Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:42, реферат
Елбасы Н. Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы,
КІРІСПЕ
1. АЛЬПИНИЗМ – ТУРИЗМ РЕТІНДЕ
1.1 Альпинизмнің тарихы, мәні
1.2 Альпинизм – туризм ретінде
1.3 Альпинизмнің түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. АЛЬПИНИЗМ – ТУРИЗМ РЕТІНДЕ
1.1 Альпинизмнің тарихы, мәні
1.2 Альпинизм – туризм ретінде
1.3 Альпинизмнің түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Елбасы Н. Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы «Қазақстан экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы жөнінде үсыныс» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты — Қазақстан экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабылеттілігін көтеру[1]. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм), қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт, альпинизм және сол сияқты басқа да туризм түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді. Туризм 2010 жылға дейінгі мемлекеттің экономикалық дамуының басым секторларының бірі деп атап көрсетілді.
Осыған байланысты Үкімет туристік кластерін құру және дамыту бойынша іс-шаралар қабылдауды Туризм және спорт министрлігінің алдына қойды. Үкімет туристік кластердің қүрылуының маңыздылығын ескеріп, Қазақстан аумағында туристік мүмкіндіктерге маркетингтік зерттеу жүргізу үшін 65 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді. Туристік кластер дегеніміз — туризм инфрақұрылымындағы салалардың жиынтығы. «кластер» ұғымы математика, астрономия және музыка салаларында қолданылатын, қазіргі кезде экономикалық әдебиетте де кең қолданысын тапты. «Кластер» термині (ағылшын тілінен «сіизіег» жиынтық) типтес нысандардың жиынтығы деген үғымды білдіреді. Мысалы, жұлдыздар жиынтығы, атом кластері. Экономика саласында кластер дегеніміз экономиканың бір саласына жататын, бір-біріне салалас жақындығы бар кәсіпорындар, ғылыми орталықтар, университеттер тобы. Бір кластерге кіретін кәсіпорындар мен үйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Туристік кластер — туризм индустриясы, онда негізгі қозғаушы күш — мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін туристік ұйымдар.
Біздің облысымызда туризм саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді жанданып келе жатқан сала. Туризм қазіргі заманда Қазақстан экономикасының ең перспективті саласы болып табылады. Аталған сала ідамудың дұрыс өзгерістерінен өтсе, онда ол саудаға , облыстық бюджетке де үлкен кіріс алып келер еді.
Жұмыстың мақсаты- туризмнің бір саласы ретінде – альпинизмді қарастыра отырып, тақырыпты зерттеу.
Альпинизм де туризмнің, яғни спорттық туризмнің бір ерекше саласы, альпинизм спортымен айналысатын адамдарды әдетте – альпинистер деп атайды.Жалпы спорттың тауға өрмелеу арқылы көтерілетін түрі.
Жұмыстың міндеті:
- Альпинизмді туризмнің бір саласы ретінде қарастыру;
- Альпинизмнің мәніне, түрлетіне тоқталу.
1. АЛЬПИНИЗМ – ТУРИЗМ РЕТІНДЕ
1.1 Альпинизмнің тарихы, мәні
Бұрында адамдар тауларға қорқынышпен қараған. Олардың ойынша, олар ерекше күштерге ие және тауларда әртүрлі аруақтар мекендейді деп сенген. Мұны шыңдардың атауларынан-ақ байқауға болады., мысалы: Хан-Тенгірі (көк тәңірі); Эльбурс-Джан-Падишах (әруақтар патшасы), Ұшба (жалмауыздар аңғары) ...
Сонда да өздерінің қорқыныш- сезімдеріне қарамастан тауларға көтеріліп,оларды бағындырды. Адам таумен біртіндеп танысып, үйрене бастады. Қиямет қайым соғыстарда тайпалар мен халықтар өздерінің үйренген мекен – жайларын тастап, жаудың қолы жетпейтін тауды мекендеген. Сауданың дамуы да адамдардың тауларды мекендеуіне көп ықпал етті, өйткені сауда жолдары көбінесе таулар, шың, құздар арқылы өтетін.
Тауды мекен еткен адамдар оның табиғатын терең зерттей бастады. Адам аяғы баспаған жерлерге ене бастады, бұлт басқан шыңдарға да шықты. Тауларда саяхатшы ғалымдарды кездестіруге болатын болды. Солар ең алғашқы шыңды бағындырушылар болды. Шың бағындыру да адамның басқа да іс-әрекеттері секілді тәжірибе мен қажеттіліктің арқасында ақырындап дамып отырды. Ғылымның дамуы мен техникалық әдістердің жаңаруы, шың бағындырушылардың мақсаттарын қиындатып, өзгерте түсті. Бірақ адам осы қиындықтарға, табиғаттың қатал сынына шыдай отырып, көбінесе жеңімпаз болып отырды. Олардың биік тауларға шығып, аман қалғандары, жеңіс!
Альпинизм Монблан мен Альпа тауларына шығудан туындады деп есептелінеді. Француз ғалымы Г. Соссюр 1760 жылы Монблан шыңына жол тауып көтерілгендерге арнайы сый ақы тағайындады. Бірақ тек он екі жылдан кейін ғана Монблан шыңын (4810 м) аңшы- Жан Бальма және Браф Мишель Паккармен бағындырылды. Содан кейін алғаш тау үйшіктері, қонақ үйлері пайда бола бастады. Тау бөктеріне темір және арқанды жолдар салынды. Тауды ұнататын елдердің бірқатары бірігіп,, альпинистер клубы мен одақтарын құрды. Осылайша тауға қол жеткізу мүмкіндігі артып, қызығушылық көбейе түсті.
Еуропа тауларын бағындырған альпинистер, ендігі назарларын басқа тау жүйелеріне –Кавказ, Африка таулары және Америка құрлығындағы биіктігі 6-7 мың метр болатын биік тауларды бағындыруға бағытталды. Алайда 7 мың метр биіктіктегі Гарваль Гималайындағы Трисул шыңы (7127м), тек 1907 жылы ағылшын альпинисті Т. Лонгстаффпен бағындырылды. Осы уақытта Гималайдың «сегізмыңдықтарын» бағындыруға сайыс та басталып кетті. Мұнда альпинистердің көңілдері Гималайдың Нангапарбат және Қаракөума-Шоғорыға ауды. Бірақта Анапура шыңын 1950 жылы француздар М.Эргог және Л.Лашепальмен, ал үш жылдан кейін -1953ж. биік алып- Эверест (Домолунгма)шыңы ағылшын экспедицияның мүшелері- Н.Тепсинг пенЭ. Хилларимен бағындырылды. Дәл осы жылы австриялық Г.Буль жалғыз Нангапарбат (8126 м) шыңына шықты.
Қазақстанда альпинизмнің дамуы 30-жылдардан басталады. Тұңғыш рет 1930 ж. 17 шілдеде қазақстандық Белоглазов Г., Горбунов В. Және Мысовский И. Іле тауының Кіші Алматы гыңына (4376 м) көтерілді. Еліміздің альпинистері 1982 жылы КСРО командасы құрамында Эверест шыңына (8848 м) шықты. Ал 1991 жылы альпинист Қ.Уәлиевтің жетекшілігімен Қазақстан альпинистері Гималайдағы Дхаулагири (8176 м.) шыңын бағындырды [2].
Альпинистердің соңғы құрал жабдықтары,олардың мүмкіншіктерін арттыра түсті. Әсіресе кеңейтілетін қазықтар,бұл тегіс кеңістіктерде оңай және тез жүруге мүмкіндік береді. Индустриалды техниканың қарқыны мұндай шлюмбурлармен қолдану елуінші жылдары сырттала берді, ал алпысыншы жылдары олардан мүлдем бас тартты. Қазіргі таңда бұндай құралдар тек ерекше жағдайда ғана қолданылды.
1.2 Альпинизм – туризм ретінде
Альпиниизм — спорттың бір түрі, ерекше жақсы спорттық дене шынықтыру демалысы, мақсаты – биік таулардың шыңына өрмелеп шығу. Альпиниизм бойынша спорттық жарыстарда объектілер:
- шыңның биіктігі;
- Шыңға шығу барысындағы техникалық кедергілер;
- мінезі және созылатын уақыты.
Шетелдегі альпинизмнің даму тарихы шартты түрде мынадай этаптарға бөлінеді:
- шыңдарға қарапайым жолдармен шығу;
- Альпі және басқа тау шыңдарына шығу маршруттарының күрделенуі;
- Әлемдегі биік шыңдарға шығу мүмкіндіктері;
- Жер шарындағы әр түрлі таулардан күрделі маршруттар арқылы өту.
Аллпинизм Альпі тауына шыға бастаған кезден спорттың бір түрі ретінде танылды. Альпинизм ХХ ғасырда таза спорттың бір түрі ретінде қалыптаса бастады[3].
Күшті альпинистер болып альпі мемлекетінің өкілдері саналды, мысалы: итальяндықтар, немістер, француздар, австриялықтар және ағылшындар. ХХ ғасырдың екінші жартысында Альпі қабырғаларынан өте бастады, бұл альпинистердің спорттық класының өскендігін көрсетеді.
Альпинистердің спорттық шеберлігі олардың киімдері мен техникаларына да көп байланысты. Синтетикалық жіптен жасаған жеңіл және мықты арқандар, шлямбурлар, дюралдық баспалдақтар, қолайлы асханалар, жеңіл және жылы киімдер мен аяқ киімдер – осылардың барлығы альпинизм спортының алға басуына көп мүмкіндіктер туғызды.
Альпинизмнің түрлері
Альпинизмның мынандай түрлері бар:
- Биік альпинизм
- Мұз өрлеушілер
- Боулдеринг
- Әскери альпинизм
- Өндірістік альпинизм
Биік альпинизм
Биік альпинизм – ең биік таудың шыңына өрмелеп шығу. Оның ерекшеліктері:
қосымша акклиматизацияның керектігі;
- табиғаттың әсеріне байланысты арнайы киімдер мен аяқ киімдерді қолдану, мысалы: күшті жел, төмен температура, үлкен көлемдегі қар және мұз т.б.
- альпинизм техникасын, альпинистердің арнайы киімдерін және қауіпсіздік құралдарын қолдану;
- Арнайы демалатын лагерлер және асханалар ұйымдастыру[4].
Мұзда өрлеушілер
Мұзда өрлеушілердің пайда болуының бірнеше нұсқалары бар. Біреулер бұл спорт түрі Шатландияда пайда болған десе, ал енді біреулері альп тауларында пайда болды деген ұстанымда. Бірақ мұзға өрмелеушілердің өздері үшінші нұсқаны мақұлдайды.
Мұзда өрмелеушілердің арасындағы өтетін жарыстар тау қатпарларында өткен, енді болса мұндай шараларға арнайы жасанды трассалар даяарланатын болды. Осындай сайыстар жылсайын дүние жүзілік деңгейде өте бастады. 2002 жылы мұзда өрлеу еркін спорт түрі болып танылды.
Боулдеринг
Боулдеринг – тауға шығудың бір түр түрі. Отаны боып есептелетін Фантебло, Париждің маңындағы орманды менен. Мұда ірнеше кішігірім жарлар бар, болдерингке таптырмайтын жер. Бұл жерде көптеген альпенистер дайындалған мысалы : Пьер Аллан.
Болдеринг- ең қиын және акрабатикалық шеберлікті қажет ететін тауға шығудың бір түрі. Спортсменнің міндеті - әтүрллі кедергілермен бірнеше қысқаша трассаларды өтіп шығу. Жол бойы еш сақтандырусыз 4 м биіктікте орналасқан ілгектер арқылы жүріп өтуі қажет, ал кейбір ілгектер 7-8 м қашықтықта болуы да мүмкін.
Әскери альпинизм
Альпинизмнің әскери мағынасы таулы рельефтерде әлдеқашан түсінікті болды. ХХ ғасырдың басында Австрияда, Венгрияда және Италияда арнайы тауатқыштар бөлімі пайда болды.
Өндірістік альпинизм
Өндірістік альпинизм арнайы технология ретінде биіктік жұмыстарын өндірістік және басқа объектілерде жіптерді көтеру және түсіру қызметтерін орындайды[5].
Альпинизм техникасы
Бір уақытты сақтандыруда сақтандыру нүктесі бірінші буынмен іске асырылады. Арқан сүйіршеге немесе қазыққа (сақтандыру нүктесіне) бекітіледі, осылайша алға жылжып отырады. Артындағы екінші адам арқанды керек уақытында босатып, оның еш кедергісіз жылжып отыруын қамтамасыз етеді. Байлаудағы біреуі тайып кетсе, екіншісінің сақтандыру нүктесі арқылы оны ұстап қала алады. Қоз
Қорытынды
Кейінгі жылдары елімізде туристік қызметті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Туризм жөнінде арнайы кластер құру да жоспарланып отыр. Бұл саланы дамыту үшін нормативтік-құқықтық база жасалды, 2004 жылдың 13-маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол туристік қызметтің құқықтық, экономикалық әлеуметтік және ұйымдық негіздерін Қазақстан Реслубликасының экономика салаларының бірі ретінде анықтайды. Заңға сәйкес Қазақстандағы туристік фирмалардағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:
— туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
— туристік қызметтің басым бағыттарын анықтау және қолдау;
— Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел ретінде түсінік қалыптастыру;
— туристердің және Қазақстан Республикасының туристік ұйымдары мен бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, олардың мүдлелері мен мүліктерін қорғау.
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары:
— туристік қызмет саласында азаматтардың демалуға, еркін қозғалуға құқықтарын қамтамасыз ету;
— қоршаған ортаны қорғау;
— туризм классификациясының маңызын қарастыру;
— туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
— саяхат кезінде азаматтардың кажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;