Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 14:46, реферат
Страбон Жерорта теңізі жағалауында Кіші Азия Амесе қаласында туған. Оның туған күні мен олген күні белгісіз, арғы тегі гректен шыққан. Бірақ Рим империясына қызмет етіп, географияны ғылым жолына қоюға ат салысады. Оның Юлий Цезарь, Август, Помпей және Тиберлердің замандасы болғаны анық. Оның ұзақ жасағаны осыдан байқалады. Страбон заманында көп біліп, белгілі жерлерді көп аралап, талай-талай саяхат жасаған ғалым. Соның нәтижесінде ол өз тарихынан 43 кітап, «географияның» 17 кітабын жазған. Егер Эратосфен жерді зерттеп білетін ғылымды тұңғыш рет «Географика» деп атаса, Страбон оны тұңғыш рет басқа ғылымдардың қатарына қойды.
Страбон
(б.з.д. Іғ.)
Страбон Жерорта теңізі жағалауында Кіші Азия Амесе қаласында туған. Оның туған күні мен олген күні белгісіз, арғы тегі гректен шыққан. Бірақ Рим империясына қызмет етіп, географияны ғылым жолына қоюға ат салысады. Оның Юлий Цезарь, Август, Помпей және Тиберлердің замандасы болғаны анық. Оның ұзақ жасағаны осыдан байқалады. Страбон заманында көп біліп, белгілі жерлерді көп аралап, талай-талай саяхат жасаған ғалым. Соның нәтижесінде ол өз тарихынан 43 кітап, «географияның» 17 кітабын жазған. Егер Эратосфен жерді зерттеп білетін ғылымды тұңғыш рет «Географика» деп атаса, Страбон оны тұңғыш рет басқа ғылымдардың қатарына қойды. Страбон Эротесфенді ұстазым деп, оның географиялық еңбектерін көп пайдаланады. Страбон «география» деп барлық жер туралы ғылымдарды түсінді. Ол оны беріле зерттеп, жер байлығын адам баласының пайдасына асыруды көздейді. Ғалым жер шарының географиясын жазу үшін, алдымен Жер туралы өзіне дейінгі саяхатшылардың аңыз-әнгімелерін, жазғандарын жинастырады. Бұларға сын көзбен қарап, өзінің ой елігінен өткізеді. Өзі де саяхатқа шығып, көп жерлерді зерттейді, сөйтіп, жердің географиялық жағдайын жазады.
Страбон Рим империясын Август билеп тұрған кезде географиялық зерттеуден 17 кітап жазған. Мұның бастап екі кітабын физикалық, математикалық географияға, содан кейінгі 15 кітабын сол кездегі белгілі жерлерде, сол жерлердегі елдерді, олардың тарихын, халқын, шарушылығын зерттеуге арнаған. Зерттеулерінде Еуропаны, Азияны, Африканы жан-жақты бейнелеп, Еуропадағы және Жерорта жағалауындағы қалаларды географиялық тұрғыдан сипаттап жазған.
Страбон Балқан түбегін, оның қалаларын зерттейді. Әсіресе, ол Грецияны, Эгей теңізін, оның аралдарын зерттеп, Еуропа сипаттамасын (географиясын) жазып бітіреді. Содан сон Азияны жазуға кіріседі. Рим империясы кезіндегі Жерорта теңізі жағалауының, Еуропаның, Азияның, Африканың дұрыс көрсететін Страбон «Географиясы» географиялық ғылым үшін – бағалы мұра. География ғылымының дамуына жол ашқан Страбон: географиялық орта адам баласының өміріне, мінез-құлқына, экономикасына әсер етеді,– деп тұңғыш рет дұрыс қорытынды жасады.
Страбон 15 кітабының ХІ-ХVI ғғ. аралығында жазған 6 кітабы Азия еліне арналған. Соның ішінде Казақстан елінің кейбір бөліктері де бар.
Страбон Сырдария туралы салыстырмалы түрде шынайы бейнеде суреттеген болатын. Ежелгі гректердін түсінігі бойынша және Орталық Азияға сипаттама бере отырып «Басынан аяғына дейін Яксарт Оксадан бөлек өзен, бірақ бір теңізге құяд»,– деп айтқан.
Страбон Герадотқа қарағанда Каспий теңізін жабық бассейн деп санамай, Солтүстік мұхит бұғазысы ретінде қарастырған. Бұл тұрғыдан алғанда ол «мұхит теориясын» ұстанды. Страбон шөлді мұхитпен шайылып жатқан немесе ішкі теңізі бар арал деп санап, осы мұхит төрт үлкен бұғазды құрып, континентке соғылады деп ойлаған. Гиркан (Каспий) теңізін Солтүстік бұғаз ретінде түсінген. Сол заманда барлық теңіздер мұхиттармен байланысты деп санап, осыған орай Каспий теңізін мұхитпен жалғастыратын бір бөлік бар деп ойлаған. Страбонның осындай ұстанымда болуына тағы бір себеп, Каспийдің солтүстік бөлігінен үлкен су сауда жолы басталад деген мәліметтер. Сол кезде Страбон осы сауда жолының көп бөлігін қамтитын Волга өзені туралы ештенке білмегені себебші.
Кейінгі зерттеушілер Оке және Яксарт құятын Страбон атаған мұхит атауына күмәнмен қарай бастайды. Страбон бойынша осы аталған екі өзен арақашықтығы 24 000 стадий (шамамен 420 шақырым). Кеңес тарихшысы және археологы С.П. Толстов ойынша бұл мәліметтер қазіргі замаңғы Арал теңізінің шығысынан құятын Амудария және Сырдария арқашықтығына сай келед. С.П. Толстов ежелгі гректер мен римдіктер Каспийдің «Скифтік бұғазы» Арал теңізі туралы да білген деп тұжырымдайды. Жоғарыда айтылған мәліметтерді салыстыра отырып, ол: Антикалық авторлар түсінігі бойынша «Каспий теңізінің Скифтік бүғазы» алыс шығысқа дейін созылып, Арал теңізі орналасқан жерлерді қамтыған,– деп жазған. Антикалық әдебиеттерде Скифтік бұғазымен қоса «Оксикалық теңіз» немесе «Оксикалық болота» көп кездеседі, ал ол өз кезегінде қазіргі Арал теңізі. Бұл тұжырымды Плиний да «Естественное история» еңбегінде растап отыр. Бұл кітап бойынша Яксарт және Оке соғды жерінен бастау алып, скифтік шөлі бойынша Скифтік бұғазға құйған.
Мұнымен қатар, Страбон тағы басқа географиялық кемшіліктерін айтпай болмайды. Оның басты кемшілігі Жер әлемнің кіндігі, ол қозғалмайды, Күн Жерді айналады – деп әлемді теріс түсінеді. Жер арал тәрізді, оны айнала өзендер, мұхиттар қоршап жатыр,– дейді. Жерді төрт бұғаз қоршап жатыр, оның бірі Каспий бұғазы деп ойлайды.
Пайдаланылған көздер:
Интернет желісі:
Александр Бекович-Черкасский
Александр Беркович-Черкасский (православия қабылдамас бұрын – Девлет-Гирей-мырза, 1717 ж. қайтыс болды) – кабардиан князь ұрпағы, Преображен полкының капитаны, 1714-1717 жж. хивиндықтарға соғысқа қатысып, қайта орамайды.
Алғашқы зерттеуі 1714/15 жж., екіншісі 1716 ж. және үшіншісі 1717 ж. көктемде өтеді. 1714-1717 жж. Каспийға және Хивуға барған экспедицияның қолбасшсы болды. Экспедицияға дайындық 1712 ж. Черкасскийдің Хивуда алтын, күміс және басқа құнды металдарды іздеуге армянин агент Хомуродованы жібергенінен бастау алады. Оған көмекке Черкасский Табер Байн агентті жібереді. Бірінші экспедицияға Яркентағы Амударияда алтын құм бар деген мәлімет себепші болды. Зерттеулер 1714 ж. жасырын агенттерді жіберумен басталып, жыл сонына өз жемісін бере бастайды. 1715 ж. сәуірдің 18 күні Каспий теңізіне 20 бригатиналар шығып, осылай теңіз экспедициясы басталады. Сол жылдың тамыз айының басында Красновод бұғазына жетіп, Огуржин аралдарында тоқтайды. Одан әрі Астрабад бұғазына жетіп, 1715 Астраханьға қайтып оралады.
1715 ж.маусым айында Черкасский І Петрмен кездесіп, өзінің Хиву шөліндегі Яикадан Аралға дейінгі саяхатты туралы хатын береді. Хат бойынша зерттеген жерлері: Каспий теңізінің шығыс жағы, Узбойдың бір бөлігі және алтын іздеуіне байланысты Шейх-Джели тауы. Осы Черкасскийдің хатына жауап ретінде І Петр бұйрық шығарады: «Амудария мен Сырдария өзендерін зерттеу және Ресейге Хивия мен Бухар хандарын әкелу». Осыдан кейін Черкасский 1716 ж. наурыз айында Орталық Азиянда, Самаркандта, Балхеде, Хиви мен Бухарада болған агентпен Мәскеуде кездеседі де оны І Пертге жібереді.
Ресей империяның ықпалы
1716 ж. 4 қыркүйекте екінші
экспедиция басталып, оның мақсаты
Каспий теңізінің бойында
1717 ж. жазында Хивудағы шөлді экспедиция трагедиялық түрде аяқтала бастайды. Хивиндықтармен Чекркассов әскері тұтқыңға түсіп, ал өзі Порсу өзен маңында жазаланады. Бекович-Черкассов экспедицияның тек әскери жағынан емес, сонымен қоса географиялық маңызды ашулар жасады. Мысалы, Каспий теңізінің кел-беті толықтай анықталды, алғашқы рет Қарабоғазкөл бұағазын картаға сызды, Узбоя-Актам мен Арал теңізін ашыты, Амударияның Каспий теңізіне емес Арал теңізіне құятының анықтады, алғаш рет Арал теңізіне дұрыс сызбасын салады. Еуропалықтар Черкассов сызған картасы арқылы Арал теңізінің картасын алды. Черкассовтың мәлеметтеріне сүйене отырып Ф.И. Соймонов пен К.Верденов Каспий теңізінің картасын жасап шығарады. Оны Париж қаласындағы Ғылым Академиясына сыйақы ретінде беріліп, осыған орай І Петр осы академияның ұлы өкілі ретінде танылады. Академик Л.С. Берг осы картаны Каспий теңіздің шынайы әрі дәл картасы деп айтады.
Пайдаланылған көздер:
Интернет желісі: