Әл-Фарабидің қоғамдық философиялық және педагогикалық ғылыми көзқарасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 17:03, реферат

Краткое описание

Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшhүрі – Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз», «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби. Оның толық аты жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Мұхамед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби. Яғни, әл-Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мұхамед, әкесінің ныспысы да Мұхамед, бабасының есімі Тархан, арғы атасы – Ұзлағ. Түрік оқымыстыларының Әбу Насыр ныспысының соңына кейде «әл-түрки» деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында әскербасының отбасында дүниеге келген.

Файлы: 1 файл

Әл-фараби.docx

— 30.52 Кб (Скачать)

Оптика. Фарабидің  жіктеуі бойынша математикаға оптиканы да жатқызған. Бұл туралы ол былай дейді: «Оптикада геометрия тәріздес форма, шама, рет, тәртіп, орын, теңдік, теңсіздік т.б. нарселерді қарастырады». Оптиканың мәні мен ақиқат, анық пен оның алдамшы көрінісінің парқы ажыратылады, қатаң дәлелдеу жолымен мұның себебі айқындалады, көзбен көруде кездесуі мүмкін болатын қателердің барлығы ескеріледі, одан құтылуға көмектесетін, яғни  қарастырылып отырған нәрсенің мөлшері, формасы, орны, құрылысы, т.б. туралы ақиқатқа жеткізілетін әдіс айлалардың түрлері көрсетіледі. 

Астраномия.  «Астраномия деген бір атпен екі ғылымды түсінеміз, – деді ғалым. Олардың біреуі – жұлдызнама. Бұл ғылым жұлдыздарға қарап болашақта не болатынын, кейде қазіргі кезде болып жатқан және өткенде болған оқиғаларды болжауға арналған. Екіншісі – математикалық астраномия. Астраномияның осы бөлігі ғана математикалық ғылымдардың қатарына жатады, ал қабілет – өнердің бір түрі; ол арқылы не болатынын адам бол­жамдай алады; мәселен, түс жору, құстың ұшуы бойынша жорамалдау, бал ашу т.б. қабілеттер». 

Жаратылыстану мен метафизика. Фарабидің анықтауы бойынша физика, яғни жаратылыстану – табиғат туралы, оның негізгі принциптері мен бөліктері жайлы, табиғи денелерге тән акциденциялар туралы, табиғи деректер мен элементтердің өзара әсері жайлы ғылым. Ал метафизика болмыстың жалпы принциптері мен категорияларын зерттейді. 

Әл-Фараби –  педагогика тарихында алатын үлкен орны бар асқан дидакт методист, ғұлама болған адам. Ғұламаның бұл саладағы мұралары сұрыптап, қазіргі педагогика игілігіне – абзал міндеттердің бірі.

Информация о работе Әл-Фарабидің қоғамдық философиялық және педагогикалық ғылыми көзқарасы