Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 19:55, реферат
Қаржы жүйесі – бұл мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай – ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.
Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ қорларына мемлекеттік несиенің, салықтарының, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы ықпалын тигізеді.
Қаржы жүйесі – бұл мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай – ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.
Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ қорларына мемлекеттік несиенің, салықтарының, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы ықпалын тигізеді.
Экономикалық - әлеуметтік дамудағы мемлекеттің маңызды рөлі, оның қол астындағы мөлшерлі көлемдегі қаржылық ресурстардың орталықтандыруына әкеледі. Осы орайда, Ресей Федерациясының қаржы қатынастары екі жүйеге бөлінеді. Шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады, ал жалпы мемлекетке орталықтандырылған қаржылар жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Қаржы жүйесін буындарға бөлу себебі: әр буынның міндетіне байланысты және де орталықтандырылған және де орталықтандырылмаған ақша қорын қалыптастырумен байланысты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурсы ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлу арқылы құрылады. Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған негіздерінеріне тоқталып өтсем :
Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы. Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы – мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып алынған қаржыларды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттік бюджет – қаржы жүйесінің басты саласы. Ресейде қаржыландырудың басты көзі ретінде салық (75%) және баждар (25%) болып табылады.
Бюджеттен тыс
қорлар –– федералды бюджеттен тыс
қалыптасқан және қолданылатын ақша қаражаттарының
қорлары. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
азаматтардың мынадай конституциялық
құқықтарын,
Ресей Федерациясының Бюджет Кодексіне сәйкес бюджеттен тыс қорлар қатарына мыналар кіреді:
Ресей Федерациясының зейнетақы қоры. Ресей Федерациясының зейнетақы қоры халықты зейнетақымен қамтамасыз ету қаржысын мемлекеттік басқару мақсатында, 1992 жылы құрылған болатын.
Ресей Федерациясының әлеуметтік сақтандыру қоры. Халықты әлеуметтік сақтандыру мақсатында 1992 жылы құрылған болатын. Федералды міндетті медициналық сақтандыру қоры. Елдегі қаржылық жүйені тұрақтандыру мақсатында әрі мемлекеттік жүйеде медициналық сақтандыруды міндетті ету мақсатында 1991 ж құрылған.
Ресей Федерациясының халықты еңбекпен қамту қоры. Ел тұрғындарын еңбекпен қамтуды бақылау,басқару,жетілдіру қызметін атқарады.
Ресей Федерациясының жол қоры. Аталмыш қор өз қызметін 2011 жылдан бастады. Қордың Ресей Федерациясының 81 облысы мен 2 автономиялық округына арналған бөлімдері бар.
Ресей Федерациясының экономикалық қоры. Елдегі экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес қоры.
Елдегі қылмыспен күрес және құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Ресей Федерациясының шекара қызметін дамыту қоры.
Ел ішіндегі және сыртындағы әскер мен оның барлық мүмкін болған жағдайда дұрыс қамтамасыз етілуін көздейді. Шекара қызметін жетілдіріп дамыту жолдарын қарастырады әрі нығайтады.
Ресей Федерациясының атом энергиясы министрлігінің қоры. Бұл қор 2004 ж 9 наурызда құрылған болатын.
Ресей Федерациясының кеден жұмысын дамыту қоры. Аталмыш қор елдегі кедендік мәселелерді шешуге бағытталған.
Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану. Қоғамның сан алуан қажеттіліктерін үздіксіз қанағаттандырып отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін, оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады. Ол жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі. Жеке және заңды тұлға, кәсіпорындар мен ұйымдар несиегерлер болып келеді. Қаржы нарығында облигация және де т.б. құнды қағаздарды сату арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарта алады.
Сақтандыру қорлары – шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының табыстарындағы ысыраптарды өтеуге арналған ақшалай жарналар есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары – қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер қалыптасады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларының шеңберінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Құлпыбаев С. «Қаржы теориясы» - Алматы, 2001 ж.
2. Құлпыбаев С., В.Д.Мельников «Қаржы негіздері»-Алматы,2009ж.
3.www.google.kz