Халықаралық валюталық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:35, доклад

Краткое описание

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.

Оглавление

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Валюталық қатынастар және валюта жүйесі түсінігі, түрлерi
2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
3. Валюта бағамы және оның қалыптасуына әсер етуші факторлар
4. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат
5. Валюталық нарық
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Халықаралық валюталық қатынастар.docx

— 147.80 Кб (Скачать)

Кросс-бағам - бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Осы жұмысты жазу барысында  келесідей терминдерге анықтама берілді:

Халықаралық валюталық  қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:олар ұлттық валюталық жүйе, дуниежүзілік валюталық жүйе және аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мешекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро.).

Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

 Валюта нарығы шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы

Сонымен қатар, валюталық  қатынастарды реттеу жолдары, әдіс тәсілдері  қарастырылды.Халықаралық валюталық  қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асады:

  • нарықтық реттеу;
  • мемлекет тарапынан реттеу;

Валюталық саясат—бұл елдің  ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында  жузеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық қатынастар қазіргі  нарық жағдайында экономиканың ажырамас бір элементі. Сонымен қатар, валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, ел арасындағы күштердің ара қатынасына тәуелді. Бұл қатынастар арқылы мемлекеттер арасындағы сауда саттық, қызмет көрсету, көмек көрсету қатынастары жүзеге асады. Сонықтан да, валюталық қатынастар ұғымының кең екеніне көз жеткізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Ақша, несие, банктер  теориясы: Оқулык./С.Б.Мақыш — Алматы: Жеті жарғы, 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7

2.Деньги, кредит, банки/ под  ред. О.И.Лаврушина. М.: Финансы  и статистика, 1999.

3. kk.wikipedia.org/wiki/Валюталық_жүйе_және_оның_түрлері

4. Ақша, несие, банктер/ Жалпы ред.басқарған Ғ.С.Сейітқасымов. Алматы: Экономика, 2001.

5.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 1998.

 

 

   

 

    Қазақстан Республикасы  білім және ғылым министрлігі

           әл – Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

      Реферат

Тақырыбы:  Валюталық қатынастар және валюталық жүйе

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    Орындаған: Рахман Ш. Ф11K2

                                                                     Қабылдаған: «Қаржы» кафедрасының                         

                                                                           аға оқытушысы Керімбекова Н.Н

 

 

 

 

 

 

 

                                               Алматы – 2012 ж.


Информация о работе Халықаралық валюталық қатынастар