Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:24, реферат
Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады.
Қаржы
ресурстары
Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі
нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау
мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің,
кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың
билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының
жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық
табысты қайта бөлу барысында құралады.
Экономикасы бір орт-тан басқарылатын
елдерде басым үлесті мемлекеттің және
муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық
экономикасы дамыған елдерде қаржы
ресурстарының елеулі бөлігі
кәсіпкерлік капиталдан
тұрады. Қаржы ресурстарының көздері:
белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған
таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі
(бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу,
сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы
ресурстарының жұмсалу арналары алуан
түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен
салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті
пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер,
елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды
шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл.
кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда,
сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын
ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру
қорларын, заңды және жеке тұлғалардың
ерікті жарналарын пайдалану жолымен
алынған қаражат есебінен құралады. Жергілікті
(муниципалдық) ресурстар елдің қаржы
ресурстарының бөлек, біршамадербес бөлігін құрайды. Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың,
коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары
негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен
алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптасты
Қаржы ресурстары және
оларды құрау көздері
Қаржы ресурстары- жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты үлестіру және қайта үлестіру барысында қалыптасатын және пайдаланатын ақша қорлары мен ақша қаражаттары. Қаржы ресурстары мемлекет денгейінде қалыптасатын орталықтандырылған ресурстары және кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қарамағындағы орталықтандырылмаған ресурстардан тұрады. Қаржы ресурстарының көздеріне:
1. Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі;
2. Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар;
3. Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі;
4. Қарыз қаражаттары жатады.
Қаржы ресурстары — бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысандағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстарының өсуінің басты шарты болып табылады.
Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық, аударымдар жатады.
Қаржы
ресурстарының қаржы
қорларынан айырмашылығы
бар. Қаржы қорлары (қорланым,
босалқы қор) — қаржылық
әдіспен қалыптастырылған,
белгілі бір қажеттіліктерді
қанағаттандыруға