Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 16:44, реферат
XX ғ бірқатар «атлантикалық» геосаяси концепциялары АҚШ-тың Еуразиядағы стратегиясының тұрпатына зор ықпалын тигізген және әлі де тигізіп келе жатыр. Осы концепциялардың арасында Маккиндердің, Спайкменнің, Мэхэннің концепциялары айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл концепциялардың қарастырылуы еуразиялық кеңістіктегі америкалық стратегияның қалыптасуының, дамуының арасындағы себеп салдарлық байланыстарды ғана емес, сондай-ақ АҚШ-тың Еуразиядағы саясатының нақты схемасы мен алгоритмін анықтауға көмектеседі.
Кіріспе
Маккиндердің концепциясы
Мэхэннің концепциясы
Спайкменнің концепциясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Баяндама |
Тақырыбы:Классикалық |
Орындаған:Ерниязов Д. Тексерген: Әлпейісов Ә.Қ. |
12.10.2011 |
Астана қаласы 2011жыл |
Жоспар:
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
XX ғ бірқатар «атлантикалық» геосаяси концепциялары АҚШ-тың Еуразиядағы стратегиясының тұрпатына зор ықпалын тигізген және әлі де тигізіп келе жатыр. Осы концепциялардың арасында Маккиндердің, Спайкменнің, Мэхэннің концепциялары айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл концепциялардың қарастырылуы еуразиялық кеңістіктегі америкалық стратегияның қалыптасуының, дамуының арасындағы себеп салдарлық байланыстарды ғана емес, сондай-ақ АҚШ-тың Еуразиядағы саясатының нақты схемасы мен алгоритмін анықтауға көмектеседі.
Маккиндердің концепциясы
Танымал ағылшын географы Халфорд Маккиндер еуразиялық континенттің ішкі кеңістігі болып табылатын «Хартлендке» (ағылш. «heart» - жүрек және land - жер немесе «орталық жер», «жерлердің жүрегі», «осьтік территория») жаһандық үдерістердегі шешуші аймақтың рөлі тиесілі. Х.Маккиндердің мұрасы XX ғ басы мен ортасындағы көптеген басқа да геосаяси концепциялардың арасында ерекше орын алады. Себебі, осы концепцияның концептуалдық жаңашылдығында, әлемдік үдерістерді басқарып отырудың дайын формулаларында және де өзінің қарама қайшылығында.
Маккиндердің концепциясы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған болатын. Оның ең маңызды кезеңдері 1904, 1919 және 1943 жылдар болып табылады. Бұл жылдар ағылшын ғалымының Еуразияның әлемдік үдерістерге ықпалын өзіндік көзқарасы арқылы білдіруімен және «Орталық (немесе осьтік) территория» немесе кейінірек еуразиялық континенттің ішкі кеңістігі ретіндегі «Хартленд» концепцияларының тұжырымдауымен байланысты. «Хартлендке» белгілі бір аймақтардың түрліше енгізілуіне қарамастан, бұл концепцияның геосаяси маңызы сол қалпында қалып, оның мәні: осы кеңістікті билеу бүкіл әлемнің билеуіне әкеледі. Үш нұсқаның бәрінде де қазіргі Орталық Азия мен Ресей (Сібір мен Оралдың аумақтары) аталған геосаяси кеңістіктің маңызды бөліктері болып қала берді. Бұл әлемдік үдерістердегі орталық азиялық аймақ пен Ресейдің тарихи және болашақ рөлінің Маккиндердің мойындауының бірден бір дәлелі.
Маккиндер өзінің концепциясында мемлекеттің дамуының екі бағытын қарама қарсы қояды. Атап айтсақ, құрлықтық және теңіздік. Осылайша, ол тарихи өркениеттік контекстіге өзінің сараптамасын енгізуге тырысады. «Құрлық пен теңіздің» бәсекелестігінің себебі ретінде «көліктік байланыстардың мобильділігі» (құрлықтық пен теңіздік) шешуші аспекті болып табылады. Ғалым Ұлыбритания мен АҚШ-тың арасындағы тығыз тарихи саяси және географиялық байланысты көрсетеді. Сонымен қатар, Маккиндер АҚШ-қа Еуразиядағы саясаттың еуропоцентристік жолынан кетіп, «Еуропа туралы» Азиядан бөлек ойлауға болмайтынын ескертеді.
АҚШ пен Ұлыбритания Маккиндер үшін «әлемдік тәртіппен» тең. Ағылшын ғалымының ойынша, олар үшін басты мәселе Германия мен Ресей ретіндегі континентальдық күштер арасында қауіпсіздік белдеуін құру болып табылады. Ресей және Германия тек ішкі континентальдық елдер ғана емес,сондай-ақ еуропалық атлантикалық идеяның емес, керісінше еуразиялық идеяның дамуының білдіруші мемлекеттері екендігін Маккиндердің тезистерінің логикалық дамуы дәлелдейді. Сонымен қатар, континентальдық құрлықтық державалар тобына Қытай мен Иран қосылу керек. Сондай-ақ қауіпсіздік белдеуінің немесе тәуелсіз мемлекеттер сызығының құрылу принципі ағылшын ғалымының теориясының құрамдас бөлігі ретінде болғандықтан, аталған санитарлық кордон Ресей мен Қытайдың, Ресей мен Иран,Қытай мен Иранның арасына «қажет» екендігі анық.
Бұл талапқа АҚШ пен Ұлыбританияның континентальды күштер арасындағы қарама қайшылықтарды сақтап тұру жөніндегі саясатты жүргізу сияқты міндет те сай келеді. Осылайша, Маккиндер Германияның амбициясын Франциямен, кейін Ресеймен бірігу арқылы, «АҚШ пен Ұлыбританияның басым рөлі» аясында Қытайдың көмегімен жаңа әлемдік тәртіпті орнату мүмкіндігіне меңзейді.
Маккиндер теориясының мәні Хартлендтің «әлемдік еркіндікке географиялық қауіп төндіруші» болып табылатындығында. Осыдан барып бұл мемлекеттер, алдымен, Еуропа, Ресей, Қытай және т.б. секілді ықпалды континентальдық орталық күштерден аластатылып, керісінше өзінің саяси бағдары жағынан АҚШ пен Ұлыбританияға жақындастырылуы керек екендігі шығады.
Мэхэннің концепциясы
Геосаясаттың америкалық
мектебінің негізін қалаушы Альфрэд
Мэхэн өзінің баға беруінде ең мықты
теңіз державасының жалғыз ғана басым
болу идеясын ұстанып, Еуразияның жағалаулық
кеңістігі болып табылатын «
Маккиндер секілді Мэхэн теңіз бен құрлық мемлекеттердің дамуының негізінде жатқан ерекшеліктердің тезисіне негізделді. Америкалық ғалымның пікірінше, теңіз державасы болып табылатын АҚШ-тың басымдылығы құрлықтық ортаға қарағанда теңіздік ортаның көмегімен болатын тасымалдың мобильділігі мен оған тәуелді болатын экономикалық пайда сияқты объективті жағдайлармен байланысты. Оның үстіне Мэхэн бойынша, теңіз державасының коммерциялық негізі оған бейбіт тұрпат берсе, ал құрлықтық держава бұл негіздің болмауы оған агрессивтік тұрпат береді. Осындай жағдайда, «теңіздің құрлыққа қысымы» екіншінің агрессияшылдығын төмендету керек деп сеніммен айтады. Теңіз мемлекетінің сауда,флот пен коммункациялық желілерді дамыту талпынысы халықаралық көшбасшылықтың жаңа формуласына әкеледі: Теңіздегі бақылау дегеніміз әлемдегі басым ықпал ету.
Сөзсіз, әрине Мэхэн АҚШ-ты алдыңғы қатардағы теңіз, ендеше әлем державасы ретінде көреді. АҚШ-тың өмірлік мүдделеріне белсенді сыртқы экономикалық, саяси және әскери бағыттар (бұл жерде теңіз флоты аталған стратегияның ең басты қозғаушы күші мен оның жетістігінің гаранты) сай келеді. Сонымен қатар, америкалық ғалым АҚШ үшін әлемдік деңгейдегі «саяси амбицияны» көрсетудің керектігін қуаттайды. АҚШ-тың осындай тым белсенді сыртқы саясатының жүргізілуінің пайдалылығының аргументтері ретінде экономикалық мақсаттары,коммерциялық мүдделер,өндірістің өсуі, шетелдік нарықтардың қорғалуының қажеттілігі.
Әлемге әскери күштеу ықпалды жүргізудің жақтаушысы болып табылатын, сонымен бірге еркін сауданың идеясын қолдау арқылы Мэхэн бойында реализм мен либерализмнің принциптері бар өзінің ілімінің ғана емес, сондай-ақ АҚШ-тың стратегиясының қарама қайшылығын айқын көрсетеді. Тікелей теңіздің қуатына тәуелді АҚШ-тың «сыртқы экспансиясының» әскери мақсатты емес, саяси, экономикалық және коммерциялық мақсаттарды көздейтіндігін ғалым атап көрсетеді және де АҚШ-тың өзінің мүдделері бар әлемнің кез келген жеріндегі қарулы конфронтацияға дайын болу керектігін айтады.
АҚШ-тың Еуразиядағы экономикалық, саяси және әскери үстемдігінің мәселесін шешу үшін Мэхэн континеннтің шетіне базалардың тізбегін салуды жөн санайды. Бірінші орынға шешуші, стратегиялық маңызы бар аймақтар, яғни көліктік коммуникациялық бағдарлардың қиылысы қойылады. «Егер базалар одақтас немесе тіпті бейтарап үкіметтің территориясында болса, онда олар орнықты болады» деп ол пайымдайды. Мэхэн бойынша, бұл пайымдаулар АҚШ-тың аталған аймақтардың бақылаудың стратегиялық қажеттілігіне әкеледі.
Ғалымның осындай әдістері Ресейдің жалғыз ғана континенттік держава және болашақ қарсыласы екендігін анықтайды.
Азия елдері арасынан Мэхэн
Қытайға басты назарды
Спайкменнің концепциясы
Америкалық ғалым Николас Спайкмен бір уақытта Х.Маккиндер ілімінің ықпалында болып, А.Мэхэннің теориясын дамытқан болатын. Спайкменнің концепциясы XX ғ басы мен ортасындағы геосаяси пікірталастарды аяқтаған еді. Бұл концепция басқа концепциялардан өзінің жүйелігімен, әлемдегі үдерістерді көптеген факторлар мен олардың өзара байланысын ескеретін көпжақты сараптау арқылы қарастыру талпынысымен ерекшеленеді.
Өзінің еңбектерінде «геосаясат» терминін пайдалана отырып, Спайкмен өзінің америкалық, ағылшын және неміс геосаясат мектебінің жол салушыларына қарағанда айтарлықтай үлкен мағына береді. Спайкмен бойынша, геосаяси сараптама өткен, қазіргі және болашақ жағдайларды, соның ішінде қауіпсіздік, мемлекет жаратылысы, күштер мен мүдделер балансы, соғыстың алғышарттары мәселелерін жаһандық және аймақтық деңгейде қарастырған кезде маңызды құрал болып табылады.
Спайкмен концепциясының басты элементі еуразиялық «Римленд» түсінігі («маргинальды жарты ай») болып табылады. «Хартленд» (континенттің орталық бөлігі) пен Еуразияны шаятын теңіздердің арасында орналасқан аталған геосаяси құрылымның құрамына Спайкмен Батыс Еуропаны, Таяу мен Орта шығысты, Араб түбегін, Ауғанстанның, Пәкістанның, Үндістанның қазіргі территорияларын, Қытай мен Оңтүстік шығыс Азияның бөліктерін, Корей түбегі мен Қиыр шығысты қосқан болатын. Осы зонадан тыс, әрине аралдық мемлекеттер, олардың қатарында Ұлыбритания мен Жапония қалды.
Спайкмен «Римлендті» өзін құрлықта да, теңізде де қорғай алатын функциясы бар «буферлік» кеңістік ретінде қарастырғанымен, ол оның әлемдік үдерістер үшін маңыздылығын айқын көрсетеді. Америкалық ғалым оның ағылшын әріптесі ұсынған «әлемдік үстемдік» формуласын өзгерткен болатын. Спайкмен бойынша «кім Римлендті билесе, сол Еуразияны билейді; кім Еуразияны билесе, сол әлемнің тағдырын бақылайды».
Теңіз бен құрлық державаларының
қарсыластығының «теориясының»
дамуына үлесін қоса отырып, Спайкмен,
сонымен бірге, АҚШ, Ұлыбритания
мен Жапония елдері секілді қандай
да бір альянстың мүмкіндігі Ресей,
Германия мен Қытай секілді
Осыған байланысты, Спайкменнің пікірінше, теңіз (сондай-ақ әуе) бен құрлықтың Еуразиядағы үдерістерге ықпалының әдістерінің құрамдастырылуы Америка үшін маңызды. Ғалым тіпті АҚШ, Ұлыбритания мен Кеңес Одағының «Римлендтегі» оқиғаларды бақылауға бағытталған тығыз өзара әрекеттерінің қажеттілігін ақталған деп санайды.
Дегенмен, өзінің теориясын
Американың ұлттық мүдделеріне қарай
өзгерткен Спайкмен АҚШ үшін маңыздысы
«Римлендке» қандай да бір күштердің
үстемдік ету қаупінің алдын алу
болып табылатын мақсаттар
Осының барлығы, Спайкменнің пікірінше, АҚШ үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету олардың «Еуропа мен Азиядағы саяси өмірге белсенді араласуымен» байланысты екендігінің дәйегі болып табылады. Ғалым Еуропада секілді Азияда да «принциптері мен идеалдары батыс өркениетінің дамуына қарсы болатын» үстем етуші державалардың пайда болуына АҚШ-тың қарсы тұру керектігіне ерекше назар аудартады. Оның пікірінше, жалпы, АҚШ үшін «бейбіт уақытта секілді соғыс уақытында да» Еуразияның «орталық күштерінің» Американың мүдделерене қарсы болатын коалицияға бірігуіне жол бермеу өзекті болып табылады.
Осы кезде мынандай сұрақ туындайды: егер Американың ұлттық мүдделері үшін басты міндет ретінде Спайкмен Еуразиядағы күштер мен мүдделер балансын сақтау керек екендігін қарастырса, онда сәйкесінше аталған кеңістіктегі экономикалық және саяси тектес интеграциялық үдерістер де АҚШ-қа «қарсы» деп қарастырылады. Осыған дәлел ретінде Спайкмен «Еуропалық Федерация АҚШ көмек көрсететіндей құрылым емес» деп айтады. Ол Еуропадағы күштердің интеграциясы емес, олардың балансы ғана АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне сай келеді деп санайды. Оның көзқарасы бойынша, федеративті Еуропа АҚШ-тың атлантикалық держава ретіндегі маңыздылығын жойып, Батыс жарты шарындағы америкалық позициялардың қатты әлсіретуге қабілеті бар.
Жалпы, Спайкмен бойынша, Американың
«үстемдік позициясына» жетуіне
бірден бір себеп, ол еуразиялық континенттің
мемлекеттерінің «ешқашан да бізге
қарсы біріге алмауы» және де күштер
балансына назар аударуы
Қорытынды
XX ғ бірқатар концепциялары АҚШ-та әлі де маңызын жойған жоқ және олар Еуразиядағы Американың стратегиясының сипатына ықпалын тигізуде. Олардың арасында Маккиндердің, Спайкменнің, Мэхэннің концепциялары ерекшеленеді. Аталған ғалымдардың әдістерінің айырмашылықтарына қарамастан, оларды біріктіретіні АҚШ-тың еуразиялық үдерістерге белсенді араласу қажеттілігі, оған себеп ретінде өмірлік мүдделері (экономика, саясат, идеология және т.б) Құрама Штаттары үшін нақты міндеттердің қойылуы, әдістер мен құралдарды таңдауда және олардың жүзеге асырылуы, америкалық мүдделердің жүруіне нақты алгоритмдер мен схемалардың құрылуын атауға болады.
Халықаралық акторлардың арасында еуразиялық, демек антиамерикалық одақтардың құруына қабілетті болатын Ресей, Германия және Қытай ерекшеленеді. Геосаясаттың «атлантикалық» мектебі мынандай қорытындыға келеді: аталған елдердің күштерінің бірігуі, мысалы, олардың стратегиялық одақ құру жағдайында, АҚШ-ты халықаралық өмірден тыс қалдыруға мүмкін. Бұны Еуразияның көп бөлігі өзінің бағыты бойынша мұхиттық немесе теңіздік болып келетін көліктік коммуникациялардың қазіргі жүйесінің мысалынан көре аламыз. Посткеңестік кеңістік пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кеңістігінде интеграцияның, соның ішінде көліктік интеграцияның даму жағдайында АҚШ (егер бұл үдерістерге қатысудан шеттетілсе) континентальды және жаһандық деңгейде өзінің ықпалының көп бөлігін жоғалтады.