Айдана жумабекова

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:48, курс лекций

Краткое описание

Атом энергиясы – адам өмірінде маңызды орын алады. Энергия жеткілікті болғанда қоғамның дамуы қарыштап алға басады. Оған жиырмасыншы ғасыр дәлел. Бүгінгі күнгі негізгі энергия қоры болып саналатын – көмір, мұнай, газ бір кезде өзінің шегіне жетуі мүмкін. Соны болжай білген ғалымдар энергия көзін ашты. Бұл – атом энергиясы. Атом энергиясы адам өмірінде кең қолданылатын энергия түріне айналып келеді. Бұл энергия түрімен жұмыс істегенде, оның адам ағзасына тигізетін әсерін және соған байланысты физиологиялық өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау маңызды мәселе.

Файлы: 1 файл

атом.docx

— 35.40 Кб (Скачать)

3.1. Радиоактивтік заттардың өсімдіктерге әсері

Малина жас өсімдігіне радиоактивтік зат енгізілгенде ол өсімдіктің сабағына, бұтағына, жапырақ  жолақтарына көптеп жиналады. Радиоактивтік  сәулелену организмде заттардың  жылжуын, орын алмастыруын, санын, көлемін  анықтауға мүмкіндік жасайды.

Радиация өсімдіктер өнімін арттыруда ауыл шаруашылығында кең қолданылады. Тұқымдарды, картопты, жас жеміс ағаштарын отырғызардың алдында сәулелену әсерін өткізеді. Радиация арқылы жаңа сорттарды шығаруға мүмкіндік жасалынады, әр түрлі зиянкестерді құртуға, тыңайтқыштарды егіс даласына және т.б. салудың нағыз қолайлы  мерзімін анықтауға пайдаланады.

Қант қызылшасын себер алдында сәулелену әсерінен өткізгенде оның өнімі 40% өседі және құрамындағы қант 15-35% — ке дейін  жоғарылайды.

Парникте өсетін редистің тұқымын себер алдында  сәулелендіру нәтижесінде оның өнімін 25%-ке арттырған /320-400 кг дейін/. Сәулеленген  тұқымдарда даму құбылысы жылдамдайды. Топыраққа әлсіз радиоактивтік  затты салғанда өнім жоғарылайды. Егер сәулеленудің үлкен мөлшері тірі организмге зиян болса, оның аз мөлшері, керісінше, тіршілік жағдайын күшейтеді. Арнайы жасалған гамма – сәулелену  құралы арқылы бір сағатта бір  тонна тұқымды сәулелендіруден  өткізуге болады. Тұқымды сәулелендіру үшін оның сортын, ылғалдылығын және т.б. жағдайларды еске алады, яғни әр организмге радиация мөлшері оның жағдайына  байланысты арнайы түрде беріледі.

Радиоактивтік заттар арқылы топыраққа салған тыңайтқыштардың  қалай және қанша көлемде өсімдіктермен  сіңірілетінін зерттеп біліп, өсімдіктердің  өмірін зерттеп, агротехниканы дұрыс  қолдану мүмкін. Мысалы, фосфор – 32 радиоактивті жүзім сабағының түбіне салғанда өсімдікке тез сіңеді, ал ерітінді түрінде салғанда баяу, аз сіңеді.

3.2. Радиоактивтік сәулеленудің залалды әсерлерінің пайдалы болуы

Өндірісте жаңа бұйымдар жасау жағдайында үйкеліс күшінен  электрлік қасиет пайда болады. Бұл  электрлік қасиет өзіне шаңды  тартып, бұйымдардың үстін шаң  басып, жұмыс істеу қиынға түседі. Шаң көптеген өндірістерде үлкен  зиян келтіреді: жаңа сырлаған бұйымдардың  үстіне түсіп, олардың сапасын төмендетеді, оптика құралдарының әйнектерін тазалауға  кедергі болады. Шаңмен күресу үшін және электрлік қасиеттің зиянды әсерін жою үшін жұмыс орнының  қасына әлсіз сәулеленетін радиоактивтік  зат қояды.

Шамалы мөлшермен  радиоактивтік сәулелену арқылы картоптың өсуін 2-3 жыл бойы тежелдетуі мүмкін. Сәулеленген картоп тамақтық сапасын сақтайды.

Шошқа етінде кездесетін өте қауіпті кішкентай құрт (трихининдер ) адам ағзасына түсіп, көбейеді және жаман  ауру туғызады. Радиоактивтік сәулелену  шошқа етіндегі трихинин құртын жояды  немесе құрттың көбею қабілетін  әлсіретіп, жояды.

Медицина препараттарын  өндірісте залалсыздандыру үшін қолданады. Консерві өндірісінде қыздыру  орнына тағамдық заттарды радиоактивтік  залалсыздандырылады. Тамақ өндірісінде  сұйық және ұнтақ тағамдардың  сапасын анықтауда индикатор  болып қолданылады. Балық, құс, мал  етін, көкөніс тағамдары бұзылмас үшін сәулемен залалсыздандырады.

Теңіз суын тұщы суға айналдыруға атом энергиясы пайдаланылады. Бидай және тағы басқа тұқымдардың  зиянкестерінің ұрығын және ересектерін  залалсыздандыруда, зиянды шыбын –  шіркеймен күресуде қолданылады.

Химиялық заттардың  сапасын арттыруда, өндіріс жағдайын бақылау мен автоматтандыруда, материалдарды  заласыздандыруға, өңделген дайын терінің  қалыңдығын анықтауға, машина өндірісінде  бұйымдардың тозып, ескіру құбылысын  зерттеуде және толып жатқан жағдайларда  радиоактивтік сәулелену кең  қолданылады.

Радиоактивтік тәсілді  қолдану үнемі дамуда. Радиоактивтілік  тәсілмен өлшеуге арналған аспаптарды, құралдарды дайындайтын арнайы заводтар бар. Аспаптардың, құралдардың жаңа үлгілерін дайындау үшін конструктор  бюролар құрылған.

Радиоактивтік тәсіл  автоматтық бақылаушы. Металдан жасалған бұйымдардың сапасын сәулелену  арқылы бақылауға қолданылатын тәсіл  дефектоскопия деп аталады. Наждак қағазын дайындауда автоматтық бақылаушы  кілейдің біркелкі қалың қабатпен жағылып  тұруын анықтайды. Кітап, түрлі қағаз  басатын машинаның білік жұмырына бояудың жұқа қабыршақ болып жайылуының біркелкілігін және қалыңдығын үздіксіз өлшеуде қолданылады.

3.3. Радиоактивтік сәулелену – ғажайып көреген көз, санаушы

Металдың ішкі құрылысын  көруге, металдан жасалған құбырдың ішіндегі сұйық және ұнтақ заттардың мөлшерін анықтауда радиоактивтік заттардың (сәулелену) қолдануы ерекше. Ұнтақ  заттардың (мысалы қант) қапқа толтырылған  мөлшері счетчик арқылы анықталады. Темекі фабрикасында темекіні толтыру  мөлшерін анықтауда радтоактивтік  сәулелену қолданылады.

Домна және мартен пештерінің тозуын дер кезінде сәулелену  арқылы анықтайды. Жер бетіндегі  және ұшақ машиналардың двигательдердің  тозуын сәулелену арқылы анықтайды.

3.4. Атом энергия бұлағы

1903 жылы радий  элементінің үздіксіз жылу шығарып  тұратынын оқымыстылар ашқан.  Осы жылдан бастап, ең алғаш  рет атом энергиясы бар екенін  оқымыстылар тапты, оны адам  өміріне қолдану тәсілдерін зерттеп,  ғажайып жаңалық жасады.

Атом энергиясын осы күнгі кең пайдаланып отырған  көмір және мұнай, газ энергиясымен салыстырғанда олардың арасында айырмашылық тым алшақ. Көмір  немесе мұнай жанғанда ең жоғарғы  температура 2 мың градусқа дейін  көтеріледі. Уран ядросының бөлшектерінің  ұшу жылдамдығында миллиондаған градусқа жетеді.

3.5. Атом өндірісінде және радиоактивтік заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы және денсаулықты сақтау

Бұл мәселелердің түп негізі – дозиметрия құралымен  радиоактивтік сәулеленудің деңгейін үздіксіз бақылап отыру. Дозиметриялық  құралдар радиоактивтік сәулелену  болатын атом электростанцияларында, атом материалдарын өңдеуге түсіретін  заводтарда орнатылған. Мұндай дозиметр – бақылаушы, автоматтық түрде радиоактивтік  сәулелеундің деңгейіне үздіксіз бақылау  жасайды. Егер радиоактивтілік қауіпті  деңгейге дейін жоғарыласа, онда авариялық  қоңырау шылдырлайды, қызыл шам  жыпықтайды. Осы сигнал естілісімен  жұмыскерлер өте жылдам бөлме  ішінен басқа жаққа шығып кетуі  керек. Радиоактивтікті залалсыздандыру  үшін қажетті шараларды тез арада  қолданады.

Бақылаушы дозиметрден  басқа арнайы дозиметр құралы бар. Ол радиоактивтік заттардың ұнтақтарының еденге шашылғанын адамның үстіндегі  киіміне ілінісіп кеткенін көрсетеді.

Әр жұмыскердің  өзіндегі дозиметр атом өндірісіне сәулелену  деңгейінің мөлшерін анықтайды. Шамадан  тыс болған жағдайда сәулелену әсерінен сақтану үшін жедел шаралар қолданылады.

Сәулелену әсерінен сақтану үшін ядролық реактордың және т.б. атомдық құрылыстардың  маңайына биологиялық қорғаныс бетоннан жасалған қалыңдығы шамамен 3 метр немесе шамамен жарты метрдей қорғасыннан  жасалған қабырғамен қоршайды.

Реакторде өз энергиясын берген уран элементінің қалдығын алып, оның орнына жаңа элементті салу арнайы механизм қолдану арқылы жүргізіледі. Телевизор экраны арқылы заводтың немесе тағы басқа құрылыстың ішінде болып  жатқан өзгерісті бақылап отырып, сәулеленуден қорықпайтын өте қолайлы  механизм қалың қабырғаның сыртында, қауіпсіз жерде отырған адамның  жұмысын орындайды.

Бұл көбінесе автоматты  түрде, механизмнің басқаруымен  өтеді.

Жоғарыда айтқандай, уран өзінің энергиясын бергеннен соң, онда басқа өте бағалы материалдар  жиналады, яғни жаңа ядролық отын металл плутоний және көп, әр түрлі радиоактивтік  изотоптар. Бұларды бір – бірінен  ажыратып, бөліп, алу және оларды пайдалану  үлкен шеберлікті қажет етеді. Бірақ  бұлардың біразы өмірде қолданылмауынан, радиоактивтік өндірістің керексіз заттары болып саналуынан суға, топыраққа  төгіледі.

Бұл қалдықтардың ең аз мөлшерін заласыздандырмай тікелей  топыраққа немесе суға тастау өте  қауіпті. Олардың ішінде көпшілік заттардың  радиоактивтік изотоптары бар. Бұлар  өсімдік өміріне өте қажетті  заттар. Оларды өсімдіктер өздеріне сіңіріп, жинақтауынан радиоактивтілік жоғарылап, қауіпті деңгейге жетуі мүмкін. Мұндай өсімдіктермен, шөппен қоректенген  сиырлардың сүтінде радиоактивтілік  табылған.

Атом өндірісінің  қалдығын суға тастағанда радиоактивтік  заттарды сіңіріп, жинақтайтын балдырлар  болады. Балдырлардан бұл заттар балықтарға, ал балықтардан адамдарға өтіп, адам денсаулығына қатерлі әсерін тигізеді.

Қорытынды

Жыл өткен сайын  адамдардың радииоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені  жыл сайын атом электр станциялары  салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер сыналып, атом бомбалары жарылып жатады. Олардан  қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп  шығып, адамзат баласына неше түрлі  зиян келтірді десеңізші. Сондықтан  адамзат баласын радиациядан  қорғау осы кезде кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.

Табиғатта адамзат  баласы, жан – жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі табиғи радиоактивтік  сәулеленудің сыртқы және ішкі әсерімен шектелініп тұрады, яғни табиғи радиоактивтік  фон деп аталатын жағдайда болады. Бұл жер бетіндегі тіршілік өмірдің  табиғи қажеттілігі. Бірақ адамзат  баласы өзін табиғи зат алмасу процестерінің  ауқымынан шығарып, глобалды бірігей  қызмет ететін жүйе ретіндегі биосферада өзінің тәртібіндегі шекті нормаларды бұзуда. Осыларды белгілі бір жүйеге келтіру кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр.

Космостан келетін  космостық сәулелердің практика жүзінде адамзат баласының қорғануға  ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер  шарына түгелдей таралады. Космонавттарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа  емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Иондалған сәулеленуді ем-дом  ретіндепайдаланып жатыр. Дерттерде  диагностика қою үшін де таңбаланған  атомды пайдаланады. Сәуле терапиясы  мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады.

Адамдарды радияциядан  қорғау – Қазақстан Республикасының  алдында тұрған аса қүрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл  бөлінуде. Әсіресе экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың  денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Неше түрлі экологиялық проблеммалар, әсіресе радиациялық экология өз тұрғысынан шешімдерін тапқан жоқ.

Сайып келгенде, біз  – қазіргі жас мамандар, келер  ұрпағымыздың өмірінің жарқын да мәнді  болуы үшін қоршаған ортамызды, яғни Табиғат – Анамызды аялай білуіміз қажет. Ол үшін меніңше, әр адам баласы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін бір-бірімен сабақтастырғаны  жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер

1) Н.Ә.Назарбаев  «Бейбітшілік кіндігі» Астана, «Елорда», 2001

2) «Радиация және  өмір» З.Ж.Асқарова, Алматы, 2000.

3) www.adamzat.kz


Информация о работе Айдана жумабекова