Ақша жүйесі мен айналысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2011 в 15:40, курсовая работа

Краткое описание

Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Таур айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Оглавление

Кіріспе
I. Ақшаның мәні мен қызметтері
1. Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі
2. Ақша түрлері
3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы
II. Ақша айналысы
2.1. Ақша айналысы мен заңы
2.2. Ақшаның метеалдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
2.4. Ақшаның базасы мен ақша массасы
III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік
3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: қызметтері мен операциялары
3.4. Инфляция туралы түсінік
3.5. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта

Файлы: 1 файл

Ақша айналысы.doc

— 260.00 Кб (Скачать)

                        

  Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі  кезде ақша-несие статистикасын  жасау және талдауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі М3 – ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

    М0 (айналыстағы қолма-қол ақша  немесе банк жүйесінен тыс  ақша);

  М1 =  М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы  дипозиттері;

  М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютиасындағы аудармалы дипозиттері;

  М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды  тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы  басқа да депозиттері.

    

  Аудармалы дипозиттер – 1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы дипозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

  Басқа дипозиттер – негізінен, ол белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әр түрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді дипозиттер. Басқа дипозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқы салымдар мен дипозиттерді қамтиды.

  Ақша  базасының ақша массасына ықпал  етуі ақша мультипликаторы (Ам) көмегімен  мынадай формула арқылы есептеледі:

  М3 (ақша массасы)

                                Ам =

  МВ (ақша базасы)

   

  Егер  мысалы, ақша мультипликаторы 2,0-ге тең  болса, онда ақша базасының әрбір 2 теңге  жасауға қабілеттілігін көрсетеді. 2002 жылы ақша массасындағы депозиттердің  өсуі, ақша мультипликаторының мәні өткен  жол мен салыстырғанда 3,29-дан 3,67-ге дейін өсіріп отыр    

      

  III ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІ

  3.1. Ақша  жүйесі жөнінде түсінік

  Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген  елдегі ақша ай налысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

  Ақша  жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан  және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

  Ақша  жүйесінің өзіне тән типтері  және элементтері болады. Ақша жүйесінің  типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша түрлері .

  Ақша  бірлігінің – барлық тауарлардың  бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан  құралған 1 теңге болып табылады.

  Ақша  бірліктерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық  билеттер болса, онда қазіргі кезде  ҚР ақша белгілері болып олардың  өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесе болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

  Эмиссия тәртібі – бұл әр елдің орталық  банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

  Ақша  түрлері заңды төлем құралы болып  табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1долларлық бнак билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік монеталар жүреді.  

    Валюталық бағам дегенміз –  бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

  Ақша  жүйесінің мынадай типтері болады:  

  –  металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып, ақшаның  барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

  –  несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар  айналысқа түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:

  Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі.

    Биметаллизмнің үш түрі болады:

    –  қос валюталы жүйе, яғни  мұнда алтын мен күмістің арасындағы  шекті қатынас, металдардың нарықтық  құндарына байланысты белгіленген;

  –  қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;

  –  ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда  алтын және күміс монеталары заңды  төлем құралы қызметін атқарады, бірақ  бірдей негізде емес, себебі күміс  монеталарды жасау жабық түрде  жүзеге асырылып, алтын монеталар  жасауға ерік берілді.

  Биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн төлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі келді.

  Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде  бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

  Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиз (алтын валюта) стандарты.

  Алтын монета стандарты – бұл еркін  бәсеке тұсындағы капитализм талаптарына  біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

  – алтын елдің ішкі ақша айналысында  болып, ақшаның барлық қызметтерін  бірдей атқарды;

  –  алтын монеталарды құюға рұқсат етілді;

  – толық құнды емес ақшалар айналыста  жүре отырып, еркін және шектеусіз  мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;

  –  алтын және шетел валюталарын  еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

  Алтын құйма стандартының алтын монетадан  айырмашылығы, мұнда айналыста алтын  монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым  салынады. Мұнда банкноталар, басқа  толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың  сомалары көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг сияқты.

  Алтын девиз стандарты – банкноталардың алтынға, шетел валютасына айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір  елдің валютасына тәуелділігін көрсетеді. Германия, Австралия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз стандарты бекітілген.

  1929–1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың  нәтижесінде алтын монометаллизмнің  барлық формалары жойылды. Алтынға  айырбасталмайтын несиелік ақшалардың  жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды.

  Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай  айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының  Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің  заң күші бар Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын  ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады.

                          

  3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қызметтері мен операциялары

  Еліміздегі барлық несие жүиесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

  Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік  орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

  Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің  мемлекетпен біріктірілген кең  көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі бакн жүйесінің тиімді қызмет етуін  қамтамасыз етеді.

  Орталық банк тарапынан ақша-несие реттеудің  негізі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолиа-қолсыз ақша массасы жатады.

  Ұлттық  банк – бұл бұрынғы қарапайым  клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік бакнтен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолиа-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.

  Ұлттық  банк – бұл ақшалай резервтерді  құрайтын, оған қоса меншікті алтын  валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

  Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі мынадай  құқылық формалары кездеседі:

  мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);

  акцияның  бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік  қоғам формасында (Жапония, Бельгия)

  орталық банк фунцияларын біртұтас атқаратын  теуелсіз банктер жүйесі (АҚШ).

  Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан бір тұтас ұйым болып болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты  міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.

  Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша  міндеттемелер жүктеледі:

  ақша  айналысы, несие, банктік есеп айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу;

  ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  банктік қызметті реттейтін нормативтік  құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер  мүддесін қорғау және олардың орындалуына  бақылауды жүзеге асыру.

  Ұлттық  банктің несиелік ресурсы мынадай  көздерден құралады:

  меншікті  қаржат есебінен;

  басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орныластырылған  ақшалай қаражаттар есебінен;

  ҚР  төңірегінде мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос  жатқан қаражаттар есебінен;

  арнайы  мемлекеттік қорлар және бюджеттік уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

Информация о работе Ақша жүйесі мен айналысы