Салық

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 10:00, реферат

Краткое описание

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе

Негізгі бөлім
Салық туралы түсінік
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
Еншілес серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Салық.doc

— 157.50 Кб (Скачать)

   Жеке  тұлғалардан ұсталатын табыс салығы

   Есепті  жыл бойы салық салынатын табысқа  ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың  жылдық жиынтық табысына еңбеақы  түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік  қызметтен алынатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді.

   Жеке  тұлғалардың мүліктік табысына тек  қана активтің келесі түрлерінің құндарының инфляцияға  байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден тускен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, заңды тұлғаларға және  басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.

   Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір  қалыпты ұстау үшін салық  салынатын  табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын  табыс салығының сомасы есептелетін  айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететінқайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде берілетін басқа да басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта:

   Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша  есеп айырысу» шоты;

   К-т: «бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер»  шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

   «Акциздік салықтар»

   Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасынақосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

   Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге  жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Кәсіпорындарда акциз салығы есептегенде:

   Д-т: «Алынуға тиісті борыштар» деп аталатын шоты;

   К-т: «Акциз салығы» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

   Кәсіпорындар  мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне  заңда бекітілген мөошерде салық төлеп тұруы тиіс. Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:

   Д-т: «Жалпы эәне әкімшілік шығындар»  деп аталатын шоты;

   К-т: «Жер салығы»;

   «Көлік  құралына салық»;

   «Мүлікке  салық» деп аталатын оттар түрінде  екі жақты жазуы жазылады.

   Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан  Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:

  • Шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;
  • Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және тағы да басқалар жатады.

   Салықтардың, алымдар мен міндетті төлемдердің  түрлері, мөлшері және олардың төлеу  тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарында қаралады. «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шотының кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен еспетелген салық, алымдар мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады.

                       
                             Операциялар мазмұны    Д-т    К-т Тип
                         1    2    3    4 5
                         1  Заңды ұйымдарданбюджетке алынатын корпоративтік  табыс салығы сомасына    7710    3110 ІІІ
                         2  Ұйымның есеп саясатының өзгеруіне немесе кеткен кемшіліктерді түзетуге байланысты, бөлінбеген табыстың бастапқы қалдығын реттеуге жататын салық сомасының

                       - Ұлғаюына

                       - Азаюына

                         5430

                         3110

                         3110

                         5430

                      ІІІ

                      ІІ

                         3  Төтенше жағдайларға және тоқтатылған операцияларға  байланысты табыстар (зияндар) салығының  сомасы    6410    3110 ІІ
                         4  Төтенше жағдайларға және тоқтатылған операциялардың салдарынан шеккен зиянға байланысты, өзгерген салық сомасына    3110    6410 ІІ
                         5  Заңды ұйымдардың бюджетке нақты аударған корпоративтік табыс салығы сомасы    3110    1030 IV
                         6  Ағымдағы  кезеңде пайда болған немесе жойып  жіберудің нәтижесінде уақытша  айырмашылық (бухгалтерлік есеп пен салық есебінің талаптарының айырмашылығының нәтижесінде болған) алдағы уақытта төлеуге тиісті салық    7710    4310 III
                         7  632 –  «Кейінге қалдырылған табыс салығы»деп  аталатын шотқа түзетілер енгізуге  байланысты: 
                      -салық мөлшерін ұлғайтуға;

                       -салық мөлшерін азайтуға.

                         7710

                         4310

                         4310

                         7710

                      III
                         8  Пайда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде  кездескен уақытша айырма салық  сомасына:

                       -бюджетке  төлеуге;

                       -зиянды  жабу нәтижесінде есептелген

                         4310

                         4310

                         3110

                         7710

                      II 

                      III

                         9  Активтерді  қайта бағалауға байланысты салық сомасының үстеме өсімі, салық есебіндегі қайта бағалау үстеме  өсімінен  жоғары болған кезде    5320        4310 II
                         10  Салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінің, бухгалтерлік есептегі қайта  бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезде    4310    5320 II
                         11  Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге  сатылған өнім (жұмыс қызмет) үшін талап  етілген шот бойынша қосылған құн салығының сомасына    1210    3130 III
                         12  Орын  толтырылатын қосылған құн салығы сомасы мен есептелген қосылған құн салығы сомасының өзара жабылуына    3130    1420 IV
                         13  Бюджетке  аударылған қосылған құн салығы сомасына    3130    1030 III
                         14  Жеке  тұлғарарға есептелген табыс салық  сомасына    3430    3120 II
                         15  Серіктестіктерге  қатысушылардың девиденттері мен табыстарынан, олардың үлестеріне қарай, төленетін көздерінен ұсталуға тиісті, есептелген салық сомасына    3031,3032,4170    3120 II
                         16  Жеке  тұлғалардың еңбекақысынан ұсталған табыс салығы сомасының бюджетке аударылғаны    3120    1030 IV
                         17  Бюджетке  артық аударылған салық сомасының  қайтарылуы    1030    3110-3120 III
                         18  Есептелген  әлеуметтік салық сомасы    7210    3150 III
                         19  Есептелген  әлеуметтік салық сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды    3150    1030 IV
                         20  Есептелген  акциз салық сомасы    2110    3140 III
                         21  Есептелген  акциз салығының салығының сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды    3140    1030 III
                         22  Есептелген  жер салығы сомасы    7210    3160 IV
                         23  Есептелген  жер салығы сомасы бюджетке есеп айырысу  шотынан аударылды    3160    1030 IV
                         24  Есептелген  мүлік салығы сомасы    7210    3180 III
                         25  Есептелген  мүлік салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды    3180    1030 IV
                         26  Есептелген  көлік құралдарына салық сомасы    7210    3170 III
                         27  Есептелген  көлік құралдары салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды    3170    1030 IV
 

   Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыздардың есебі «Еншілес серіктестіктеріндің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңдытұлғалардың алашағы» деп аталатын синтетикалық шоттардажүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, күрделі шоттар болып табылады. Талдамалық есеп әрбір еншілес серіктестіктерге сәйкес корреспонденциялаушы шоттар бойынша машинограммада немесе тізімдемеде жүргізіледі. Ірі кәсіпорындардың талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланады.

   Еншілес кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған материалдары мен сатып алынған тауарларына мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:

   Д-т: «Материалдар» шоты;

   К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;

   «Тәуелді  серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың алашағы» шоттарының тиістілері.

   Ал  еншілес кәсіпорыннан бас кәс3іпорынның  алған дайын өнімдері, негізгі  құралдары және материалдық емес активтеріне бас кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде:

   Д-т: «Материалдық емес активтер»;

   «Негізгі  құралдар» және тағы да басқа шоттар;

   К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;

   «Тәуелді  серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың  алашағы» деп аталатын  шоттардың тиістілері түріндегі  екі жақты жазуы жазылады.

   Еншілес (тәуелді) кәсіпорынға  бас кәсіпорынның өтеген қарызына:

   Д-т: «Еншілес  серіктестіктердің алашағы»;

   «Тәуелді  серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын  заңды  тұлғалардың алашағы» деп аталатын  шоттардың тиістісі;

   К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі  бухгалтерлік жазу жазылады.

   Бас кәсіпорын мен еншілес серіктестіктер  арасындағы есеп айырысуларды салыстырып, тексеру актілері  негізінде дебиотрлық қарыз сомаларымен жабдықталуын мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:

   Д-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және  «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері,

   К-т: «Еншілес серіктестіктердің берешегі», «Тәуелді серіктестіктердің берешегі»  және «Бірлесіп бақыланатын  заңды  тұлғалардың берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері. «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері.

Операциялар мазмұны Д-т К-т Тип
1 2 3 4 5
1 Еншілес серіктестіктермен, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен ақшаларын, айналымнан тыс активтерді, тауарлық-материалдық қорларды кіріске алуы
  • сатып алу құнына;
  • қосылған құн салық сомасына
2730

2412,2523,2524

1310-1317

1030-1050

1010,1030,1420

3320-3330

3320-3330

III

III

2 Еншілес серіктестіктердің  және бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың кәсіпорынның цехтарының, ғимараттарын жөндеу бойынша қызмет етуіне:
  • қызмет сомасына;
  • қосылған құн салық сомасына.
8044,7440

1420

3320-3330

3320-3330

III

III

3 кәсіпорынның бұрынырақта алынған банк мекемелерінің алдындағы несие қарызын, еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын тұлғалардың өтелуі 4010 3320-3330 III
4 кәсіпорынның  жабдықтаушылар мен мердігерлердің алдындағы қарызын, еншілес серіктестіктермен  бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың өтелуі 3110 3320-3330 II
5 Кәсіпорынның  еншілес серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы  қарызы есеп айырысу шотынан, кассадан өтелінді 3320-3330 1030,1010 IV
6 Кәсіпорын еншілес  серіктестіктерімен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы қарыздарын дайын өнім беру жолымен өтеді 3320-3330 6010 II
7 Кәсіпорын еншілес  серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалар алдындағы қарызын  материалды есеп активтерді беру жолымен  өтеді 3320-3330 6210 II
8 Салыстыру актісіне сәйкес, еншілес серіктестіктермен  бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  берешек қарыздарын, олардың несиелік қарыздарының есебінен жабу. 3320-3330 2120-2130 IV
 

     «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп  бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттарда талдамалық есеп жеке серіктестіктер бойынша жүргізіледі.

   Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын  тауарлар немесе көрсетілетін қызметкер  үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардаесептеледі.

   Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:

   Д-т: «Ақшалар» шоты.

   К-т: «Тауарлы-материалдық қорларды қою  үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды  орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері түрінде екі  жақты жазу жазылады.

   Ал  сатып алушыларға  босатылған тауарлар , көрсетілген қызметтер құнынан алдын ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде:

   Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою  үшін алынған аванстар» немесе  «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар»  деп аталатын шоттарының тиістілері;

   К-т: «Сатп алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» немесе «Еншілем серіктестіктердің  дебиторлық борышы» деп аталатын шоттардың тиістілері түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

   Егер  алынған аванс сомасының толық  толық пайдаланылмағаннан қалған бөлігі тапсырыс берушілерге, сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаларға қайтарылғанда:

   Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою  үшін алынған аванстар»  немесе  «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар»  деп аталатын шоттарының тиістілері;

   К-т: «Ақшалар» деп аталатын  шоты түрінде  бухгалтерлік жазуы жазылады.

   Кәсіпорынның  алған аванстарының талдамалық есебі  әрбір аванс берген ұйым бойынша  бөлек жүргізіледі. 

                       
                             Операциялар мазмұны    Дебиттелеін шот    Кредиттелетін шот Тип
                         1    2    3    4 5
                         1    Сатылатын тауарлы-материалдық қорлар немее  көрсетілетін қызметтер үшін  алдын  ала аванс ретінде алынған  сомаларға    1050,1040,1010,1020    3510 III
                         2    Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғаның қарыз сомасы алдын аа алынған  аванстар сомасынан шегеріледі    3510    1210 IV
                         3    Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғалардын  аванс ретінде алынған соманың  пайдаланылмаған бөлігі қайтарылғанда    3510    1010,1040,1050 IV

Информация о работе Салық