Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 18:24, реферат
Жүгіру түрлеріне және оның қозғалыс техникасына тоқталсақ. Әр қашықтыққа байланысты жүгірудің техникасы және жарыста жеңу тактикасы өзгеше. Мысалы: қысқа қашықтыққа жүгіру. Алғашқы үйренетіміз – қол және аяқты сермеу техникасы, сөреден жылдам шығу техникасы, сөреде тұрғандағы яқты, қолды тіреу, уақытты жібермей орнынан тез қозғалу.
Сөреден тез шыққаннан кейінгі аралықта шапшаңдықты үдету, спортшы бұл жерде денесін алдыға ұмсынып қолымен тез қтмылдар жасау керек. Келесі ретте шапшаңдықты үдету үшін спортшының денесі бірте-бірте түзеліп, аяқ алысы бұрынғысынан алшақтау, қолы кең амплитуда жұмыс жасауы қажет.
13
СПОРТТЫҢ НЕГІЗІ – «ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА»
Жеңіл атлетика- ежелден келе жатқан спорттың бір түрі. Жеңіл атлетикадағы – жүгіру, әр түрлі қашықтыққа жүгіру, 30м, 60м, 100м, 200м, — 800м – 1500м – 3000м, 5000м – 10000м – және марафон 42 шақырым195 метржүгіру жатады.
Жүгіру түрлеріне және оның қозғалыс техникасына тоқталсақ. Әр қашықтыққа байланысты жүгірудің техникасы және жарыста жеңу тактикасы өзгеше. Мысалы: қысқа қашықтыққа жүгіру. Алғашқы үйренетіміз – қол және аяқты сермеу техникасы, сөреден жылдам шығу техникасы, сөреде тұрғандағы яқты, қолды тіреу, уақытты жібермей орнынан тез қозғалу.
Сөреден тез шыққаннан кейінгі аралықта шапшаңдықты үдету, спортшы бұл жерде денесін алдыға ұмсынып қолымен тез қтмылдар жасау керек. Келесі ретте шапшаңдықты үдету үшін спортшының денесі бірте-бірте түзеліп, аяқ алысы бұрынғысынан алшақтау, қолы кең амплитуда жұмыс жасауы қажет. Аяқтары жерге нық тіреліп, итеру күші үлкейе түседі, қолмен ауаны қармап шапшаңдықты өсіреді, ал тыныс алу органдары үздіксіз дем алу, шығаруды кедергісіз жасайды. Мүмкіндігінше барлық дене мүшелерінің бұлшық еттері қозғалысқа көмектеседі. Сондықтан жаттығу кезінде спортшылар өз денелерінің бұлшық еттерін жаттықтырады.
Өзге қашықтықтарға қарағанда жүгіру адамы алшақ болады. Спортшы мәреге жақын қалғанда немесе кетуге аз қалғанда денесін алдыға беріп ұмсынуы тиіс, шапшаңдықты барынша үдетеді.
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру кезінде қысқа қашықтықтағыдай сөреден жылдам шығу маңызды емес. Сөреден бір екпінмен, мәреге жеткенше өз күшін сақтап, қашықтық біткенше жылдамдықты өсіре отырып алдын ала жаттықтырушының айтуы бойынша жүгіруі тиіс. Кейде жүгіру жылдамдығы ауа-райына немесе қарсыластырдың күштілігін байланысты болады, сол жерде спортшы өзінің ақылына жүгініп жылдамдық тактикасын өзгертеді.
Қашықтықтың артуына байланысты адымның да ұзындығы азаяды. Спортшының денесі еркін және бұлшық еттері түгелдей жасауы керек. Жаттығу кезінде спортшы әр түрлі жаттығулар арқылы әрбір дене мүшесінің бұлшық еттерін шынықтырады. Шыныққан денеге кейде арнайы массаждар жасап немесе ыстық моншаға түсу арқылы бұлшық еттерді босаңсытып дем алдырады. Тыныс алу органдары да кедергісіз жұмыс істеу керек, сондықтан жаттығулардан кейін суық су ішпеу, суық тигізбеуге тырысу абзал.
Жас спортшы жаттығулардан кейін шөлдегенде көп су ішуге болмайды, өйткені адам организмі суды өз мөлшерімен толтыруы тиіс. Суды тек ауызды, тамақты кебуден сақтау үшін жай ғана шайып тұру керек.
Спортшы жаттықтырушымен және дәрігермен біріге отырып жаттығу циклын жасауы тиіс, бір маусымдық жарыстарға дейін. Спортышының тамақтану ережесі, демалу ережесі өте қатал сақталуы тиіс. Спортышының салмағы. Бойы, денсаулығы дәрігер мен жаттықтырушының қадағалауында болғаны дұрыс. Тұмау немесе басқа да инфекциялық аурулар кезінде жарысқа шығуға мүлдем болмайды, жаттықтырушының қалауынша жаттығуды жасауды жалғастырады.
Жеңіл атлетикада жаттығу киімдері жұқа және жеіл болғаны дұрыс, жүгіруге ыңғайлы аяқ киім , қысқ қашықтыққ арнайы шеге табанды аяқ киім іиген дұрыс. Жүгіруді спорттық немесе дене жаттығуы үшін пайдаланады. Дене шынықтыруға жай ғана жүгіріс немес жаяу жүрудің пайдасы ұшан-теңіз.
12