Алқа билер соты

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:48, доклад

Краткое описание

Алқа билер соты – әділсот тарихындағы елеулі жаңалық. Бұл –халықтың сот билігіне араласуының бірден бір мүмкіндігі. Сондықтан бұған ерекше көңіл бөлініп, конституциялық норманы іске асыру барысында біраз жұмыстар атқарылды. Оның үстіне сот ісіне халық өкілдерін қатыстыру және оған көпшіліктің бақылауын ұйымдастыру демократиялық қоғамның бір көрінісі.

Файлы: 1 файл

Алқа билер соты.docx

— 29.58 Кб (Скачать)

Алқа билер соты – әділсот тарихындағы елеулі жаңалық. Бұл –халықтың сот билігіне араласуының бірден бір мүмкіндігі. Сондықтан бұған ерекше көңіл бөлініп, конституциялық норманы іске асыру барысында біраз жұмыстар атқарылды. Оның үстіне сот ісіне халық өкілдерін қатыстыру және оған көпшіліктің бақылауын ұйымдастыру демократиялық қоғамның бір көрінісі.

Алқа билер жүйесі жаңа әрі күрделі нысандағы институт. Мұндай институт сыртқы әсерлерден тәуелсіз болуы шарт. Ол мемлекет пен халық ортасындағы көпір, сондықтан елімізде билікті жүзеге асыруға азаматтарды тарту қоғамды демократияландыру тәсілдерінің бірі. Осы институт субъектісі болып табылатын алқа билер істерге қатысу кезінде судьямен бірдей тең құқықтарға ие болады.  Алқабилер  соты Англия королі Генрих ІІ-нің тұсында пайда болған. Ол қалада тұратын өзінің қоластындағыларының әр жүзінен 12, ауылдық жердегі әр жүзінен  4 адамнан шақырып алып, белгілі бір қазылар алқасын құруды міндеттеген. Олар арнайы тапсырмамен жер-жерлерді аралап келгеннен кейін, орын алған қылмыстар және оны жасаған адамдар жөнінде королдің судьяларына ақпараттар беріп отырады екен. Басқаша айтқанда, адамның қылмысқа кінәлі  немесе кінәлі  еместігін шешетін қазіргі присяжный деп аталатын судьяның ғана емес, олар айыптаушының да, куәнің де және хабаршының да рөлін атқарыпты. Мысалға, ағылшын мемлекетінің сот құрылымын сараласақ, присяжныйлар соты  көпке дейін азаматтық істерді, соның ішінде, жер дауларын қарайтын болған. Кейіннен ғана присяжныйлар соты қылмыстық істерді қарауды қолға алыпты.

Тарихтан бастау алатын билер соты көне заманнан жалғасын тауып келеді. Онда адамның құқықтарын қорғайтын билер сотынан басқа, бізге тағы да екі түрі жеткенін байқаймыз. Бірі – алқа заседательдерінің ағылшын-саксондық, яғни классикалық түрі болса, екіншісі – алқа заседательдерінің кеңейтілген  түрде сот ісін жүргізуге араласуы болып отыр.

Осы мәселе төңірегінде қоғамда көптеген  пікірталас туындады. Бұл институтты жақтаушылар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде кездесетін заңсыздықтар мен әділетсіздіктерге қарсы тұра алатын шара ретінде алқа билер институтын қажет деп таныды. Қарсы бағытты қолдаушылар сот ісін жүргізуде бұл институтты енгізу күрделі әлеуметтік және экономикалық салдарларға әкеледі деген пікірлер білдірді. Мәселе, аталған институттың мазмұны мен сипаты франко-германдық немесе англо-саксондық үлгімен құрылу қажет пе, әлде, Ресейдің тәжірибесін пайдаланған орынды ма, деген сан алуан пікірлерді талдауда болды. Алайда, алқа билер институтының әлемдік деңгейде қалыптасып, орнығып қалған ортақ формасы жоқ. Соған орай аса ауыр және ауыр істерді қарау үшін классикалық алқа билер үлгісі және орташа ауырлықтағы істер бойынша үкім шығару үшін аралас нысандағы сот үлгісін енгізуді ұсынған халық өкілдерінің қатысуымен сот ісін жүргізу жөніндегі ғылыми құқықтанушылардың да пікірі талқыланды. Әрине, алқа билерді қатыстырып сот ісін қарау жүйесін айтқанда, зерттеушілер оларды англо-саксондық (классикалық) және франко-германдық (құрлықтық, яғни шеффендер соты) жүйелер тұрғысынан қарастырды.

Ағылшын-саксондық үлгіде кәсіби судья алқа билердің қатысуымен (12 адам) бірігіп істі қарайды, ал сотталушының кінәлі және кінәсіздігі туралы шешімді (кесім) кәсіби судьяның қатысуынсыз алқа билер шығарады. Мәні бойынша шағымдануға жатпайтын шешім негізінде процессуалдық негіздермен кәсіби судья үкім шығарады. Бірақ, мұндай шешім барысына, Ұлыбритания мен АҚШ мемлекеттерінде біраз жыл бойы жүзеге асырылып жатса да, күдік те жоқ емес. Сонымен қатар, қолданыстағы заңдарды пайдаланып, соның негізінде өздерінің сот жүйесін құрған Англия, Америка, Канада және басқа да елдер сот жүйесінің классикалық үлгісін пайдаланады. Бұл жүйедегі мемлекеттерде алқа билер институты кеңесу бөлмесінде өздері ғана қалып шешім шығарады.

Ал көптеген Еуропа елдерінде қабылданған 3 кәсіби судья, 3-7 алқабилердің қатысуымен заңдылық мәселелерін бірлесіп шешетін және кінәлілігін анықтап қана қоймай, сотталушыға жаза шарасын бірігіп тағайындайтын үлгі құрлықтық деп аталады. Қай жүйеде болсын бұлар, негізінен, төрт сұраққа жауап  береді. Біріншіден, қылмыстық оқиға орын алды ма, екіншіден, егер қылмыстық оқиға орын алса, онда жаңағы айыпталып отырған адамның қатысуымен өтті ме, үшіншіден, ол қылмысты жасады ма, төртіншіден, осы айыпталып отырған адам жасаған қылмысына кінәлі ме, деген мәселелер көтеріледі.  Жалпы, алқа билердің іс жүргізуге қатысуы бүгінгі күнге дейін АҚШ, Франция, Канада, Австрия, Австралия, Бельгия, Дания, Ресей тағы да басқа елдердің сот тәжірибелерінде кең тараған. . 1998 жылы сот жүйесіне алқабилерді енгізуде Ұлыбритания, Канада, Испания мемлекеттеріндегі ағылшын-саксондық үлгіні енгізуді ұсынып, бұл жүйенің біздегі ғасырлар

бойы өмір сүрген билер сотының құрылымына жақын келетінін алға тартса, келесі бір бөлігі қылмыстық істерді қарауда 1 судья мен 12 халық

заседателі қатыстырылатын  ағылшын- саксондық жүйені тым қымбатқа түсетіндігін сынай отырып, істі судьяларға сеніп тапсыру қажеттілігін көрсетті. Францияда алқабилердің соты тұрақсыз саты болып табылады, ол тоқсанына бір рет жиналады. Шешім қабылдауға кәсіби судьялар, сондай-ақ азаматтық қоғамнан тұратын алқабилер қатысады. Қазіргі уақытта Францияда алқабилер өздерінің шешімін дәлелдеуге міндетті емес, алайда Страсбургтегі Еуропалық Сот осы мәселе бойынша өзінің наразылығын білдірді.  Сондай-ақ Францияда жариялылық принципі заң жүзінде және іс жүзінде алқабилердің қатысуымен өтетін соттарға ғана қатысты қолданылатыны да қызығушылық тудырады. Ал Қазақстанда сот төрелігін ауызша, тікелей және бейтарап жүргізу принципі сияқты, жариялылық принципі де іргелі принцип ретінде бекітілген және барлық соттарда сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сақталуға тиіс. Алқабилерді қатыстырып сот ісін қарау жүйесін әңгіме еткенде, зерттеушілер оларды англо-саксондық және құрлықтық құқықтық жүйе түрлері деп екіге бөледі. Қолданыстағы заңдарды пайдаланып, соның негізінде өздерінің сот жүйесін құрған Англия, Америка, Канада және басқа елдер соты англо-саксондық құқықтық жүйедегі болып табылады. Бұл жүйедегі мемлекеттерді присяжныйлар кеңесу бөлмесінде өздері ғана болып, шешім шығарады. Ал құрылықтық жүйедегі мемлекеттерде болса присяжныйлар соты шешімді кәсіптік судьямен бірге отырып шығарады.

Қай жүйеде болмасын бұлар, негізінен, төрт сұраққа жауап беруге тиіс.  Біріншіден, қылмыстық оқиға орын алды ма, екіншіден, егер қылмыстық оқиға болса, онда жаңағы айыпталып отырған адамның қатысуымен өтті ме, үшіншіден, ол қылмысты жасады ма, төртіншіден, осы айыпталып отырған адам жасаған қылмысына кінәлі ме?

 

Саяси-әлеуметтік ортаның өзгеруі, мемлекетіміздің демократия жолындағы қол жеткізген  жетістіктері мен бүгінгі заман талабы алқа билер сотының жұмыс істеуін яғни, сот төрелігін алқа билердің қатысуымен іс жүргізу арқылы дамытуды қажет етеді. Алқа билер соты – бүгінгі соттың ең озық қағидаттары мен дәстүрлері ескерілген қазақстандық нұсқа деген ойды құқықтанушылар дөп басып айтты. Яғни, бұл халық өкілдерінің бұқара тарапынан сот билігін жүзеге асыруға және әділ шешім шығаруға қатысуы деген сөз. АҚШ Конституциясының 1-бабы «Заң билігі» – заң шығару, 2-бабы «Атқарушылық билік» – заңдарды қолдану, 3-бабы «Сот билігі» – заңдарды түсіндіру, таңдау болып, үш тармақты билікті жариялайды. Мемлекеттік билік штаттар мен федерациялар деңгейінде федерацияға (шектеулі құзыреттер) және штаттарға (кең полициялық құзыреттер, бірақ, шектелмеген) бөлінеді. Ал, АҚШ-тың Жоғарғы Соты екіге бөлінеді: біріншісі, федералдық  апелляциялық соттар – федералдық соттар, екіншісі, Штаттар деңгейіндегі жоғарғы соттар, яғни, штаттар деңгейіндегі апелляциялық соттар. АҚШ-тың сот жүйесіне кеңінен тоқталсақ, Жоғарғы Сот апелляциялық соттардан (ал, апелляциялық сот 13 аймақтық округтық апелляциялық соттардан, бір федералдық округта бір  апелляциялық сот болады) және 94 алғашқы сот сатыларынан (федералдық аудандық соттардан) тұрады. 
Судьяларды сайлау тәртібіне келсек, Америкада штат судьясы бірнеше тәртіпте, мысалы, партиялық, партиядан тыс сайлау арқылы, мерзім өткен жағдайда лауазымын сақтау мақсатында губернатордың сайлауы арқылы, сондай-ақ, штаттың заң органының келісімімен сайлау арқылы жүзеге асады. Ал, федералдық судьяларды АҚШ Сенатының келісімі және ұсынымы бойынша өмір бойына Президент сайлайды. Банкроттық істер бойынша судьялар және судья магистратты лауазымға тағайындау сіңірген еңбегіне қарай іріктеу процесі  туралы заңмен 14 және 8 жылдық мерзімге реттеледі. Ал, судья жалақылары, мәселен, федералдық судьялардың  жалақысы біріншіден, АҚШ-тың Конгресімен бекітілсе, екіншіден, соттардың  деңгейіне байланысты тағайындалады, үшіншіден, судьяның жалақысы жұмыс істеп жатқан мерзімі ішінде төмендетілмейді, төртіншіден, судьяның орнынан түсуіне (доғарысқа кетуіне) байланысты оған жәрдемақы төленеді және медициналық сақтандыру беріледі. Тағы бір қызығы, Америка штаттарында судьялардың жалақысы әртүрлі болып келеді. Мысалы, ең жоғарысы Калифорния судьяларының жалақысы болса, Монтана штатының судьялары ең төменгі жалақы алады.  
Федералдық және штат судьяларының негізгі білім алу және қосымша дайындық жағдайы – судья колледжде 4 жыл, заң факультетінде 3 жыл білім алады, сосын заң саласында тәжірибеден өтеді. Ал, кейбір позициялар үшін заң дипломы тіпті қажет емес, мысалы, АҚШ Конситуциясында Жоғарғы Сот судьяларына біліктілік талаптары қойылмаған. 
Американың судьяларды лауазымынан босату және оларға қолданатын  тәртіптік шаралары бар. Соған сәйкес, штат судьялары қызметінен импичмент арқылы босатылады. Сондай-ақ, Американың барлық 50 штатында судьяларға қатысты түскен шағымдарды қарайтын комиссиялар  жұмыс істейді. Комиссия құрамына адвокаттар, құқық профессорлары, судьялар кіреді.  
Ал, федералдық судьялар лауазымынан палата өкілдерімен, Сенаттың қарауымен, тек импичмент рәсімі арқылы шеттетілуі мүмкін (мұндай импичмент рәсімі 13 рет қозғалған). Тәртіптік шаралар қолдану үшін әр округта Судьялар кеңесі жұмыс істейді, кеңес құрамы тек қана судьялардан тұрады, олар судьяға ескерту беруі, банкроттық істер бойынша судьяны және магистрат судьяны лауазымынан босатуы мүмкін.

Алқа билердің қатысуымен сот ісін жүргізудің мақсаты – қоғамдағы азаматтардың құқықтарын қорғау ісіне қатысу, шешім шығаруда ұтымды да, тиімді жолдарын қарастыру және пайдалану, сот төрелігінде әділ үкім шығаруға атсалысу, азаматтардың мүдделерін заңсыз әрекеттерден қорғау болып табылады. Халық өкілдері атынан қатысатын алқа билер институты адамдардың құқығы мен бостандығын және заңды мүдделерін заңсыз әрекеттерден қорғайды. Сонымен қатар қоғамдағы құқық қорғау қатынастарын реттеу, осы институтты тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, сот билігінде әділ шешім шығаруға атсалысу мәселелерін көздейді.

Алқа билер институтының маңыздылығы, ең алдымен, оның өлім жазасы көзделген қылмыстық істерге қатысуында. Ал олардың қатысуын сотталушы мен қорғаушы талап ете алады. Бұл жағдай қалыпты құбылыс болуы тиіс. Өйткені, алқа билер институтын құрудағы қажеттіліктің бірі осы өлім жазасы көзделген  қылмыстық істерді қарау болып табылды.

Кеңес өкіметі кезінде халық заседательдері қызметін жүзеге асырғанмен оның айтарлықтай сапасы да үлгі аларлықтай нәтижесі де болмады. Жалпы қазақ жұрты үшін халық өкілдерінің сот билігін жүзеге асыруға қатысуы жат құбылыс емес. Өйткені қазақ елінің салт-дәстүр, ғұрыптық ережелер жолымен құқықтық жүйені енгізген билер сотының жалғасын табуы осы мәселенің бастауы болып табылады. Алқа билер институтының мәні қарапайым халыққа билік айтқыза отырып, оны билікке жақындатады. Сондай-ақ кәсіби емес судьялар болып табылатын адамдардың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы оның сапасын жақсартуға ықал етеді.


Информация о работе Алқа билер соты