiрақ өсиет бойынша мұрагер оны қабылдап үлгерген кезге дейiн орындалмайды. Бас тартылушы мұра қалдырушының борыштары үшiн жауап бермейдi.

 

     Жүктеу

 

   Өсиет  қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге қандай да болсын әрекет жасау немесе кредит берушi ретiнде осы мiндеттi атқаруды талап ету құқығын ешкiмге ұсынбастан одан тартыну мiндетiн жүктей алады. Жалпыға пайдалы мақсатты жүзеге асыру үшін осындай мiндет мұра қалдырушы жүктеудi атқаруға мүлiктiң бiр бөлiгiн бөлiп шығарған кезде өсиеттi орындаушыға жүктелуi мүмкiн. Мүлiктiк сипаты бар әрекеттер мәнi болып табылатын жүктеуге, тиiсiнше Азаматтық Кодекстiң 1074-бабының ережелерi қолданылады. Егер  Кодексте көзделген мән-жайлар бойынша мұраның жүктеудi орындау мiндетi мойнында болған мұрагерге есептелетiн немесе оған тиесiлi үлесi басқа мұрагерлерге ауысса, жүктеудi орындау міндеті тоқтатылады.

 

 

                                                                             

                                                                                              

 

 

 

Қорытынды

 

Курс жұмысын аяқтай келе, мұрагерлік дегеніміз қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа тұлғаға (мұрагерлерге) өтуі. Мұрагерлік қатынастың субъектілері мұра қалдырушы және мұрагер болып табылады.

    Заң бойынша  мұрагерлікте жеке тұлғалар мұра  қалдырушы мен мұрагер

бола алады, ал өсиет  бойынша жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, яғни заматтық құқықтық қатынастың барлық сбъектілері мұра қалдырушы  және мұрагер бола алады. Мұрагерлердің құрамы мұра ашылған күні анықталады, ал мұра мұра қалдырушы қайтыс болған жағдайда ашылады. Осыған байланысты, мұра ашылған күні тірі болған адамдар мұрагер бола алады. Мұра ашылған күннің ертесінде қайтыс болған мұрагердің мүлік құқықтары мен міндеттері оның ұрпақтарына өтеді.

   Азаматтық Кодекс  өсиетті жасаудың және қол  қоюдың жаңа ережелерін бекітті.  Бұл жаңа ережелер бойынша  өсиетті өсиетші өзі немесе  оның сөзінен нотариус жаза  алады. Бұл жағдайда өсиет жасауда  куәгердің қатысуы қажет және ол туралы мәліметтер өсиетке енгізілуі керек. Азаматтық Кодекстің 1051 бабы 1 тармақшасы бойынша өсиетті жасаған кезде нотариустың жалпыға танымал техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат етілген (жазу машинкасы, жеке компьютер). Азаматтық Кодекстің 1070 бабында ерлі-зайыптыларды мұрагерліктен шеттету  қарастырылған.

    Бүгінгі күнге  дейін мұрагерлік қатынаста көптеген  проблемалар жиналып қалды. Кейбір  проблемалар азаматтардың әртүрлі  шаруашылық қоғамдастықтарға және  серіктестіктерге мүше болуына байланысты туындайды.

     Жаңа Азаматтық  Кодекс Конституциядағы «мұрагерлік  құқыққа кепіл беріледі» деген  ережені қамтамасыз ету керек.  Азаматтық Кодекс өсиеттің еркіндігіне  құқық берген. Бірақ 18 жасқа толмағандарды  және еңбекке жарамсыздарды мұрадан айыруға жол берілмейді.

    Қазақстан  Республикасы Азаматтық Кодекстің  1051 бабының 4 тармақшасында өсиетті  өсиетші нотариусқа жабық конвертте  беруге құқылы. Ал нотариус өсиетті  тек ол қайтыс болған күні  ғана ашады. 

   Азаматтық Кодекстің  Мұрагерлік құқыққа арнаған бөліміндегі жаңа ережелер бойынша мұрагерлердің қатары үштен беске дейін өсті.

    Жақын болашақта Қазақстанда да мұрагерлік құқықтың рөлі өседі. Соңғы кезде көпшілікте қымбат мүліктер пайда болды. Мысалы, жекелендірілген жер учаскелері және пәтерлер, акциялар, облигациялар және т. б. Бұл адамдарды олар қайтыс болғаннан кейін мүліктерінің қайда қалатыны қызықтырады. Курс жұмысын қорытындылай келе мұрагерлік институт соңғы кезде біздің республикамыз сияқты жылдам дамыса екен деп ойлаймын.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттердің  тізімі

 

Нормативті  актілердің тізімі:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж. 

3.   «нотариат туралы» Заң 14.07.1997 ж.

 

Арнайы әдебиеттер

1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.

2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының  Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.

3. Рашидова 3. Наследование по завещанию Гражданский Кодекс РеспубликиКазахстан -толкование и комментирование. Выпуск 5. Алматы, Баспа, 1998

 

 

 


Информация о работе Мұрагерлік құқық