Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 20:09, реферат
Немістің келесі бір ұлы философы Георг Вильгельм Гегель (177О-1831) адам рухын табиғаттың тамаша туындысы, ақиқаты, мақсаты ретінде қарастырды. Табиғат рух жолында өзін құрбан еткенімен, адам жаны мәңгілік тірі, ол болмыстың жаңа тәсілі. Көне грек ойшылдары секілді Гегель де адам жанының қос табиғатын атап көрстеді. Біріншіден. ол өзінің мазмұның анықтаушы денемен тығыз байланысты; екіншіден, тәннен тәуелсіз, объективті. Гегельдің тұжырымынша, адамның міндеті осы екі-жақтылықты біріктіру, бұл ретте адамның көмекшісі – философия.
Гегелъдің пікірінше, дүнненің
Немістің келесі бір ұлы философы
Георг Вильгельм Гегель (177О-1831) адам рухын
табиғаттың тамаша туындысы, ақиқаты,
мақсаты ретінде қарастырды. Табиғат рух
жолында өзін құрбан еткенімен, адам жаны
мәңгілік тірі, ол болмыстың жаңа тәсілі.
Көне грек ойшылдары секілді Гегель де
адам жанының қос табиғатын атап көрстеді.
Біріншіден. ол өзінің мазмұның анықтаушы
денемен тығыз байланысты; екіншіден,
тәннен тәуелсіз, объективті. Гегельдің
тұжырымынша, адамның міндеті осы екі-жақтылықты
біріктіру, бұл ретте адамның көмекшісі
– философия.
Гегелъдің пікірінше, дүнненің бастауы
жеке емес, атомдар мен жандарын жиынтығы
емес, тұтас, дүниеде тұтастан басқарсалды
нәрсе жоқ. Бұл тұтасты ол абсолют деп
атайды. Абсолют – рух, ақыл-ой – субстанция.
Табиғат пен рух тұтастың өзінен жаттануы,
бірақ бір-бірі не қарама-карсы. Материяның
мәні – ауырлығында, ал мақсаты -өзінен
тыс; рухтың мәні – еркіндік, мақсаты –
өзінде. Гегель рухтың тарихи дамуында
үш саты болды дейді: шыгыстық, грек-римдік
және германдық. Шығыста тек бір адам ғана
еркін (Гегельдің осы көзқарасы Шығыс
дүниесіне деген европоцентристік, теріс
көзқарастың қалыптасуына бірінама ықпалын
тигізгенін айта кеткеніміз жөн – Г.Н.),
грек-рим дүниесінде кейбіреулер еркін,
ал герман дүниесінде бәрі еркін. Рух -абсолюттік
идеяның көрінісі. Осы принципті Гегель
неміс мемлекетіне байланысты да қолданады:
мемлекет – Пруссия монархиясы; ұлт –
рух иесі; жеке тұлға – тарихи даму мақсатын
жүзеге асырушы.
Гегельдің диалектикалық методы: кез-келген
даму триада түрінде жүзеге асады: тезис
– антитезис – синтез. Әрбір ұғым, әрбір
Даму осы жолдан ең жоғары синтезге жеткенге
дейін қайталап өте береді.
Гегелъ адамның жаның рухын құдайы сипатта
түсіндіреді, құдайдың адамда көрініс
табуы деп есептейді және адамның бойындағы
осы құдайы күш оны басқа дүниеден биік
тұруға жетелейді деп сенеді. Оның рух
фи-лософиясы субъективті, объективті
және абсолютті рух болып бөлінеді, бұл
кезендер – рухани еркіндік сатылары.
Субъективтік сатыда рух жалғыз, өзінің
мазмұнына тәуелді, рухани табиғаты туралы
түсінігі жоқ «жан». Объективтік кезенде
«жанда» еркіндік бар, ол тәннен азат,
ішкі еркіндікке қол жеткізген соң сыртқы
жағдайлармен күресе бастайды, руханилықты
басқа адамдардан, өмірінің табиғи шарттарынан
іздеуге кіріседі. Аталған кезеңнің маңызы
зор: «…біріншіден, жан өзінің идеяның
төменгі, табиғи сатыларымен байланысын
көреді, оларды ғылыми, техникалық және
экономикалық жағынан жеңе отырып, өзін
олардың алламшы өзіндік болысынан азат
етеді; екіншіден, адамдардың белгісі
көпшілігімен байланысын көреді, оларды
адамгершілік және саяси тұрғыдан артта
қалдырадырып, өзінің алдамшы бөлектенушілігінен
арылады»‘.
Осы сатыда ғана жан азаттыққа қол жеткізіп,
басқаадамдармен біріге алады, мықты құрал
болып есептелетін айбарлы, жігерлі, халықтық
рух қалыптасады. Гегель осындай күшті,
мемлекеттік дәрежеде мызғымаз ха-лықтық,
ұлттық рух қалыптасқан елде ғана тамаша
өнер, абсолюттік дін және ақиқатты философия
өмір сүре алады деп пайымдайды. Ұлы ойшылдың
81
осы ойлары қазіргі Қазақстан мемлекетіне
халықтық рух, ұлттық азақтық рух жетіспей
отырған уақытта керек-ақ. Ұлттық рухпен
қаруланып, аз уакыттың ішінде экономикасы
гүлденген, іргесі мықты мемлекетке кетке
айналған Германия, Жапония сияқты мемлекеттердің
тамаша мысалдары көз алдымызда.
Абсолюттік рух сатысы – ең жоғарғы саты,
адамның ақиқатты, идеяны, құдайды тану
сатысы. Құдайды сезімдік танымның көмегімен
бейнелеу арқылы жан әсем өнерді жасайды;
құдайды эмоциялық тұрғыдаң тереңдеп
түсінуден дін туындайды, ал абсолюттік
рухтың ең шыңы деп Гегель философияны
атайды. Бұл сатыда адам өмірде маңызды
адами нәрсе емес, құдайы. Оның міндеті
– өзінің бойындағы адамға тән қасиеті
терден арылып, құдайылық жолына түсу.
Объективтік сатыда ғана адами өзінің
толыққанды рухани келбетін айқындайды,
күрес пен азаптан өтіп, өмірдің мәнін
табады.
Гегельдің тағы бір тамаша ойы – бір рет
қана адамгершіліктік ісәрекет жасаған
адамды ізгілікті кісі деп құрметтеуге
асықпау керек, бұл жоғары атаққа осы адамгершіліктік
іс оның мінезінің тұрақты сипатына айналғанда
ғана ие бола алады. Ешқандай комментарийді
қажет етпейтін, қысқаша айтсақ, адамнан
сөз бен істің бірлігін, тұрақтылық пен
сабырлылықты талап ететін ой, ал бұл бірлікке
жеткізетін, Гегельдің пікірінше. еңбектену,
талпыну, қойылған мақсатқа ұмтылу.
Гегель Кант секілді адамды абсолют дәрежесіне
көтермегенімен, адам-ның еркіндігін,
құқын ерекше бағалады. Ол мемлекет адамның
жеке ісіне, адамгершіліктің тұңғиық қырларына,
тіпті ізгі тілектерге жүгіне отырып та
араласпауы қажет, ал мемлекет билігі
екіжүзді адамдардың қолында болса, бұл
істің соңы өте қайғылы жағдайлармен аяқталады
деп қарсылық білдіреді. Гегель мемлекеттің
адам еркіндігін тежейтіндігін, адамды
механикалық бөлшек деп қарастыратын
машина екендігін түсіндіре келіп, дүниеде
машина идеясы жоқ болғандықтан, мемлекет
те жоқ болуы керек деп тұжырым жасайды.
Гегель іліміндегі тағы бір маңызды ұғым
– «бақытсыз сана» ұғымы. Тереңірек үңілсек,
Гегельдің «бақытсыз санасы» өмірдің
мәнін таба алмай қиналған адамға тәнт
трагедиялық құбылыс. Сыртқы болмыстан
мәннің шешімін таппаған сана қайтадан
өзіне, ойлау дүниесіне оралады, бірақ
заттар мен нәрселер дүниесінен қашып
құтыла алмай, ішкі қайшылықтарға ұрынады.
Осыдан келіп өмір туралы түсініктің сыртқы
болмысқа сәйкес келмеуінен туындайтын
қайғы-қасірет пайда болады. Біздің ойымызша,
дәл осы «бақытсыз сана» қазіргі қоғамда
өмір сүріп отырған адамдардың басым көпшілігіне
тән. Өмірдің мәні туралы бұрынғы түсініктер
өзгеріп, қалыптасқан құндылықтардың
орнын жаңа құндылықтар ауыстырған, экономикалық
және қоғамдық қатынастар тұрақсыз кезенде
«бақытсыз сана», яғни өткені мен келешегін
көруге дәрменсіз сана орын алып отыр.
Осы ретте Гегельдің ілімі еске түседі,
яғни «бақытсыз санадан» арылудың бірден-бір
жолы – рухты ныгайту. Гегельдің ойынша,
рухты танып-білу ең жоғары, ең қиын нәрсе.
Рухты тану – жекелеген қабілеттерді,
мінез-құлықты, мүмкіндіктерді дамыту,
әлсіздіктен құтылу, яғни, өзін-өзі танып-білу.
Бұл пікірдің маңызы ерекше. Сократтың
«Өзіңді өзің танып-біл!» қағидасына ұқсас
тұжырымнан Гегельдің адамның өзіне, ақыл-ойына,
зердесіне деген үлкен сенімін көре аламыз.
Даму уақыты жагынан аз кезеңді (ХVIII-г.соңы
-ХІХ-г.басы) қамтыга-нымен, неміс классикалық
философиясы философия тарихында өшпес
із қалдырды. И.Кант адамның ақыл-ойының
мүмкіндіктерінің шексіз екендігі туралы
ойды тұжырымдап, оның еркін тіршиіік
етуші ретіндегі қайта-ланбас гуманистік
терең мәнін айқын көрсетті. Диалектикалық
даму тән ақыл-ой, зердені Г.В.Гегель Канттың
пайымынан биік дәрежеге көтерді, сол
кездегі Батыс Европа философиясының
шыңына айналдырды. И.Канттың философиялық
антропологиясы мен Гегельдің философиялық
жүйесі өзінен кейінгі философиялық мектептердің
қалыптасуына, әсіресе, орыс философиясы
мен батыс экзистенциализмінің дамуына
мықты әсер етті.