Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:08, курсовая работа
1948 жылы БҰҰ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында” «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген, бұл ұстамды әрбір мемлекет өз заңдарына енгізуге тиісті» — деп жариялады.
Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 12-бабында: “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” — деп жазылған.
1.Мемлекет
1.1 Алғашқы мемлекеттер
1.1Мемлекеттің белгілері, түрлері
1.2 Мемлекет қызметтері
1.3 Мемлекет формасы
2.Мемлекеттік басқару түрлері
2.1 Монархия-мемлекеттік басқару нысаны
2.2 Монархтың конституциялық-құқықтық мәртебесі.
2.3 Республика-мемлекеттік басқару нысаны
2.4 Президенттік республика
2.5 Парламенттік республика
3.Мемлекет басшысының өкiлеттiктерi.
3.1 Мемлекет басшысының билiк органдарымен қарым-қатынасы
3.2 Мемлекет басшысын алмастыру тәсілдері.
4. Қазақстан Республикасы
4.1 Қазақстан Президенттік республика
4.2 Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет
Қортынды
Саяси/мемлекеттік/ режим ретінде мемлекеттік саяси билікті жүзеге асырудың әдіс, тәсілдерінің жүйесі ұғынылады.
Мемлекет формасының сан алуан болуына әсер ететін факторлар әр түрлі. Олардың негізгілері ретінде мыналарды атауға болады:
1.Мемлекеттіліктің дамуының
тарихи дәстүрлері және
2.Мемлекеттің қалыптасуының тарихи ерекшеліктері.
3.Мемлекеттегі халықтың
ұлттық құрамының
4.Отарлық тәуелділіктен босаған жас мемлекеттердегі мемлекет формасының қалыптасу ерекшеліктері.
5.Көрші мемлекеттердегі саяси ахуалдың ықпал етуі.
6.Қазіргі кездегі – демократиялық қозғалыс, ғылыми-техникалық прогресс, халықаралық саяси және экономикалық интеграция сияқты факторлар.
Басқарудың екі формасы бар. Олар: монархия және республика.
Мемлекеттік басқару түрі дегеніміз –саяси билік кімнің, қандай ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым
2.Мемлекеттік басқару түрлері
2.1 Монархия-мемлекеттік басқару нысаны
Монархия - мемлекеттегі саяси биліктің бір тұлғаның қолына шоғырландырылуымен және мұрагерлік жолмен берілуімен сипатталады.
Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Абсолютті монархияда монархтың билігі шексіз болады.
Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.
Конституциялық монархияда монархтың билігі конституциямен шектеледі. Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және парламенттік.
Дуалистік монархияда екі саяси ұйым — монарх және парламент болады. Монарх үкіметті тағайындайды (парламент тек король алдында жауап береді). Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігі монарх тарапынан шектелген, өйткені жоғарғы палатаны монархтың өзі тағайындайды, әрі ол вето құқығына да, парламентті тарату құқығына да және т.б. ие болады.
Парламенттік монархия. Парламенттік монархияда монарх билігі заң шығармашылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметінде парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген жағдайда үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламенттік сайлауды тағайындайды.
2.2 Монархтың конституциялық-құқықтық мәртебесі.
Монарх әдетте мемлекеттiк билiктiң жоғары өкiлi, суверен ретiнде сипатталады. Монарх берген өкiлеттiк бойынша үкiмет өз қызметiн жүзеге асырады; мемлекетте монархтың атынан заңдар қабылданады; сот шешiмдерi шығарылады; мемлекет қызметiнiң негiзгi салалары монархтың прерогативасына жатады.
Дуалистiк монархияларда монарх мемлекеттiк билiк органдары жүйесiнде орталық орын алады. Монарх үкiметтi тағайындайды және қызметiнен босатады; парламенттiң құрылуы мен қызметiне бақылау жасайды; жекелеген парламент мүшелерiн тағайындайды; парламенттi мерзiмiнен бұрын тарату құқығына ие болады; парламент қабылдайтын заңдарға вето қою құқығына ие болады; қарулы күштердiң бас қолбасшысы болып табылады; жоғары азаматтық және әскери лауазымдарға тағайындауларды жүзеге асырады; судьяларды тағайындайды; мемлекетте шынайы билiктi жүзеге асырады.
Парламенттiк монархияларда монарх мұндай кең көлемдегi өеiлеттiктерге ие болмайды, оның билiгi айтарлықтай дәрежеде конституциямен шектеледi.
Монарх ерекше жеңiлдiктердi пайдаланады: мемлекет басшысы титулын иемденедi; жоғарғы билiк белгiлерi болады; азаматтық және қылмыстық iстер бойынша жауапқа тартылмайды; салық төлеуден босатылады; монархтың өзi және әулет мүшелерi мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтамасыз етiледi.
2.3 Республика-мемлекеттік басқару нысаны
Республика латын сөзі – халық игілігі, қоғамдық іс деген ойды білдіреді . Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер. Республиканың өзінің бірнеше түрлері бар.
Қазіргі кезеңде дүниежүзінде көп қолдау тапқан және ең көп орын алатыны демократиялық республикалар. Олардың өзі үлкен үш топқа бөлінеді: президенттік республика, президенттік-парламенттік республика және парламенттік республика.
Республика - мемлекеттегі саяси биліктің сайланбалы тұлға немесе орган арқылы жүзеге асырылуымен және нақтылы мерзіммен шектелуімен сипатталады.
Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі — саяси ізтілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік. Барлық жоғары ресми билік органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын мемлекеттік басқару нысаны. Ол антик. дәуірде ежелгі монархияларға қарама-қарсы, оларға қарағанда озық мемлекеттік құрылыс ретінде пайда болды. Мысалы, Спартада мемлекет билік ақсүйектерден сайланған ақсақалдар кеңесінде, ал Афинада ел сайлаған “халық жиналысында” болды. 17 — 18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде монархияға қарсы шыққан буржуазия идеологтары республиканы басқару нысанын енгізуді демократияның салтанат құруы және адам құқықтарын қамтамасыз етудің кепілі деп білді. Шынында да Республика азаматтардың жеке және саяси құқықтарын кеңітіп, халық билігі қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашады. Алайда азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болады. Республикалық билеу түрінің негізгі саяси ин-ттарына парламент, үкімет, президент, сот және сайлаушылар жатады. Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, парламенттік.
Президенттік Республика тұңғыш рет АҚШ-та іс жүзіне асырылып, 1789 жылы Вашингтон президент болып сайланды. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері осы басқару нысанын қабылдаған. Президенттік Республикада президенттің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады, заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы болады. Президент биліктің үш тармағын үйлестіруші рөлін атқарады. Президент билігі өте күшті Республикалар (мысалы, Орталық Азия, Латын Америка мемлекеттері, т.б.) супер президенттік Республика деп аталады. Ал президенттік-монокр. Республикада (кейбір Африка елдері) президент өмір бойына сайланады.
2.4 Президенттік республика
Президенттік республикада президент қолына мемлекет басшысы мен атқарушы билік басшысы өкілеттіктері шоғырландырылады.
Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік Республика тұңғыш рет АҚШ-та іс жүзіне асырылып, 1789 жылы Вашингтон президент болып сайланды. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері осы басқару нысанын қабылдаған. Президенттік Республикада президенттің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады, заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы болады. Президент биліктің үш тармағын үйлестіруші рөлін атқарады. Президент билігі өте күшті Республикалар (мысалы, Орталық Азия, Латын Америка мемлекеттері, т.б.) супер президенттік Республика деп аталады. Ал президенттік-монокр. Республикада (кейбір Африка елдері) президент өмір бойына сайланады.
Президенттік республиканың белгілері:
1. Екі жүйелі сайлау.
Президенттік және
2. Үкімет президентке тәуелді.
3. Атқарушы биліктің
және мемлекеттің басшысы
Президенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Португалия, Мексика және т.б.
Президенттік-парламенттік республиканың белгілері:
1. Екі жүйелі сайлау:
президенттік және
2. Парламент парламенттік сайлауда жеңіп шыққан саяси партиялардың уәкілдерінен қалыптасады.
3. Президент – мемлекеттің басшысы. Үкімет Президенттің алдында жауапты.
Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есепті. Президенттік-парламенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, Франция, Австрия, Ирландия, Польша, Финляндия және т.б.
2.5Парламенттік республика
Парламенттік республика мемлекеттік биліктің жоғары органдары жүйесіндегі парламенттің үстем болуымен сипатталады.
Парламенттік жүйесі
бар елдерде парламенттегі
Парламенттік республиканың белгілері:
- Сайлау бір жүйелі. Тек парламент сайланады.
- Парламентте ең көп орын алған саяси партияның жетекшісіне премьер-министрлік (атқарушы билік) және мемлекет басшысы міндеті жүктеледі.
- Үкімет парламентке тәуелді.
Парламенттік республикаға, мыселы, Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль және т.б. жатады. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде мемлекеттік басқару түрлерінің, жалпы демократияның дамуына байланысты шын мәніндегі демократиялық республиканың жаңа деңгейлері қалыптаса бастады. Олар — азаматтық қоғам
-Мемлекет басқаруы бойынша.
3.Мемлекет басшысының өкiлеттiктерi.
3.1 Мемлекет басшысының билiк органдарымен қарым-қатынасы
Басқару формасына қарамастан
көптеген шетелдiк конституциялар мемлекет
басшысына айтарлықтай
Мемлекет басшысының мемлекеттiк билiк органдарымен қарым-қатынасы:
- парламент сессияларын шақыру құқығы;
Азаматтық-құқықтық қатынастар саласында:
Қорғаныс және қауiпсiздiк саласында:
Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласында:
Мемлекеттегi басқару формасына байланысты мемлекет басшысы басқа өкiлеттiктердi жүзеге асыруы мүмкiн.
3.2 Мемлекет басшысын алмастыру тәсілдері.
Мемлекет басшысын алмастыру мемлекеттегi басқару формасына байланысты болады.
Монарх таққа мұрагерлiк жолмен келедi де, өз лауазымын әдетте өмiр бойы иемденедi. Тақты мұралау тәртiбi конституциямен немесе арнайы заңдармен реттеледi.