Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 20:33, реферат
Алғашқы қағаз ақша 1260 жылдары Қытайда пайда болды. Капитализм кезінде қағаз ақшаның алғашқы партиясы 1690 жылы Англияның Солтүстік Америкадағы Массачусетс колониясында шығарылған болатын және ол алғашқыда солдаттарға жалақы төуге арналған. Россияда алғашқы қағаз ақшалар (ассигнация) 1767 жылы шығарыла бастады. Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуді, Қазақстандағы қолма – қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті.
Кіріспе.....................................................................................................3
Ақша реформасының маңыздылығы және ҚР-дағы ерекшелігі………4
Ұлттық валютаны тұрақтандырудың әдістері………………………….9
Қорытынды.................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................12
Жоспар
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегңнің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдыққатынастарын тудыра отырып, таур формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Алғашқы
қағаз ақша 1260 жылдары Қытайда
пайда болды. Капитализм кезінде
қағаз ақшаның алғашқы партиясы
1690 жылы Англияның Солтүстік
Ақша
реформасы - ұлттық валютаны нығайту, ақша
айналысын реттеу мақсатында елдің
ақша жүйесін қайта құру. Ақша реформасының
түрлері: ақшаның көрсетулі құнын сақтай
отырып, оның жаңа үлгісін шығарып, ақша
белгілерін толық немесе ішінара ауыстыру;
ақша өлшемін ірілендіру нысанында деноминациялау;
ұлттық валютаның бағамын өзгерту; девальвация
— ұлттық валютаның бағамын төмендету;
ревальвация — ұлттық валютаның бағамын
көтеру. Ақша реформасын мемлекет айналысқа
жаңа ақша белгілерін шығару және ескі
ақшаны мәжбүрлеп алу жолымен жүзеге асырады.
Өндіріс түрпаты немесе қоғамдық-экономикалық
формация ауысқан кезде (феодализмнің
алтын стандарты капитализм тұсында банкноттық
және несиелік түрпатпен ауысты), сондай-ақ
соғыстар мен төңкерістердің салдарынан
қираған экономиканы тұрақтандыру кезеңінде
ақша реформасы сөзсіз жүзеге асырылады.
Ақша реформасы толық немесе ішінара болады.
Толық ақша реформасы (жаңа ақша жүйесін
жасау) жаңа мемлекеттердің пайда болуына
байланысты немесе бернеше елдердің ақша
жүйесі біріктірілген жағдайда ұлттық
акша жүйесінен тыс тұрған ақша жүйесін
құру кезінде жүргізіледі (мыс., Еуропалық
валюта одағы елдерінің бірыңғай ақша
жүйесінің құрылуы). Iшінaрa ақша реформасы
(ақша айналысын тұрақтандыру мақсатымен
қолданыстағы ақша жүйесін ретке кел-
тіру) кезінде әдетте ақша жүйесінің жекелеген
элементтері өзгертіледі (мыс., ақша өлшемін
шығару тәртібі, оның атауы, бағанын ауқымы,
ақша белгілері немесе ақша-несиелік реттеу
органдары өзгереді).
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
ҚР-дағы ақша айналымның өзiндiк тарихы бар. Ол бiрнеше стаылардан өтiп, бiрнеше реформаларды бастан кешiрдi. Соның алғашқысы ретiнде 1922-1924 жж. Ақша реформасын қарастырайық. Алдымен осы ақша реформасын жүргiзу қажеттiлiгiне тоқталайық. Революцияға дейiнгi Қазақстанда жүргiзiлген 1895-1897 жж. Ақша реформалары нәтижесiнде алтын монета айналысы бар алтын монометализм жүйесi енгiзiлдi.
Айналыста
алтын, күмiс, мыс монеталар жүргiзiлдi.
Негiзгi ақша белгiлерiне 92% алтынмен қамтамасыз
етiлген мемлекеттiк банктiң несиелiк
билеттерi жатты. Ақша массасының басты
бөлiгiн алтын монеталарға
Аталған ақша реформасы екi кезеңде жүргiзiлдi. 1922 ж. 25 шiлде және 11 қазанда Кеңхалком декретiмен Мембанкке 1,2,3,5,10,25, және 50 червонец тұрғысындағы банктiк билеттердi шығару туралы құқық берiлдi. Бұл червонец соғысқа дейiнгi алтын монетадағы (7,74234 алтын 10 рубльге теңестi). Мембанк червонецтердi кәсiпорындарды вексельдiк және тауармен қамтамасыз етiлген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттiлiгiмен байланысты червонецтердi шығаруға мүмкiндiк бердi.
Червонецтердi эмиссиялардың несиелiк сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет еттi. Вексельдер мен тауарлы-материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25% алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етiлдi. Банктiк билеттер алтынға айырбасталмады, бiрақ банк червонецтердiң алтын рубльдегi бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетiнiң барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.
Сауда-саттықтың және банктiк несиелердiң ұлғаюына қарай червонецтерде айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнының 1.04.1923 ж-15%, 1.07.1923-37% және барлық ақшалай есеп айырусылар, мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтармен бейнеле бастады.
Червонецтер iрi ақша болғандықтан да олар көбiне көтерме шаруашылық айналымына қызмет еттi. Кеңестiк ақша белгiлерi өздерiнiң ұсақ құндылығына қарамай, олар ұсақ бөлшек саудада және базар айналымында қызмет ете бердi. Шын мәнiсiнде, елде екi валюатның қосарлы айналысының жүйесi қалыптасты: мембанктiң несиелеу барысында шығарған червонецтерi және Халықаралық қаржы комитетiнiң бюджет тапшылығын жабы мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгiлерi.
Алтынға валютаның еркiн ауыстырылуын жақтаушы ретiнде ғана емес, сонымен қатар Г.Я.Сокольников алтын резервтерiн жинақтау қажет деп санады.
1-кесте. Алтын қорының ролі.
1922-1924
жж. Ақша реформасында көптеген
адамдар құнсыз қағаз
2.Ұлттық валютаны тұрақтандырудың әдістері
Қазақстан Республикасы Президенттiң Жарлығымен екi кұн өткен соң айырбас мерзiмi 1993 ж. 1 қыркұйек айына дейiн ұзартылып, айырбас шегi бiр адамға 100 мыңға дейiн ұлғайтылды. Ресейдегi ақша реформасы ескi үлгiдегi ақшаларды ТМД елдерiне, оның iшiнде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол бердi. 1992 ж. Бiрiншi жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшiлерi ендiгi жерде рубльден күдер үзiп, өз валютасын шығаруға ағылшыннң “Харрисон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтiп, 1993 ж. 1, 3,5,10,25,50 және 100 теңгелiк ақшалар Қазақстанға жеткiзiледi. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесi бар.
1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев ”Қазақстан Республикасына ұлттық валютаны енгiзу туралы” Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта-теңге енгiзiлдi.
КСРО Мембанкiнiң және 1992-1993 жж. Ресей үлгiсiндегi қазыналық және банктiк билеттердi айырбстау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қолма-қол ақшалардың, рубльдiк шоттардың, салымдар мен мiндеттемелердiң теңгеге айырбасы 1 теңге үшiн 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргiзiлдi. Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегiнде ақша айырбастай алды. Айырбас бiр рет қана жүргiзiлiп, ол туралы төлқұжатқа белгi соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзiм iшiнде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегiн құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегiннiң заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексердi. Комиссияның шешiмi бойынша бұл қаражаттар мерзiмнен бұрын босатылды. 15 қарашадан 18 қарашаға дейiнгi аралықта халық теңгемен және рубльдермен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететiн тұлғалардың ақшалай түсiмдерi кұнделiктi қабылданды: теңгеде-шексiз, 1961-1993 жж. 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубльдегi ақшаларды 1993 ж. шiлдедегi ақшалай түсiмдердiң орташа шамасынан аспайтыны сомада, 1,3 коэффициентке түзетiлген шамада қабылдады. Кәсiпорындардың баланстарындағы рубльмен берiлген активтер мен пассивтер екi күн iшiнде (15-16 қарашада) қайта есептелiндi. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтердi қайта есептеу кезеңiнде банктер клиенттермен операциялар жүргiзбедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi теңгенiң валюталық бағамын: 1 доллар=4 теңге 70 тиын шамасында белгiледi. Келесi жылдары ол бiрден өсiп кеттi. Соған сәйкес баға мен жалақы да өстi.
Инфляцияның өсуi бiршама iрi ақша купюраларын қажет еттi. 1994 ж. бастап 200,500,1000 және 2000 купюрдағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар бiртiндеп айналысатын шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1,3,5,10,20 теңгедегi монетелар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы жүз жылдық мерейтойының құрметiне 100 теңгелiк күмiс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында ”Жiбек жолы” жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,24 г құрайтын жиынтығына 1,2,5 және 10 мың тегелiк алтын монеталар кiрдi. Жиынтық 816 доллар тұрды. Сонымен Қазақстан теңгесi соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркiн алмастырылатын валюталарға шексiз айырбасталады және бiршама тұрақты валюталар қатарына кiредi.
Информация о работе Ақша реформасы және оның Қазақстан Республикасындағы ерекшелігі