Вьетнам

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 18:53, лекция

Краткое описание

Вьетнам, Вьетнам Социалистік Республикасы– Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет.
Сонау оңтүстік-шығыстағы Вьетнам жері – Оңтүстік Қытай теңізі атты шалқар айдын жағалауын қуалай 1750 километрге созылған, тауқұзды және қалың ну ормандар өңірі болып келеді. Вьетнамдықтар өз елін Бакбо (солтүстігі), Чунгбо (орта бөлігі) және Намбо (оңтүстігі) деп атайды.
Вьетнамның солтүстік аймағын Хонга (Қызыл), оңтүстігін Меконг өзендері суландырады. Социалистік Вьетнам – көп ұлтты ел: мұнда алпысқа жуық халық қоныстанған. Астанасы – Ханой. Мұнан өзге ірі қалалары – Хошимин және Хайфон. Елдің ежелгі астанасы Хюэде көне ғимараттар сақталған.

Файлы: 1 файл

vietnam.docx

— 306.92 Кб (Скачать)

 
                                                                       Вьетнам

 

Вьетнам, Вьетнам  Социалистік Республикасы– Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет.

Сонау оңтүстік-шығыстағы Вьетнам жері – Оңтүстік Қытай теңізі атты шалқар айдын жағалауын қуалай 1750 километрге созылған, тауқұзды және қалың ну ормандар өңірі болып келеді. Вьетнамдықтар өз елін Бакбо (солтүстігі), Чунгбо (орта бөлігі) және Намбо (оңтүстігі) деп атайды.

Вьетнамның солтүстік аймағын Хонга (Қызыл), оңтүстігін Меконг өзендері суландырады. Социалистік Вьетнам – көп ұлтты ел: мұнда алпысқа жуық халық қоныстанған. Астанасы – Ханой. Мұнан өзге ірі қалалары – Хошимин және Хайфон. Елдің ежелгі астанасы Хюэде көне ғимараттар сақталған.

 
                                                                     Жағрапиясы

Вьетнам, Вьетнам  Демократиялық Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 330 мың км2. Халқы 85 миллион адам (2007). Астанасы – Ханой қаласы. Халқының 88%-ы – вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары мыонг, кхмер, таи, тхай, тағыда басқа ұсақ халықтар. Ресми тілі — вьетнам тілі. Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс. Жерінің бестен төрт бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссондық. Қаңтар айының орташа температурасы 15°С, шілдедегі орташа температура 26°С. Жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 – 3000 мм. Тропикалық ормандарда піл, жолбарыс, антилопа, буйвол, тағыда басқа жануарлар кездеседі. Францияның отарына айналды. Франция Вьетнамға Лаос пен Камбоджаны қосып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады. 20 ғасырдың бас кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. 1930 жылдың бас кезінде Қытайда Үндіқытай компартиясы (ҮҚКП) құрылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалысына осы партия басшылық жүргізді. Ол 1954 жылы француз армиясының жеңілуімен аяқталды. Женева келісіміне сәйкес, Вьетнам 17-ендіктің бойымен екі мемлекетке бөлініп, солтүстігінде 1959 жылы отыз бірінші желтоқсанда Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды, ал оңтүстігінде 1955 жылы жиырма алтыншы қазанда Вьетнам Республикасы жарияланған болатын. Елдің екіге бөлінуі, бірінің КСРО мен Қытай, екіншісінің АҚШ және оның серіктестерінің ықпалында болуы кейіннен соғысқа алып келді. 1975 жылдың басында Вьетнам Республикасындағы Сайгон режимі құлап, 1976 жылы екі Вьетнамның бірігуі аяқталды. 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап Вьетнамда саяси және экономикалық реформалар жүзеге аса бастады. Экономикасының негізгі салалары: мұнай, көмір, электр энергиясын өндіру және ауыл шаруашылығы (күріш, тропиктік жеміс-жидектер өсіру). Ұлттық табыс жан басына шаққанда 200 АҚШ доллары көлемінде. Алайда соңғы жылдары шетелдік инвесторлар көптеп тартылып, ел экономикасы жедел дамып келеді. Елге ең көп инвестиция бөлушілер әрі негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Тайвань, Жапония, Оңтүстік Корея. Вьетнам — БҰҰ-ның мүшесі, оның жүз алпыс елмен дипломатиялық қарым-қатынасы бар.

Азияның оңтүстік шығысындағы осы бір аралды, таулы-қыратты елдің табиғаты көркем. Онда өзен-көлдер, тропикалық ормандар көп. Тарихы ұзақ та бұралаң бұл ел отаршылдықтың езгісінен де, аймақтағы тынбай қырқысқан ішкі соғыстан да көз аш­паған жауынгер жұрт. Ежелден көршілеріне өктемдік танытып келген Қытай елінің езгісінен ХІ ғасырда азат болғасын, көршілес Камбоджа елімен ғасырлап шайқас жүргізген. Тәуелсіздік пен бостандық туын сақтау жолында. Егер вьеттердің тарихына үңілсеңіз, олардың ерліктері мен еңбексүйгіштіктеріне таңданбай тұра алмайсыз. ХХ ғасырдағы Вьетнам соғысы деп тарихта таңбаланған қанқұйлы кезеңге шейін Францияның отарынан құтылу барысы, Оңтүстік және Солтүстік ел болып екіге бөлінуі, қайтадан бірігу үшін күрес жүргізуі – азиялық қайсар ұлт үшін оңайға соқпағаны анық. Бүгінгі Вьетнам – сол қыспақтар мен қиындықтарды жеңген ел. Қазір ел экономикасы энергетикалық ресустардан сырт, туризм саласын да айтарлықтай дамытқан. Ну ормандарында піл, жолбарыс, антилопа, буйвол секілді көптеген аңдар өріп жүреді. Мемлекеттік тілі – вьет тілі болғанымен, мұнда да көп ұлт қоныс тепкен. Әсіресе, көршілес елдердегі ұсақ ұлттардың саны басым. Астанасы Ханой қаласы өнеркәсібі мен шағын өндірісі дамыған, сәулеті ескілік пен жаңа сәулеттік өнерді қалыптастырған азиялық қаланың үлгісіндегі әсем шаһар. Бұл ел туралы түсірілген деректі фильмдерді көрсеңіз, тропикалық аймақтың ғажайып ауа райын, орманды, жауын-шашынды табиғи қалпын, халқының төзімділігін, дәстүр-салтты ұстауға қатаң қарайтынын байқауға болады. Негізгі діні буддизм болғанымен, христиан, ислам діндерінің де ықпалы зор.

Алғашқы сапары кезінде Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастық пен өзара сауда, экономика саласындағы қарым-қатынасты жетілдіру туралы келіссөздер жүргізуде. Еліміздің сыртқы саясатты әртараптандыру, белгілі бір үйекпен, аймақпен шектеліп қалмай, әлемдік экономиканың әр саласына ат салысу жоспарының бір дәлелі осы. Мәселенки, Вьетнам, Сингапур, Қытай, Жапония, Корея, Таиланд, Камбоджа, тағы басқа елдермен тығыз байланыста. Бұл елмен қатынасымыздың қоюлауы біз үшін де тиімді әрі пайдалы болары даусыз.

 
                                                               Вьетнам тарихы

 

Бұрын талай ежелгі мемлекеттер Валанг, Аулак, Дайвиет, болған Вьетнам жерін 1884 жылы француз отаршылдары жаулап алды. Вьетнамдықтар күші басым жауға қарсы бостандақ күресін бастады. Олардың ондаған жыл бойы толассыз күресі 1954 жылы елге алғашқы жеңіс әкелді. Вьетнам халқы өз жерінен отаршылдарды қуып шықты. Бірақ осы кезде АҚШ оңтүстік Вьетнам оккупацияға алып, Оңтүстік Вьетнам Республикасы істеді. Вьетнам соғысы бастады. Вьетнам халқына өз күресін одан әрі жалғастыруға тура келді. 

1975 жылдың көктемінде халықтын тоқсан жылға созылған күресі елге толық жеңіс әперді, Оңтүстік Вьетнам азат етілді. 1976 жылы Вьетнам біртұтас социалистік мемлекет болып жарияланды. Сөйтіп, Вьетнамдықтар өз елінің ұлттық бостандығы, арнамысы үшін күресудің асқақ үлгісін көрсетті.

Кейін франция 1955 жылы   отарлықтың держава  ретінде Вьетнамнан кетеді. Ол  кезде Вьетнам  екіге  бөлініп  кетті, солтүстік   Вьетнамды   Вьетнам  Демократиялық    республика    басқарған, ал  оңтүстік  Вьетнамды  Вьетнам  Республикасы  болыды.

1956  жылы   референдумде  сәйкес   Вьетнамды қосу  туралы   сөз  қозғады. Алайда, оңтүстіктің Вьетнама президенті Нго Динь Зьем референдумды оңтүстікте  жасауды  бас  тарты . Сол  кезде  Хо ши мин    оңтүстікте  Оңтүстік  Вьетнамды  азат  ету  арнайы  партизандық  соғысты жүргізе  мақсатымен  Оңтүстік  Вьетнамның  президентің          Нго Динь  Зьема   құлату   және   Вьетнада  қайта  сайлау  жүргізу. Сол кезде Оңтүстік  Вьетнамға  көмек ретінде АҚШ келеді.Солтүстік Вьетнамға көмекке КСРО,Қытай Солтүстік  Корея,Патет Лао,Куба жәрдем берді.

Информация о работе Вьетнам