Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:41, реферат
Ғылыми-техникалық прогресс және әлемдiк шаруашылықтардың әр түрлi салаларының 19-20 ғасырларда өте жоғары қарқында дамуы әр түрлi пайдалы қазбалардың көп мөлшерде қолданылуына жағдай туғызды. Солардың iшiнде мұнай ерекше орын алады.
Кіріспе
1 Мұнайдың құрамы. Мұнайдың физикалық және химиялық қасиеттері
1.1 Мұнайдың пайда болуының биогендік теориясы
1.2 Мұнайдың пайда болуының абиогендік теориясы
1.3 Мұнай мен газдың химиялық құрамы
Негізгі бөлім
2. Мұнайдың молекулалық құрамы
2.1 Мұнайдың орташа молекулалық құрам бөліктері
2.2 Мұнайдың жоғары молекулалық құрам бөліктері
3. Мұнай құрамындағы гетероатомдық қосылыстар
3.1 Мұнайдың, газдың және мұнай өнімдерінің негізгі физикалық және химиялық қасиеттері
Қорытынды
4. Мұнай, газ және газконденсатты кеніштердің геологиялық-физикалық сипаттамалары
4.1 Мұнай және газ коллекторларының физикалық қасиеттері
4.2 Тау жыныстарының кеуектілігі
4.3 Жыныстың ұсақталған (механикалық) құрамы
4.4 Тау жыныстардың өткізгіштігі
Қолданылған әдебиеттер
Қуысты ортаның салыстырмалы өткізгіштігі деп осы ортаның тиімді өткізгіштігінің абсолютікке қатынасын айтамыз.
Жыныстың өткізгіштігін анықтау кезінде Дарсидің сүзілу формуласын пайдалануға болады, ол бойынша қуысты ортадағы фильтрация жылдамдығы қысым түсуіне пропорционал:
v = Q/F = (k/µ)*(dp/L)
мұндағы: v - сызықты фильтрация жылдамдығы, Q – жыныс арқылы сұйықтың көлемдік шығыны, F – фильтрация ауданы, k – пропорционалдық коэфициент, немесе жыныстың өтгізгіштік коэфициенті, µ - сұыйқтың динамикалық тұтқырлығы, dp – ұзындығы, L – үлгінің соңы бойынша қысым түсуі.
Ұзындығы үлкен емес үлгілерді зерттеу кезінде орташа қысым:
p = (p1+p2)/2
бұл жердегі р1 және р2 – үлгіге кіру және жеріндегі қысым.
Мұнай коллекторының өткізгіштігі тек сол бір ғана қабаттың аралығында мәнін кең көлемінде өзгертеді. Мұнай мен газдың скважина түбіне ағысы жоғары, қысымы бар, қабатты жыныстың өткізгіштігі онша емес кезінде де байқалады (мысалға, 10-20мД және төмен). Көптеген мұнайлы және газды қабаттардың өткізгіштігі әдетте бірнесе жүз миллидарси құрайды.
Табиғи коллекторға тән ерекшелік: өткізгіштік мәні қабаттардың орналасуына перпендикуляр бағытына қарағанда, қабаттардың орналасуына көбіне параллель бағытына көбірек. Бұл қабаттардың орналасуына перпендикуляр хыныстардың өте көп тығыз болуымен және седиментация жағдайларымен түсіндіріледі. Жыныстардың жату шарттарын зерттеу қабаттардың тік бойынша күрделі құрылысы бар екенін көрсетеді. Нәтижесінде жату алаңы бойынша да жыныстардың өткізгіштігі кенң аралықта өзгеруі мүмкін.
Мұнай мен газ кен орындарын игеру кезінде қуысты ортада, мұнай немесе газ (қабат қуыстарында судың болуы кезінде) немесе көп фазалы жүйе (су, мұнай және газ бір уақытта) қозғалады. Бұл жағдайларда жыныстың өткізгіштігі қандай да бір фаза үшін осы жыныстың абсолюттік өткізгіштігінен әрқашан төмен болады.
Бұл кезде тиімді (фазалы) өткізгіштік жыныстың мұнай, газ және суға қаныққандығына байланысты болады.
1-суретте құмның салыстырмалы өткізгіштігінің су үшін (оң жақтағы қисық) және газ үшін (сол жақтағы қисық) құмның суға қанығуынан байланысты эксперименталдік қисығы келтірілген. Осыған тән ұқсастық құмның салыстырмалы өткізгіштігінің мұнай және су үшін суға қанығуынан байланысты қисықтары болады.
1. Судо М.М. Нефть и горючие газы в современном мире. М.: Недра. 1984.
2. Рудзитис Г.Е., Фельдман Ф.Г. Органическая химия: учебник для 10 кл.сред. школы. М.: Просвещение. 1991.
3. Нұрсұлтанов Ғ.М., Абайлданов Қ.М., «Мұнай және газды өндіріп, өңдеу» Алматы, 1999 ж. , бет 200-219.
4. Гиматудинов Ш.К. Дунюшкин И.И., Зайцев В.М., Коротаев Ю.П., Левыкин Е.В., Сахаров В.А. Разработка и эксплуатация нефтяных, газовых и газоконденсатных месторождений. – М.: Недра, 1988, стр. 142 – 162.
2