Монархия

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 19:48, реферат

Краткое описание

Монархия – жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемелкетті басқаратын адамның билігі оған әкесінен немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі немесе табыс етілуі. Сондықтан оның билігі – мұралық билік болып табылады. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға ғана беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде ер адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді. Монархия озбырлық жолымен де көшуі мүмкін.

Файлы: 1 файл

Монархия.docx

— 18.42 Кб (Скачать)

Монархия

 

Монархия – жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемелкетті басқаратын адамның билігі оған әкесінен немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі немесе табыс етілуі. Сондықтан оның билігі – мұралық билік болып табылады. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға ғана беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде ер адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді. Монархия озбырлық жолымен де көшуі мүмкін. Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгем Оранский, Англиядағы соңғы мемлекеттік төңкеріс патшаның қолынан билікті алғаны белгілі.

Монархияның көшуінің үшінші түрі келесідегідей: монарх бірнеше ақсуйектердің тұқымдарынан сайланады (Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлкеттік басқару нысаны да орын алған (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың билігі көбіне мұранерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлкеттің атынан шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны жүзеге асыру, мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беріп отыратын. Корольдердің сарайлары, киімдері, әскерлері мемлекеттің оларды қамтамасыз ету үлесінде болды. Корольді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның монархы – Елизаветаның мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан «Король Англияға керек пе?» деп сұрастырғанда, 66 пайызы монархия да, король де сақталсын деп жауап берді.

Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия – монархтың билігін басқа мемлекттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі де соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия – Шығыс деспотиясы (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялы және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі эте күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол Ра құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған.

Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған рим империясы жатады. Бұл шексіз монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда болды. Ең күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик XIV, Петр I, Екатерина II, Елизавета I, Фридрих II, Әдемі Сүлеймен монархиялары жатады. Людовик XIV мемлекетті ғғ жыл басқарды. Оның «мемлекет деген – мен» сөзі бүкіл Еуропаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады, заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті де, әскерді де, сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі жүргізді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман).

Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде кездескен, мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы екінші кастаға жататын – критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.

Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде сословиелік-өкілдік монархиялар пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындар, басқаша айтқанда – буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін күшейтіп, заң шығару ұсынысты қолына алды, кейін заң шығару билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма «сегунат» деп аталды.

Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрыңғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ корольдің қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді; парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың. Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін «Құқық туралы билль» деген конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір еуропа мемлкеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орың алған саяси партия өзінің үкіметін құрады. Сол партияның басшысы премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет корольдің лдында емес, парламентің алдында жауапты. Парламент корольдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх – мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптары. Сондықтан кейбір мемлекеттер жойыған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары тірі, халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимнің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атынан мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер.


Информация о работе Монархия