Құнды қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 18:42, реферат

Краткое описание

Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құнды қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды.

Оглавление

Кіріспе
1. Құнды қағаздар нарығы
2. Құнды қағаздардың экономикадағы қызметтері
3. Құнды қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

реф 2.doc

— 133.00 Кб (Скачать)

- қамтамасыз  етілген, яғни шығарушының мүлкімен  активтерінің құнымен жабдықталатын;

- қамтамасыз  етілмеген, ешқандай да мүлікпен  қамтамасыз етілмеген, шығарушының  уәдесімен, кепілдікпен қамтамасыз  етілмеген құнды қағаздар.

      Егер  де біреу ломбард иесінен қарызға ақша алса, ол кепілге құнды зат қалдырады. Қарыз өтелмеген жағдайда ломбард иесі сол затты сатып өз шығындарын жабуы мүмкін. Бұл келісім шарттары кепілдік квитанциясында жазылады. Егер де жеке тұлға автомобиль алу мақсатында қарыз алса, несие беруші сол автомобильге деген иелік құқығын несие көлемі толық өтелмегенше сақтайды. Несие өтелмесе несие беруші автомобильді сатып өз шығындарын жабады. Бұл жағдайда иелік ету құқығын растайтын мемлекеттік сертификат несиені қамтамасыз ететін құрал ретінде қолданады.

      Жалпы айтқанда бір бет қағаз инвестордың  қандай да бір меншікке деген құқығын  және сол құқықтарды қолдану шарттарын  анықтайды. Мүлік құқығын куәландыратын  бұл бір бет қағазбен бірге  барлық құқықтар мен міндеттемелерге  ие болады. Құнды қағаз дегеніміз – нақты шарттар бойынша күтілетін және болашақ табыстарды алуға құқық, бұл құқық заңдармен куәландырылған.

      Құнды қағаз түрлері көп. Олардың түрлерінің көптігі оларды сатып алушылар (инвестор) мен шығарушылырдың (эмитент) мойнына жүктелетін міндеттер мен құқықтардың болуымен ерекшелінеді. Бірақ та олардың көбі бухгалтерлік есепте бір-бірімен ерекшеленбейді (бірнеше ғана құнды қағаздарды ашып көрсетуге болады).

      Құнды қағаздардың кейбір түрлері бухгалтерлік есепте өз ерекшеліктеріне ие болады:

  • олардың жарғылық қормен әр түрлі қатынасы кезінде;
  • құнды қағаздардың номиналды құны мен сатылу бағасы арасындағы айырымның болуы;
  • табыстардың аударылуына байланысты және т. б.

1) Эмиссиялық  бағасы, осы баға бойынша құнды қағаздар бірінші ретті құнды қағаз нарығына орналастырылады.

2) Нарықтық  баға – құнды қағаздардың екінші ретті нарығында қайта сату бағасы.

3) Баланстық  баға – қаржылық есеп беру  құжаттары негізінде анықталатын  бухгалтерлік баға.

3. Құнды қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржасы

    Құнды қағаздардың келесі түрі акция болып табылады. Акция — акционерлік қоғамның мүлкіне белгілі пайды салғанын куаттайтьш құнды қағаз және оның иесіне (акционеріне) пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алу құқын береді. Акцияны акционерлік қоғам, кәсіпорын, ұйымдар, коммерциялык банк, кооперативтер мен баскада мекемелер шығарады. Олар ұжымдык меншікке негізделген немесе толык мемлекеттік меншік шаруашылығында болады. Акция құнды қағаздар нарығы - қор биржасында сатылады және сатып алынады. Акция бұл процесті биржалык емес сауда негізінде де жүзеге асырады. Акцияның номиналды құны мен нарықтық бағасы бар. Акцияның нақты бағасы акционерлік қоғам пайдасының мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді. Сондай-ақ алынатын дивиденд мөлшері мен қарыз пайызы деңгейіне байланысты да өзгереді.

    Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі қолданылады:

    а) атаулы акциялар;

    ә) ұсынушыға арналған акциялар;

    б) жәй акциялар;

    в) артықшылығы бар акциялар.

    Біздің елімізде жай акция шығарылып, жеңілдікпен пайдаланатын табысы болып, акционерлерге салған капиталы үшін айқындалған процент түрінде қатты табысты алуларына құқық береді. Алайда жеңілдікпен пайдаланатын акция шектелген мерзімде колданылады және белгілі уақыттан соң, акционерлік қоғам оны жабады. Ал, оларды иемденушілер акционерлік қоғам жұмысын басқаруда ешқандай дауысқа ие емес. Жеңілдікпен пайдаланатын акциялар акционерлік қоғамның жарғылық қорының 10%-тен аспайтын сома мелшерінде ғана шығарылады.

     Акция категория бойынша былай бөлінеді: еңбек ұжымының акциясы, кәсіпорын акциясы және акционерлік қоғам акциясы. Еңбек ұжымыңың акциясын мемлекеттік кәсіпорындар (бірлестікгер), арендалы, ұжымдық кәсіпорын, кооператив және қоғамдық ұйымдарға жататын кәсіпорындар шығаруға құқылы.

      Еңбек ұжымының акциясы сол кәсіпорында жұмыс істейтіндерге ғана таратылады. Оған қатысы жоктарға таратылмайды.

     Акцияны кәсіпорын шығара отырып, екі пайдалылықты көздейді: біріншіден, көбірек пайда табу үшін, тұрғындарды қосымша қаржы салуга жұмылдыру, екіншіден кәсіпорын жұмысшыларын басқару процесіне барынша тарту. Себебі кәсіпорынның жетістігі оның табысына тікелей әсер етеді.

     Акционерлік қоғамның акциясы кәсіпорын мүлігінің  барлық сомасына немесе жарғы қорына шығарылады. Сондықтан кезкелген меншіктегі кәсіпорын акционерлік түрге өзгереді. Бұл қоғамның акциясы оған еркін жазылу арқылы таратылады. Кейде барлық акцияны құрылтайшылар арасында өзара бөледі. Олар есімді және көрсетілген болып та шығарылады. Бір қолдағы қорлардың көп болмауы үшін және акционерлік қоғамнан бақылауды жоғалтпау үшін есімді акциялар қолданылады. Алайда бұл да сенімсіз, себебі оған қатысы жоқ адамдар болуыңа әбден мүмкін. Әлемдік тәжірибе бұған қарсы өте тиімді тәсіл белгілі. Мысалы, АҚШ-да бір компанияның 5%-тік акциясына иесі оған ай сайын оның сатып алу, сату жайында есеп беріп отырады.

     Әрбір атаулы акцияның қозғалысы акцияның тіркеу кітабында белгіленеді. Акция бланксінде есімді акция ұстаушының аты-жөні көрсетіледі. Акция бланкнің көрсетілген түрінде оны ұстаушының аты-жөні жазылмайды. Акция тіркеу кітабында жалпы шығарылған акцияның көрсетушіге қатыстысы ғана белгіленеді.

     Құнды кағаздар сауда-саттығының орталығы қор биржасы болады. Бұл тұракты жұмыс істейтін, тәртіптілікті қатан сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уакытта бір-бірін табатын тұракты орын. Биржалық комиссия экспертизасынан (тексеруден) мұқият өткен, айналымға шығарылып. оны реттеп отыратын кағаздарды қайта сатады. Сойтіп қор биржасы екінші аталатын құнды қағаздар нарығына қызмет жасайды. Қор биржасы нарықтық экономиканың негізгі элементі бола отырып уақытша босаған ақша қорларын құнды қағаздар арқылы сатуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ компаниялардың акциясы мен облигациясына нарықтық құнды белгілейді. Құнды қағаздарды биржада сату мен сатып алу биржалық курс негізінде жүзеге асады.

     Биржалық курс дегеніміз - қор биржасы айналымындағы құнды қағаздың сатылу бағасы. Биржалық курс дивиденд көлеміне тікелей, ал қарыз пайызының мөлшеріне кері байланысты болады. Биржалық курстың кәдімгі акциясы облигация мен жеңілдетілген акцияна қарағанда көп болады. Оның табыс деңгейі алдын-ала белгілі емес, себебі коньюктураның тербелісіне ұшыраган. Тіркелген биржалық курс биржалық бюллетеньде жарық көріп, мерзімді басылымда қайта шығарады. Мұндай курс сұраным мен ұсынымға байланысты және оған төленетін дивиденд мөлшерінің әсері де ықпалы етеді.

     Құнды қағаздар курсы қозғалысының жиынтық көрсеткіші белгілі Доу-Джонс индексі болып табылады. Бұл АҚШ-ғы ірі компаниялары тобы акиия курсының орташа көрсеткіші. Осы мәліметті ХІХ-дың аяғынан бастап "Доу-Джонс энд компани" фирмасы шығарып отырған. Бұл индекс Нью-Йорк кор биржасының жабылуы кезіндегі белгілі компаниялар тобының (30 өнеркәсіп корпорациясы, 15 қоғамдық қолдану кәсіпорыны, 20 темір жол компаниясы - барлығы 65 корпорация) күнделікті орташа арифметикалық котировкасын құрайды. Осындай орташа есептеу жүйесі облигацияның алты тобында да жүргізіледі.

    Қор биржасы көп жағдайда жабық болады. Себебі қор саудасында қор мүшелері ғана қатыса алады. Қор мүшелері маклер (брокер) мен диллерге беледі. Олар табысының бір бөлігін биржада клиенттер тапсырмасын орындап, делдалдық операция жасау арқылы табады. Биржа мүшелерінің құрамынан биржа комитеті сайланып, арнайы комиссия ұйымдастырылады. Комиссия құнды қағаздарды биржа операциясына жіберу туралы шешім қабылдайды.

    Қазіргі кезде дүние жүзінде 60-тан астам елде 200-ге жуық қор биржасы бар. Олардың ішіндегі ең ірілері: Нью-Йорк (1023,2 млн.долл.), Лондон (76,4 млн.долл.), Токио (392,3 млн.долл), Париж (19,3 млн.долл..) биржалары болып табылады. Қазакстан Республикасында қор биржасының құру процесі енді ғана басталуда. Бұл процесс меншіктің қалыптасуы кезінде жеделдей түседі. Қазақстанда 1995 жылы сәуір айында "Құнды қағаздар және қор биржасы жайлы" Заң қабылданды. Онда жалпы құқықтың ұйымдық жағдайлар-айқындалып, оны шығару мен айналымға енгізу қаралып, қор биржасы қызметінің негізгі принципі қарастырылған. Алғашқы қор биржасы 1991 жылы сәуір айында Алматы орталық қор биржасы деген атпен ашылды. Қазақстан қор биржасының жұмысын тиімді деп айта алмаймыз. Қазақстан Республикасы қор биржасындағы тек көлемді сауда-саттыққа ғана құнды қағаздар операциясын жатқызамыз.

  Сондай-ақ басқада бағалы қағаздар түрлері  бар. Бұл депозиттер мен жинактық сертификаттары.

  Депозиттік сертификат — банк шығарған ақша нарығының инструменті. Жедел депозиттік ақша нарығының түскен мерзімін белгілейді және проценттік ставкасы да бар. Оны инвестор, кәсіпорын, ұйымдар кеңірек қолданылады. Себебі сертификат жеңіл ауысатын (алмасатын) қысқа мерзімді инвестициялық инструмент болып табылады. Депозиттік сертификат банкте сақталады және қаржылық емес корпорациялар уақытша бос қор ретінде сақталғандықтан сатып алады.

    Жинақтық сертификат - несие мекемесінің ақша қорын депозитке салу жайлы куәлік. Депозиттің белгіленген мерзімі өткен соң, пайызбен қоса салушыға алу үшін құқық беретін документ. Сертификатты Ұлттық банк немесе басқа банк береді. Бұл кезде сертификат - белгілі уақытта алынатын келісімнің проценті болып табылады. Жинақтық сертификаттар атаулы (есімді) және талап етушіге жіктеліп беріледі. Атаулы (есімді) сертификаттар айналымда болмайды және оларды сату жарамсыз боп табылады.

    Чек - қайта түрде бекітілген документ. Онда белгілі адамдардың есеп-шотынан көрсетілген соманы төлеу жайлы банкке нұскау жасайды. Чекті ақшадан және есептесу деп бөледі. Ақшалай чекпен банктен нақты ақша алады. Есептеу чекі арнайы банкіде жазбаша толтырылған банкке берілген тапсырыс. Чек беруші есеп-шотынан чек ұстаушы есеп-шотына ақшалай төлемді жүргізу және нақты емес есептесу ретінде де қолданылады.

     Чекті бірнеше түрлері бар: банктегі акцептелген және акцептелмеген, лимиттелген және лимиттелмеген чектік кітапшалар. Олармен төлем жүргізгенде үнемі қалдық лимит көрсетіліп, чекті қолдануға бақылау күшейтіледі, депозитке салынған жоғары төлеу сомасына көшірме чек берілмейді. Соңғы кезде ішкі шаруашылық чекі кең етек жаюда. Оның негізгі жұмысы кәсіпорындардың ішкі бөлімімен өзара есеп жүргізу.

     Қазіргі кезде Батыс елдерінде чектен басқа несие карточкасы көбірек қолданылады.

     Алғашқыда несие карточкалары "қарыздылық" атауымен АКШ-та 1915-ші жылы "Дайнерс-клуб" фирмасы шығарды. Олар айналым құралы ретінді қызмет жасады және универмаг, бензин құятын станцияларда және т.б. қолданылады.

     Сонда несие карточкасы арқылы есептесу жүйесі қалай жүзеге асады? Пластикадан жасалған карточка төртбұрышты стандартты мөлшерден (размер 86х54мм) турады. Бұл карточканы клиенттерге арнайы банктер немесе компаниялар береді. Онда иесінің тегі жазылып, қойған қолының үлгісі турады. Тауарды оларды, кызмет көрсетуде оларға нақты ақы төлеудің (чек көшірмесі де керек емес) орынына өзінің несие карточкасын көрсетсе жетеді. Сатушы есеп-шотка карточка нөмерін жазады, сонан соң онда клиенттің колы қойылса, тауар сатып алынған болып табылады.

      ЭВМ-ның, жеке компьютердің пайда болуы несие карточкасының жаңа кезеңін қалыптастырып, "электронды ақшалар" - дебет-карточка түрінде қызмет жасай бастады. Бұл автоматты жүйемен нақты берілгендіктен кең көлемде таралды. Бұл жүйе көбінесе үйдің қабырғасына орналастырылған арнайы құрылған жүйе болып табылады. Автоматты кассирлер нақты ақшаны есептеуші құрылымға пластикалық карточка салынған соң береді. Арнайы магниттік кең жолақта банк есеп-шоты иегерінің керекті реквизиттері жазылған. Онда компьютер клиентті идентификациялайды және команданы орындайды. Берілген сома дебеттін есептеу есеп-шоты арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде мұндай карточкалар банк пен олардың клиентінде өзара есептеу операциясында кеңірек қолданылады.

      Қазақстан Республикасында қытырлаған купюрдың орнына пластикалық карточка ендіріле бастады. Бұл төлемнің ақшасыз жүйесін жеңілдеткен болар еді. Жобаны қысқа мерзімде өндіру көзделуде. Алдымен еліміздің барлық облыстық орталықтарынан бастау жүзеге асырылмақшы.

      Құнды қағаздардың ерекше түріне вексель де жатады. Вексель - шартты түрдегі вексель берушінің жазбашы қарыз міндеттілігі және белгіленген мерзімнен соң, вексель (иегеріне) ұстаушыға берешек ақша сомасын төлеу. Вексель қатаң белгіленген түрде құралады. Ол өзінің иегеріне онда көрсетілген ақша сомасын талап етуіне құқық бередік. Вексельдік міндеттемелер қысқа мерзімге беріледі. Әдетте бір жылға, көбінесе бір-екі айда бір рет болады. Вексель көбіне коммерциялық несиеге қызмет жасайды, ал вексельдік айналым кезінде ақшаны ауыстырады. Вексельды басқа адамға беру, индоссамент (индоссамент - жай және аударылатын векселдерді табыстау формасы) түрінде қол хат арқылы жүргізіледі. Вексель өзінің түрі жағынан жай және аудармалы болып бөлінеді. Жай вексель — бір немесе бірнеше адамдардың жазбаша міндеттілігі және белгілі.ақша сомасын көрсетілген мерзімде төлеу. Жай вексель ынтымақтастық жауапкершілікпен бірнеше адамға берілуі мүмкін.

     Аудармалы вексель (тратта) - бір адамның екіншіге берген жазбаша түрдегі бұйрығы және үшінші адамда белгілі ақша сомасын көрсетілген мерзімде төлеуі. Аудармалы вексель уақыты көрсетілмесе, талап еткен де ақысы төленеді. Аудармалы вексель көп мөлшерде тараған. Вексельдің түрі шығаратын елдің заңдарымен айқындалады. Вексель сыртқа саудада несие - есептесу қатынастарын іске асыру құралы түрінде кеңірек қолданылады. Банк займдар бергендегі банктердің өзара қатынастары вексель түрінде жүргізіледі. Банк акцептері банкке қойылған (аудармалы вексель және оның акцептелгені) кең көлемде тарауы белең ала бастады. Банк акцептерінің сенімділікке ие болуы халықаралық төлем құралы рөлін дұрыс атқаруға ықпал жасады. Вексельдік айналым нарық тығыздылығы жағдайында кең шеңберде тарауы мүмкін. Ол кезде тауар өндіруші тауар тұтынушыға таласып, тіпті оған тауарды қарызға беруге дайын.

Информация о работе Құнды қағаздар нарығы