Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 20:09, реферат
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
Мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың
,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық
ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе
жатқан,өзіндік
Қазақтың мақал-мәтелдері
–көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,
айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын
,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын
әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің
ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан
өткен асыл түйіні.
Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де
мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық
даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің
тәрбиелік мәні бөлек.
Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең,сөзі ықшам да көркем,еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады.Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына ,оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді.Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар ,оларды көркем және обырызды сөйлеуге жаттықтырады,сөз байлығын,сөздік қорын байыта түседі.
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын,мазмұны бай,тілі көркем жанырға жатады.Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды,біреулері ескіріп қолданудан шығып, екіншілері жасарып,жаңадан туындап жатады.
Халық шығармасының басқа
түрлері секілді мақал мен
мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар
шығарады ,оны біреуден біреу естіп,жаттап
айта жүреді,өңдейді,өзгертеді,
Мақал мен мәтел халықтың
өзі жасап алған заңы,өмірде болатын
әр түрлі жағдайларды ұғындыратын,
Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі –тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде,аз сөзбен көп мағынаны беретіндігінде,еске сақтауға қолайлылығында.
Мақал-мәтел адам тұрмысындағы
алуан түрлі уақиғаларды,қарым-
Мақал-мәтел-қос мағыналы шығарма ,онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады.Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады. Мысалы,Тырнадан қалауыл қойсаң,төбеңнен қиқу кетпес.
Мақал-мәтел,әдетте бүкіл адам баласына ортақ.Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді. Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеще ұрпаққа,қоғамға қызымет етеді.Малым жаным садағасы ,жаным арым садағасы;Қоянды қамыс өлтіреді,ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары Ұлы Отан соғысы кезінде де ел аузынан түскен жоқ,елдегі ембеккерлерді ,майдандағы жауынгерлерді жігерлендіретін құрметті сөзге,ұранға айналды.
Мақал-мәтелдердің шығу,даму
тарихын қоғам өмірінен,
Мақал-мәтелдер ауыз екі
сөзді көркейту үшін ғана емес,көркем
шығармаларда да көп қолданылады.Ақын
жазушылар шығармаларында халық
даналығын пайдаланумен бірге,сол
үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер
жасайды.Ыбырай Алтынсариннің Аш бала
тоқ бала мен ойнамайды,тоқ бала
аш баламен ойнамайды дейтін сөз
мақалға айналып кеткені рас.
Мақал-мәтелдер-ертек,аңыз әңгіме,батырлық-ғашықтық
жырлар,қара өлеңдер секілді халық
шығармаларымен қатар жасап келе
жатқан көне жаныр.Олай дейтініміз XII-XII
ғасырлардан сақталған сирек
жазба директерде де мақал-мәтелдерді
кездестіруге болады.Орхон жазуларында:
Жырақ болса жаман сыйлық берер,жақын
болса жақсы сыйлық берер;Бастыны
еңкейткен,тізеліні бүктірген (Күлтегіннен);Жұқаны
таптау оңай,жіңішкені үзу оңай;
«Көре-көре көсем боласын,сөйлей-сөйлей
шешен боласын»,деп
Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше.Бұл барлық айтылған ойдың, насихаттың жиынтығы,қорытындысы ретінде беріледі.Мысалы Ата балаға сыншы деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір.Бұл өмір тәжірибесінен алынған бірден бір даналық сөз.
Бала өсіруде,тәрбиелеуде
халық өзінде бар барлық асыл сөз,даналық
ойларын балаларға,
«Оқу білім азығы,білім-ырыс
қазығы» деп өз болашағының ырысты
болуы да сол білімиділіктен туатынын
айтады. «Ақыл-тозбайтын тон,білім
таусылмайтын кен» деп оның болашағы
да соншалық босымды,мығым болатынын
сан рет ескертеді. Бірақ мұның өзі еңбексіз,әрекетсіз
тектен-тек қолға түсе қылатын оңай олжа
емес.Асуы қиын бел-белес,ұшы қиыры көрінбейтін
құба жон екенін де ашық айтқан.Қажымай
қайрат көрсету арқылы ғана оның үлесіне
жнтуге болатынын ескертеді. «Білім қымбат,білу қиын» деген
мақал осыдан алынып,жас өспірімдерге
әдейі айтылған. Өз білмегеніңді кісіден сұра,үлкен
жоқ болса кішіден сұра,қалайда соның
уәдесіне жет ,шыңына көтеріл дегенді
насихат етеді.Егер білім алу жолындағы
қиыншылыққа төзбесең,еңбектенбесең қатарыңнан
қалып қойсаң,өкінішті боласың. Өкініш естен кетпейді,бір тойғаның
түске жетпейді,Өнерлі жігіт өрге жүзер,өнерсіз
жігіт жер соғар деп жастардың намысына
тие,ойына қозғау сала айтатын жақтары
да халық мақалдарынан көп кездеседі.
Адам болар баланың кісіменен ісі бар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар,-деп
баланың психологиялық оқу процесіне
зер салып,дұрыс бағытқа жөн сілтеп отырған.Адам
болатын баланың талабы,ынтасы жас кезінен
танылады. Көпшілікке, оның игілікті жақсы
жақтарына үйір бола бастайды. Қоғамшыл,
көпшіл бола бастайды.Ақыл,парасатқа бой
ұрып,игі жұмысқа тез үйренеді.