Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 22:54, реферат
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінде көзделген талап қою туралы ереженің бұрынғы күшіндегі Азаматтық заңдардан айтарлықтай өзгешелігі бар. Азаматтық құқықтың қазіргі институты ұғымдарына, талап қою мерзімдері мен оларды есептеудің тәртібіне, талап қоюдың қолданылуы және талап қою мерзімінің өту салдарына қатысы бар.
Талап қою ұғымы.Бұл түсінік заңның бірқатар саласында кездеседі. Қандай жағдайда болса да ол құқықтық себептерге әкелетін белгілі бір мезгіл кезеңін білдіреді.1991 жылғы Азаматтық заң негіздері мүлік иесі болмаса да, жылжымайтын мүлікке он бес жылдан артық немесе басқа мүлікке бес жылдан артық өз мүлкіндей адал, ашық және үздіксіз иелік еткен азамат немесе заңды тұлға осы мүлікке меншік иесі құқығын
АК салалық
Кодифицикацияланған нормативті актілермен қатар азаматтық заңдылық жүйесін азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жеке түрлерін реттейтін арнайы заңдар құрайды [7].
Мысалы, Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» Заңы, сақтандыру ұйымдары мен азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер арасындағы, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының өз арасындағы сақтандыру саласындағы қатынастарды реттейді; “Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы” мүліктік және құрастырмаларды, пайдалы модельдерді және өндірістік үлгілерді құру, құқықтық қорғау және қолдануға байланысты туындаған олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді; ҚазССР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» Заңы тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасында туындайтын қатынастарды реттейді
Заңға бағынышты актілер нормативті актілер ішінен азаматтық заңдылық жүйесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметі шығаратын құқықтық актілер түрінде белсенді роль атқарады.
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары. Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестіктің бөлігі болып табылады, сондықтан Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылығы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормалары, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдермен есептесуі керек. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормаларына қосыла отырып Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде Конституциялық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз, азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері қолданылуына мүмкіндік береді деген мағынаны береді.
Азаматтық заңдылық, іскерлік ғұрыптар, іскер айналым дәстүрлері, мораль және адамгершілік ережелері. Іскер ғұрыптар деп азаматтық айналымда орнатылған тәртіп ережелерін айтады. Өздігінен іскер ғұрыптар азаматтық құқық қайнар көздері болып табылмайды. Бірақ та мемлекет құқықтық акт арқылы іскер ғұрыпты санкцияған кезде ол заңды күшке ие болып азаматтық заңдылық жүйесіне кіреді.
Қазіргі кезде барлық іскер ғұрыптар арасынан тек қана кәсіпкерлік салада қолданылатын іскер айналым дәстүрлерін бөледі. АК күшімен кәсіпкерлік әрекет нәтижесінде туындаған дауды шешу кезінде сот қолдана алатын іскер айналым дәстүрлері деп заңдылықпен немесе келісіммен қарастырылмаған, бірақ өз мазмұнында жетерліктей анықталған, кәсіпкерлік әрекеттің қандай да бір саласында кеңінен қолданылатын тәртіп ережелері, мысалы қандай да бір міндеттемелерді орындау дәстүрі және т.б. Іскер айналым дәстүрі қанай да бір құжатта тіркелгендігіне не тіркелмегендігіне қарамастан қолданыла алады) [8].
Азаматтық заңдылық, сот пленумдарының шешімдері, шешімдер, соттық практика және сот прецеденті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумы жалпыланған материалдарды қарастырып, заңдылықты қолдану жөнінде бастаушы талқылаулар береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының талқылаулары Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциясындағы барлық соттар үшін міндетті. Аталған талқылаулар нормативті актілер болып табылмайды, олар құқықты қолдану актілері болып табылады.
Сот пленумдарының қаулылары азаматтық заңдылықтың мәнін талқылап, түсіндіруі ғана тиіс, азаматтық құқықтың жаңа нормаларын құрмайды. Сондықтан сот пленумдарының қаулылары азаматтық құқықтың қайнаркөзі болып табылмайды.
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сот практикасы да жатпайды. Сот тәжірибесі деп бір категориялы істерді соттардың бірнеше рет бір түрлі шешімдер шығару жағдайын айтады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сонымен қатар сот прецеденті де жатпайды. Сот прецеденті деп соттың нақты іс бойынша шығарған шешімін келесі бір ұқсас жағдайға қолдауын айтады.
Азаматтық заңдылық әрекеті. Азаматтық заңдылық уақыта, кеңістікте және қатынасқа түсуші тұлғалар арасында әрекет етеді. Азаматтық құқық нормалары азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. АК заңдарының құқықтық актілерінің кері күштері болмайды. Азаматтық құқықтың уақыт аралығындағы әрекетін деп заңның әрекет ету мерзімін қарастырамыз. Жалпы заңның әрекет ету мерзімі мынандай түрлерде сипатталады, заңды күшіне ену мерзімі, заңды күшін жою мерзімі және әрекет ету мерзіміне байланысты.
Заңды күшіне енуі бойынша мерзімдер ресми басылымға шыққан кезден бастап 10 күн өтісімен немесе нақты сол басылымда көрсетілген мерзім. Ал заңды күшін жою мерзімдері мынадай жағдайлармен сәйкестенуі мүмкін, тура сондай жаңа заңның қабылдануы немесе заңның әрекет ету мерзімінің аяқталуы. Кеңістіктегі әрекеті деп нормативтік құқық актінің барлық Қазақстан Республикасы аумағына толығыменен даруын айтамыз, сонымен қатар кейбір актілер тек белгілі органдардың немесе ұйымдардың шегінде ғана әрекет ете алады оларды локальді нормалар деп атаймыз. Ал азаматтық заңның тұлғалар арасындағы әрекеті деп азаматтық қатынасқа түсуші кез-келген тараптарға даруын айтамыз, мысалы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен заңды тұлғалары.
Азаматтық қатынастарды қарастыру барысында олардың қолданудағы императивтік және диспозетивтік жағдайларға зейін салу керек [9].