Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 15:34, реферат
Мәміленің ұғымы, нысандары және түрлері, олардың жарамдылығының жағдайлары. өкілдік және сенімхат.
Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен занды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай белгілер тән
өкілдік заңды және ерікті
деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей
заңнан туындайды, әрі ол өкілдік
берушінің еркіне қарамайды. Мысалы,
Теңіз жолы сауда кодексі бойынша
кеме капитаны қызмет бабында жасалған
мәмілеге байланысты кеме иесінің және
жүк иесінің өкілі болып
Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. өкілдік беруші өкілді тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік берушінің атынан зандық әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау талап етіледі. өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда өздерінің ішкі қарым-қатынастарьш айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындайды (АК-тің 166-бабының 1-тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі керсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда — сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бетен тұлғаның аддында болатын өкілдік.
өз атынан болу — занды тұлға өкілді өз құрылымынан та-ғайындайды және ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай екілдікте бір субьект болады, сырттан бетен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).
Коммерциялық
екілдіктің екінші түрі —
Коммерциялық өкілдің
өкілеттігі жазбаша шартта тікелей
көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін
сенімхатта да жазылады. Коммерциялық
өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен
жасалатын шарттың түрлі
Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы мәліметтерді өзіне берілгентапсырманы орындағаннан кейін де қүпия сақтауға міндетті (АК-тің 166-бабының 4-тар-мағы).
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммер-циялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.
Сенімхат
Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-тің 167-бабының 1-тармағы).
Сенімхатты пайдалану
кезінде "уәкілдік" және "өкілетті"
деген терминдерді ажырата білу
керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің
өкілдік беруші атынан іс-әрекетке
қатынасуы, ал өкілеттік — өкілдік
беруші үшін өкілдің жасауға құқылы
әрекеттерінің шеңбері
Заң жағынан қарағанда сенімхат беру — біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінін, ерік білдіруі қажет және жеткілікті, сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді.
Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады (АК-тің 167-бабының 2-тармағы). Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі куәландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек (АК-тің 169-бабының 3-тармағы).
өкілдік беруші қайсыбір қүқық өкілеттігін өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын керсетеді. Сондықтан сенімхат — әр кезде де мерзімді -құжат. Азаматтық кодекстің 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым үзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе — берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе, ол жарамсыз деп танылады.
өкілдің алған өкілеттігінің көлемі мен мазмұнына орай сенімхаттың үш түрі болады:
а) бас (жалпы) сенімхат, ол белгілі бір кезеңге арналып, әртүрлі мәмілелер жасайтын өкілге беріледі;
ә) арнайы сенімхат — ол бір текті мәмілелер жасайтын өкілге беріледі (мысалы, заң кеңесшісіне сотта іс жүргізу үшін беріледі);
б) бір мәрте берілетін сенімхат — ол тек бір әрекет жасау үшін беріледі (мысалы, поштадан алатын хатбума үшін берілетін сенімхат).
өзіне арнап өкілеттік құқық берілген әрекеттерді сенім алу-шынын, өзі атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат бойынша осы лай етуге өзіне өкілеттік құқық берілген немесе сенім берушінің мүдделерін қорғауға жағдайлардың салдарынан осылай етуге мәжбүр болған ретте ғана ол сенімхат бойынша әрекет етуді басқа біреуге сенім ауысуы арқылы бере алады.
Сенім алушы өз өкілеттігін
басқа біреуге сеніп
Сенімхаттың күші мынадай жағдаиларда жойылады:
1) сенімхат мерзімінің өтуі;
2) сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы;
3) сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;
4) сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;
5) өз атынан сенімхат
берген заңды тұлғаның
6) атына сенімхат берілген завды тұлғаның таратылуы;
7) сенімхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет
қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-
ошарсыз кетті деп танылуы;
8) сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет
қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-
ошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылады.
Сенім ауысуы ретінде берілген сенімхатта осы айтылған жағдайлардың кез келгені болғанда тоқтатылады.
Сенімхат тоқтатылған бойда, оны алған тұлға сенім хатты берген түлғаға немесе оның занды мирасқорына қайтаруы керек.
МАЗМҰНҒА