Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 20:08, реферат

Краткое описание

Кейбір балалардың мінез-қылықтары көре тіпті оғаш көрініп тұрады. Неге? Әрине, тәрбиеден. Сондықтан, осы ойымды Сухомлинскийдің сөзімен өрбітейік. Балалық дүниесі дегеніміз- өзгеше дүние. Балалар ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс пен намыссыздық, адамгершілік қадір-қасиеттуралы өз түсініктерімен өмір сүреді,олардың әсемдік туралы өз өлшемі болады.

Файлы: 1 файл

баяндама.docx

— 14.29 Кб (Скачать)

                        №6 Кәсіптік лицей

 

 Баяндама

 

 

Тақырыбы:

“Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің”

 

 

Мұғалімі: Асылбаева Р.Д.

 

 

 

                               Тараз қаласы.

“Ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі!”

      Кейбір балалардың мінез-қылықтары көре тіпті оғаш көрініп тұрады. Неге? Әрине, тәрбиеден. Сондықтан, осы ойымды Сухомлинскийдің сөзімен өрбітейік. Балалық дүниесі дегеніміз- өзгеше дүние. Балалар ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс пен намыссыздық, адамгершілік қадір-қасиеттуралы өз түсініктерімен өмір сүреді,олардың әсемдік туралы өз өлшемі болады.

       Баршаға белгілі, бала ана қрсағында жатып жетіледі. Ендеше анаға жақсы күтім керек. Сондықтан құрсағында баласы бар анаға жөнді-жосықсыз сөз айтып жүйкесіне тие бермеу керек. Сонда ғана дүние есігін ашатын баланың дене бітімі жақсы дамиды. Бірақ осымен қанағаттануға бола ма? Әрине, алғашқы кезде бала ана ықпалында болады,ымын түсінеді. Ал өсе келе айналасындагы әртүрлі тәрбиеленген балалармен араласады. Ненің жақсы,ненің жаман екенін түснеді. Міне, осы кезде ата-ананың тәрбиелік рөлі айрықша керек. Енді осы тәрбиенің жағымсыз қырына жүгінейік. Ата-ана қара домалақ ұлына “нағашың кайтеді?”- деп сұрақ қойды делік. Бала  нағашысының көзінің қисықтығын, аяғын сылтып басатынын айтса- қатесіз қайталады. осыған ата-ана риза болып шек сілес қатып күледі. Өйткені ата-анасы баланың нағашысымен ойнайтынына өздері жол көрсетіп берген. Дегенмен  ойының ойыны бар. Мұның арты баланың күлекеш, әжуалшыл, менменшіл болып өсуіне негіз қалайды. Сонымен қатар кей үйлердің балалары былапыл, боқтампаз келеді. Мұны ата-ананың бойына сіңген қасиет. Себебі, аата-ананың өздері сондай. Ал бала еліктегіш, тез қабылдағыш.

     Сол сияқты, кейбір ата-аналар 3-4 жасар баланы “Әке , бөжей келе жатыр” немесе ұру арқылы “Ана қамшыны көрдің бе?”, не болмаса “Қожа келе жатыр құлағыңды кеседі” деген сөздермен қорқытып,тыныштандырады. Бұл дұрыс емес,тәрбиеге теріс ықпалын тигізеді. Бала ұйқы кезінде мазасызданып жылағанда көз алдына әлгі ауруға шалдығуы мүмкін.

     Ауылда болсын, қалада  болсын әжетханға неше түрл  былапыт сөздер жазылғанын көреміз.  Сондай-ақ, 18-17 жасар қыз балалардың  жаргөндік тілмен сөйлейтінін  көреміз. Олар өзіше басқаларды  өзіме тарттым деп мақтаныш  тұтады. Нәтижеде оған еліктеушілер  көбейтеді. Оны ата-аналар сезседе,  мән бермейді. Мұның аяғы да  әдепсіздікке, ұятсыздыққа апарып  соғады шүбәсіз. Сондай-ақ көп  балалы ата-ананың тәрбиесінде  мынандай жәйт кездесіп қалады. Олардың балаларында үй шаруашылығында жалқаулық, көреалмаушылық басым болады. Мұндай жағдайда дұрыс тәрбие беру үшін әркімге өзінше лайықтықты үй шаруашылығын бөліп беру керек. Әйтпесе, “анау неге істемейді, мен неге істеймін” деді мүлкейіп.

     “Балық басынан шіриді “,“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің”дейді ғой халық даналығы. Тәрбие ұсақ-түйек нәрсе емес,ал ұсақ-түйекті жіберіп алсаңыз, оның іріге айналуы күмәнсіз.


Информация о работе Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің