Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 05:11, курсовая работа
Қаржылық есеп берудің нысандары: бухгалтерлік баланс, пайда мен зияндар жөнінде есептеме, ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме, меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру, түсіндірме жазба хат.
Баланста және басқа да берілетін есептерді уақытында әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелердің барлық құжаттарын, белгіленген материалдық және басқа есептерді кестеге сәйкес әрі толық көлемде беруін қамтамасыз етуге тиіс.
Мирас Қанатұлы
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті студенті, Семей қ.
ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
Қаржылық есеп берудің нысандары: бухгалтерлік баланс, пайда мен зияндар жөнінде есептеме, ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме, меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру, түсіндірме жазба хат.
Баланста және басқа да берілетін есептерді уақытында әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелердің барлық құжаттарын, белгіленген материалдық және басқа есептерді кестеге сәйкес әрі толық көлемде беруін қамтамасыз етуге тиіс.
Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша толтырылған айналымдар мен қалдықтарды талдау есебінің деректерімен салыстыру қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.
Пайда мен зияндар
туралы есеп беру – шаруашылық қызметтен
түскен пайда мен зиянға қамтылуы
тиіс есептік бағалаудағы
Пайда мен зияндар туралы есеп беру есептеу жүйесінен шыға отырып жасалады, сондықтан ағымдағы қызметтің ақша құралдарына және олардың ликвидтілігіне әсер етуі есеп беруде көрсетіледі. Пайда мен зияндар ақша құралдарының кемуімен немесе көбеюімен ілесіп отырмайды. Ақша құралдары сомаларының кемуі немесе көбеюі активтердің бухгалтерлік шоттарының өзгеруіне әкеледі.
Қазақстанның әдістемелік рекомендацияға сәйкес, егер ағымдағы есеп беру кезеңінде қаржылық есеп беруді құру кезінде өткен кезеңнің қателері табылса, онда бұл қателерді түзеу ағымдағы кезеңнің таза пайдасы немесе зиянын анықтауға қамтылады.
Бұл есеп берудің негізгі мақсаты ішкі және сыртқы ақша қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну болып табылады. Есеп ақша қозғалысының есебі шоттары бойынша мәліметтер негізінде құралады және есепберу кезеңінің басындағы және аяғындағы қалдықтар есебі мен ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды. Ақша ағымы туралы мәліметтер есеп беруде операциялық, инвестициялық және қаржылық кесімдерде ұсынылады.
Бізге белгілі, халықаралық тәжірибеде ақша қозғалысы туралы есеп беруді құрудың екі әдісі бар – тура және жанама. Құру әдісі ұсынылатын ақпарттың мазмұнынан білінеді. Екі әдістің бірде-біреуі қай елде болмасын жалғыз емес, әрі міндетті емес.
Қазақстан Республикасындағы ақша қозғалысы тура және жанама әдістерді қолданумен операциялық қызмет арқылы іске асады.
Ақша қозғалысы туралы
есеп берудің әдісі де пайдаланушыларға
қажетті ақпарат алуға
Инвестициялық және қаржылық қызметтерденқызметтер туралы мәліметтер.
Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алу, заимдар беру мен оларды жою.
Қаржылық қызмет –
заимдық құралдар мен меншікті капиталдың
құрамы мен көлемдерінің өзгерісі нәтиже
болып табылатын ұйымның
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды.
Жылдық қаржылық бухгалтерлік есептемеге түсіндірме жазба – бұл негізгі аналитикалық құжат, оны кәсіпорындар жасайды. Ережеге сай, ол шаруашылық жүргізуші субъект жайлы, оның қаржылық жағдайы туралы, берілген мәліметтерінің есеп беру кезең мен алдыңғы кезеңдермен салыстырмалығы туралы ақпараттарды жинақтайды. Бірінші кезекте ол түсіндірме жазбаларда есеп беру кезеңдерінде ұйым қызметтеріне оң және теріс әсер еткен негізгі себептерді ашу арқылы бизнес жоспардың барлық бөлімдері бойынша орындалуына қысқаша бағалау жүргізіледі. Одан басқа, онда жылдық бухгалтерлік есптемеде көрсетілмеген мәліметтер келтірілуі керек, яғни өткізудің географиялық нарықтары және қызмет түрері бойынша өнімді (жұмысты, қызметті) көлемдері туралы қосымша мәліметтерді қамтиды.
Есеп беру процесін жасау – есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады. Есеп берудің мемлекеттік маңызды мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа бюджеттік төлемдердің дер кезінде әрі толық төленуіне бақылау жасау үшін пайдаланады.
Информация о работе Ұйымның қаржылық есептілігі және оның негізгі көрсеткіштерін талдау