Мемлекет типологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 10:21, реферат

Краткое описание

Мемлекетте яғни қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзінде асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдерінде орай олардың өздеріне тән типтері бойынша қалыптасады. Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мемлекет және құқық теориясында жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіріледі: 1. Формациялық; 2. Өркениттік

Файлы: 1 файл

Мемлекеттің типологиясы.docx

— 22.16 Кб (Скачать)

               ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

       СОӨЖ

 

 

 

 

 

 

Орындаған:__________

Тексерген:___________

 

 

                                                                              Тақырыбы: Мемлекет типологиясы

 

 

 

 

 

                                         Мемлекет типологиясы

     Мемлекетте яғни қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзінде  асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдерінде орай олардың өздеріне тән типтері бойынша қалыптасады. Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты.  Мемлекет және құқық теориясында жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіріледі: 1. Формациялық; 2. Өркениттік

    Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық тән құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүлдесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типология негізінде марксистік ілімге тән марксизм- ленинизмнің саяяси- құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық- экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда- мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. Формациялық мағынада мемлекетің тарихи типтері схема жүзінде былайша көрініс береді:

 

Алғашқы қауымдық құрылыс 

Құл иленуші экономикалық формация

Феодалдық экономикалық формация

Буржуазиялық экономикалық формация

Социалистік экономикалық формация

Қоғамдық өзін- өзі басқару

Құл иленуші типтегі мемлекет

Федалдық типтегі мемлекет

Буржуазиялық типтегі мемлекет

Социалистік типтегі мемлекет


 

Мемлекеттің формациялық типтерінің қоғамдық- экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайы. Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш қарама- қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық- экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс  жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттік  типін қалыптастырады.

К.Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай  деп жазды: «Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық (құқықтық-С.Ө.) қатынастарды, дәл сол  сияқты мемлекеттердің формацияларын  да өзінен- өзі де, адам рухының жалпы  дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керсінше, олар материалдық өмірлік  қатынастарға негізделеді... Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси  қондырма орнайды... қоғамның материалдық  өндіргіш күштері өз дамуының  белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға, немесе осы күнге дейін өздері солардың ішінде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдық жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік қатынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол кезде әлеуметтік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгерумен бірге азды-көпті қысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төнкеріс жасалады». 
       К.Маркстің ашқан бұл жаңалығын коммунисттік идеология құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемелекеттер типологиясын тек догматикалық қағида ұғымдармен түсіндіріледі.  
      Құл иеленушілік типтердегі мемлекеттердің экономикалық негізін құл иеленушіледің өндірістік құрал-жабдықтарға деген жеке меншігін құрайды, ал сол өндірістік қатынастардың тікелей құл иеленушілердің саяси билігі диктатурасы қалыптасады. Біріншісі- қоғамның экономикалық негізі, екіншісі- саяси негізі.Әлеуматтік негізі екі тап қалыптастырады: құл иеленушілер және құлдар.

       Феодалдық мемлекеттің экономикалық  негізін феодал таптарының жерге  деген жеке меншігі құрайды.  Осыған орай феодалдық базис  негізінде пайда болған мемлекеттердің  барлығы феодалдық типтегі мемлекеттердің  қатарына жатады. Феодалдық мемлекеттер феодалдық өндіріс қатынастарда қорғау үшін феодалдықтарының саяси билігін жүргізетін басы- жан шу машинасы ретінде ғана бағаланады.  Басқа құндылықтарды таптық сипат негізінде бағалайды.

       Буржуазиялық мемлекет типінің  экономикалық негізін буржуазия  табының өндірістік құрал жабдыққа  деген меншігін құрса, саяси  негізін біржуазияның саяси билігін  заңдастырады. Буржуазия мен пролетарият  қоғамның әлеуметтік негізін  құрайды. Маркстң саяси- ілімі  бойынша буржуазиялық мемлекет  тарихтың даму заңдылықтары мен  социалистік мемлекетпен ауыстырылды. Бұл процесс негізінде төңкеріс арқылы болады. Және ол барлық елдерде міндетті түрде болатын құбылыс.

       Социалистік типтегі мемлекеттің  экономикалық негізін жұмысшы  және шаруалар табының өндірістік  құрал жабдықтарда меншігі құрайды,  ал саяси негізі пролетариат  және шаруалар табының билігі  ретінде бағаланды. Социалистік  мемлекет пролетариат дектатурасы  пайда болып, дами келе жалпы  халықтық мемлекетке айналады. Қоғамның  басқарушы күшу ретінде жұмысшы  табының коммунистік партиясы  танылады. Социалистік мемлекеттің оған дейін пайда болған мемлекеттерге қарағанда адамның әлеуметтік жағынан тиімді қорғалудың тетіктерін (жұмыссыздыққа жол бермеу, ақысыз медициналық көмек, ақысыз білім алу, т.б) іс жүзіне асырылады. Бұл прогрессивтік мағына. Сонымен қатар социалистік мемлекетке бір меншіктің түрінеү, бір партияға шекіз монополия беріледі, адам құқы аяққа тапталады, бір ғана идеология үстемдік етеді, билікті болу идеясы қабылданбайды және плюраризмге жол бермейді. Халыққа қарсы күш қолдану және үркіту- қорқыту мемлекеттік саяттың негізгі құралдарына айналады.

       Кеңестік социалистік мемлекет, алпауыт қызыл империя қанау  мен күштерді үш бағытта жүргізді

     1. Меншікке қарсы жүргізген күштеу саясаты. Мешікті күшпен тартып алудың нәтижесінде халық езгіден құтылған жоқ. Керінше, адам партиялық номенклатура билеген мемлеттің шексіз езгісіне душар болды. Мемлекет жеке адамға артық табыс табуға тиым салды, тер төгіп төккен жалақысының 36% ғана иемделінді, қалған мемлекеттік қалтасына түсіп отырды.

    2. Өмірдің барлық саласына мемлекеттік көлемде жоспар құру (түйме жасаудан, космос кораблініе дейн) және бәсекелестікті жою саясаты мемлекеттік мәні бар идеология ретінде танылады.

    3. Жеке адамға қарсы күш қолдану,  адам адам құқын аяққа таптайды, еркін пікір  білдіруге тыйым салады. Оның барлық қимыл- әрекеттері  мемлекет тарапынан бақылауға алынады. Социалистік мемлекет жеке адамды қақпанлда ұстайды. Соның нәтижесінде тек қана 1919 жылы миллион 114 мың қазақ құрбандыққа ұшырады, меншікті тартып алудың салдарынан 1930- 32 жылдары, қолдан жасалған этноцидтен үш миллионға жуық қазақ қырылды, 75 мың бетке ұстар перзенттеріміз қуғын- сүрінге ұшырап түрмеледре қаза тапты. Осы бағыттарды айта кеткенде бұл социалистік мемлекет кезіндегі көрініс.

     Жалпы қарағанда мемлекеттердің  формациялық типологиясы барлық  халықтар мен қоғамға әмбебаптық  әдістеме бола алмайды. Осы  типологияның түрлерін өркениеттік  мағынада түсіндіру бар. Сонымен қатар өркениеттік типологияда технологиялық бағыт дамып келе жатыр. Осы ой бойынша мемлекеттердің типтерінің деңгейі қоғамдағы ғылыми технологиялық прогресстің жетістіктерімен сипатталады. Жоғарғы технологияны енгізу мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық деңгейін халықтың әл ауқатының жақсаруына мүскіндіктер туғызады. 17 ғасырда ойшыл Кристофор Келлер мемлекеттердің даму сатыларын ежелгі, орта және жаңа жаңа даму сатыларын үш дәуірге бөліп олардың даму заңдылыңқтарын зерттеп дәлелдеді. Орта ғасырда мемлекеттің қалыптасуы, билік ету діни ағымдардың ықпалымен қалыптасып діни мағынадағы сипатқа ұласты. Жаңа заманда мемлекетті «бірігу»  «одақ» ұғымдарымен байланыстырып таныды. Мысалы айта кетсек Гуго Горций мемлекетке: «Мемлекет деген еркін адамдардың құқықтарын қорғау және жалпы пайда үшін құрылған, -жетілдірілген» одағы деп анықтама берсе, Имонуил Кант: «Мемлекет- көп адамдардың құқықтық заңдармен бірігуі» -деген ойды ұсынды.

      Заң ғылымында мамлекеттерді  типке бөліп зерттеу арқылы  олардың даму процессін , деңгейін,өркениеттің  мазмұнын тануға болады.

      Теорияда қабылданған мамлекеттердің  аталмыш типологиясында номадизм  қалыптастырған мамлекеттік құрылым  таса қалып қалғанын атап кеткен  жөн. Негізінде евоцентристік  көзқараста болған А. Тоинби, О.Шпенглер  және Ресей зерттеушілері көшпенділерді  «жабайы орда» ретінде бағалады, олар қалыптастырған мамлекеттік жүйені жалпы мамлекет типологиясына, дәстүрлі стандарттық қалыпқа сыймайтын, өркениетке жат, үнемі инерциалық санат билеген және ретсіздік жайлаған тобыр екені ағыл-тегіл болып суреттелінді. Себебі, «Қазақтардың қоғамдық қатынастарын қате баяндау оларды тек ғана шалағай зерттеулерімен ғана түсіндірілмейді, сонымен қатар буржуазиялық авторлардың аз болмаса да ғылыми әдістемелерінің терістігінен болған. Олар қоғамдық құбылыстарды тенудың ғылыми әдісін меңгермей, ең дегенде адал ниетпен байқағандарын жазып алды. Оларға қоғамдық өмір құбылыстарын басқаратын заңдар белгісіз болып қала берді».

    Дұрыс  қорытынды. Сонда көшпенділердің  мемлекеті ғылыми жағынан алып  қарағанда типологияның қандай  түріне кіруі қажет?  Көшпенділердің  тарихын мол зерттеген Е.И.Кычанов,  «біз көшпенділер мемлекеті туралы жазамыз, бірақ, жеке алып қарағанда, көшпенділердің мемлекетінің бұрын болғанын осы күнге дейін дәлелдеп келеміз», - деп жазды.

    Н.Масанов  көшпенділердің жалпы қоғамдық- экономикалық формация типологиясына мүлдем сай келмейтін мемлекеттік дамуы болғанын тілге тиек ете келе оралдың қоғамдық- саяси құқықтық дамуын әмбебабтық аграрлық цивилизация деген теориямен байланыстырады.

     Шын мәнінде назар аударарлық пікір. Бірақ, көшпенділер мемлекетінің мәртебесі типологиясы көрсетілмеген. Біздің  ойымызша «көшпелі қазақ өркениетінің эволюциялық дамуы Батыс Европа халықтарының тарихынан мүлдем ерекше және далалық салт-санаға еш уақытта «базис», «қондырма» ұғымдары формула, қағида ретінде жүрмейді. Көшпелі өмірдің ең негізгі ерекшеліктері «жеке адамның мінез- құлқының моральдық талаптарын асқақтату...ұят, ар-этностың рухы, баға жетпейтін құндылығы, әлеумет тыныс-тіршілігінің өзегі болып табылады. Ал, материалдық дәреже, байлық руханият пен даналықты, жалпы өнерді қамтамасыз ету жолында пайдаланатын зат, нәрселер ретінде қабылданған».

Осыған байланысты қазақ мемлекеті типологиясының мағынасы мен мәніне баға беретін  болсақ  оның «билік жүргізу формасы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының ең соңғы кезеңінде қалыптасқан әскери демократия сатысы мен мазмұнына дәлме-дәл сәйкес келетін құрылым. Бұл кезеңде рулық құрылымның дәстүрлері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің нышандарымен бір қайнасып жатады».

     

 

 


Информация о работе Мемлекет типологиясы