Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 20:07, реферат
Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен.
Өсімдіктер.
Қоршаған
ортаның адамға тигізетін әсері орасан
зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік
әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз,
ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат
баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем
ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға
берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді
құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол
адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз
керек екен. Себебі, құмырадағы гүл «мені
бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып
өсе түседі екен. Ал, өсімдіктерге дұрыс
қарамаса, уақытында суғарып тұрмаса «ренжіп»,
адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар
бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ
көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып
кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз.
Ал, кактустар да адамның көңіл-күйіне
әсерін тигізеді екен. Кактусқа «туу, түрі
құрысын, қандай сүй-кімсіз» деп айтқан
сәтте-ақ құрамында алкогольдік қоспалар
бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат
адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді.
Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін
кездері болғанын ғалымдар анықтаған.
Ал, кейбір өсімдіктер өз
қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын
көрінеді. Биохимия маманы, доцент Дина
Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің
қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген.
Ағылшын физиологы С.Мейсонның бөлмесінде
көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым
үйленгеннен кейін оның әйелі күннен -
күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал,
жерік болған кезде қатты ит жерік болып,
тіпті дәрігерлердің қандай ем қолданғанына
қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына
бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі,
әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі
деп оны үйдің қасындағы баққа апарып
қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып,
қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі
сәбиді дүниеге әкеледі.
Сөйтсе, фикус өз қожайынын
әйелінен қызғанып, химиялық қоспа заттар
бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне
ешқандай әсер етпеген.
Әрине, өсімдіктердің барлығы
тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы,
фиалка (шегіркүл) өз қожайынын жақсы көретіні
соншалық, ол басқа жаққа сапарға кетсе,
сағынады екен. Ал қазтамақ (герань) бірінші
суармаса, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді.
Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай
тұру арқылы білдіреді.
Ертеде адамдар зығыр (лен)
еккен кезде, жалаңаштанып егеді екен.
Әйтпесе, мол өнім болмайды деп есептеген.
«Көрдің бе, сен (зығыр) өнім бермесең,
мен жалаңаш қаламын» деп айтады екен.
Адамдар киімді зығырдан жасап, кигені
белгілі ғой.
Ертеде «қыдырып» кеткен
күйеуін үйге қайтару үшін әйелдер жатын
бөлмеге алқызыл түсті гүлді қойған. Сол
бөлмеде үш күн қонған ер адам ендігә-рі
басқаға қарамай, тек өз әйеліне деген
сезімі арта түседі екен. Ең жағымды гүлдердің
бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ
тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды,
ал бола қалған жағдайда, өсімдік адамның
жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды.
Содан ұрысып қалғандар тез татуласып
кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді
бұрындары әр үй өсірген.
Гүлді өз қолыңыздан егіп, күтіп-баптаған
жөн. Оларды сәбиді баққандай күтсеңіз,
өскен соң сіздің денсаулығыңызға, отбасыңызға
оң әсер етеді дейді. Гүлдердің қасында
бір сағаттай отырсаңыз көңіл - күйіңіз
көтеріліп, барлық жаман ойдан арыласыз.
Ал, мына бір оқиға осыдан
7 жыл бұрын болған. Бір үйдің ауласында
жапырағы жайқалып, әдемі үлкен ағаш өсіп
тұрған. Үй иесі отыздағы әйел бұл ағашты
шауып тастайын деп, алдымен оның қабығын
аршып тастайды. Ағаш солып қалған соң,
кесіп тастамақшы болады. Әне-міне деп
жүріп қолы тимейді. Бір күні «әйел өз
болашағын білмекші болып көріпкел-ге
барады. Көріпкел оған «отыз жасыңда өлесің»
дейді. Әйелдің өзі де, туыстары да «дені
сап-сау, аяқ қолы балғадай адам қалай
өледі?» деп, көріпкелдің сөзіне аса мән
бермейді. Тамыз айында әйел отыз жасқа
толады да, туыстарын, көршілерін, жора-жолдастарын
шақырмақшы болып, той қамына кірісіп
кетеді. Құрбысы екеуі есіктің алдына
шығып, мерейтой туралы әңгімелесіп тұрған
сәтте, ауа райы күрт өзгеріп, аспанды
қара бұлт торлап, қатты жел соғады. Онсыз
да әрең тұрған ағаш желдің күшімен тура
екі әйелдің үстіне келіп құлайды. Біреуі
қашып үлгіреді, екіншісі ағаштың астында
қалып, қайтыс болады.
Тура отызға толған күні,
көріпкел айтқандай, ағашты кескен әйел
қайтыс болыпты. Көріпкелдің айтқаны тура
келді. Бұл оқиғада ең таң-қаларлығы ағаштың
әйелден өшін алғаны. Мүмкін, кездейсоқ
болған шығар. Кім біледі? Бірақ, «ағаштың
да жаны бар, олар да сезеді» дейді ғой.
«Емші» өсімдіктер Адамзат
дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі
қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін
өсімдіктер түрінің көбейуіне қарай, адам
осылардың кейбіреуле-рінің ерекше қасиеті
бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді
емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда,
адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы
дәріханасы – орман мен дала болды. Сөйтіп,
адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың
арқасында халық медицинасын ашты.
Ертедегі египеттіктерге
алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос,
көкпар, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктердің
шипалық қасиеті белгілі болған. Ғажап
сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның
аты шыққан. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар
760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген.
Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы
кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта
ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан
келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің
пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына
сай келуі тиіс» дейді. Мысалы, сарғайып
ауырған адамды сары түсті өсімдікпен,
бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді
өсімдікпен емдеу қажет. Халықтық меди-цинаның
ел арасына көп тараған және тәуір дамыған
саласы – шөппен емдеу. Қазақ халқының
емшілік салтында шипалы өсімдіктерді
пайдалану ежелден бар дәстүр. Ха- лық
емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер
де жинаған. Мысалы, қазақтар-дың қылшадан
дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С.Моссагетов
Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының
шипалы қасиетін ашқан. Оның құрамында
емдік эфирин заты табылды. Шырғанақтан
алынатын майды қазақтар жараны, күйікті
жазуға, итмұ-рын жемісінің қайнатылған
тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл
беру үшін, тобылғы сабағын қыздырғаннан
кейінгі майын теміреткіні және қотырды
емдеуге, қалақай, мыңжапырақ тұнбаларын
қан тоқтатуға пайдаланған.
Қазақстан жерінде тұзды
көлдер, батпақты сорлар көп-теп кездеседі.
Жаздың ыстық күндері ол жерлерде қос
тігіп, ас, сусын ала келіп емделетін. Ұзынша
науа тәріздес етіп жерді қазып, ауру кісіні
жатқызып, үстін батпақпен көміп тастайтын.
Дәл осындай халықтық қағидаға сүйенген
ем орындарының бірі Жаңа-Қорған санаторийінің
жанындағы «Борықтыкөл» емдеу орталығы
еді. Радикулит, ревматизм ауруларын емдейтін
бұл санаторий республикадан тыс жерлерге
де белгілі болған. Халық аңызы батпақтың
емдік қасиетін алғаш ашқан аңшы оғынан
жараланған киік деседі.
Айта кететін бір жай
– қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін
пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан
үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені,
дәрмене жусанды қазақтың халық медицинасы
ішек құрты ауруына қарсы пайдаланған.
Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан
бері шет елдерге сау-да керуендері арқылы
көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы
шипалы шөп ретінде, жоғары бағаланған.
Себебі, дәрмене жусан Қазақстанның оңтүстігінен
басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке
дүние жүзінде сұраныс көп болған.
Халық медицинасы арқы-лы
дәрілік шөптердің тізімі-нің ішінде атақты
женьшень өсімдігімен таласа алатын бірден-бір
өсімдік – қызғылт семізот (радиола розовая).
Немесе оны халық «алтын тамыр» деп те
атап кеткен. Алтайдың халықтық медицинасында
«алтын тамыр» адамның жұмыс қабілетін
арттыратын дәрі ретінде пайдаланылып
келді.
Кейінгі жылдары ғалымдар
алтын тамырдың құрамындағы экстракттың
ағзаның (организм) дене жұмысына шыдамдылығын
арттыратынын, жүрек-сосуд системасын
жақсартып, жоғарғы нерв жүйесінің ырғағына
жағымды әсер етіп, қан қысымының реттелуіне
көмегін тигізетіндігін анықтады.
Қазақстан бойынша семізот
(алтынтамыр) туысының он бір түрі кездеседі.
Оның ішінде жалғыз қызғылт семізот түрінің
ғана шипалық қасиеті бар. Бұл өсімдік
Алтай, Тарбағатай және Жоңғар тауларының
біраз жерінде ғана өседі. Кейінгі жылдардағы
зерттеу жұмыс-тары мен экспедициялық
және далалық практика кезіндегі бақылау
жұмыстары бұл өсімдіктің өсу аймағы едәуір
тарылып кеткенін көр-сетіп отыр. Жергілікті
жерлерде алтын тамырды жинаушылар көбейіп
кеткен. Өкініштісі, кейбіреулер бұл тамаша
өсімдікті пайданың көзі етіп алған. Мұндай
жүйесіз жинаудан табиғатқа да, адамға
да келер пайда жоқ. Қызғылт семізоттан
жасалынған дәріні ор- нымен пайдаланбаса,
ол кейбір адамдардың қан қысымын арттырып
жібереді. Бұдан қайғылы жағдайға ұшырау
қиын емес. Біздің Қазақстанда өсетін
тағы да бір шипалы шөп – мақсыр, немесе
марал тамыр (рапонтик). Бұл да шипалық
өсімдіктер тізіміне халықтық медицина
арқылы енген өсімдік. Алтайлықтар көктем
кезінде бұл өсімдікті маралдар тұяғымен
қазып, тамыр сабағын жейтіндігін байқаған,
осыдан «марал тамыр», «марал шөп» деп
атап кеткен. Мақсырды халық ертеден бері
«алтын тамыр» және женьшень сияқты әл
беретін дәрі ретінде пайда-ланып келді.
Халық меди-цинасында пайдаланылға-ны
жөнінде алғашқы дерек 1897 жылдан белгілі.
Осы жылы Сібірді зерттеуші, белгілі ғалым
Г.И.Потанин император географиялық қоғамының
тапсырмасы бойынша Монғолияның солтүстік
батысына саяхат жасаған.
Өкінішке орай, бұл өсімдіктерді
жаппай қазып, жинау табиғатқа, осы өсім-дікке
жасалған қиянат. Сон-дықтан, алтын тамырмен,
мақсырдың шөп тоғайын жаппай жинамай,
кемінде шөп тоғайдың төрттен екі бөлігін
қалдырып отыру керек. Бұл табиғи қорының
өздігінен қайтадан қалпына келуін қамтамасыз
етеді. Өндіріс үшін жинағанда, жинау тәртібін
білу керек және жыл сайын бір жерден жинауға
жол берілмеуі тиіс.
Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жератмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады.
Әрбір халықтың өсімдіктерді аялауға және корғай білуге қатысты тарихи дәуірлерде қалыптасқан салт-дәстүрлері, даналық қағидалары бар. Мысалы, наурыз мейрамының негізгі қағидасы табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға арналған. "Атаңнан мал қалғанша тал қалсын", "бір ағаш кессең он ағаш отырғыз" және т.б. нақыл сөздер наурыз мейрамының басты ережесі. Наурыз мейрамы кезінде бұлақтардың көзі ашылып, жағалауына жасыл көшеттер егіледі. Бұл мыңдаған жылдар жалғасып келе жатқан халықтық экология үлгі-өнегелік дәстүр. Тіпті халықтық экологиялық тыйым сөздердің көпшілігі өсімдіктерді аялай білуге арналған. Мысалы, "жалғыз ағашты кеспе", "орманды отама", "орманды өртеме", "құракка орақ салма" "көкті таптама", "көкті жүлма", "бұтақты сындырма", "гүлді жұлма" және т.б. бұлардан басқа өсімдіктерді қорғай білуге арналған қаншама мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, даналық нақыл сөздер бар. "Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір" және т.б. көптеген өсиетті сөздердің әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор.
Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның ішінде балдырлардың 2 мыңнан астам, қыналардың 600-ге жуық, мүктектестердің 500-ге жуық, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам және саңырауқұлақтардың 5 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек, Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында ғана осындай 165—170 түрлі эндемик түрлер өседі. Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және қорғаудың ғылыми маңызы зор.
Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%- ын шөптесін өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды. Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і эндемик түрлер. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің — 2500—2800 түрі өседі, олардың да 210— 215-і энедемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздің таулы алқаптарында өсетін өсімдіктердің 3400—3600 түрінің — 540—570 түрі де эндемик өсімдіктер.
Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа еңгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.
Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемілекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.
Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғаліп кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.
Қызыл кітапқа енгізілген
өсімдік ереке қорғауға алынады. Оларды
жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда
арнайы рұқсатпен ғана). қызыл кітапқа
енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса
немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге
айып төлейді )2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).
Жануарлар.
Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі
негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге
бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын
органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты орга
Жануарлар экологиясы – экологияның бір саласы. Бұл салада экожүйедегі популяцияның тіршілік ету заңдылықтары анықталып, жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі зерттеледі. Қоршаған ортада болып жатқан антропогендік факторлар жануарлар тіршілігін өзгертіп, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әкеледі. Қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде, сондай-ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың, әр түрлі табиғатта болып жататын апаттардың әсерінен ауа, ландшафт құрамының бұзылуы, топырақтың ластануы – жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне елеулі өзгерістер әкеледі. Мысалы, 20-ғасырдың 50-жылдарындағы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде сол аймақта тіршілік ететін омыртқасыз жануарлардың 70%-ы жойылып кетті. 20-ғасырдың 60-жылдарынан бастап, Арал теңізінің тартылуына байланысты бағалы балықтар (сазан, қаяз, ақмарқа, т.б) құрып кетті. Омыртқалы жануарлардың 125 түрі және омыртқасыз жануарлардың 105 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Осыған орай, жануарлар экологиясы – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі.
Жануарлардың қыстап
шығуы – ауа райы суық және қоңыржай аймақтарда
жануарлардың қыстың қолайсыз жағдайынан
сақтануы. Қыстап шығудағы негізгі қиыншылық
– қорегін табудың қиындауы, қорек қорының
азайып, сапасының нашарлауы. Бұл қиыншылыққа
бейімделу үшін балықтар, құстар, сүтқоректілер
қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын
ауыстырады. Кейбір жануарлар, әсіресе,
жыртқыш аңдар (қасқыр, жолбарыс, барыс)
қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге дейін
кетіп қалады. Арқар, таутеке, елік, т.б. таулы аймақтарда
мекендейтін жануарлар қыс түсісімен
қары жұқа, шөбі мол жерлерге қоныс аударады. Сүтқоректілердің кей
Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторларәсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.
2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабы
жарық көрді. Оған буылтық құрттардың — 2, ұлулардың —
6, шаянтектестердің —1, өрмекі
I—жойылып кету қаупі төнген түрлер;
II— саны күрт азайып бара жатқан түрлер;
III—сирек кездесетін түрлер;
IV—толық зерттелмеген түрлер;